Жаңалықтар


25.01.2021 Практикалық денсаулық сақтау маманымен кәсіби бағдар беру бойынша онлайн-кездесуі

Кездесу "Қоғамдық денсаулық сақтау" факультетінің 3 курс студенттері, магистранттар, диплом қорғаушылары, сондай-ақ Нұр-сұлтан қаласының №72 мектеп-гимназиясының медициналық кластерінің түлектері үшін ұйымдастырылды. Онлайн-кездесуді ұйымдастырушылар: Қоғамдық денсаулық және эпидемиология кафедрасы және Қоғамдық денсаулық және гигиена кафедрасы.


25.01.2021 «ЖОО ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ – 2020» байқауының жеңімпазы!
23 қаңтар күні Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі парақшасына «ЖОО ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ – 2020» байқауының жеңімпаздары тізімі жарияланды. Әріптесіміз, «Астана медицина университеті» КеАҚ, Әлеуметтік – гуманитарлық ғылымдар кафедрасының профессоры Мажитова Жанна Сабитбекқызы «ЖОО ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ – 2020» байқауының жеңімпазы атанды. Мажитова Жанна Сабитбекқызын шын жүректен жеңісімен құттықтаймыз! Зор денсаулық, отбасына амандық, шығармашылық табыс тілейміз! Еңбегіңіз елене берсін!

20.01.2021 Астана медицина университетінің командасына алғыс

Балқаш қаласының №1 емханасының басшылығы болашақ дәрігерлерді даярлаудағы баға жетпес үлесі үшін Астана медицина университетінің ұжымына ризашылығын білдірді. ЖДП мамандығының интерндері Джаханова Жамиля Серікболқызының (737 ЖДП тобы) және Кебентай Бексұлтан Қайратұлының үлестері бағаланды.


19.01.2021 2020-2021 оқу жылының қысқы емтихан сессиясының нәтижелері бойынша бос білім гранттарын алуға үміткерлер тізімі
2021 жылғы 18 қаңтардағы мамандықтар мен оқу курстары аясындағы 2020-2021 оқу жылындағы қысқы емтихан сессиясының нәтижелері бойынша бос білім гранттарын алуға үміткерлердің тізімімен таныс болыңыздар! 

18.01.2021 Шеврон грантына ие болған 7-курс интерні Алпысбаева Махаббатты құттықтаймыз

7-курс интерні, «Шеврон» грантының иегері Алпысбаева Махаббатты «Тәй-Тәй ортопедиялық жүгірткілері» жобасымен «Social Impact Award Kazakhstan» халықаралық бағдарламасына қатысқаны үшін құттықтаймыз!


18.01.2021 Университет ДДҰ-дан иммунологиялық жартылай автоматты анализаторын сыйлық алды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Астана медицина университеті арасындағы ынтымақтастық шеңберінде 2021 жылы 18 қаңтарда «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №3 көп салалы қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК негізінде, Thermo Scientific USA шығарған иммунологиялық жартылай автоматты Multiscan FC анализаторы осы клиниканың базасында орналасқан «АстМУ» КеАҚ зертханалық медицина кафедрасына берілді. 

15.01.2021 «Шығыс Еуропа – Орталық Азия аймағында жаһандық денсаулық сақтау саласындағы академиялық әлеуетті дамыту» жаңа жобасы

«Шығыс Еуропа – Орталық Азия аймағында жаһандық денсаулық сақтау саласындағы академиялық әлеуетті дамыту» Эразмус+ бағдарламасы аясында жаңа жоба іске қосылып жатқандығын хабарлаймыз. Осыған орай, 2021 жылғы 15 қаңтарда осы жоба бойынша онлайн іске қосу кездесуі өтті. 


15.01.2021 Мерейтой құтты болсын!
Бүгін оториноларингология саласындағы әйгілі ғалым, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, университетіміздің бұрынғы ректоры, құрметті профессор Раис Қажкенұлы Төлебаев өзінің 80 жылдық мерейтойын атап өтуде! Біз құрметті профессорды туған күнімен құттықтаймыз, оған зор денсаулық, сарқылмас жігер, отбасылық жылулық пен жайлылық тілейміз!

14.01.2021 ҚАЗАҚСТАНДА МЕЙІРГЕР ІСІНІҢ ДАМУЫ: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАР

Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінде магистратура және PhD докторантура деңгейінде мейіргер ісін жетілдіру бойынша жаңа жоба – AccelEd Accelerating Master and PhD level Nursing Education Development in the Higher Education System in Kazakhstan – іске қосылып жатыр.


13.01.2021 Оқу форматы жөнінде бір қатар онлайн кездесулері өткізілді
13 қаңтарда Астана медицина университетінің 1, 4 және 5 курс студенттерінің университет ректоры профессор Дайнюс Павалькиспен және деканат қызметкерлерімен оқу форматы жөнінде бір қатар онлайн кездесулері өтті.

13.01.2021 AccelEd жобасын іске қосу мақсатындағы кездесуі аяқталды

Іс-шараның үшінші күні жұмыс пакеттерінің тәуекелдері талқыланды: жобаны іске асыру сапасын қамтамасыз етуге байланысты тәуекелдер; жобаны БАҚ-та жариялаудағы беделдік тәуекелдер; ақпараттық тәуекелдер; мақсатты топтардың аз тартылуына байланысты тәуекелдер; тілдік кедергілерге; «Мейіргер ісі» мамандығын одан әрі дамыту үшін магистратура және докторантура деңгейінде оқытушылардың жетіспеушілігімен байланысты тәуекелдер және басқалары. Кездесу соңында осы тәуекелдерді, олардың салдары мен шешімдерін талдау туралы шешім қабылданды.


12.01.2021 Хабарландыру!
Эпидемиологиялық жағдай қолайлы болып жатса және Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігерінен оң қорытынды алынғаннан кейін 2021 жылғы 15 ақпанда 1, 4, 5 курс студенттеріне аралас форматтағы оқуды жүргізу жоспарланып отыр. Толығырақ оқыңыз...

12.01.2021 AccelEd жобасын іске қосу кездесуінің екінші күні

AccelEd жобасын іске қосу кездесуінің екінші күні өтті. Жобаның серіктестері жұмыс пакеттеріне сәйкес секцияларға бөлінді. Бүгін 2-жұмыс пакетінің қатысушылары жобаның алдағы үш жылындағы міндеттері мен іс-шараларын талқылады (семинарлар, мастер-класстар, оқытушылар, магистранттар мен докторанттар үшін тағылымдамаларды ұйымдастыру, ғылыми журналдарда жариялану және басқа да көптеген мәселелер)


12.01.2021 Назар аударыңыз!
2020-2021 оқу жылдарына арналған мамандықтар мен оқу курстары бөлінісінде босаған мемлекеттік білім беру гранттарына үміткерлердің тізімімен мына сілтеме бойынша таныса аласыз:


11.01.2021 Мейіргер ісін жетілдіру бойынша жобаны бастау мақсатындағы кездесудің алғашқы күні

Бүгін университетте Қазақстанда мейіргерлік ғылымды дамытуға бағытталған AccelEd – Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінде магистратура мен PhD докторантура деңгейінде мейіргер ісін жетілдіру бойынша жаңа жобаны бастау мақсатындағы кездесудің алғашқы күні өтіп жатыр. Кездесуге 100-ден астам ниет білдірушілер қатысуда, олардың арасында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, «Парыз» мейіргерлер қауымдастығының, денсаулық сақтау ұйымдарының, Қазақстандағы және шет елдердегі медициналық жоғары оқу орындарының өкілдері бар.


08.01.2021 Құрметті оқытушылар, білім алушылар!
11-13 қаңтар аралығында AccelEd-ті іске қосу бойынша кездесу өткізіледі. Кездесуде қазақстандық және еуропалық серіктестер мейіргер ісіндегі заманауи талаптарға, мейіргер ісіндегі инновацияларға, осы мамандық бойынша білім алып жатқан студенттерге және жұмыс жасап жатқан мейіргерлерге арналған жаңа перспективаларға мен мүмкіндіктерге байланысты жобаның мақсаттарын талқылайды.

03.01.2021 Құрметті әріптестер!
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабының 8-тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 08 тамыздағы № 324 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі бұйрығының жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін 2020 жылғы 25 желтоқсанда орналастырылған; https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=6105289Қарастырылатын құжаттар (қараңыз)Ұсыныстарды қабылдау мерзімі – 8 қаңтар, 2021 жыл, avrk@mail.ru электрондық поштасына.

30.12.2020 Онлайн академиялық ұтқырлық

Астана медицина университеті Вильнюс университетімен бірге 20-25 желтоқсан аралығында «Гинекология» пәні бойынша виртуалды академиялық ұтқырлықты ұйымдастырды. Барлық қызығушылық танытқан студенттер қатысты.


30.12.2020 Құрметті әріптестер, білім алушылар!

Erasmus+ бағдарламасының Қазақстандағы Ұлттық кеңсесі Erasmus Mundus және Jean Monnet бірлескен магистрлік бағдарламаларымен танысу және оларға қатысқысы келетіндерге практикалық кеңестер беру мақсатында Erasmus+ бағдарламасының Онлайн-ақпарат күнін өткізеді. Іс-шараның жоспарланған күндері – 2021 жылғы 15-16 қаңтар.


30.12.2020 Астана медицина университетінің құрметті профессорлары
№3 ішкі аурулар кафедрасының профессоры Тельман Зейнуллаұлы Сейсембеков пен №1 акушерия және гинекология кафедрасының профессоры Гайныл Угубайқызы Ахмедьянованы «Астана медицина университетінің құрметті профессоры» атақтарымен құттықтаймыз!

Жаңалықтар 141 - 160 / 2058
Бірінші бет | Алдыңғы | 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 | Келесі | Соңғы бет Барлығы