Жаңалықтар


26.08.2021 «Мектепке жол» акциясы
Нұр-Сұлтан қаласындағы «NUR OTAN» партиясы филиалы атынан «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру мен өткізу аясында оқушыларды мектеп рюкзактарымен және кеңсе тауарларымен қамтамасыз етіп, қолдау көрсетті. Барлығы 19 оқушыға кеңсе тауарлары мен мектеп рюкзактары берілді.

26.08.2021 Құрметті бірінші курс студенттері!
1 қыркүйекте, сағат 10:00-де және 12:00 -де, Webex платформасында “Жалпы медицина” факультетінің бірінші курс студенттерімен оқу процесін ұйымдастыру бойынша онлайн конференциясы өткізіледі. Кездесуге факультет деканы Қайыргелді Омбайұлы Махамбетов, декан орынбасары Бақшагүл Кәрібайқызы Нұрхан және деканаттың аға әдіскері Гүлзат Тұрарқызы Бейсенова қатысады.

25.08.2021 Астана медицина университеті еліміздің үздік университеттерінің ондығына кірді
Қазақстан студенттер Альянсы жүргізген сауалнама нәтижелеріне сәйкес Астана медицина университеті алтыншы орынға ие болып, еліміздің үздік университеттерінің ондығына кіргенін қуана хабарлаймыз. Бұл көрсеткіш сапалы білім мен мықты кәсіби ұжымның, сондай-ақ студенттер тарапынан университетке деген құрметтің айғағы болып табылады.

19.08.2021 2021 жылғы 23 тамыздан бастап біліктілікті арттыру циклдары
2021 жылғы 23 тамыздан бастап Астана медицина университетінде біліктілікті арттыру курстарымен таныс болыңыздар. Сілтеме.

17.08.2021 Құрметті достар!
Ақылы бөлімге құжаттарды қабылдау 2021 жылғы 19 тамыз сағат 18.00-де аяқталады. Құжаттарды университетке келіп тапсырады.

12.08.2021 Вакансиялар

«Астана медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Университет), 010008, Нұр-Сұлтан қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Бейбітшілік көшесі, 49а, университеттің Басқарма мүшелерінің: клиникалық жұмыс жөніндегі проректоры,  ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, қаржылық-экономикалық және әкімшілік жұмыс жөніндегі проректорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.


12.08.2021 Вакансиялар

«Астана медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Университет), 010008, Нұр-Сұлтан қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Бейбітшілік көшесі, 49а, университеттің Басқарма мүшелерінің: клиникалық жұмыс жөніндегі проректоры,  ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, қаржылық-экономикалық және әкімшілік жұмыс жөніндегі проректорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.


12.08.2021 Университетке Сыртқы сараптама комиссиясының келуі жоспарда
Бастапқы аккредиттеу рәсімі шеңберінде, 17 тамыздан 18 тамызға дейін онлайн режимінде, ал 2021 жылдың 20 тамызында «Еуразиялық білім берудегі аккредиттеу мен сапаны қамтамасыз ету орталығы» коммерциялық емес мекемесі Сыртқы сараптама комиссиясының білім беру бағдарламаларын бағалау үшін университетке келуі жоспарланды.

09.08.2021 Резидентура білім беру бағдарламалары бойынша емтихандар басталды

Резидентура білім беру бағдарламалары бойынша емтихандар ағымдағы жылдың 8 тамызында басталды және 16 тамызға дейін офлайн режимде өткізіледі. Бүгінде резидентураға түсу үшін 95 адамнан сұхбат алынуда. Университеттің сайтында талапкерлерге ережелер, емтихан тапсыру кестесі және эпидемиологиялық стандарттарды сақтау бойынша ұсыныстар берілді.


04.08.2021 Судьялар мен медиаторлардың қатысуымен «Ашық есік күні»
Бүгін 2021 жылы 5 тамызда Астана медицина университетінің Татуласу орталығы Нұр-Сұлтан қаласының сотымен бірлесіп Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Заңының 10 жылдығына орай медиация туралы Ашық есік күнін өткізуде. Орталық медиаторлары медициналық дауларды шешу үшін консультациялар, медиация рәсімдерін сотта және сотқа дейін өткізеді.

30.07.2021 «Ынтымақ-достық кепілі» этнос өкілдері арасындағы онлайн зияткерлік сайыста 1 орын
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы және Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жыл сайын Нұр-Сұлтан қаласында қазақ тілі курстары өткізіліп келеді. Аталған курсқа Университеттің 56 оқытушы-профессорлар құрамы қатысты. Әрбір тыңдаушыға 100 сағат бөлінген, курс аптасына үш рет өткізілді. Курс аяқталғаннан кейін қорытынды тестілеу нәтижесінде әрбір тыңдаушыға сертификат берілді.

29.07.2021 «Халықты COVID-19-қа қарсы вакцинациялау» тақырыбындағы онлайн-семинар
2021 жылғы 30 шілдеде коронавирустық инфекция бойынша вебинарлар циклын «Халықты COVID-19-қа қарсы вакцинациялау» тақырыбындағы онлайн-семинар аяқтайды. Спикер – Дәулет Мұхаметжанұлы Байбосынов, эпидемиолог, Астана медицина университетінің инфекциялық аурулар және клиникалық эпидемиология кафедрасының аға оқытушысы.

28.07.2021 Құрметті әріптестер, медициналық қауымдастық!
Ертең, 2021 жылғы 29 шілдеде, медициналық қызметкерлер үшін «Коронавирустық инфекция COVID-19: ересек пациенттерді бақылау (жүкті әйелдерді қоса)» тақырыбында онлайн-семинар өткізіледі. Коронавирустық инфекцияның дельта штамы ағымының ерекшеліктері. Спикер – Гүлсара Ғазизқызы Имамбаева, инфекционист, медицина ғылымдарының кандидаты, Астана медицина университеті инфекциялық аурулар кафедрасының доценті. Көлемі – 3 сағат (15:00-18:00).

28.07.2021 «Коронавирустық инфекция кезіндегі өкпенің зақымдану ерекшеліктері. Емдеудің ерекшеліктері. Антибиотикалық терапияның орны. Постковидты оңалту» тақырыбында семинар
Коронавирустық инфекция бойынша вебинарлар бағдарламасына сәйкес 2021 жылғы 28 шілдеде Ирина Юрьевна Мукатова – пульмонолог, медицина ғылымдарының докторы, Астана медицина университетінің №3 ішкі аурулар кафедрасының профессоры – «Коронавирустық инфекция кезіндегі өкпенің зақымдану ерекшеліктері. Емдеудің ерекшеліктері. Антибиотикалық терапияның орны. Постковидты оңалту» тақырыбында семинар өткізеді. Онлайн-семинардың көлемі – 3 сағат (15:00-18:00).

27.07.2021 Құрметті талапкерлер!
«Фармация», «Мейіргер ісі», «Кинезитерапия» және «Эрготерапия» білім беру бағдарламалары бойынша қысқартылған оқыту түріне құжаттарды қабылдау 2021 жылдың 1 тамызынан 9 тамызына дейін жүзеге асырылады.

27.07.2021 COVID-19 бойынша вебинарлар жалғасып жатыр

Бүгін, 27 шілдеде, жоспарланған COVID-19 вебинарлары аясында келесі тақырыптар бойынша семинарлар өткізіледі:

«COVID-19 тыныс алу терапиясы» – спикер Меренков Евгений Анатольевич, анестезиолог, реаниматолог, жоғары біліктілік санаты, Ұлттық ғылыми онкология және трансплантология орталығы онкогематологиялық реанимация бөлімінің меңгерушісі. Көлемі: 3 сағат (15:00-18:00).

Жалғасы: «Балалардағы коронавирустық инфекция: диагностикасы, клиникалық көрінісі, дифференциалды диагностикасы, асқынуы және емі» – спикер Динагүл Аяпбекқызы Баешева, балалар инфекционисті, м.ғ.д., профессор, Астана медицина университетінің балалар медициналық жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі. Көлемі: 6 сағат / 2 күн (15:00-18:00).


26.07.2021 Коронавирустық инфекция бойынша вебинарлар сериясы басталды

Бүгін университеттің Біліктілікті арттыру орталығының ұйымдастыруымен коронавирустық инфекция бойынша вебинарлар сериясы басталды. Дәріс берушілер:

Нұржамал Садыровқызы Ахмадьяр, м.ғ.д., клиникалық фармакология кафедрасының меңгерушісі. «COVID-19 ұтымды фармакотерапиясы» тақырыбында.

Динагүл Аяпбекқызы Баешева, м.ғ.д., профессор, балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі. «Балалардағы коронавирустық инфекция: диагностикасы, клиникалық көрінісі, дифференциалды диагностикасы, асқынуы және емі».


23.07.2021 2021 жылдың ең үздік студенті
«Астана медицина университеті» КеАҚ қоғамдық денсаулық және менеджмент факультетінің «Қоғамдық денсаулық» мамандығы бойынша білім алушысы Нұрғалиева Әлия Нұрисламқызы Жас ғалымдардың халықаралық ассосациясының ұйымдастыруымен өткен «ІІІ Халықаралық кітаптар баспасы» атты жобаға қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды және «2021жылдың ең үздік студенті» номинациясын, сонымен қатар білім, ғылым, спорт және мәдениет салаларына қосқан үлесі үшін «2021 жылдың – Тәуелсіз мемлекеттер қауымдастығының ЕҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» медалін иеленді.

22.07.2021 Бос білім гранттарын алуға үміткерлердің тізімі
2020-2021 оқу жылындағы мамандықтар мен оқу курстары аясындағы көктемгі-жазғы емтихан сессиясының нәтижелері бойынша бос білім гранттарын алуға үміткерлердің тізімімен (АстМУ КеАҚ Сенатының 2021 жылғы 16 шілдедегі №16 хаттамасы) таныс болыңыздар!

22.07.2021 AccelEd жобасының бірінші жартыжылдығы

2020-2021 оқу жылы Астана медицина университеті үшін түрлі оқиғаларға толы болды, соның ішінде AccelEd жобасын іске қосу. Оның мақсаты - мейіргерлерді даярлау сапасын арттыру және Қазақстанда мейіргерлік ғылымды дамыту. Жобаның басы екі сессиялық іске қосу кездесуі болды, оны ұйымдастыруға университетіміз белсенді атсалысты. Бірінші жартыжылдықта жоба серіктестері магистранттар мен докторанттардың зерттеу әлеуетін дамытуға, сондай-ақ мейіргер ісі оқытушыларының біліктілігін арттыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырып, өткізді.


Жаңалықтар 21 - 40 / 2058
Бірінші бет | Алдыңғы | 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 | Келесі | Соңғы бет Барлығы