World Cleanup day 2021 аясындағы қайырымдылық акциясы

22.09.2021

World Cleanup Day 2021 Дүниежүзілік тазалық күні аясында «АМУ» КеАҚ «Қоғамдық денсаулық сақтау және эпидемиология» кафедрасының қызметкерлері және «Жалпы медицина» факультетінің 4 курс студенттері қайырымдылық акциясын өткізді. Олар жалғызбасты зейнеткерге үй шаруасына көмектесті.

9 жас жігіттен тұратын топ арнайы құралдардың көмегімен бақтағы құрғақ шөптерді жинап, қоқыс орындарына шығарды, ағаштардың ескі бұтақтарын кесті.

Жалғыз тұратын және жақын жерде туыстары жоқ зейнеткер мұны өз бетімен жасай алмайды. Жігіттер бұл жұмысты 2 сағатта аяқтап, жалғызбасты қартқа осындай баға жетпес көмек көрсетті. Оқытушылар мен білім алушыларға алғысымыз бен ризашылығымызды білдіреміз!

2.jpg

Возврат к списку