Жаңалықтар


29.04.2021 Жеңіс күніне арналған жүгіруден онлайн-жарыс өткізіледі

3 мамыр мен 9 мамыр аралығында Ұлы Жеңіс күніне арналған жүгіруден онлайн-жарыс өткізіледі. Карантинге байланысты біз жыл сайынғы MUARUN марафонын өткізе алмаймыз, сондықтан одан шығудың жолын тауып, онлайн жарысты – ашық аспан астында жеке жағдайларда жүгіруден жарыс өткізуді шештік. Жеңімпаздарға диплом, медаль және бағалы сыйлықтар табысталады!


29.04.2021 2021 жылғы 4 мамырдан бастап біліктілікті арттыру циклдары
2021 жылғы 4 мамырдан бастап Астана медицина университетінде біліктілікті арттыру курстарымен таныс болыңыздар. Сілтеме.

28.04.2021 Еуропалық жүрек соғысының қауымдастығы - EHRA-2021

2021 жылдың 23-25 ​​сәуірі аралығында Гастроэнтерология, эндокринология және пульмонология курсы бар ішкі аурулар кафедрасының қызметкерлері – м.ғ.д., профессор Б.А. Айнабекова, м.ғ.д., ассистент А.С.Абдрахманов, PhD, ассистент А.К.Смагулова., PhD докторант О.М. Нуралинов онлайн режимінде өткен Еуропалық жүрек ырғағы қауымдастығы – EHRA-2021 (European Heart Rhythm Association) конгрессіне қатысты.


28.04.2021 Коронавирусқа қарсы вакцинация бойынша вебинар

Астана медицина университеті барлығын «Халықты COVID-19-ке қарсы вакцинациялау» вебинарына қатысуға шақырады. Дәріс беруші – Қазақстан Республикасының штаттан тыс бас инфекциялық маманы, м.ғ.д., профессор Динагүл Аяпбекқызы Баешева. Күні: 29.04.2021 ж., сағат 16.10-18.10; 30.04.2021 ж., сағат 16.10-18.10. Сертификат беру тек вебинарға қатысушыларға (тыңдаушыларға) тіркеу негізінде жүзеге асырылады.


27.04.2021 Түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша кездесу

2021 жылы 26 сәуірде сағат 15.00-де Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының өкілі Умралин Тимур Болатұлының, «Қаржы орталығы» АҚ Мониторинг департаментінің өкілі Қуаныш Мәулетұлының, университеттің клиникалық жұмыстар жөніндегі проректорының қатысуымен Enbek.kz электронды еңбек биржасы және түлектерді медициналық ұйымдарға жұмысқа орналастыру бойынша онлайн-кездесу өткізілді.


26.04.2021 Патофизиология бойынша тұңғыш оқулықтардың авторы Әділман Нұрмұхамбетұлының Нұрмұхамбетовтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтамыз
«AстМУ» КЕАҚ В.Г. Корпачев атындағы Патологиялық физиология кафедрасының қызметкерлері және Нұр-Сұлтанның патофизиологтары Әділман Нұрмұхамбетұлы Нұрмұхамбетовтің отбасына, туыстарына, достарына, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дан әріптестеріне профессордың қайтыс болуына байланысты қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

26.04.2021 Ағылшын тілінен Халықаралық Гумилев онлайн-олимпиадасында құрметті орындарға ие болған студенттерімізді құттықтаймыз

2021 жылғы 17 сәуірде Еуразия ұлттық университетінің филология факультетінде тілдік емес білім беру бағдарламаларының 1-2 курсының студенттеріне арналған ағылшын тілінен Халықаралық Гумилевтің онлайн олимпиадасы өтті. Олимпиадаға 147 оқушы қатысты, оның 29-ы Ресей, Венгрия, Франция, Қытай, Үндістан, Украина, Қырғызстан, Түрікменстан сияқты елдердің өкілдері. Қазақстанның атынан «Астана медицина университеті» КЕАҚ-ты қоса алғанда, еліміздің ең үздік университеттері қатысты.


23.04.2021 Enbek.kz электрондық еңбек биржасы бойынша түлектермен онлайн кездесу

2021 жылғы 26 сәуірде сағат 15.00-де Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы өкілінің және университеттің клиникалық жұмыстар жөніндегі проректорының, клиникалық қызмет департаментінің директоры қатысуымен Enbek.kz электронды еңбек биржасы бойынша түлектермен онлайн кездесу өтеді. Ұйымдастырушы: тәжірибе және жұмыспен қамту орталығы.


23.04.2021 Құрметті әріптестер!

Сіздерді 2021 жылдың 24-28 мамыр аралығында виртуалды кеңістікте өтетін VII Еуразиялық дерматология, косметология және эстетикалық медицина конгресіне қатысуға шақырамыз. Бұл медициналық іс-шара өзінің ауқымы мен мазмұны бойынша «Астана Медицина Университеті» ҚеАҚ-ы дерматовенерология және дерматокосметология кафедрасы ұжымының күшімен сегізінші рет өткізіліп, медициналық қоғамдастықтың ең белсенді бөлігі – дерматовенерология және дерматокосметология саласындағы мамандарды біріктіреді.


22.04.2021 IAAR сараптау комиссиясы жұмысының екінші кезеңі

2021 жылғы 21 сәуірде IAAR сараптама комиссиясының «АстМУ» КеАҚ резидентура білім беру бағдарламаларын бағалау жөніндегі жұмысының бірінші кезеңі аяқталды. Бүгін қалған 10 білім беру бағдарламаларын бастапқы аккредиттеу бойынша Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі комиссиясы онлайн-сапарының екінші кезеңі басталды.


21.04.2021 Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған республикалық онлайн фестиваль
2021 жылғы 9-25 ақпан аралығында Қазақстан-Ресей медициналық университеті «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында және қазақтың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындарының білім алушылары арасында «Жазылар естеліктер мен туралы...» атты республикалық онлайн фестиваль ұйымдастырды.

21.04.2021 Құрметті әріптестер!

Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасындағы өзгерістерге және олардың әлеуметтік маңызына байланысты «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ «Электрондық қызметтер» тақырыбында онлайн-презентацияның бастамашысы болып табылады. Барлық мүдделі тараптар шақыру электронды поштасын алу үшін келесі ақпаратты (толық аты-жөні, электрондық пошта мекен-жайы) l.egizbaeva@enpf.kz поштасына ұсынуы қажет. Хабарламаның тақырыптық жолында «Астана медицина университеті» жазбасы тұрған жөн.


21.04.2021 2021 жылғы 26 ​​сәуірден бастап біліктілікті арттыру циклдары
2021 жылғы 26 ​​сәуірден бастап Астана медицина университетінде өткізілетін біліктілікті арттыру курстарымен таныс болыңыздар. Сілтеме.

21.04.2021 Заманауи студенттік жатақхананың құрылысы аяқталды
Студент жастардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту тұрғысынан Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасының үшіншісін жүзеге асыру шеңберінде «Астана медицина университеті» КЕАҚ «DV PROJECT» ЖШС-мен заманауи студенттер жатақханасын салуға меморандум жасаған болатын.

20.04.2021 Мерейтой құтты болсын!

Университет басшылығы мен ұжымы Академиялық жұмыс жөніндегі департамент директоры Жанар Каналбайқызы Букееваны туған күнімен құттықтайды!


20.04.2021 IAAR сараптау комиссиясының жұмысы жалғасуда

«АстМУ» КЕАҚ резидентура білім беру бағдарламаларын бағалау бойынша IAAR Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігінің сараптау комиссиясының жұмысы жалғасуда.


19.04.2021 Университетте IAAR сараптау комиссиясының жұмысы басталды
Бүгін Астана медицина университетінде IAAR Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігінің сараптау комиссиясының жұмысы басталды. Үш күн ішінде комиссия «АстМУ» КЕАҚ резидентура бойынша білім беру бағдарламаларына баға береді.

19.04.2021 И.К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясына онлайн академиялық мобильділік
2021 жылдың 12–17 сәуірі аралығында академиялық мобильділік аясында әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының профессоры, тарих ғылымдыныңа докторы Ж.С. Мажитова және оқытушы А.Ж. Жалмурзина И.К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясы студенттеріне XX ғасырдың Отан тарихы бойынша онлайн-платформада сабақтар жүргізді. Сабақтарға медицина академиясының студенттері белсенді түрде қатысты.

13.04.2021 Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі сараптама комиссиясының жұмысы
Астана медицина университеті жүзеге асыратын резидентураның білім беру бағдарламаларын сырттай бағалау мақсатында Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің сараптама комиссиясының жұмысы 2021 жылғы 19-24 сәуір аралығында өткізіледі. Басшылықтың талаптарына сәйкес, COVID-19-ға байланысты шектеу шаралары кезеңінде сыртқы сараптама комиссиясының сапары (соның ішінде аккредиттеуден кейінгі мониторинг бойынша сарапшылар тобының сапары) on-line түрде жүргізіледі деп шешім қабылданды.

09.04.2021 Докторантураға қабылдау электрондық форматта, ал диссертацияларды қорғау онлайн-режимде жүргізіледі
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына түсу ережелері өзгертілді. Енді докторантураға қабылдау электрондық форматта жүзеге асырылады. Өткен жылы бұл тәсіл магистратураға қабылдау кезінде тиімділігін көрсетті.

Жаңалықтар 81 - 100 / 2058
Бірінші бет | Алдыңғы | 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 | Келесі | Соңғы бет Барлығы