Жаңалықтар


06.11.2020 «21 ғасырдағы эпидемиология» байқауы

Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі міндеттерінің бірі білім беру үдерісін үнемі жетілдіру болып табылады, мұнда ойын технологиялары коммуникациялық мотивтерді өзектендіруге ықпал етеді. Сондықтан бұл технологиялар қоғамдық денсаулық сақтау және эпидемиология, қоғамдық денсаулық сақтау және гигиена кафедраларының оқу-ағарту қызметінде белсенді қолданылады.


05.11.2020 Қадірлі әріптестер және «АМУ» КеАҚ студенттер қауымы!

Сіздерді «Астана медицина университеті» КеАҚ Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасының студенттік ғылыми үйірмесі «АИТВ-АССОЦИАЦИЯЛАНҒАН ИНФЕКЦИЯЛАР МЕН COVID-19 МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫҢ КӨЗҚАРАСЫ» атты халықаралық қатысумен өтетін ХІІІ жыл сайынғы дәстүрлі студенттік конференция жұмысына студенттер мен жас ғалымдарды белсенді қатысуға шақырады.


04.11.2020 Медициналық ұйымдар мен пациенттер арасындағы дауларды шешуде медиацияны қолдану мәселелері мен болашағы Астана медициналық университетінде өткен онлайн дөңгелек үстелде талқыланды

2020 жылғы 3 қарашада «Астана медицина университеті» КtАҚ-та «Медициналық ұйымдар мен пациенттер арасындағы дауларды шешуде медиацияны қолдану мәселелері мен болашағы» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел сәтті өтті.


04.11.2020 «Оқытушының цифрлік құзыреттілігі» тақырыбында семинар
Осы күндері университетте «Оқытушының цифрлік құзыреттілігі» тақырыбында семинар өтіп жатыр. Семинар инновациялық және симуляциялық білім беру технологияларын трансферттеу орталығы қызметкерлерінің жетекшілігімен өткізіліп жатыр. Семинардың мақсаты –медициналық білім беру ұйымының қызметкерлеріне қашықтықтан білім беру технологияларымен жұмыс істеу тәжірибесін меңгеруге және қолдануға көмек көрсету.

03.11.2020 Онлайн академиялық ұтқырлық

2020 жылдың 13-27 қазан аралығында «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ ректоры, м.ғ.д., проф. А. А. Исмаилованың шақыруымен Қоғамдық денсаулық және биомедицина мектебінің базасында академиялық ұтқырлық қашықтықтан өтті.


03.11.2020 Босаған білім беру гранттарына ие болған білім алушылар анықталды
«Астана медицина университеті» КеАҚ ректорының 2020 жылғы 30 қазандағы №1418-ф/жм,ф/фарм/ф/мі,о/резидент бұйрығымен 2019-2020 оқу жылындағы жазғы емтихан сессиясының қорытындылары бойынша білім алу процесінде босаған білім беру гранттарына а.ж. 1 қазаннан бастап келесі білім алушылар ие болды...

29.10.2020 «Білім көкжиектері» І Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

Бүгін Омбы мемлекеттік педагогикалық университеті «Білім беру көкжиектері» I Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын онлайн форматта бастады. Оған білім берудің өзекті мәселелерін шешуде өз тәжірибелерімен бөлісетін мемлекеттік қызметкерлер, ғылыми қоғамдастық өкілдері, әртүрлі елдердің жетекші мамандары қатысады.


28.10.2020 Астана медицина университетінің еріктілері көптеген әлеуметтік жобаларға белсенді қатысады

Астана медицина университетінің еріктілері көптеген әлеуметтік жобаларға белсенді қатысады: «Otbasy – baqyt mekeni», «Авто – cinema», «Birgemiz: Umit», «Birgemiz: Saulyq» және т.б. Астана медицина университетінің еріктілері – мейірімділік үшін! Сіздерден кез-келгендеріңіз ерікті бола алады және жан жылуын сыйлай алады!


27.10.2020 Жақсы хабар!
29 қыркүйек пен 26 қазан аралығында Қазақстан студенттері Альянсының ұйымдастыруымен Республикалық «Жастардың ең үздік өзін-өзі басқару ұйымы» атты Insta-байқау өткен болатын! Байқауда біздің университет 3-орын алды.

27.10.2020 Кафедра серіктестерімен жұмыс
Қоғамдық денсаулық және гигиена, қоғамдық денсаулық және эпидемиология кафедраларының кәсіптік бағдар беру бойынша ұстанатын басты бағыттарының бірі – серіктестік туралы меморандумның аясында кафедра оқытушы-профессорлары құрамының Нұр-Сұлтан қаласы мектептерінің оқушыларымен жасайтын жұмысы болып табылады. Аталған жұмыс тәрбиелік және ғылыми бағытағы форумдар ұйымдастырып, өткізуді құрайды.

26.10.2020 Тоғызқұмалақтан онлайн-турнирдің нәтижелері

2020 жылдың 22, 23, 24 қазанында Спорттық медицина орталығы мен Спортклуб жыл сайынғы зияткерлер шайқасын ұйымдастырды. Қазіргі жағдайға байланысты «Астана медицина университеті» КеАҚ студенттері арасында тоғызқұмалақтан ректор кубогы үшін онлайн турнир өтті. Бұл жолы онлайн турнирді біз http://www.iggamecenter.com платформасында өткіздік.


26.10.2020 Вильнюс университетімен академиялық ұтқырлық

«Астана медицина университеті» КеАҚ Вильнюс университетімен бірге келесі пәндер бойынша виртуалды академиялық ұтқырлықты ұйымдастырады, келесі топ студенттері қатысады: 1) «Гинекология», 02.11.2020 ж. - 06.11.2020 ж. аралығында – 421 топ, 424 топ, 427 топ, 430 топ, 476 топ, 479 топ; 2) «Анестезиология: өмірлік функцияларды бұзатын төтенше жағдайлар» 09.11.2020 ж. - 13.11.2020 ж. қатысқысы келетін барлық 4-5 курс студенттері.


22.10.2020 Құрметті әріптестер!

2020 жылғы 30 қазанда онлайн режимінде өтетін «БМСК деңгейінде акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетудің заманауи аспектілері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырамыз. Ұйымдастырушылар: «Астана медицина университеті» КеАҚ, №2 акушерия және гинекология кафедрасы.


22.10.2020 «Медициналық ұйымдар мен пациенттер арасындағы дауларды шешуде медиацияны қолдану проблемалары мен болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел
Аталған іс-шара қазіргі уақытта әлеуетті жанжалдылықтың жоғары деңгейімен ерекшеленетін денсаулық сақтау саласындағы дауларды шешу үшін медиацияны қолдану практикасының өзекті мәселелерін талқылау және пікір алмасу үшін диалог алаңы болатыны күтілуде.3 қараша 14:00, Бейбітшілік, көшесі 49а, Нур-Султан қ., акт залы. Қатысуға өтінімдер, сұрақтар bazarova.g@amu.kz электронды поштаға жіберілуі керек. Онлайн жиналысқа сілтеме Бағдарлама... 

22.10.2020 Онлайн ойын
Қашықтықтан оқыту форматы түрлі тәрбиелік және ғылыми іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге кедергі келтірмейді. 2020 жылдың 17 қазанында «Жалпы медицина» мамандығының 2 курс студенттері арасында «Жалпы гигиена» және «Эпидемиология» пәндері бойынша Microsoft Teems платформасында бірінші онлайн олимпиада өтті. 227 «ЖМ", 228 «ЖМ», 236 «ЖМ» және 216 «ЖМ» топтарының командалары қатысты.

21.10.2020 Құрметті 2-курс студенттері!
Сіздерге қалыпты физиология кафедрасының ұйымдастыруымен өтетін «Физиология өнертапқыштары» атты конкурсымыздың кезекті II маусымын ашық деп жариялаймыз! Бұл конкурста студенттер физиология пәніне қатысты білімін, сондай-ақ өздерінің креативтілігін, тапқырлық пен белсенділіктерін таныту керек. Байқауға қатысып «Физиология жүйріктері» атанған студенттерге жүлделі орындар мен бағалы сыйлықтар тапсырылады. Өткізілетін күні мен уақыты: конкурс онлайн түрінде 19.10.20 ж. - 10.12.20 ж. аралығында өтеді. Толығырақ шарттармеп таныс болыңыздар!

20.10.2020 Халықаралық өкілдердің қатысуымен «Астана-Гастро-2020» XV гастроэнтерологиялық форумы
Конференция форматы: онлайн. Күні: 24 қазан, басталуы сағат 11: 00-де. Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық гастроэнтерологтар қауымдастығы, WGO мүшелері, «Астана медицина университеті» КеАҚ. Конференцияға қосылу сілтемесі Қатысу үшін тіркелу – 2020 жылдың 24 қазанына дейін.
Байланыс ақпараты: 
Телефон: +77756065206, 
Электрондық пошта: aiymbetova.a@amu.kz.

20.10.2020 Ректор кубогы үшін тоғызқұмалақтан онлайн жарыс!

Құрметті студенттер! 21 қазанда Спорттық медицина орталығы мен Спорттық клуб ректор кубогына тоғызқұмалақтан онлайн-сайыс өткізеді. Конкурсқа «АстМУ» КеАҚ барлық курстарының студенттері қатыса алады. Өтетін орны: http://iggamcenter.com онлайн-платформасы. Өткізілетін күні мен уақыты: 21 қазан сағат 20:00.


19.10.2020 Университет басшылығы «COVID-19-ға қарсы күресте алғашқы медициналық-санитарлық көмектің рөлі» конференциясына қатысуда

Бүгін, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті ҚР ҰҒА академигі Шарманов Төрегелді Шарманұлының 90 жылдығына, 1978 ж. БМСК бойынша Халықаралық конференцияның ұйымдастырушысы және С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің 90 жылдығына орай «COVID-19-ға қарсы күресте алғашқы медициналық-санитарлық көмектің рөлі» конференциясын өткізіп жатыр. Іс-шараға университетімізден ректор Дайнюс Павалькис пен қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент факультетінің деканы Ерболат Даленов қатысуда.


19.10.2020 Астана медицина университетінің студенттері практикалық денсаулық сақтау қызметкерлеріне көмек көрсетуде

Осы жылдың сәуірінде енгізілген төтенше жағдай жойылғаннан кейін COVID-19 коронавирустық инфекциясы Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында белсенді тарала бастады, бұл сонымен қатар халықтың карантиндік шараларды сақтауын бақылау үшін кадрлық ресурстардың жетіспеушілігін тудырды.


Жаңалықтар 221 - 240 / 2058
Бірінші бет | Алдыңғы | 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 | Келесі | Соңғы бет Барлығы