Жаңалықтар


04.09.2020 «Moodle жүйесінде студенттердің жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында вебинар өткізілді

2020 жылғы 3 қыркүйекте қашықтықтан білім беру бойынша мамандар Өмірбек Жандос Өмірбекұлы, Адайхан Сәуле Адайханқызы және Рахманбердиева Марал Рахатқызы «Moodle жүйесінде студенттердің жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында студенттермен вебинар өткізді.


03.09.2020 Қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент факультеті қызметкерлерінің бірінші курс студенттерімен онлайн-кездесуі
2020 жылдың 1 қыркүйегінде Қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент факультетінің қызметкерлері «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 1-курс студенттерімен кіріспе онлайн кездесу өткізді. Кездесуде студенттер қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, оқу процесін ұйымдастыруға қатысты ақпараттармен танысты.

02.09.2020 Мейіргер ісі факультеті өкілдерінің және факультеттің белсенді студенттерінің бірінші курс студенттерімен кездесуі

Білім күнін мерекелеу құрметіне мейіргер ісі факультеті өкілдері мен факультеттің студенттік белсенділері бірінші курс студенттерімен кездесті. Биылғы жылы «Кинезитерапия» жаңа мамандығының студенттері факультеттің тату отбасына қосылды.


02.09.2020 «Стоматология» факультетіне оқуға түскен 1-курс студенттерімен онлайн-кездесу
2020 жылғы 1 қыркүйек 14.00-15.00 және 15.00-16.00 сағат аралығында университет тарапынан ұйымдастырылған Webex платформасында «Стоматология» факультетіне оқуға түскен 1-курс студенттерімен мемлекеттік және орыс тілінде Білім күніне арналған онлайн кездесу өткізілді.

02.09.2020 ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан. 2020 жылғы 1 қыркүйек.
ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан. 2020 жылғы 1 қыркүйек. Денсаулық сақтау саласының дамуы туралы.

01.09.2020 «Фармация» факультеті деканатының бірінші курс студенттерімен кездесуі

2020 жылдың 1 қыркүйегінде факультет декандары 1-курс студенттерімен кіріспе онлайн кездесу өткізді. Кездесуде студенттерге қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, оқу процесін ұйымдастыру туралы ақпарат берілді. Кездесуге деканаттардың қызметкерлері, сонымен қатар кітапхана мен офис-регистратор қызметкерлері қатысты.


01.09.2020 Қымбатты әріптестер, білім алушылар!
Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз! Ал бірінші курс студенттеріне университетке қош келдіңіздер дейміз. Алдағы жаңа оқу жылында сіздерге сәттілік, табыс тілейміз. Жоғары бағаларға ие болып, жаңа оқу жылын мағыналы да, қызықты өткізесіздер деп сенеміз.

30.08.2020 Құрметті әріптестер, білім алушылар, барша қазақстандықтар!
30 тамыз – Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Конституция – келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының, әр азаматтың, әр отбасының амандығының, бақ-берекесінің кепілі! Барлықтарыңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға ырыс пен ынтымақ тілейміз! Тәуелсіздігіміз, келісім мен бірлігіміз нығая берсін.

28.08.2020 КВИ-ге қарсы күресте өлшеусіз үлес қосқаны үшін алғыс хат
26 тамызда Орталық саябақта елорда әкімі Алтай Көлгіновтің белсенді жастармен кездесуінде интернатура түлегі Нуриддин Зухриддинұлы Розмат белсенді азаматтық ұстанымы және КВИ-ге қарсы күресте өлшеусіз үлес қосқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Нуриддин 22 наурыздан 10 сәуірге дейін Ramada Plaza Astana Hotel қонақ үйіндегі провизорлық орталықта ерікті болып жұмыс істеді. Қазіргі уақытта ол Нұр-Сұлтандағы инфекциялық орталықта дәрігердің көмекшісі болып жұмыс істейді.

25.08.2020 Құрметті резиденттер мен студенттер!

Нұр-Сұлтан әкімдігінің №3 қалалық көпбейінді балалар ауруханасы Астана медицина университетінің резиденттері мен студенттеріне 2020 жылдың наурыз-тамыз айлары аралығында COVID-19 пандемиясында дәрігерлер, орта және кіші персонал ретінде атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіреді!

test


25.08.2020 Құрметті 1-курс студенттері!
Назарларыңызға Университет әкімшілігінің барлық мамандықтар бойынша 1-курс студенттерімен 2020 жылғы 1 қыркүйекте кездесуінің БАҒДАРЛАМАСЫН ұсынамыз:

24.08.2020 Құрметті талапкерлер!

Ақылы бөлімге түскендердің тізімімен таныс болыңыздар (соның ішінде, Нұр-Сұлтан қаласының жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеуге азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша ақылы бөлім)!


21.08.2020 Құрметті 2020 мектеп түлектері!
ЖОО-ға грантқа түсу үшін құжаттарды қабылдау жалғасуда. Құжаттардың ТҮПНҰСҚАСЫН қабылдау мерзімі 30 қыркүйекке дейін ұзартылды. Оларды курьерлік қызметтердің көмегімен немесе өзіңіз жеткізе аласыз! Бірақ бұл үшін Сізге құжаттардың электронды көшірмелерін 25 тамызға дейін ЖОО-ға жіберу керек (виртуалды қабылдау комиссиялары немесе egov арқылы)! Сонымен қатар, 25 тамызға дейін университетке тікелей барып өтініш білдіруге болады! Грант тағайындау туралы сертификаттар grant.testcenter.kz сайтында қол жетімді!

21.08.2020 Құрметті бірінші курс студенттері мен ата-аналары!

(http://pl.amu.kz/registration.html) сілтемесі арқылы бірінші курсқа қабылдану үшін онлайн режімде құжаттарыңызды тіркеуіңізге болады. Бұл жағдайда құжаттардың түпнұсқаларын пошта арқылы немесе қолма-қол, сенімді тұлға арқылы 25 тамызға дейін жіберу қажет.


20.08.2020 Құрметті білім алушылар!
«Астана медицина университеті» КеАҚ Ректорының 2020 жылғы 19 тамыздағы №№360-н/қ бұйрығына сәйкес, 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап оқу процесі келесі түрде ұйымдастырылатын хабарлаймыз...

18.08.2020 ХХІ ғасыр дәрігерлері: Астана медицина университетінде сәттілікке жетудің жолы туралы айтылды

Бүгінгі таңда түлектердің білімі мен дағдыларының сапасы оқу үрдісіне тікелей байланысты және сәйкесінше университет рейтингісіне де әсер етеді. Қарқынды дамып келе жатқан жоғары оқу орындарының бірі – Астана медицина университетінің мысалын қолдана отырып, біз жетістікке жетудің «рецептін» қарастырдық, сонымен қатар медициналық кадрлардың жаңа буынын оқытудың клиникалық тәжірибесімен таныстық.


17.08.2020 Докторантураға түсу емтихандары басталды
Бүгін «Астана медицина университеті» КеАҚ докторантурасына қабылдаудың екінші кезеңі басталды – ол онлайн-сұхбат. Сұхбат WebEx платформасында 3 күн бойы өткізілетін болады. Үміткерлердің жалпы саны – 45 адам. 

17.08.2020 Астана медицина университеті Эразмус+ бағдарламасы бойынша Еуропалық Одақтың білім беру, аудиовизуалды және мәдени атқарушы агенттігінің (EACEA) гранттарын жеңіп алды

VI Эразмус+ «Жоғары білім саласындағы әлеуетті арттыру» жобалық ұсыныстар конкурсының нәтижелері бойынша біздің университеттің қатысуымен екі халықаралық жоба конкурстық іріктеуден өткендігін хабарлауға қуаныштымыз.


14.08.2020 Құттықтаймыз!
Астана медицина университеті басшылығының бастамасымен «Құрмет» орденімен және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен Университет оқытушылары марапатталды.

12.08.2020 Қабылдау комиссиясы мүшелерінің резидентураға үміткерлермен сұхбаттасу туралы ой-пікірі
Қабылдау комиссиясы мүшелері резидентураға үміткерлермен сұхбаттасу туралы ой-пікірлерін білдірді.

Жаңалықтар 281 - 300 / 2058
Бірінші бет | Алдыңғы | 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 | Келесі | Соңғы бет Барлығы