Жаңалықтар


02.06.2021 «Пациенттер мен медициналық ұйымдар арасындағы дауларды шешу кезінде медиацияны қолдану практикасы: проблемалар мен перспективалар» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел
2021 жылғы 4 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында «Пациенттер мен медициналық ұйымдар арасындағы дауларды шешу кезінде медиацияны қолдану практикасы: проблемалар мен перспективалар» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел онлайн форматта өткізіледі. Бұл іс-шара денсаулық сақтау саласындағы дауларды шешу үшін медиацияны қолдану тәжірибесінің өзекті мәселелерін талқылау және пікір алмасу үшін диалог алаңы болады.

02.06.2021 ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР!
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында «Жалпы медицина» факультетінің 1, 2 курс студенттеріне Әбуали ибни Сино атындағы Тәжікстан мемлекеттік медицина университетінде (Тәжікстан Республикасы, Душанбе қаласы) өтетін Халықаралық жазғы мектепке ғылыми баяндамамен қатысу үшін (2021 жылы 5-15 шілде аралығында) конкурс жарияланады. Жазғы мектеп орыс тілінде жүргізіледі.

31.05.2021 Хабарландыру!
Құрметті білім алушылар, сіздердің назарларыңызға 2021 жылдың 1 маусымындағы «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бос білім беру гранттарының санын ұсынамыз

28.05.2021 ШЖҚ "№ 2 Көпбейінді қалалық аурухана " МКК мейірбикелеріне кездесу өткізілді"
2021 жылғы 28 мамырда мейіргер ісі факультеті оңалту және спорттық медицина кафедрасымен бірге Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №2 қалалық көпсалалы ауруханасының мейіргерлерімен кездесу өткізді. Іс-шара мейіргерлік іс факультетіндегі қысқартылған оқыту формаларына қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында өтті.

26.05.2021 Жеңіс күніне арналған онлайн-жарыстағы жеңіс

8 - 11 мамыр аралығында Жеңіс күніне арналған Нұр-Сұлтан қаласының орта мектептер оқушылары, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқушылары арасында онлайн-жүгіру өтті. Бұл турнир ережелермен бекітілген қалалық саябақтарда «Страва» қосымшасы арқылы өткізілді. Жарысқа шамамен 130 қатысушы қатысты.


25.05.2021 Сіздерді халықаралық сарапшылардың қатысуымен өтетін Қазақстанның клиникалық фармакологтарының І съезінің жұмысына қатысуға шақырамыз
Конференция «Астана медицина университеті» КЕАҚ клиникалық фармакология кафедрасының, «Қарағанды ​​медициналық университеті» КЕАҚ клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасының, «Семей медициналық университеті» КЕАҚ м.ғ.д. профессор М.Н. Мусин атындағы клиникалық фармакология кафедрасының, «С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КЕАҚ фармакология кафедрасының, «М.Оспанова атындағы БҚМУ» КЕАҚ, ҚазМНО жалпы және клиникалық фармакология кафедрасының бастауымен өткізіледі.

21.05.2021 Құрметті әріптестер!

Сіздерді 2021 жылы 4 маусымда онлайн режимінде өтетін халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз. Конференция белгілі ғалым-микробиолог, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылымдары академиясының мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, профессор САРБАСОВА ШАРБАТ ИГЛИКОВНАНЫҢ 80 жылдығын еске алуға арналған.


21.05.2021 Ақылы негізінде оқитын құрметті студенттер мен интерндер!
Оқу процесінде босатылған білім гранттарын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау 2021 жылғы 24 мамырдан бастап 2021 жылғы 25 маусымға дейін жүргізіледі. Құжаттарды Факультеттер/Интернатура және резидентура орталығы қабылдайды.

20.05.2021 Бос жұмыс орны туралы хабарландыру

«Астана медициналық университеті» КЕАҚ 19.05.2021 - 18.06.2021 аралығында бос лауазымға конкурс жариялайды: Стратегиялық даму орталығының бас маманы. Толық ақпаратты Университеттің веб-сайтынан Бос орындар бөлімінен таба аласыз.


19.05.2021 Челлендж «Өз ағашыңды отырғыз»
«Бірге – таза Қазақстан» экологиялық айлығы аясында Нұр-Сұлтан қаласында қала тұрғындарын қаланы жаппай көгалдандыруға қызықтыру, сол арқылы экологияны жақсарту және қаладағы климаттық жағдайларды жұмсарту мақсатында «Өз ағашыңды отырғыз» атты челлендж басталды.

18.05.2021 Ақ халатты гроссмейстер

«Астана медицина университеті» КЕАҚ Жастар және спорт орталығы алғаш рет Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Ақ халатты гроссмейстер» республикалық шахмат турнирін өткізді. Бұл турнирдің демеушісі CHESSSTAR шахмат мектебі болды.


18.05.2021 Студентіміз «ХХІ ғасыр көшбасшысы: Үздік студент» атты халықаралық байқауында 1 орынға ие болды
Ардаубай Гүлнара Қайратқызы 229 жалпы медицина факультетінің студенті 2021жылдың наурыз-сәуір айларында өткен «ХХІ ғасыр көшбасшысы: Үздік студент» атты халықаралық байқауына қатысты. «BILIM-ORKENIETI» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының нәтижесі бойынша Гүлнара арнайы төс белгі, куәлік, кітап және І дәрежелі дипломмен марапатталды. 

17.05.2021 «Педагогика саласында сана-сезім картасын қолдану» тақырыбында онлайн семинар өткізілді
2021 жылғы 12-14 мамыр аралығында Университеттің оқытушы-профессорлар құрамы үшін «Педагогика саласында сана-сезім картасын қолдану» тақырыбында онлайн семинар өткізілді. Семинарды тренер-психолог, «В.Г. Корпачев атындағы патологиялық физиология» кафедрасының профессоры Жайна Байдуллақызы Айтбаева жүргізді. Бұл семинарда бір эмоциядан екінші эмоцияға тиімді ауысу арқылы өзіңіздің эмоциялық күйіңізді басқару әдістемесі, Д. Хоукинс шкаласы бойынша сананың әртүрлі деңгейлерінің денсаулыққа тигізетін әсері, сондай-ақ сананың бір деңгейінен екінші деңгейіне ауыса білу және эмоцияларыңызды басқара білу қабілеті қарастырылды. Семинарды Инновациялық және симуляциялық білім беру технологияларын трансферттеу орталығы ұйымдастырды.

06.05.2021 Құрметті достар!

2021 жылғы 28 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында «Пациенттер мен медициналық ұйымдар арасындағы дауларды шешу кезінде медиацияны қолдану практикасы: проблемалар мен перспективалар» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізіледі. Дөңгелек үстелге қатысуға медицина қызметкерлерін, медиаторларды, медициналық жоғары оқу орындарының, заң университеттерінің студенттері мен оқытушыларын, судьяларды, кәсіптік медициналық ұйымдардың, денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподақтарының өкілдерін, тәуелсіз медициналық сарапшыларды және медициналық дауларды шешу кезінде медиацияны қолдану практикасын зерделеуге мүдделі барлық адамдарды шақырамыз.


04.05.2021 «Болашақ» бағдарламасына тіркелгісі келетіндерге арналған ақпарат!

2021 жылға арналған «Болашақ» бағдарламасы бойынша басым мамандықтар тізбесінде академиялық дайындық бойынша 80 мамандық және тағылымдамадан өту үшін 137 мамандық қарастырылған. Биылғы жылы «Инновация және жаңа технологиялар», «Өнеркәсіптік инженерия», «Жаратылыстану ғылымдары», «Қоғамдық ғылымдар», «Білім беру», «Медицина» және «Шығармашылық индустрия» сияқты басым мамандықтар бөлінуде.


04.05.2021 Бітіруші курстардың назарына!
Сіздерге Telegram FINCENTER ботына тікелей өткізетін QR-код туралы хабарлаймыз. Мұнда гранттарды игеру бойынша барлық қажетті ақпарат ұсынылады.

01.05.2021 «Тест сұрақтарын әзірлеу әдістемесі» тақырыбында онлайн семинар өткізілді
2021 жылғы 26-30 сәуір аралығында Университеттің оқытушы-профессорлар құрамы үшін «Тест сұрақтарын әзірлеу әдістемесі» тақырыбында онлайн семинар өткізілді. Семинарды «Дәлелдемелі медицина курсымен жалпы дәрігерлік практика» кафедрасының меңгерушісі Г.А. Дербисалина, сонымен қатар кафедра ассистенттері - А.Т.Умбетжанова мен Землянская Н.С. жүргізді Семинарды Білім беру және қашықтықтан оқыту технологияларын трансферттеу орталығы ұйымдастырды.

30.04.2021 Бос білім беру гранттарын беру
2020-2021 оқу жылының қысқы емтихан сессиясының қорытындылары бойынша жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру туралы қабылданған №172 бұйрыққа сәйкес, барлық грант иегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!

29.04.2021 Құрметті PhD докторантураға түсушілер!

«АстМУ» КЕАҚ-да 01.02.2021-15.05.2021 аралығында докторантура білім беру бағдарламалары бойынша оқуға бастапқы іріктеуге құжаттар қабылданады: 8D10101 Мейіргерлік ғылым; 8D10102 «Медицина»; 8D10103 «Қоғамдық денсаулық сақтау»; 8D10104 «Фармация»; 8D05101 «Биология». Докторантураға оқуға түсушілер құжаттарды келесі сілтеме арқылы жібереді: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScXZ5UcOu0A0e85jLFgycKrUlJmp1QYYeQi8YtoMfQlF1D4bA/viewform?usp=sf_link. Ақпаратпен толық таныс болыңыз.


29.04.2021 Университетіміздің білім алушылары мен қызметкерлері Медицина бойынша халықаралық ғылыми конференцияға қатысты

Біздің университетіміздің студенттері, интерндері, резиденттері мен қызметкерлері 2021 жылғы 23-24 сәуірде өткізілген Латвия Университетінің 79-шы ғылыми конференциясының бөлігі Медицина бойынша халықаралық ғылыми конференцияға қатысты.


Жаңалықтар 61 - 80 / 2058
Бірінші бет | Алдыңғы | 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 | Келесі | Соңғы бет Барлығы