Жаңалықтар


10.08.2020 Докторантураға түсушілер үшін ақпарат

Астана медицина университетінде докторантураға құжаттарды қабылдау аяқталуға жақын. 2020 жылы PhD докторантурасына түсу емтихандары Астана медицина университетінде 17-20 тамыз аралығында өтеді.


10.08.2020 «Астана медицина университеті» КеАҚ симуляциялық орталығы аттестаттаудың II деңгейіне ие болды

«Астана медицина университеті» КеАҚ симуляциялық орталығы РОСОМЕД Бүкілресейлік Қоғамдық Ұйымының аккредитациясынан өтіп, аттестаттау деңгейіне ие болды: АТТЕСТАТТАУ-СИММУЛЯЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ, II ДӘРЕЖЕ. Бұл куәлік орталықтың оқу, әдістемелік және ғылыми қызметі РОСОМЕД стандарттарына сәйкес келетіндігін растайды.


10.08.2020 Биыл Абай Құнанбаевтың (1845-1904) 175 жылдығы
Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны, философ-гуманисті, композиторы, көркем сөз шебері. Абай шығармаларында тарих, педагогика, мораль және қазақ халқының құқығы мәселелерін көтерген. Ол 170-ке жуық өлең, 56 аударма және 20-ға жуық әуен, поэмалар және әрдайым өзекті болып келе жатқан қара сөздерді жазып шығарды.

08.08.2020 Резидентураға қабылдаудың екінші кезеңі – сұхбаттасу – басталды

Бүгін резидентураға қабылдау үшін 120 үміткермен сұхбаттасу жүргізілуде. Университет сайтында үміткерлерге сайтта үш сілтеме ұсынылған болатын, олардың біреуін үміткер таңдап, кестеге сәйкес WebEx платформасында сұхбаттасудан өтеді.


07.08.2020 Оқытушылардың жұмыс орнына үміткерлердің назарына!
Сіздерге 2020 жылдың 23 шілдесінде профессорлық-оқытушылық құрамның бос лауазымдарына құжаттар қабылдау аяқталғанын хабарлаймыз.

06.08.2020 АстМУ қазақстандық университеттер рейтингісінде өз орнын жақсартты

Қазақстандық студенттер альянсы қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткізген рейтинг нәтижелері бойынша Астана медицина университеті қатысқан 110 жоғары оқу орны арасында 21 орынды және медициналық жоғары оқу орындары арасында 3 орынды иеленді.


06.08.2020 «ISO 9001: 2015 халықаралық стандарты негізінде университетте сапаны арттыру» тақырыбында вебинар болады

«Қазақстандық медициналық кеңес» медициналық білім және ғылым ұйымдарының қауымдастығы «ISO 9001: 2015 халықаралық стандарты негізінде университеттегі сапаны жақсарту» тақырыбында вебинар ұсынады.


05.08.2020 Құрметті оқытушылар!

Біздің университетте жақында ашылған медиа студияда жазылатын мультимедиялық электрондық әзірлемелерді безендіруге қойылатын талаптарды жібереміз. Сізде әртүрлі мазмұнды жазуға мүмкіндігіңіз бар: тақырыптық бейне дәрістер (10-15 минут), практикалық дағдыларды үйрететін бейнелер (5-15 минут), электронды оқулықтар, виртуалды зертханалар, 3D анимациялар, жағдайлық есептер мен тесттер.


31.07.2020 Құрбан Айт құтты болсын!
Баршаңызды киелі Құрбан Айт мерекесімен құттықтаймыз!

30.07.2020 Назар аударыңыздар!
Сіздердің назарларыңызға 2020 жылғы 3 тамыздан бастап бюджеттік және келісім-шарттық негізде қайта даярлау және біліктілікті арттыру циклдерін ұсынамыз.

29.07.2020 Талапкерге!
Грант конкурсына берілген өтініштің статусын қалай тексеруге болады? – joo.kz сайтына өтіп, ЖСН мен ТЖК енгізіңіз! Егер Сіздің өтінішіңіз қабылданбаса, ЖОО-ның виртуалды қабылдау комиссиясына хабарласып, 30 шілдеге (қоса алғанда) дейін өтініш беріп үлгеріңіз!


26.07.2020 «Астана медицина университеті» КеАҚ резидентурасына қабылдау үшін құжаттарды қабылдау
Резидентураға қабылдау үшін 2020-2021 оқу жылына 34 мамандық бойынша 800-ге жуық өтініш түсті. Мемлекеттік тапсырыс аясында ағымдағы жылы «АстМУ» КеАҚ үшін 206 орын, ақылы негізде – 136, мақсатты оқыту үшін Нұр-Сұлтан әкімдігінен – ​​293, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінен – ​​18 орын бөлінді.

25.07.2020 Аса құрметті ұстазымыз дүниеден өтті

Аса құрметті ұстазымыз, үлгі тұтар педагог Пилипенко Виктор Захарович дүниеден өтті. Астана медицина университетінде ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы, доценті, профессоры болды.


25.07.2020 Көңіл айтамыз
2020 жылдың 25 шілдесінде Нұр-Сұлтан әкімдігінің «№2 қалалық көпсалалы ауруханасы» ШЖҚ МКК директоры Ли Иван Иванович қайтыс болды. Оның әйелі Ли Марина Вячеславовнаға, «Профилактикалық медицина және тамақтану» кафедрасының аға оқытушысы, оның балаларына, достары мен әріптестеріне көңіл айтамыз

24.07.2020 Құрметті дәрігерлер!
Сіздердің назарларыңызға БЮДЖЕТ ЖӘНЕ ШАРТТЫ НЕГІЗДЕ 2020 ЖЫЛҒЫ 27 ШІЛДЕДЕН БАСТАЛАТЫН ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ЦИКЛДЕРІН ұсынамыз.

22.07.2020 Назар аударыңыздар!

20-30 шілде аралығында « Covid-19: барлық кезеңдерде медициналық көмек көрсету» шеберлік сабағы өтеді. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бағдарлама.


22.07.2020 Талапкерлерге!
Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштерді тапсыру мерзімі 30 шілдеге (қоса есептегенде) дейін ұзартылды.

21.07.2020 Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі резидентурада мақсатты оқытуға 293 грант бөлді

Резидентура бағдарламалары бойынша мақсатты оқыту үшін Нұр-Сұлтан медициналық ұйымдарын кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету үшін әкімдік 2 жылдан 3 жылға дейінгі 14 мамандық бойынша 293 грант бөлу туралы шешім қабылдады.


16.07.2020 Рухы иманды болсын!

Астана медицина университеті» КеАҚ Травматология және ортопедия кафедрасының профессоры Рахимов Серік Құлжанұлы үшін қайғырып, оның отбасына, достары мен әріптестеріне көңіл айтамыз.


16.07.2020 Хабарландыру!
2020 ж. шілдеде «Астана медицина университеті» КеАҚ Сенаты ұсынған бос білім гранттарына ауысуға ұсынған студенттері мен интерндерінің тізімімен таныс болыңыздар.

Жаңалықтар 301 - 320 / 2058
Бірінші бет | Алдыңғы | 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 | Келесі | Соңғы бет Барлығы