"Неврологиялық аурулар менеджменті" Халықаралық қатысумен неврология жөніндегі республикалық конференциясы

07.09.2021


Сіздерді, «Неврологиялық аурулар менежменті» халықаралықтың қатысуымен өтетін республикалық конференциясына қатысуға шақырамыз:

Ұйымдастырушылар: «Астана медицина университеті» КеАҚ, Неврология кафедрасы, «Балалар және ересектер неврологтары, нейрофизиологтар, психиатрлар, психотерапевтер» қоғамдық ұйымы.

Неврология кафедрасы

Конференцияның мақсаты: медициналық қауымдастықты неврология саласындағы соңғы жетістіктер туралы ақпараттандыру, ересектер мен балалар практикасында неврологиялық ауруларды диагностикалау, емдеу мен алдын алудың өзекті мәселелерін талқылау.

Конференция бағдарламасы:

- 29 қыркүйек 2021ж: неврологияның өзекті тақырыптары бойынша баяндамалар, Қазақстан Республикасының неврологиялық ауруларын диагностикалау мен емдеуге арналған клиникалық хаттамаларды дайындау бойынша Жұмыс топтарының талқылауы.

- 30 қыркүйек - 1 қазан 2021ж: миология, инсульт, дегенеративті демиелинизациялық аурулар, пароксизмальды бұзылулар мен эпилепсия тақырыптарындағы 5 мектептің жұмысы.

Конференцияның негізгі тақырыптары: пароксизмальды және эпилепсиялық бұзылулар, қозғалыстың бұзылуы, жүйке -бұлшықет аурулары, ми қан тамырларының бұзылуы, орталық жүйке жүйесінің дегенеративті және демиелинизациялық аурулары

Негізгі аудитория: ересектер мен балалар неврологтары, және тақырыпқа байланысты басқа мамандар

Ұйымдастыру мерзімі: 29 қыркүйек - 1 қазан 2021 ж

Форматы: офлайн / онлайн

COVID-19 эпидемиологиялық жағдайын ескере отырып, іс-шараның форматын онлайн режимінде өзгертуге болады

Конференция соңында тіркелген қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Өтетін орны: Park Inn қонақ үйі

Тіркелу үшін сілтеме бойынша өтіңіз 

Елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, офлайн қатысушылардың саны шектеледі

 

Барлық сұрақтар бойынша конференция хатшылығына хабарласыңыз: 

Байгазиева Ляззат Бердалиевна

+7 7715811601

Таханова Меруерт Талгатовна

++7 7029555556

Чункаева Дана Дюсембековна 

+7 7758290998



Возврат к списку