Құрметті студенттер!!!

14.09.2021

Білім алушылардың жекелеген санаттарына қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүру құқығына ие студенттердің құжаттары (Жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; Мемлекеттік АӘК алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ АӘК алмайтын, жан басына шаққанда орташа табысы ең төменгі (34302 тг.) күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға) 2021 жылғы 15-22 қыркүйек аралығында қабылданады.

ҚҰЖАТТАРДЫ ТЕК ОФЛАЙН ФОРМАТТА ОҚИТЫН СТУДЕНТТЕР ҒАНА ТАПСЫРА АЛАДЫ.

Құжаттарды – 51-корп. 208-кабинет, Спорт және жастар ісі жөніндегі орталығына тапсыру қажет.

Құжаттарды қабылдау уақыты: 08.30-дан 17.30-ға дейін.

Үзіліс: 12.30-дан 13.30-ға дейін.

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КЕЛЕСІ БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН (2 САНАТ):

1. Жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

2. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға көрсетіледі.

Білім алу кезеңінде әлеуметтік көмек білім беру ұйымына келесі растайтын құжаттар арқылы беріледі:

1) Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қамбаров Қайрат Тельманұлының атына ата-анасының немесе олардың орнын басатын тұлғалардың еркін түрдегі жазбаша өтініші;

2) Оқу орнынан анықтама;

3) Жеке куәліктің қөшірмесін;

4) Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін – қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы анықтама көшірмесін;

5) Атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін - өтініш берушінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар беретін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушысына жататындығын растайтын анықтаманы;

6) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар үшін - алған табысы туралы мәліметтерді (жұмыс істейтін ата-анасының немесе олардың орнын басатын тұлғалардың еңбекақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа қызмет түрлерінен түскен кірістер, балалар мен басқа да асыраудағы жандарға алимент түрінде алынатын кірістер) ұсынумен жүзеге асырылады;

7) Жұмыссыздық бойынша анықтама;

8) Отбасы құрамы туралы анықтама;

9) transcard.kz карта нөмірі (transcard.kz жеке кабинетте тіркелу).


Возврат к списку