Жаңалықтар


29.11.2016 Спартакиада

«Қазақстан студентерінің Альянсы» Республикалық студенттер қозғалысының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен ағымдағы 2016 жылдың 12-13 қарашасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Астана қаласындағы жоғары оқу орындардың бірінші курс студенттері арасында алғаш рет спартакиада ұйымдасты.


28.11.2016 «Елдің асыл тірегі – Ата Заң»

2016 жылғы 23 қараша күні Қазақстан тарихы және философия кафедрасының аға оқытушысы, куратор С.С.Шынтаева  «ЕЛДІҢ АСЫЛ ТІРЕГІ – АТА ЗАҢ» атты ашық дәріс сабақ өткізді. Бұл дәріс Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылды.  Кез келген елдің тәуелсіздігі мен демократиялық құндылықтарын айқындайтын басты құжат ол  – Конституция.


24.11.2016 Шахмат бойынша спартакиада
2016 жылғы 11 қазанда Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде Astana EXPO 2017 халықаралық көрмесіне орай Астана қаласының жоғары оқу орындары студенттерінің арасында шахматтан жарыс өтті. Осы жарыстың мақсаты - жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру және университет студенттерінің өзара қарым-қатынасын дамыту. 

24.11.2016 Тоғыз құмалақ
2016 жылғы 10 қазанда Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде Astana EXPO 2017 халықаралық көрмесіне орай Астана қаласының жоғары оқу орындары студенттерінің арасында тоғыз құмалақ спорт түрінен жарыс өтті. Осы жарыстың мақсаты - жастарды ұлттық спорт ойындарына деген қызығушылықтарын арттыру. 

24.11.2016 “Антибиотиктер. Микроорганизмдердің антибиотиктерге тұрақтылығы» тақырыбында студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы

ДДҰ-ның антибиотиктерді дұрыс қолдану мәселесін көтерген Дүниежүзілік апталығына орай 2016 жылғы 18 қарашада сағат 12.00-де Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасында “Антибиотиктер. Микроорганизмдердің антибиотиктерге тұрақтылығы» тақырыбында студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы ұйымдастырылды. Конференция мақсаты – микроорганизмдердің антибиотиктерге тұрақтылығының себептерін, антибиотиктерге сезімталдықты анықтау әдістерін және антибиотиктерді тиімді қолдану жолдарын түсіндіру. 


24.11.2016 ДДҰ-ның Антибиотиктерді дұрыс қолдану бойынша дүниежүзілік апталығы

«Астана медицина университеті» АҚ-тың  интернатура бойынша клиникалық фармакология кафедрасының қызметкерлері ДДҰ бастаған үндеуді қолдауға белсенді атсалысып жатыр. 2016 жылғы 15 қарашада «Астана медицина университеті» АҚ-тың 1 – курс студенттері арасында іс-шаралар өткізілді. Студенттерге антибиотиктер туралы жалпы мағлұматтар, дәрі-дәрмектерді пайдаланудың қауіпсіздігі, суық тиген жағдайда өзін-өзі дұрыс емдеу және диареяны емдеудің негізгі ережелері туралы ақпараттар берілді.


24.11.2016 «Мәңгілік ел – мұратым» жас ақындар мүшәйрасы

2016 жылғы 21 қараша күні Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Тілеп қобыз сарайы» концерт залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік ел – мұратым» жас ақындар мүшәйрасы өтті. 


24.11.2016 "Халықаралық студенттер күні – 2016"
2016 жылғы 18 қараша күні «Астана медицина университеті» АҚ мәжіліс залында Халықаралық студенттер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті1946 жылы 17 қарашада Прага қаласында Чехияның патриот студенттеріне арналған Дүниежүзілік студенттер конгресінде Халықаралық студенттер күні белгіленді. 

23.11.2016 «White Party»

2016 жылғы 16 қараша күні сағат 21:00-де «Астана медицина университеті» АҚ-тың оқу залында 2 блоктың Студенттік кеңесі Жастар күніне орай «White Party» атты іс-шара ұйымдастырды. Бұл іс-шараға Үндістаннан келген бірінші курс студенттері және Сеченов атындағы Мәскеу медицина университетінің «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша келген студенттері арнайы қонақ ретінде шақырылды.


23.11.2016 «Welcome to KZ»

2016 жылғы 17 қараша күні сағат 19:00-де «АстМУ» АҚ-тың оқу залында Үндістан мен Ресейден келген шетелдік студенттерге арналған «Welcome to KZ» атты мерекелік кеш өтті. Оны № 1 блоктың Студенттік кеңесі ұйымдастырды. 3-курс студенттері Битабарова Даян және Сатыбалдиев Абзал кештің жүргізушілері болды. «АстМУ» АҚ-тың студенттері Үндістаннан келген 1-курс студенттеріне мәдениетімізді көрсетіп, қазақтың ұлттық тағамдарын ұсынды. Бұл мереке өзара құрметпен, түсіністік белгісі болып табылады.


22.11.2016 «Ұлт денсаулығы – табысты болашағымыздың негізі» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция

2016 жылғы 15-16 қараша күндері С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде ҚазМСА-ҚазҰМУ жергілікті комитетінің ұйымдастыруымен, Студенттермен жұмыс басқармасының қолдауымен «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» және «Алматы қаласының 1000 жылдығына» арналған «Ұлт денсаулығы – табысты болашағымыздың негізі» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. 


22.11.2016 «Астана медицина Университеті» АҚ Ректорының студенттермен жыл сайынғы кездесуі

2016 жылғы 17 қараша күні Университет мәжіліс залында «Астана медицина университеті» АҚ ректоры, профессор Мәжит Зейнуллаұлы Шайдаровтың студенттермен жыл сайынғы кездесуі өтті. Кездесуге Университет басшылығы, академиялық топтардың кураторлары мен студенттері, студенттік топтардың мүшелері, университеттің  студенттік кеңес мүшелері, құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен университеттің тамақтану пункттерін жалға алушы қызметкерлері қатысты.


22.11.2016 "Еmergency day" атты мастер-класс

2016 жылғы 19 қарашада KazMSA-MUA SCOME медициналық білім бойынша жергілікті комитет офицері, «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 2-курс 201-топ студенті Қойшыбаева Орынгүлдің ұйымдастыруымен, Астана қаласының №18 орта мектебінде “EMERGENCY DAY” атты іс-шара өтті. Жобаның негізгі мақсаты – алғашқы көмек көрсету түрлерін үйретуге, танымдық қиындықтарды жеңуге, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған. Іс-шара барысында SCOME комитетінің белсенді студенттері презентацияларын ұсынып, барлық іс-әрекеттерді практика жүзінде көрсетті. Барлық оқушылар қызығушылық танытып мастер-класқа белсене қатысты.


22.11.2016 Қантты диабетке қарсы дүниежүзілік күрес күніне арналған семинар
2016 жылғы 17 қараша Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қолдауымен KazMSA-MUA белсенділері Сәтпаев көшесі 25 мекенжайындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында қантты диабетті анықтау, дұрыс тамақтану маңыздылығын, қантты диабетті алдын алу шаралары және қантты диабет туралы халықты ақпараттандыру мақсатында Қантты диабетке қарсы дүниежүзілік күрес күніне арналған акция өтті. 

18.11.2016 «Антибиотиктерге төзімділік проблемасы туралы хабардарлық деңгейін арттыру» тақырыбындағы семинар
2016 жылғы 2 қараша күні сағат 19:00-де жатақхананың оқу залында "Астана медицина университеті" АҚ-тың жастар ісі жөніндегі деканаты, "Студенттік қалашық" бөлімі және интернатура бойынша клиникалық фармакология кафедрасымен бірлесіп «Антибиотиктерге төзімділік проблемасы туралы хабардарлық деңгейін арттыру» тақырыбында интерактивті семинар ұйымдастырды. Интерактивті семинар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі – ДДСҰ) Антибиотиктерді дұрыс пайдалану мәселесін көтерген Дүниежүзілік апталығы аясында ДДСҰ кеңсесінің қолдауымен өткізілді. 

18.11.2016 Университеттің ішкі-сыртқы қауіпсіздігін нығайту, теріс діни ағымдардың қауіп-қатерін болдырмау

2016 жылғы 16 қараша күні сағат 12.00-де «Астана медицина университеті» АҚ-тың жастар ісі жөніндегі деканаты Қазақстан тарихы және философия кафедрасымен бірлесіп «Жалпы медицина» мамандығының 1-курс студенттері мен Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар, қауіпсіздікті бақылау бөлімінің бастығы Н.Т. Бектұрсыновтың және Университет теологі Б.М. Жанаковтың кездесуін ұйымдастырды. Дәріс «Университеттің ішкі-сыртқы қауіпсіздігін нығайту және теріс діни ағымдардың қауіп-қатерін болдырмау» тақырыбы бойынша өткізілді.


18.11.2016 «ДЕНСАУЛЫҚ БҰРЫШЫ»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «100 ИГІ ІС» акциясының аясында, Астана қаласының №2 қалалық балалар ауруханасындағы гастроэнтерология бөлімшесінің базасында орналасқан интернатура бойынша балалар аурулары кафедрасында, кафедра доценті Г.И. Тоғызбаеваның жетекшілігімен 752-ші және 759-ші топ интерндері «ДЕНСАУЛЫҚ БҰРЫШЫ» іс-шарасын ұйымдастырды.


18.11.2016 СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ГИГИЕНАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

2016 жылғы 9 қараша күні  сағат 19.00-де «Астана медицина университеті» АҚ жатақханасының оқу залында «Кафедра апталығына» орай Университет оқытушылары «Астана медицина университетінің тарихы», «Студенттердің білім беру қызметінің гигиеналық аспектілері» тақырыптарында 1-курс студенттерімен кездесу ұйымдастырды


18.11.2016 «ЕЛ ЖҮРЕГІ - АСТАНА»

2016 жылғы 10 қарашада қалыпты физиология кафедрасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ел жүрегі - Астана» атты студенттік олимпиада өтті. Олимпиада ұйымдастырушылары: кафедра меңгерушісі К.М.Хамчиев, доцент Ж.А.Рахымжанова, кафедра оқытушылары және  «Жалпы медицина» мамандығының 232-топ студенттері. 


17.11.2016 «ЖАС САҚШЫ» ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІПТІ САҚТАУ СТУДЕНТТІК ЖАСАҚ ҚАТЫСУШЫЛАРЫН МАРАПАТТАУ РӘСІМІ
2016 жылғы 15 қарашада сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында 2015-2016 оқу жылындағы «Жас Сақшы» құқықтық тәртіпті сақтау студенттік жасақ қатысушыларын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. 

Жаңалықтар 1381 - 1400 / 2053
Бірінші бет | Алдыңғы | 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 | Келесі | Соңғы бет Барлығы