Жаңалықтар


29.12.2020 2020 жыл бойынша университет кафедраларының рейтингі

2020 жылға арналған оқу, ғылыми, клиникалық және әлеуметтік-тәрбиелік жұмыстар бойынша университет кафедраларының рейтингі өткізілді. Рейтинг қорытындысымен таныс болыңыздар, ең жоғары ұпаймен алғашқы үштікке кірген кафедралармен таныс болыңыздар.


29.12.2020 Құрметті университет қызметкерлері!
Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауы 2021 жылы 10 қаңтарда өтеді. Сіз өзіңіздің сайлау учаскеңізді көрсетілген жолмен таба аласыз. Таныс болыңыз. 

27.12.2020 Халықаралық студенттік пәндік олимпиада

2020 жылғы 25 желтоқсанда Бұхара мемлекеттік медицина институтында «Абу Али ибн Сино ілімдерінен ​​Үшінші Ренессансқа дейін» атты халықаралық студенттік пәндік онлайн олимпиадасы өткізілді. Олимпиада 36 секциядан тұрды. «Астана медицина университеті» КеАҚ студенттері әртүрлі номинациялар бойынша марапатталып, жүлделі орындарға ие болды.


24.12.2020 Университет ұжымы коронавирустық инфекциямен күрестегі орасан жұмыстары үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің алғысына ие болды

Пандемиямен күресу бағдарламасын әзірлеу мен жүзеге асырудың бірінші күнінен бастап Астана медицина университеті өзін қоғамның және бүкіл мемлекеттің ажырамас бөлігі деп санай отырып, білім беру процестері мен COVID-19-ға қарсы күресте аймақтарға тікелей көмек көрсету міндеттерін бөлмей, бұл жұмысқа белсенді түрде қатысты.


22.12.2020 Жас ғалымдар мен студенттердің «Сақтандыру медицинасы. Ғылым. Білім» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының қорытындылары

Жас ғалымдар мен студенттердің «Сақтандыру медицинасы. Ғылым. Білім» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы бүгін аяқталды. Барлық ұйымдастырушылар мен қатысушыларға белсенділігі мен керемет идеялары үшін ризашылығымызды білдіреміз. Сіздер университеттің ғана емес, бүкіл елдің ғылыми қызметін дамытуға үлес қостыңыздар деп сенімдіміз.


21.12.2020 Тоғызқұмалақ бойынша онлайн-турнирдің нәтижелері

2020 жылы 16 желтоқсанда сағат 11:00-де Спорттық клуб Жастармен жұмыс жөніндегі орталықпен бірге Астана медицина университетінің қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған онлайн тоқыз-малақ турнирін ұйымдастырды. Турнир Play ok интернет порталында өтті. Барлығы 8 адам қатысты.


21.12.2020 Бүгін «Сақтандыру медицинасы. Ғылым. Білім» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы басталды

Бүгін «Сақтандыру медицинасы. Ғылым. Білім» тақырыбында жас ғалымдар мен студенттердің халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы басталды. Іс-шараның бірінші күні бакалавриат студенттері мен мектеп оқушылары қатысуда, ал ертең интерндер, магистранттар, резиденттер, докторанттар өздерінің зерттеулерінің нәтижелерімен таныстырады.


20.12.2020 РИЗАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ АЛҒЫС
CORO-2020 халықаралық Орталық Азия радио-онкологиялық конгресінің ұйымдастыру комитеті мен президиумы Раушан Ибжанқызы Рахимжановаға 2020 жылдың 26-28 қарашасы аралығында Ташкентте / Өзбекстанда өткен «Іргелі және клиникалық зерттеулер, пациентке деген назар және цифрландыру – онкологиядағы прогресстің төрт тірегі» ұранымен өткен онлайн-конгрессте ғылыми баяндамасын таныстырғаны үшін шексіз алғыс білдіреді.

17.12.2020 «Онлайн диагностика 3.0» форумы
2020 жылғы 16 желтоқсанда Ресейлік радиологтар қоғамы «Онлайн диагностика 3.0» форумын ұйымдастырып, өткізді. Оған ТМД елдерінің (Ресей, Қазақстан, Украина, Армения, Грузия, Беларуссия, Өзбекстан) радиологиялық қоғамдары мен қауымдастықтарының президенттері қатысты. Форумның мақсаты 2020 жылға арналған радиологиялық қызметтің ең өзекті мәселелерін талқылау болды.

16.12.2020 Елорданың дамуы мен гүлденуіне қосқан үлесі үшін

Профессор Дайнюс Павалькисті және Жастармен жұмыс жөніндегі орталықтың басшысы Нұрбек Мүсіреповті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің ерен еңбегі және елорданың дамуы мен гүлденуіне қосқан үлесі үшін алғыс хатын алуымен құттықтаймыз. Сіздерге, әріптестер, зор денсаулық, сәттілік және жұмыстарыңызға табыс тілейміз!


15.12.2020 Қазақстандық денсаулық сақтау кәсіподағы ризашылығын білдіреді

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу құрметіне Кәсіподақ мүшелерінің еңбегін көтермелеу және бағалау мақсатында Астана медицина университетінің қызметкерлері Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлері салалық кәсіподағының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалының марапаттарына ие болды.


15.12.2020 Басқаға пайдалы болу – абзал істің бірі
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесінің қарсаңында университетіміздің қызметкерлері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің наградаларымен және медальдарымен, сонымен қатар Астана медицина университеті ректорының атынан құрмет грамоталарымен марапатталды: «ЕҢБЕК АРДАГЕРІ», «ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ІСІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН», «ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ІСІНІҢ ҮЗДІГІ», «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ».

15.12.2020 Университеттің бастауыш партия ұйымының төрағасы әріптестерін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

«Астана медицина университеті» КЕАҚ бастауыш партия ұйымының төрағасы Қайрат Иманберді әріптестерін басты мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады! Әр отбасыға, әр қызметкерге зор денсаулық, қаржылық тәуелсіздік және гүлдену тіледі. Сондай-ақ қызметкерлер мереке қарсаңында ұжымның партия өміріне қосқан үлесі мен белсенділігі үшін алғыс хаттармен марапатталды!


14.12.2020 Абуали Ибни Сино атындағы ТММУ оқытушыларына арналған семинар

Абуали Ибни Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университеті және Астана медицина университеті арасындағы ынтымақтастық шеңберінде 2020 жылғы 8-11 желтоқсан аралығында Инновациялық және симуляциялық білім беру технологияларын трансферттеу орталығы Абуали Ибни Сино атындағы ТММУ оқытушыларына арналған зерттеу әдістері мен жобалау бағытында онлайн семинар ұйымдастырды.


14.12.2020 «Халық алғысы» медалі

Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларында жемісті жұмыс істейтін азаматтарды, сондай-ақ пандемиямен күресте ерекшеленген азаматтарды көтермелеу мақсатында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Волонтер жылы аясында біздің Университеттің 20 студенті Президент Қ.Қ. Тоқаевтың Жарлығымен белгіленген Қазақстан Республикасының «Халық алғысы» мемлекеттік медалімен марапатталды.


14.12.2020 Әскери-дәрігерлік сараптама бойынша біліктілікті арттыру курстары ашылды

Осы уақытта Қазақстан Республикасында азаматтарды және әскери қызметшілерді медициналық тексеруден өткізумен айналысатын 4000-нан астам медициналық мамандарға әскери-дәрігерлік тексеруден (бұдан әрі – ӘДТ) жүйелі дипломнан кейінгі дайындық қажет. Бұл мамандардың көбі жергілікті денсаулық сақтау органдарының медициналық ұйымдарында жұмыс істейді. Жыл сайын бірнеше жүздеген шақырылушылар мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер әскери қызметке қатысы жоқ аурулармен, негізінен дәрігерлердің қателігінен, әскери-медициналық сараптаманы нашар білетіндіктен босатылады.


11.12.2020 Құрметті достар, әріптестер, серіктестер!
«Астана медицина университеті» КеАҚ (бұдан әрі – АстМУ КеАҚ) сыртқы ұйымдармен, мемлекеттік органдармен сапалы және қолжетімді коммуникация мен жұмысты ұйымдастыру мақсатында хаттарды университеттің rektorat@amu.kz электронды поштасына жіберулеріңізді сұрайды.
Сонымен қатар, барлық кіріс және шығыс хат-хабарлар «Электрондық құжат айналымы жүйесі» (АстМУ СЭД) бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. Мұнда кіріс хат-хабарлар тіркеліп, жауапты орындаушыларға таратылады. Шығыс хаттарға бірінші басшы, Басқарма мүшелері электрондық цифрлық кілт арқылы қол қояды. Солай, хаттар тіркеледі және ары қарай сыртқы ұйымдарға жіберіледі.

09.12.2020 Салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін
8 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Еріктілер жылының ресми жабылу салтанатында біздің студентіміз Әжімұрат Санжарға «Салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін» премиясы табысталды. Біз Санжарды осы марапатымен құттықтаймыз және оған шын жүректен игі ісінде сәттілік тілейміз. Өмірлік қуаты мен белсенділігі ешқашан сөнбесін!

09.12.2020 «АИТВ-ассоциацияланған инфекциялар мен COVID-19 мәселелеріне студент жастардың көзқарасы» атты ХІІІ жыл сайынғы дәстүрлі студенттік конференциясы өткізілді
Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасында «АИТВ-ассоциацияланған инфекциялар мен COVID-19 мәселелеріне студент жастардың көзқарасы» атты ХІІІ жыл сайынғы дәстүрлі студенттік конференциясы өткізілді.

08.12.2020 «Сақтандыру медицинасы. Ғылым. Білім» ғылыми-практикалық конференциясы
2020 жылғы 21-22 желтоқсанда «Астана медицина университеті» КеАҚ онлайн режимінде жас ғалымдар мен студенттер арасында «Сақтандыру медицинасы. Ғылым. Білім» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді. 

Жаңалықтар 161 - 180 / 2058
Бірінші бет | Алдыңғы | 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 | Келесі | Соңғы бет Барлығы