Гүлнәр Аманқұлқызы Ділімбетова

Гүлнәр Аманқұлқызы Ділімбетова

Дилимбетова	Гульнара	Аманкуловна

Директорлар кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз директор

Білімі:

1983-1988 – С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, философия-экономикалық факультеті, саяси экономика кафедрасы. Мамандығы – саяси экономика. Біліктілігі – экономист. Саяси экономика оқытушысы.


Жұмыс тәжірибесі:

1988 ж. тамыз - 1990 ж. қараша – Қарағанды ​​политехникалық институтының Жезқазғандағы филиалы, оқытушы.

1990 ж. қараша - 1993 ж. желтоқсан – Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының экономика институты, Алматы қ., Аспирант.

1993 ж. желтоқсан - 1998 ж. маусым – «Тұран-Азия» холдинг-орталығы» АҚ, Алматы қ., Экономист-менеджер.

1995 ж. маусым - 1998 ж. қаңтар – Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы, Алматы қ., Бөлім бастығы, бас маман, жетекші маман, маман.

1998 ж. қаңтар - 2003 ж. қараша – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Астана қ., Фискалдық қатынастар секторының меңгерушісі, кеңесші.

2003 ж. қараша - 2007 ж. мамыр – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Астана қ., Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру департаментінің директоры.

2007 ж. мамыр - 2008 ж. – Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі, Алматы қ., Стратегия және талдау департаментінің директоры, қаржы ұйымдарын тарату департаментінің директоры, қаржы ұйымдарын тарату департаменті директорының орынбасары

2008 ж. мамыр - 2009 ж. наурыз – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Астана қ., вице-министр.

2009 ж. сәуір - 2010 ж. желтоқсан – «PetroGazEnergy» ЖШС, Астана қ., Сарапшы талдаушы.

2011 ж. қаңтар - 2013 ж. қазан – «EnergyFocus» ЖШС, Астана қ., Сарапшы талдаушы.

2011 ж. қыркүйек - 2013 ж. қазан – «Ұлттық талдау орталығы» АҚ, Астана қ., Жоба менеджері.

2013 ж. қазан - 2014 ж. мамыр – Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Астана қ., Қаржы секторы комитетінің хатшысы.

2013 ж. наурыз - қазіргі уақытқа дейін – «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ, Астана қ., Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор.


Возврат к списку