Жаңалықтар


19.02.2021 Академиялық ұтқырлық аясында тәжірибе алмасу
2021 жылдың 15-19 ақпан аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында №2 Акушерия және гинекология кафедрасында (кафедра меңгерушісі С.Ысқақов) оқитын 1, 2, 3 жылдық акушер-гинекологтар резиденттері үшін онлайн-дәрістер сериясы өтті. 

18.02.2021 Профессор Хачатрянмен кездесу

17 ақпанда Астана медицина университетінде сутектік медицина клиникалары желісінің президенті профессор А.П.Хачатрянмен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, «Астана медицина университеті» КЕАҚ өкілдерінің кездесуі өтті.


16.02.2021 Оңалту және спорттық медицина кафедрасы онлайн-семинарды ұйымдастырып өткізуде
Оңалту және спорттық медицина кафедрасы 2021 жылдың 16 ақпанынан бастап «Физикалық медицина және оңалту» мамандығы бойынша резиденттер мен кафедра оқытушылары үшін «Мультидисциплинарлы бригада құрамындағы эрготерапевт» тақырыбында онлайн-семинарды ұйымдастырып, өткізуде. 

13.02.2021 Қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент кафедрасының профессоры Сарымсақованың Бахыт Ерекешевнаның жобалық ұсынысы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан гранттық қаржыландыруға ие болды
Бүгінгі күнде Астана медицина университетінің ұжымы медицина ғылымдарының докторы Сарымсақова Бахыт Ерекешевнаның жетекшілігімен «Пандемия және басқа да төтенше жағдайлар кезінде Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдеріндегі қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы этика комитеттеріне ұсынымдар әзірлеу» атты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жобасын іске асыруда.

12.02.2021 AccelEd жобасын іске қосу бойынша екінші кездесу өтті
Екі күндік кездесу Атқарушы кеңес пен Академиялық-консультативтік кеңестің қатысуымен өткізілді. Кездесуде кеңестер біріктірілген жұмыс жоспарын құру туралы ақпаратпен, жобаның құрылымымен және әрбір жұмыс пакетінің міндеттерімен танысты.

11.02.2021 Назар аударыңыз!
Қазақстан Республикасының "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңын (бұдан әрі – Заң) басшылыққа ала отырып, Заңда белгіленген тәртіппен берілген өтініштер келіп түскен әрбір өтінішке тіркеу нөмірі беріле отырып, міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және қаралуға тиіс.
Сондай ақ, өтініштер Университет қызметкерлерінің жеке электрондық пошталары, Whatsapp желісі арқылы түскен жағдайда, құрылымдық бөлімшелердің басшылары өтініштерді университеттің құжат айналымы және мемлекеттік тілді дамыту бөлімі арқылы уақтылы тіркеуді қамтамасыз етсін. Бұйрық №53-н/қ от 04.02.2021 ҚР "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" 



11.02.2021 Оқытушыларымыз мектеп білім алушылары арасында Салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған вебинар өткізді
Нұр-Сұлтан каласы физико-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебімен Профилактикалық медицина және нутрициология кафедра мұғалімдері арасында студенттер, оқушылар арасында Салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған вебинар өткізілді.

11.02.2021 «Уран өндіруші аймақтардағы медицина-биологиялық және экологиялық мәселелер» республикалық ғылыми-тәжірибелі онлайн конференциясы

Сіздерді «Уран өндіруші аймақтардағы медицина-биологиялық және экологиялық мәселелер» республикалық ғылыми-тәжірибелі онлайн конференциясына қатысуға шақырамыз. Конференция Webex платформасында өткізіледі. Өткізілетін күндері11-12 наурыз 2021 жыл, басталуы сағат 1000 . Іс-шараны ұйымдастырушылар: "Астана медицина университеті" КеАҚ Радиобиология және радиациялық қорғау институты, ҚР ДСМ-нің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.



10.02.2021 AccelEd жобасын іске қосу бойынша екінші кездесудің бірінші күні
Бүгін, жобаны іске қосу бойынша екінші кездесудің бірінші күні AccelEd серіктестері Атқарушы кеңес өкілдерімен және EACEA жоба орындаушысы Карло Имарисомен бірге Консорциум келісімін жасау кезеңін, жоба бойынша біріктірілген жұмыс жоспарын қалыптастыру процесін талқылады. 

09.02.2021 Құрметті PhD докторантурасына түсу үміткерлері!
«Астана медицина университеті» КеАҚ 01.02.2021 ж. бастап 15.05.2021 ж. дейін PhD докторантурасы білім беру бағдарламалары бойынша оқуға алдын ала іріктеу үшін құжаттарды қабылдайды:
- 8D10101 «Мейірбике ғылымы»
- 8D10102 «Медицина»
- 8D10103 «Қоғамдық денсаулық сақтау»
- 8D10104 «Фармация»
- 8D05101 «Биология»

09.02.2021 Құрметті әріптестер!
Сіздерді «Заманауи фармация: білім берудегі жаңа тәсілдер және өзекті зерттеулер» халықаралық онлайн конференциясына қатысуға шақырамыз. Конференция Webex платформасында өткізіледі.
Іс-шараны ұйымдастырушы: Фармация факультетінің қолдауымен Фармацевтикалық пәндер кафедрасы. Өткізілетін күні: 2021 жылғы 10 ақпан, сағат 10.00-де. Бағдарлама...
Кездесу нөмірі: 156 811 8800
Пароль: 112233

08.02.2021 Шахмат бойынша университет кубогы!
2021 жылдың 5 ақпанында"Астана медицина университеті" КеАҚ Спорт және жастар ісі орталығы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай университет Кубогын, Нұр - Сұлтан қаласының ЖОО студенттері арасында шахматтан Онлайн-турнир өткізді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлығына қатысқаны үшін алғыс айтқымыз келеді!!!

05.02.2021 Астана медицина университеті «дезинфекциялық құрал» пайдалы моделіне патент алды

«Астана медицина университеті» КЕАҚ ғылыми-зерттеу қызметі департаменті мен серіктесі химик-технолог Маржан Қуанышқызы Досмағамбетованың ұзақ және бірлескен жұмысынан кейін Астана медицина университеті 2021 жылғы 29 қаңтардағы № 5802 нөмірлі «дезинфекциялық құрал» пайдалы моделіне патент алды. Бұл Дезспрей құралы балабақшалардың, ауруханалардың, емханалардың, мектептердің және басқа үй-жайлардың әуе кеңістігін әртүрлі бактериялардан, вирустардан, оның ішінде COVID-19-дан зарарсыздандыруға арналған.


04.02.2021 Қымбатты әріптестер!
Ағымдағы жылдың 8-11 ақпан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің Сібір Федералды округі бойынша бас педиатриялық хирургінің, Иркутскідегі Ивано-Матренинская балалар клиникалық ауруханасы балалар хирургиясы федералды орталығының басшысы м.ғ.д., профессор Юрий Андреевич Козловтың қатысуымен профессор Алмас Камалұлы Ормантаевты еске алуға арналған «Педиатрлық хирургтар мектебі» өткізіледі.

04.02.2021 Құрметті әріптестер!

Сіздерді Бейбітшілік пен сенім жылына (БҰҰ) арналған «Физиология мен медицинадағы білім беру технологиялары: тәжірибе, шешімдер, инновациялар» атты Халықаралық конференцияға қатысуға шақырамыз. Уақыты: 2021 жылғы 5 ақпан, сағат 11: 50-де Нұр-Сұлтан.


03.02.2021 «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтан алғыс хат

«АстМУ» КЕАҚ бастауыш партия ұйымының төрағасы, экономика жөніндегі проректор Иманберді Қайрат Боранқұлы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталды. Алғыс хаттарды салтанатты түрде 2021 жылғы 2 ақпанда «Нұр Отан» партиясының астаналық филиалында Сарыарқа ауданы филиалының орынбасары Әлімғазина Бағлан Ауғанбайқызы Парламент Мәжілісі мен Мәслихатындағы сайлау науқанының қорытындылары бойынша өткізді.


03.02.2021 Назар аударыңыздар! Құрметті студенттер!

«Астана медицина университеті» КЕАҚ әскери кафедрасы «Құрлықтағы жалпы медицина» әскери есеп мамандығы бойынша қосымша білім алу үшін 2 курс студенттерін жинақтайды. Біздің департаменттің мақсаты Қарулы Күштер үшін медициналық офицерлерді даярлау және Қазақстан Республикасы үшін жұмылдыру резервін құру болып табылады.


28.01.2021 «Болашаққа көзқарас» Еуразиялық патенттік универсиадасы

Еуразиялық патенттік ведомство Еуразиялық патенттік ұйымның 25 жылдығына арналған «Болашаққа көзқарас» атты Еуразиялық патенттік универсиада өткізілетіндігі туралы хабарлайды. Универсиада дарынды жастарды қолдау, зияткерлік меншік мәселелеріне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында өткізіледі. Универсиадаға қатысуға білім беру ұйымдарының студенттері және 18 бен 25 жас аралығындағы басқа да мүдделі адамдар шақырылады.


27.01.2021 Құрметті әріптестер!
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының елдік кеңсесі денсаулық сақтау саласы апаттарына, соның ішінде COVID-19 сауықтыруды жақсартуға арналған онлайн курстар ұсынатын ДДҰ интерактивті веб-платформасына сілтеме жіберуге қуанышты. Сайтта инфекциялардың алдын алу және бақылау, науқастарды клиникалық басқару, COVID-19 және басқа да көптеген курстар орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылады.

26.01.2021 Үндістандық студенттеріміз бен серіктестерімізді Республика күнімен құттықтаймыз!

Республика күні – бұл көп ұлтты халықтың бірлігінің, әр азаматтың өз Отанына деген сүйіспеншілігінің, өзінің тарихи қауымдастығы мен мемлекеттің маңызды әлеуетін түсінудің символы. Сіздергеге шын жүректен мықты денсаулық, барлық жоспарларыңыздың орындалуын және Үндістан Республикасының игілігі жолындағы қызметтеріңізде одан әрі сәттілік тілейміз!


Жаңалықтар 121 - 140 / 2058
Бірінші бет | Алдыңғы | 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 | Келесі | Соңғы бет Барлығы