Жаңалықтар


15.07.2020 Көңіл айтамыз...

М.ғ.д., Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының директоры, универсмитетіміздің түлегі және бұрынғы оқытушы-профессоры, проректоры Нұрлан Жұмағұлұлы Баптеновтың кенеттен қайтыс болуына байланысты жұбайы Дерматовенерология және дерматокосметология кафедрасының меңгерушісі Гүлнар Рыскелдіқызы Батпеноваға көңіл айтамыз. Рухы иманды болсын!


15.07.2020 Маңызды ақпарат талапкерлерге!

Құрметті талапкерлер, білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі 2020 жылдың 25 шілдесіне дейін ұзартылғанын хабарлаймыз. Біз сонымен қатар келесі қызметке өтінім беру жөніндегі нұсқаулықты назарға ұсынамыз: білім беру грантын беру, сонымен қатар жоғары оқу орындарындағы студенттерге әлеуметтік қолдау көрсету.


14.07.2020 Құрметті профессор Әшім Болатұлы Әубәкіров өмірден өтті

Терең өкінішпен, 2020 жылдың 14 шілдесінде, 68 жасында, құрметті профессор Әшім Болатұлы Әубәкіров қайтыс болғандығын хабарлаймыз. Профессордың отбасы мен туыстарына көңіл айтамыз.


14.07.2020 Магистратура білім беру бағдарламаларын меңгергісі келетін құрметті талапкерлер!
Қазақстан Республикасындағы қалыптасқан COVID-19 пандемиясы жағдайына байланысты магистратураға өтініш қабылдау ағымдағы жылдың 18 шілдесіне дейін ұзартылды. Қабылдау туралы толық ақпаратты «Докторантқа, магистрантқа, резидентке» бөлімінде талапкерлерге арналған бетте таба аласыз.

13.07.2020 Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні. Бүкіл ел коронавирустан қаза тапқандарды еске алуда.

Коронавирустың бүкіл елге таралып бастаған күннен бері елу мыңнан аса тұрғынымыз вирус жұқтырылып, 375 адам қайтыс болды, олардың 28-і – дәрігерлер. Бүгін бүкіл Қазақстан бойынша коронавирус пандемиясының құрбаны болған азаматтарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланды. 


13.07.2020 Коронавирустан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтамыз
Коронавирустан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтамыз және науқастарға тез сауығуларын тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

08.07.2020 АстМУ студенті Бахтияр Ажкен КВИ анықтаудың жаңа құрылғысын жасауға қатысты
Коронавирусты диагностикалау үшін анағұрлым тиімді құрылғыны сынақтан өткізу туралы жаңалықтар Қазақстанның көптеген ақпараттық ресурстарында пайда болды. Онда адамның тыныс алу жолымен коронавирусты анықтайтын тест жүйесін Қазақстанға жеткізу туралы айтылған болатын. Әзірлеушілер бұл диагностиканың ең жылдам және арзан әдісі болуы мүмкін деп мәлімдеді, өйткені құрылғы вирусты адамның төрт дем алуында анықтайды және ол 5-6 еуроға бағаланады.

08.07.2020 Құрметті талапкерлер!

Психометриялық тестті тапсырушылардың көптігіне байланысты өтінімдерді толықтай өңдеу мақсатында 8 шілдеден сағат 14.30-дан бастап Астана медицина университетінің порталы уақытша тоқтатылады. Осыған орай басқа медициналық университеттердің порталдарында психометриялық тестті тапсыруларыңызды өтінеміз! 


08.07.2020 Қымбатты әріптестер!

Ертең, 9 шілдеде, Нұр-Сұлтанда уақытs бойынша сағат 17.00-де, «Хартманның операциясы. Әлі де қажет пе?» тақырыбында вебинар өтеді. Лектор – проф. Дайнюс Павалькис. Вебинарға қосылу үшін сілтемені басыңыз: https://kaznmu.webex.com/kaznmu-ru/j.php… Вебинар нөмірі: 166 120 7572. Пароль: 1157.


05.07.2020 Аса құрметті Қайыртай Хамитұлы!

Сізді 70 жылдық мерейтойыңызбенен құттықтауға рұқсат етіңіз! Сіз көптеген жылдар бойы жас мамандарды тәрбиелеуге арнадыңыз, керемет ғалымдарды өсірдіңіз, оларға жомарттық беріп, өз біліміңізді, ғалым ретіндегі бай тәжірибеңізді, талантыңызды, ұстаздың терең білімі мен шеберлігін жеткіздіңіз. Сол үшін Сізге деген алғысымыз шексіз!


02.07.2020 Студенттердің басқа ЖОО-дан ауысуы және «АстМУ» КеАҚ-та оқу үшін қайта қабылдануы

«Астана медицина университеті» КеАҚ-та (бұдан әрі – «АстМУ» КеАҚ) жазғы демалыс кезінде басқа университеттерден студенттерді ауыстыру және оқуға қайта қабылдау жүргізіледі: бакалавриат 2020 жылдың 1 шілдесі мен 25 шілдесі аралығында (2-5 курс, барлық факультеттер); интернатура 2020 жылдың 1 шілдесі мен 25 шілдесі аралығында (6-7 курс, «Жалпы медицина» және «Стоматология»);резидентура 2020 жылдың 1 тамызынан 10 тамызына дейін.


01.07.2020 Сенаттың кезекті отырысы өтті

Сенаттың 2020 жылғы 25 маусымдағы кезекті отырысының шешімі, № 12 хаттамамен таныс боыңыздар.


30.06.2020 Босатылған гранттар саны

2020 жылғы 1 шілдеде 2019-2020 оқу жылының көктемгі семестріне мамандықтар мен оқу курстары аясында босатылған бос мемлекеттік білім гранттарының саны туралы ақпарат.


26.06.2020 Қоғамдық денсаулық сақтау бойынша онлайн-семинарлар
Біздің стратегиялық серіктесіміз Вильнюс университетінің (Литва, Қоғамдық денсаулық сақтау институты) қатысуымен 2020 жылдың 25-26 маусымы аралығында Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының ұйымдастыруымен (кафедра меңгерушісі Әсия Қайырбайқызының жетекшілігімен) студенттерге арналған онлайн семинарлар өткізілді. 

22.06.2020 Талапкерлерге арналған ақпарат

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары» негізінде  жоғары білім берудің «Жалпы медицина», «Педиатрия», «Стоматология», «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламаларының топтары бойынша оқуға түсуге ниет білдірген тұлғалар психометриялық тестілеу формасында арнайы бір емтихан тапсыруы қажет.


22.06.2020 Сенаттың 2020 жылғы 9 маусымдағы кезекті отырысының шешімі

2020 жылғы 9 маусымда Сенаттың кезекті №11 отырысы өткізілді. Шешімдерімен таныс болыңыздар...


17.06.2020 Білім беру бағдарламаларымыз аккредиттеуден сәтті өтті!

Астана медицина университетінің ұжымын халықаралық мамандандырылған білім беру бағдарламаларын аккредиттеуден сәтті өтуімен құттықтаймыз! Медициналық университеттің сәтті аккредиттелінуі медициналық кадрларды даярлау сапасын арттыруға негіз болып табылады.


17.06.2020 «АстМУ» КеАҚ оқытушылары біліктіліктерін арттыруда
«АстМУ» КеАҚ оқытушы-профессорлық құрамының біліктілігін арттыру бойынша 2020-2021 жылдарға арналған жоспарға сәйкес оқытушылардың цифрлық дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру мақсатында университеттің оқытушылары үшін білім беру технологияларын тарату орталығы қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, оқу іс-шараларын ұйымдастырды.

10.06.2020 Профилактикалық медицина және нутрициология кафедрасында «Гигиенист» ғылыми үйірмесінің жұмысымен танысу
Сонымен, оқу жылы аяқталды және профилактикалық медицина және нутрициология кафедрасында «Гигиенист» ғылыми үйірмесінің жұмысымен танысуға уақыт келді. Үйірме құрамында студенттер, мектеп оқушылары және жас ғалымдар бар. Оқу жылы дипломдар мен жас ғалымдардың жарияланымдары үшін жемісті болды. Пандемияға қарамастан үйірменің көптеген мүшелері ғылыми шараларға белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

03.06.2020 Құрметті Сенат мүшелері!

Сенаттың келесі отырысы 2020 жылдың 9 маусымында өтеді. Өтетін орны – бас ғимараттың мәжіліс залы, уақыты – сағат 15.00-де.


Жаңалықтар 321 - 340 / 2058
Бірінші бет | Алдыңғы | 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 | Келесі | Соңғы бет Барлығы