Қауымдастық ережесі

1 Негізгі ережелер

1.1. «ASTANA МEDІCAL UNIVERSITY» Түлектер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – «Қауымдастық») халықаралық жоғары білім беру сапа стандарттарына сәйкес инновациялық медициналық қызметтерге қол жеткізу мақсатында азаматтардың ерікті түрдегі бірігуі нәтижесінде құрылған коммерциялық емес ұйым.

1.2. Қауымдастықтың фирмалық атауы: «ASTANA МEDІCAL UNIVERSITY» Түлектер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі.

1.3. Мәртебесіне қарай, Қауымдастық – серпінді түрде дамып келе жатқан бірлестік және өз қызметін Қазақстанның Солтүстік аймағында жүзеге асырады. «Қауымдастық» бөлімшелері мен өкілдіктерін құруға құқығы бар.

1.4.Қауымдастық:

- жекеленген меншігі бар заңды тұлға;

- дербес теңгерімі, есеп шоты бар, танымбелгісі бар;

- келісім мен шарттарға отыру құқығы бар;

- белгіленген тәртіп бойынша бекітілетін дөңгелек мөрі, мөртабандары, өз атауымен бланктары және басқа да реквизиттері бар.

- Қауымдастықтың заңды тұлға ретіндегі құқықтық қабілеттілігі Қауымдастық әділет органдарындағы мемлекеттік тіркеуден өткен жағдайда ғана жарамды.

1.5. Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Астана қ. 070000, Бейбітшілік көшесі, 49а.

2. Қауымдастық қызметінің мақсаты мен мәні

2.1 Қауымдастықтың басты мақсаттары: медицина қызметкерлерін дайындау саласында зияткерлік, шығармашылық және іскерлік потенциалды «біріктіру» және дарынды студенттерге, көмекке мұқтаж адамдарға (жетімдерге), сонымен қатар резиденттерге, магистранттарға, докторанттарға жәрдем беру.

2.2 Қауымдастық қызметінің мәні:

- жоғары білім беру сапасының халықаралық стандарттарына сәйкес инновациялық білім беру және медициналық қызметтер көрсету;

- Қазақстан Республикасында бәсекеге қабілетті медицина саласындағы кызметкерлерді дайындаудың басты бағыттары бойынша мойындалған көшбасшы атану;

- ғылыми бағдарламаларды, студенттердің іссапары мен білім алуын қолдау, атаулы стипендиялар беру, дарынды студенттерге білім алуы мен іссапарында әлеуметтік көмек көрсету, Университеттің денешынықтыруы мен спортын дамытуға жан-жақты көмек көрсету;

- түлектердің деректер қорын құрастыру;

- Университеттің үздік дәстүрін жалғастыруға ықпал ету;

- Төралқа шешімі бойынша, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа да міндеттерді орындау;

- Университет қабырғасында және басқа жерлерде түлектердің түрлі форматтағы  кездесулерін ұйымдастыру:

- корпоративтік мерекелер (Жаңа жыл, Университет күні, бітіру кеші, түлектер күні);

- түлектердің  мерейтойлық кездесулері (10, 20, 30, 40, 50-жылдық), түлектер клубтарын құру және оларды дамыту, басқа да тақырыптық іс-шаралар;

- ақпараттық және баспа қызметтері: студенттердің еске түсіру жинақтары мен каталогтері, тақырыптық анықтамалықтар, Қауымдастықтың электрондық ақпараттық бюллетені (жылына 2 рет), Қауымдастықтың ақпараттық порталы;

 

- түлектерді жұмысқа орналастыру және жұмыс беруші түлектерге қызметкерлерді іріктеу;
-
Қауымдастықтың рәмізі белгіленген кәдесый бұйымдарды әзірлеу, шығару және сату;
-
Университетте әлеуметтік-мәдени дамуды (музыка, сурет өнері, би) қолдау.

3. Басқару органдары

3.1. Қауымдастықтың басқару органы – Қауымдастық мүшелерінің бес жылда кемінде бір рет өтетін Жалпы жиналысы. Әр бітірушілерден өкілеттік норманы Қауымдастық Төралқасының шешімі анықтайды. Кезектен тыс жиналыстарды Қауымдастықтың Төралқасы жеке бастамасымен немесе кемінде ¼ бөлігі Қауымдастық мүшелерінің талабы бойынша шақырады.

3.2. Қауымдастық мүшелерінің жалпы жиналысының ерекше құзіретіне келесі мәселелер жатады:

- Қауымдастықтың құрылтай құжаттарын қабылдау, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

- Қауымдастықты өз еркімен қайта құру немесе тарату;

- Қауымдастықтың басқару органдарының құзіретін, ұйымдық құрылымын, өкілеттігін анықтау;

- Орындаушы органдардың қаржы есептемесін таныстырудың тәртібі мен мерзімділігін, бақылау органының тексеріс жүргізу және олардың нәтижелерін бекіту тәртібін анықтау;

- Қауымдастық Төрағасының, Кеңесінің және Тексеру комиссиясының есептерін тыңдау және бекіту;

- Қауымдастық қызметінің алдағы жылғы бағдарламасын бекіту;

- Мүшелік жарналардың көлемін бекіту;

- Ағымдағы жұмысты жүргізу үшін кемінде 15 адамнан тұратын Қауымдастық Кеңесі сайланады. Кеңестің міндетті мүшесі – Университеттің Ректоры. Қауымдастық Төрағасы сөзсіз Қауымдастық Төралқасының Төрағасы болып есептеледі.

- Егер жиналыста Қауымдастық мүшелері өкілдерінің кемінде 2/3 бөлігі қатысса, жиналыс заңды болып саналады. Жиналыс құзіретіне кіретін барлық мәселелер бойынша шешімдер ашық дауыс беру арқылы дауыстардың көпшілігімен қабылданады.

Жалпы жиналыс шешімдері хаттамамен ресімделеді.

Қауымдастық Кеңесінің Отырысы үш айда кемінде бір рет шақырылады. Қауымдастық Кеңесінің әр мүшесі бір дауысқа ие.  Шешімдер ашық дауыс беру арқылы дауыстардың жай көпшілігімен қабылданады.

3.3. Қауымдастық Кеңесі:

- Қауымдастықтың бюджеті мен штат кестесін бекітеді;

- Қауымдастықтың жұмыс жоспарын бекітеді;

- Қауымдастықтың стратегиялық даму жоспарын бекітеді;

- Қауымдастықтың Жалпы жиналысы шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;

- Жиналыстар арасында Қауымдастық қызметін бақылап, бағыттайды;

- Қауымдастықтың мүшелерін қабылдайды және шығарады;

3.4. Төраға Қауымдастықтың атынан шарттар, келісімшарттар, келісімдер жасасады, сенімхаттар береді;

- Қауымдастықтың қаржы міндеттемелеріне байланысты мәселелерді шешеді; басқа да басқару міндеттерін орындайды;

- Қауымдастықтағы қатынастарды реттеуші барлық нормативтік құжаттардың жұмысы мен әзірленуіне жауап береді, оларды ұстануды қадағалайды;

- Қауымдастықтың штаттағы қызметкерлерін жұмысқа алады, жұмыстан шығарады;

- Қауымдастықтың барлық құрылымдарының қызметін бақылайды;

3.5. Тексеру комиссиясы – Қауымдастықтың бақылау органы, Қауымдастықтың қаржы-шаруашылық қызметін бақылайды, сонымен қатар қажет болған жағдайда Қауымдастық қаржы-шаруашылық қызметін жоспардан тыс тексерулерден өткізеді. Тексеру комиссиясы Қауымдастық мүшелерінің жалпы жиналысымен тағайындалады. Тексеру комиссиясының отырысы қажет болған жағдайда өткізіледі.

3.6. Тексеру комиссиясы үш адамнан тұрады. Тексеру комиссиясының мүшесі ретінде Қауымдастықтың мүшелерінен басқа да адамдар тағайындалынады.  

3.7. Тексеру комиссиясы қаржылық тексеруді жылына кемінде бір рет өткізеді және өз жұмысы бойынша есептерді Жалпы жиналысқа бекітуге тапсырады.

4. Қауымдастықтағы мүшелік

4.1. Қауымдастықтың мақсаттары мен міндеттерін ортақтасатын, оның Жарғысын мойындайтын, Қауымдастықтың мақсаттары мен міндеттерін орындауда тікелей қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, түлектер, оқытушылар және қызметкерлер Қауымдастықтың мүшесі бола алады.

4.2. Қауымдастық Төрағасы жазбаша өтініш арқылы мүшелікке қабылдайды.

4.3. Қауымдастыққа мүшелік Қауымдастықтан өз еркімен шығу туралы жазбаша өтінішті тапсырған жағдайда немесе Қауымдастық Кеңесінің осы Жарғының немесе Қауымдастықтағы басқа да нормативтік құжаттардың ережелеріне бағынбағаны үшін, Қауымдастыққа немесе оның мүшелеріне материалдық немесе моральдық нұқсан келтіргені үшін Қауымдастықтан шығару туралы шешім қабылдаған жағдайда тоқтатылады. 

4.4. Қауымдастық мүшелері:

- Қауымдастық мүшелерінің жалпы жиналыстарында бір дауыспен қатысуға;

- Қауымдастық органдарына мүшелерді сайлауға және мүше болып сайлануға;

- Қауымдастық Жалпы жиналысының өкілдерін сайлауға және өкілі болып сайлануға;

- Қауымдастық өткізетін барлық іс-шараларға қатысуға;

- Қауымдастықтың қызметіне қатысты ақпаратты алуға;

- Қауымдастықтың құрамынан шығуға құқылы.

4.5. Қауымдастық мүшелері:

- Қауымдастық Жарғысын бұзбауға;

- Қауымдастықтың қызметіне қатысуға;

- Қауымдастық басқарушы органдарының шешімдерін орындауға;

- Қауымдастықтың коммерциялық құпия болып есептелетін деректерін жарияламауға;

- Қауымдастықтың Жалпы жиналысы белгілеген мүшелікке кіру жарнасын төлеуге;

- Қауымдастықтың есебіне Қауымдастықтың Жалпы жиналысы белгілеген мүшелікке кіру жарнасын жыл сайын төлеуге және Қауымдастыққа өз еркімен қолдан келерлік көмек көрсетуге міндетті;  

- Қауымдастық мүшелері олар тапсырған Қауымдастық мүлігіне, мүшелік және мүшелікке кіру жарналарына құқықтары жоқ .

5. Қауымдастықтың мүлігі

5.1. Қауымдастықтың мүлігіне теңгерімдегі материалдық құндылықтар мен қаржылай қаражаттар жатады. Жер телімдері, ғимараттар, құрылыстар, тұрғын үй қоры, көлік құралдары, жабдықтар, құрал-саймандар, спорттық-сауықтыру мақсатындағы мүліктер, қаражаттар, сонымен қатар Қауымдастықтың мақсаттары мен міндеттерін орындауға арналған мүліктер Қауымдастықтың меншігі болып есептеледі.

5.2. Қауымдастық мүлігінің құрылу көздері: жеке және заңды тұлғалардан алынған материалдық көмек; ерікті және мүшелік жарналары; қайырымдылық іс-шаралардан түсетін кірістер; Қауымдастық меншігіне қайтарымсыз берілген мүлік, қоғамдық мүддесі үшін қызметтерден түскен кірістер; заңға қайшы келмейтін басқа да қаражаттар мен кірістер.

6. Қауымдастық Кеңесіне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу тәртібі

6.1. Қауымдастық Кеңесіне өзгерістер мен толықтыруларды Қауымдастық Төрағасы енгізіп, бекітеді.

6.2. Өзгерістер мен толықтырулар Қауымдастық Кеңесіне қатысқандар санының жартысынан көбі дауыс берген жағдайда ғана қабылданған болып есептеледі.

7. Қауымдастықты қайта құру және тарату тәртібі

7.1. Жалпы Жиналыс Қауымдастықты қайта құру туралы шешімді қабылдауға құқылы. Қауымдастық қызметін тоқтату туралы шешімді Жалпы жиналыс немесе заңмен бекітілген жағдайларда сот қабылдайды. Жалпы жиналыс осындай шешімді, егер жиналыста Қауымдастық мүшелерінің кемінде үштен екі бөлігі қатысып жатса, қабылдайды.

7.2. Қауымдастық қызметін тоқтату немесе Қауымдастықты қайта құру туралы шешім, егер оған Жалпы жиналыс қатысушыларының жартысынан көбі дауыс берген болса, қабылданады.

7.3. Қауымдастық қызметін тоқтату немес Қауымдастықты қайта құру туралы мәселені Жалпы жиналыстың күн тәртібіне енгізу – Қауымдастық Кеңесі мүшелерінің құқығы.

7.4. Қауымдастықты ерікті түрде тарату жағдайында, Жалпы жиналыс тарату комиссиясын құрады, ал комиссия Қауымдастықтың таратылуы туралы, шағым білдірудің тәртібі мен мерзімі туралы ақпаратты қажетті баспасөз басылымдарында орналастырады. Тарату комиссиясы құрылған уақыттан бастап Қауымдастық қызметі мен мүлігін меңгеру құқықтары Тарату комиссиясына беріледі. Тарату комиссиясы Қауымдастықтың мүлігін бағалайды, дебиторлар мен кредит берушілерді анықтайды, қарыздарды төлеу бойынша шараларды қолданады, тарату теңгерімін құрастырып, Жалпы жиналысқа бекітуге тапсырады.

7.5. Қауымдастықты тарату мен қайта құру Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте жүргізіледі.