Қауымдастық құрылымы

Қауымдастықтың құрылымы  

Қауымдастық басшылығы Қауымдастық және Қауымдастық Кеңесі мүшелерінің Жалпы жиналысын Ережеге сәйкес өткізеді. Жалпы жиналыстар арасындағы мерзімде Қауымдастықтың Басқарушы органы Кеңес болып есептеледі.

Қауымдастық Кеңесі:

Кеңес төрағасы: Ерболат Дербісәліұлы Даленов, медицина ғылымдарының докторы, профессор, клиникалық диетология және нутрициология кафедрасының жетекшісі;

Қауымдастық хатшысы: Андрей Андреевич Дубицкий, м.ғ.д., №2 қоғамдық денсаулық сақтау және апат пен төтенше жағдай медицина кафедрасының жетекшісі.


Қауымдастыққа кіру тәртібі:

1.      Электрондық мекенжайға сұранымды жіберу арқылы тіркелу:

2.      Университетке кіру үшін 8 (7172) 53-95-34) телефон нөміріне алдын ала хабарласу;

3.      10:00-16:00 уақыт аралығында Астана медицина университетіне (сегіз қабатты корпусқа) дипломмен және жеке куәлікпен (паспортпен) келіп, Қауымдастық мүшесі сауалнамасын (қағаз түрінде) толтыру;

4.      Сол жерге кіру және жылдық жарналарды төлеп, түбіртекті алу;

5.      Сол жерге бір 3/4 суретті өткізу;

6.      Белгіленген уақытта түбіртекпен келіп, Қауымдастық мүшесі куәлігін алу.