Жаңалықтар


20.07.2021 Мерейтой құтты болсын!

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі, жоғары біліктілік санатындағы отыз жылдан астам еңбек өтілі бар акушер-гинеколог, №2 акушерия және гинекология кафедрасының меңгерушісі Серік Саятұлы Ысқақовты мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз.


19.07.2021 Құрметті достар!
Биылғы оқу жылынан бастап университетімізде «Педиатрия» факультетіне құжаттар қабылданып жатыр деп хабарлаймыз. 25 шілдеге дейін e-Gov порталында грант бойынша оқуға құжаттарды тапсыруға асығыңыз. Ақылы бөлімге құжаттарды қабылдау мерзімдері кейінірек жарияланады.

15.07.2021 Талапкерлердің назарына!
Білім беру грантын тағайындау конкурсына өтініштерді қабылдау электрондық үкімет порталы арқылы 2021 жылғы 16 шілдеден 25 шілдеге дейін жүзеге асырылады. Толығырақ...

14.07.2021 «Алғашқы медициналық көмекті көрсету» семинар-тренингі
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексіне сәйкес «Астана медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасының базасында 2021 жылдың 12-16 шілде аралығында Нұр-Сұлтан қаласы спорт мектептері жаттықтырушыларымен «Алғашқы медициналық көмекті көрсету» бойынша семинар-тренинг ұйымдастырылып, өткізіліп жатыр. Сіздер де осы курсты өтсеңіз болады.

13.07.2021 Назар аударыңыздар!
Баршаңыздың назарларыңызға 2020-2021 оқу жылындағы бос білім гранттарына үміткер студенттердің тізімін, сондай-ақ аталған студенттердің ұпай бойынша рейтингін ұсынамыз: Тізім.

13.07.2021 ҚАЗАҚСТАНДА БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ 16 ШІЛДЕ КҮНІ БАСТАЛАДЫ

Қазақстанда білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 16 шілде күні басталады. Қабылдау электрондық форматта жүзеге асырылатын болады. Талапкерлер мен олардың ата-аналарының денсаулығын қорғау мақсатында жоғары оқу орындарында виртуалдық қабылдау комиссиялары жұмыс істеп, талапкерлерге бейне байланыс арқылы кеңес береді.


12.07.2021 Құрметті докторантура мен магистратураға түсуге үміткерлер!
Сіздерге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 2 шілдедегі №316 Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған 2021-2022, 2022-2023, 2023-2024 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру гранттарын білім беру топтарына сәйкес бөлу туралы бұйрығының шыққанын хабарлаймыз. Бұйрықпен «Докторантқа» және «Магистрантқа» бөлімдерінде «Талапкерлер» қойындысында, «Нормативтік-құқықтық құжаттар» бөлімінде табуға болады.

09.07.2021 2021 жыл түлектерін құттықтаймыз!
Астана медицина университетінің ерекше мақтанышы – түлектері. Тарихы басталғалы бері елодралық медицина ЖОО 23 015 дарынды денсаулық сақтау қызметкерлерін дайындап, шығарды. Биылғы жылы «АстМУ» КЕАҚ-ты 1022 жас маман бітірді, оның ішінде 81 түлек үздік дипломға ие болды.

09.07.2021 Құрметті талапкерлер, ата-аналар, дәрігерлер, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына үміткерлер және басқа да мүдделі тұлғалар!
АстМУ-дің www.amu.kz сайтында «Қабылдау, аудару және қалпына келтіру» бөлімінде - «Бакалавриат» қойындысында университет туралы буклет орналасқан. Онда сіз ЖОО-ның қызметімен таныса аласыз ( білімнің барлық деңгейлеріндегі мамандықтар, ғылыми және клиникалық қызмет, студенттік өмір, біліктілікті арттыру циклдары және т.б.). Қажет болған жағдайда, буклетті басып шығара аласыз. Бұл ақпарат сізге пайдалы болады деп сенеміз! Сәттілік!

28.06.2021 Біздің мақтаныш!

2021 жылы «БҰҰ халықаралық араб жастарының моделі (AYIMUN)» бүкіләлемдік конференциясында Қазақстан атынан Мейіргер ісі факультеті деканатының маманы Мақпал Мамырбекова қатысатындығын қуана хабарлаймыз. М. Мамырбекова – полиглот, халықаралық жобалардың қатысушысы және қоғамдық белсенді. Біздің университетте осындай талантты және жан-жақты жастардың жұмыс істейтініне мақтанамыз! Мақпалға биік шыңдар, алға қойған мақсаттарының орындалуын және конференцияда сәттілік тілейміз.


28.06.2021 «Теориялық пәндер бойынша коммуникативтік дағдыларды дамыту» тақырыбында онлайн семинар
ЖАОК платформасында (жаппай ашық онлайн курстар) өткен «Теориялық пәндер бойынша коммуникативтік дағдыларды дамыту» тақырыбында онлайн семинар аяқталды. Семинарды Медицина негіздері кафедрасының аға оқытушысы Сатыбалдина Макпал Балтабаевна өткізді. Аталған семинарда оқытушылардың психологиялық-педагогикалық мәдениеттің деңгейін көтеру, «эмоционалды күйреу синдромының» алдын-алу және де оқу-тәрбие процесінің қатысушыларымен жеке тұлғаға бағытталған өзара әрекеттесу негіздерін қалыптастыру сынды мәселелер қарастырылды.

24.06.2021 Індетпен күреске үлесі үшін алғыс
Медицина қызметкерлері күні мерекесіне орай Маңғыстау облыстық ауруханасының басшылығы жаһандық індетпен күрес барысында «Астана медицина университеті» КеАҚ «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығында білім алушы 4-курстың студенті Қараманова Інжу Мұхамбеталиқызының кәсіби шеберлікпен қызмет атқарып, университет қабырғасында алған білімін жоғары деңгейде ұштастыра білген біліктілігі үшін Алғыс хатпен марапаттады. Үлгілі шәкірт тәрбиелеп отырғаны үшін қоғамдық денсаулық және менеджмент факультетінің деканы Е.Даленовтің атына Алғыс хат берілді.

23.06.2021 АҚЫЛМАНДАР КЕҢЕСІ
22 маусымда Астана медицина университетінің бас ғимаратында «Ақылмандар кеңесі» ақсақалдар кеңесі мәжіліс залының салтанатты ашылуы өткізілді. Іс-шараға құрметтң қонақтар ретінде ҚР ДСМ Қоғамдық кеңесінің төрағасы Н.М. Петухова, ҚР ДСМ Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры Г.Н. Таңатарова, «АстМУ» КЕАҚ ректорының м.а. М.А. Даулетьярова, қаржы-экономикалық және әкімшілік жұмыс жөніндегі проректор Қ.Б. Иманберді, және, әрине, біздің құрметті профессорларымыз Е.Д. Даленов, Р.Қ. Төлебаев, Р.И. Рахымжанова шақырылды.

19.06.2021 «Медициналық университеттің үздік оқытушысы» номинациясында жеңіс
Дәлелді медицина курсы бар жалпы дәрігерлік практика кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Әжмадинқызы Дербисалинаны «Алтын шипагер - 2021» республикалық байқауындағы «Медициналық университеттің үздік оқытушысы» номинациясындағы жеңісімен құттықтаймыз! Байқауға денсаулық сақтау және медициналық білім беру саласын дамытуға елеулі үлестерін қосып жатқан беделді дәрігерлер мен оқытушылар қатысты.

18.06.2021 Медицина қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздер ең жылы тілектер мен шынайы алғыс сөздеріне лайықсыздар. Әрбіріңізге алғысты емделушілер, қажырлы еңбектеріңізге сәттілік және ең бастысы мықты денсаулық тілейміз! Мейрам құтты болсын!

Сондай-ақ, әріптестерімізді университеттің мемлекеттік наградалары мен Құрмет грамоталарын алуларымен шын жүректен құттықтаймыз!

15.06.2021 Жаңабаев Дүйсебай Жаңабайұлын 75 жас мерейтойымен құттықтаймыз!
Радиобиология және радиациялық қорғау институты және Астана медицина университетінің ұжымы Институттың бас ғылыми қызметкері Жаңабаев Дүйсебай Жаңабайұлын 75 жылдығымен шын жүректен құттықтайды! Институт ұжымы Дүйсебай Жаңабайұлын 75 жылдық мерейжасымен құттықтай отырып, денсаулығының зор болуына, еліміздің денсаулық сақтау саласындағы ғылыми жұмыстарында әлі де үлкен жетістіктерге жете беруіне, немерелерінің қызығын көруіне, олардың да атасы сияқты абыройлы болуына шын жүректен тілектестігін білдіреді!

14.06.2021 Құрметті білім алушылар!
Құрметті білім алушылар, сіздердің назарларыңызға 2021 жылдың 1 маусымындағы «Жалпы медицина» мамандығы бойынша бос білім беру гранттарының санын ұсынамыз: 1 курс-1 грант; 2 курс-1 грант; 3 курс-1 грант; 4 курс-1 грант; 5 курс -1 грант. Құжаттарды қабылдау: 2021 ж. 15 маусымға дейін.

09.06.2021 «Астана медицина университеті» КеАҚ-та «Ashyq» мобильдік қосымшасы енгізіледі

Университет қызметкерлері, білім алушылар және Университетке келушілер арасында COVID –19 коронавирустық инфекциясының таралу қаупін азайту және үздіксіз білім беру процесін қамтамасыз ету мақсатында «Астана медицина университеті» КеАҚ-та «Ashyq» мобильдік қосымшасы енгізіледі.


05.06.2021 «Пациенттер мен медицина ұйымдары арасындағы дауларды шешу кезінде медиацияны қолдану тәжірибесі: проблемалар мен перспективалар» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті

2021 жылғы 4 маусымда Нұр-Cұлтан қаласында «Астана медицина университеті» КеАҚ және халықаралық медиация институтының ұйымдастыруымен онлайн форматта «Пациенттер мен медицина ұйымдары арасындағы дауларды шешу кезінде медиацияны қолдану тәжірибесі: проблемалар мен перспективалар» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.


04.06.2021 Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері күні құтты болсын!
1992 жылғы 4 маусымда Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері бекітілді. Сондықтан бұл күн ел тарихында жаңа Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес, жыл сайын 4 маусым Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздіктің нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік құрмет көрсетіледі.

Жаңалықтар 41 - 60 / 2058
Бірінші бет | Алдыңғы | 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 | Келесі | Соңғы бет Барлығы