Қауымдастық қызметінің тарихы, міндеті және бағыты

Қауымдастықтың құрылу тарихы


«ASTANA МEDICAL UNIVERSITY» Түлектер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі 2010 жылғы наурыз айында құрылды. Қауымдастықтың құрылу мақсаты – «Aстана медицина университеті» түлектері мүдделерінің ортақтығымен анықталатын бірлестік қызмет атқару. Қауымдастық жұмыстарының нәтижесінде мемлекеттік бағдарлама аясында жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу жөнінде ақпараттық-талдамалық оқу құралын басып шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр, университеттің белсенді студенттерінің қатысуымен әлеуметтік-ақпараттық сайт құрылды.


Міндеті

«ASTANA МEDICAL UNIVERSITY» Түлектер қауымдастығының басты міндеті – Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық проблемаларды және түлектердің өмірі мен практикасында кездесетін мәселелердің тиімді шешімдерін іздеуге бағытталған түлектердің жігерлерін, зияткерлік, шығармашылық және іскерлік потенциалдарын біріктіру, сонымен бірге университеттің стратегиялық дамуына үлес қосу.


Қауымдастық қызметінің бағыттары


Түлектердің түрлі форматтағы кездесулерін «ASTANA МEDІCAL UNIVERSITY» қабырғасында және басқа жерде де ұйымдастыру:

Корпоративтік мерекелер (Жаңа жыл, «АМУ» АҚ күні, жалпы университеттік оқуды бітіру кештері, Түлектер күні);

Түлектердің мерейтойлық кештері (10-, 20-, 30-, 40-, 50-жылдық);

Бір реттік және тақырыптық іс-шаралар.

 

Ақпараттық және баспа қызметі:

Студенттердің еске түсіру жинақтары мен каталогтері;

Тақырыптық анықтамалықтар;

Қауымдастықтың электрондық ақпараттық бюллетені (жылына 2 рет);

Қауымдастықтың ақпараттық порталы.

Түлектерді жұмысқа орналастыру және жұмыс беруші түлектерге қызметкерлерді іріктеу.

Қауымдастықтың рәмізі белгіленген кәдесый бұйымдарды әзірлеу, шығару және сату.

Түлектердің қызуғышылық клубтарын ашу және дамыту.

Университетте әлеуметтік-мәдени дамуды (музыка, сурет өнері, би) қолдау.

Университетте спортты (спорт түрлеріне қарай) дамытуды қолдау.

Университеттің ғылыми-зерттеу қызметіне (студенттердің, магистранттардың және докторанттардың) қатысу.