Ғылыми зерттеулер менеджменті және инновациялар бөлімі

Кадрлық құрамы:
Бөлім бастығы –Аманғали Балтабекұлы Аканов
Жетекші маман – Тулешова Гульнара Төреханқызы
Тултаева Ботагөз Серікқызы
Маман – Абильманова Диана Жеңісқызы


Бөлімнің міндеттері:

 Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіндегі медицина ғылымы үшін басым бағыттар бойынша қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің ғылыми-зерттеу және ғылыми-инновациялық қызметін жоспарлау, ұйымдастыру және үйлестіру;
 қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің ғылыми-зерттеу және ғылыми-инновациялық қызметін әдістемелік қамтамасыз ету, мониторинг жүргізу және олардың сапасын бақылау;
 үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара байланысты нығайту, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеу мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

Бөлімнің функциялары:

 фармацевтика және медицина ғылымы саласындағы Қоғам қызметінің саясатын әзірлейді, оның басым бағыттарын және жүзеге асыру шараларын анықтайды;
 Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің ғылыми-зерттеу және ғылыми-инновациялық қызметін жоспарлайды, ұйымдастырады, үйлестіреді және әдістемелік қамтамасыз етеді;
 Қазақстан Республикасындағы және алыс-жақын шетелдердегі ұйымдармен бірлескен ғылыми-зерттеу бағдарламалары аясында Қоғамның ынтымақтастықты дамыту шараларын жоспарлайды, ұйымдастырады және үйлестіреді;
 Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің ғылыми-зерттеу және ғылыми-инновациялық қызметі аясында халықаралық гранттардың және шетелдік қорлар инвестицияларының мүмкіндіктерін барынша толық пайдалануды қамтамасыз етеді;
 әлемдік ғылыми-ақпараттық кеңістікке жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және жүйелі интеграцияға бағытталу жолымен ғылыми-ақпараттық қызметтің дамуын қамтамасыз етеді;
 ғылыми-зерттеу қызметі және жаңа биомедициналық технологияларды әзірлеу мен енгізу саласындағы Қоғам қызметінің экономикалық тиімділігіне талдау жасайды;
 Қоғам базасында денсаулық сақтаудың әртүрлі салалары бойынша көрмелер мен ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
 Қоғам қызметкерлерінің ғылыми-зерттеу қызметін қамтамасыз ету мақсатында құрылған комиссия орталықтарының, кеңестердің және қауымдастықтардың қызметін ұйымдастырады және үйлестіреді;
 Қоғамда өткізілетін конференциялардың тезистерін жоспарлайды және олардың баспадан шығарылуын ұйымдастырады;
 ғылыми қызметтің тиімділігін арттыруға ықпал жасайтын қазіргі заманғы инновациялық технологиялар мен техникалық құралдарды ғылыми-зерттеу процесіне енгізу және пайдалану жұмысты жоспарлайды, ұйымдастырады және үйлестіреді;
 Қоғам қызметкерлерінің ғылыми әлеуетін барынша толық пайдалануды және ғылыми-зерттеу қызметі үшін ынталандыруды қамтамасыз етеді;
 ғылыми зерттеулердің және ғылыми әзірлемелердің жалпыуниверситеттік ақпараттық базасын қалыптастыру мен қолдауды қамтамасыз етеді;
 Қоғам кафедраларының және оқытушы-профессорлар құрамының ғылыми-зерттеу қызметі бойынша рейтинг жүргізуді қамтамасыз етеді;
 ғылыми-зерттеу процесінің бағдарламалық әрі ақпараттық жабдықталуын және ғылыми-техникалық ақпараттың (ЖОО-ның сайтында веб-беттерді жүргізу, ақпараттарды электрондық поштамен жіберу) қазіргі жүйесін енгізуді қамтамасыз етеді;
 диссертациялық кеңестер қызметінің техникалық жабдықталуын қамтамасыз етеді.