«Зертханадағы техника қауіпсіздігі» пәні бойынша олимпиада өткізілді

24.09.2021

Қыркүйек айының 23-ші жұлдызында «Қоғамдық денсаулық және гигиена» және «Қоғамдық денсаулық және эпидемиология» кафедрасының оқытушылар құрамының басшылығымен «Зертханадағы техника қауіпсіздігі» пәні бойынша олимпиада өткізілді. Шараның негізгі мақсаты – студенттердің «Зертханадағы техника қауіпсіздігі» пәні бойынша 1 ай көлемінде алған білімдерін шыңдау болатын. Бәсекелістік арқылы сапаға қол жеткізуге болатындығын ескере отырып, «Жалпы медицина» факультетінің 219, 230, 223, 252, 254, 221, 229 топтары арасында шара олимпиада форматында өткізілді.

Олимпиада барысына тоқтала кетсек, жоспар бойынша 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең ұяшықтар бойынша категориялық сұрақтардан тұрса, екінші кезең студенттердің жылдам ойлау қабілеттеріне бағытталып, блиц сұрақтары түрінде ұсынылды. Үшінші кезең студенттердің теориялық білімін практикамен ұштастыру мақсатында жағдаяттық видео тапсырмалар ретінде берілді. Осы кезең бойынша алдын ала олимпиада ұйымдастыруға жауапты болып белгіленген 220ЖМ студенттері химиялық, бактериологиялық және қарапайым зертханаларда бейнажазбалар дайындаған болатын.

Олимпиады тартысты өтті. Әрбір топ жеңімпаз болуға лайықты екендерін дәлелдей алды. Дегенмен қазылар алқасы шешімі бойынша қатысушылар келесідей орындармен марапатталды:

1 орын – 254 топ,

2 орын – 252 топ,

3 орын – 229 топ.

Сонымен қатар, олимпиада барысында ерекше белсенділік танытқан студенттер кафедра атынан арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды.

WhatsApp Image 2021-09-24 at 11.20.33.jpeg WhatsApp Image 2021-09-24 at 11.20.43 (2).jpeg

Возврат к списку