Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі резидентурада мақсатты оқытуға 293 грант бөлді

21.07.2020

Елімізде карантиндік режим жарияланған алғашқы күндерден бастап, Астана медицина университетінің оқытушылары мен студенттері елорданың практикалық денсаулығын сақтауға үлкен көмек көрсетуде.

Резидентура бағдарламалары бойынша мақсатты оқыту үшін Нұр-Сұлтан медициналық ұйымдарын кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету үшін әкімдік 2 жылдан 3 жылға дейінгі 14 мамандық бойынша 293 грант бөлу туралы шешім қабылдады.

Оқу ақысы Нұр-Сұлтанның жергілікті бюджетінен төленеді. Әкімдік оқу ақысын төлеуге және оқу кезеңінде астананың денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық ұйымдарында оқу орындарымен қамтамасыз етуге, сонымен қатар резидентураны аяқтағаннан кейін үш жылдық жұмыспен өтеуге үш жақты келісімшарт жасасуға кепілдік береді.

Резидент дәрігерлердің жеке оқу жоспары резидентураның мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалады және Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен келісіледі.

Снимок.PNG


Возврат к списку