Мажит Зейноллаұлы Шайдаров

Мажит Зейноллаұлы Шайдаров

Шайдаров Мажит Зейнуллович

Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі

Білімі:

1976-1982 жж Целиноград мемлекеттік медицина институты (ЦММИ), емдеу ісі факультеті.


Жұмыс тәжірибесі:

1982-1984 жж ЦММИфармакология кафедрасының аға лаборанты

1984-1992 жж ЦММИфармакология кафедрасының ассистенті;

1992-1995 жж.  Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы, дәрігер-инфекционист, ЦММИ-дің фармакология кафедрасының ассистенті қызметін қоса атқарды;

1995-1997 жж.  ЦММИжалпы және клиникалық фармакология кафедрасының доценті;

1997-2000 жж.  Қалалық жұқпалы аурухана, бас дәрігер, ЦММИ-де жалпы және клиникалық фармакология кафедрасының доценті қызметін қоса атқарды;

2000-2006 жж Астана қаласының Денсаулық сақтау департаменті, директор;

2006-2009 жж Қарағанды облысының Денсаулық сақтау департаменті, директор;

2009-2010 жж.  ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметті бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің директоры, «Астана медицина университеті» АҚ жалпы және клиникалық фармакология кафедрасының профессоры қызметін қоса атқарды;

2010 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Астана медицина университеті» АҚ ректоры-Қоғам Басқармасының төрағасы.


Ғылыми дәрежелері мен атақтары:

1987 ж., 14.00.25 «Фармакология» мамандығы бойынша «Кейбір психотроптық дәрілердің иммунофармакологиясы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады;

2006 ж., 14.00.25 «Фармакология» мамандығы бойынша «Гепатопротекторлық белсенділік потенциалы бар бірегей фитопрепараттар фармакодинамикасының негізгі компоненттері» тақырыбында докторлық диссертация қорғады;

2013 ж., профессор ғылыми атағы ;

2016 ж., Жаратылыстану ғылымдарының еуропалық академиясының академигі (Ганновер, Германия);

2017 ж., Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі.


Ғылыми жетекшілігі:

М.З. Шайдаров республиканың ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларын даярлауға ерекше көңіл бөледі. Оның жетекшілігімен 3 PhD доктордың диссертациялары дайындалып, уәкілетті органдарда бекітілді. Қазіргі уақытта 4 PhD докторын, 4 магистрант дайындап жатыр.


Жарияланымдары: 
Профессор М. Шайдаровтың 138-ден астам ғылыми-әдістемелік жұмысы баспадан шықты, соның ішінде: 105 ғылыми мақала, Томсон   Рейтер  компаниясының ақпараттық базасына сәйкес нөлдік емес импакт факторы бар халықаралық рецензияланатын журналдарда 9 мақала жарияланды; «Гепатопротекторлық белсенділік потенциалы бар бірегей фитопрепараттар фармакодинамикасының негізгі компоненттері» атты 1 монография, Томск, 2006; 2 оқулық – «Рецептурасы бар фармакология негіздері» Астана, 2011, 2014, 3 оқу құралы және оқу-әдістемелік құрал, 2 рецептуралық анықтамалық, клиникада қолдануға арналған 1 әдістемелік нұсқаулық, 1 сөздік-анықтамалық (латынша-орысша-қазақша).


Қоғамдық қызметі:

- Астана қаласының 4-ші сайлау округі бойынша  V және VI шақырылымдардың мәслихат депутаты;

- Астана қаласының әлеуметтік-мәдени дамуы жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы; 
- «Нұр Отан» Партиясы Астана қаласының филиалындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қоғамдық кеңестің» төрағасы;

- 2015-2019 жж. инфрақұрылымды дамытуға арналған «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаржыны және бюджеттік қаржыны мақсатты және тиімді пайдалануды бақылау жөніндегі Астана қаласы мәслихатының «Нұр Отан» партиясы фракциясы жанындағы комиссияның мүшесі.


Наградалары:

М.З. Шайдаровқа «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Құрметті атағы (2005ж) берілген және «Құрмет» орденімен (2013ж), Қазақстан Республикасының мерейтойлық медальдарымен, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен (2002ж) марапатталған.


Возврат к списку