Жаңалықтар


20.11.2020 «Пандемия жағдайында күйзелісті жеңу жолдары» атты онлайн семинар

ЖАОК (жаппай ашық онлайн курстар) платформасында өткен «Пандемия жағдайында күйзелісті жеңу жолдары» атты онлайн семинар аяқталды. Семинарды тренер-психолог, «В.Г. Корпачев атындағы Патологиялық физиология» кафедрасының профессоры Жайна Байдуллақызы Айтбаева өткізді.


19.11.2020 №2 акушерия және гинекология кафедрасында халықаралық академиялық ұтқырлық
26-30 қазан 2020 ж., 16-20 қараша 2020 ж. А.К. Ахунбаева атындағы Қырғыз мемлекеттік медициналық академиясының ректорының шақыруымен Астана медициналық университеті №2 акушерия және гинекология кафедрасының меңгерушісі С. Ысқақов және профессоры Б.С. Малғаждарова кафедра негізінде онлайн форматта халықаралық академиялық ұтқырлықтан өтті.

18.11.2020 Құрметті әріптестер!

Латвия Университетінің жыл сайынғы 79-шы ғылыми конференциясының бір бөлігі болып саналатын Медицина бойынша халықаралық ғылыми конференцияға қатысуға шақырамыз. Өткізілетін күні: 23-24 сәуір, 2021 ж.


18.11.2020 Болашақ фармацевтерге өндірістік және практикалық жағдайлар жасау керек, - фармация факультетінің деканы Алма Шүкірбекова

2020 жылғы 13 қарашада Фармацевтикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі, фармацевтика факультетінің деканы, фармация ғылымдарының докторы Алма Шүкірбекова «Фармацевтикалық өнеркәсіптің қазіргі жағдайы: мәселелері мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда «Университетте фармация оқу-өндірістік орталығын құрудың келешегі» тақырыбында баяндама жасады, Ташфарми, Өзбекстан.


17.11.2020 «Коронавирус індетімен күрес туралы студенттердің хабардар болуы» тақырыбында онлайн викторина
Халықаралық студенттер күні аясында 2020 жылғы 17 қарашада «Коронавирус індетімен күрес туралы студенттердің хабардар болуы» тақырыбы бойынша онлайн викторина өтті. Викторина ең алдымен пайдалы уақытты өткізуге, сондай-ақ барлық бағыттар бойынша білімді бағалауға арналған. Викторина 5 кезеңнен тұрды.

17.11.2020 Құрметті Сенат мүшелері!

Сенаттың келесі отырысы 2020 жылы 19 қарашада сағат 15:00-де өткізіледі. Күн тәртібінде: Сенат төрағасының 2019-2020 оқу жылына арналған есебі, 2019 жылға және 2020 жылдың 6 айына арналған Стратегиялық даму жоспарының орындалуы, фармация докторы А.Б. Шүкірбековаға «Профессор» академиялық атағын беру үшін аттестаттау құжаттарын таныстыру, 1-оқу жылы PhD докторанттары мен магистранттарының диссертация тақырыптарын, ғылыми жетекшілерін және шетелдік консультанттарын бекіту, Сенаттың жаңа мүшелері мен төрағасын сайлау.


17.11.2020 Сәтті сабақ белсенді дене шынықтырудан басталады!
Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың жұмыс орындарында дене жаттығуларын орындау туралы ұсыныстарына сәйкес профилактикалық медицина және нутрициология кафедрасының оқытушылары студенттермен әр сабақты он минуттық қыздыру жаттығуларынан бастайтын болды.

17.11.2020 Құрметті студенттер!
2020 жылғы 21 қарашада «Lichess.org» интернет-порталында Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай шахматтан онлайн турнир өткізіледі. Конкурсқа «АстМУ» КеАҚ барлық әкімшілік-басшылық персоналы және оқытушы-профессорлар құрамы қатыса алады. Қатысу үшін сіз «Lichess.org» сайтында тіркелуіңіз керек. Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, медальдармен және ректор кубогымен марапатталады.

16.11.2020 Университетіміздің білім алушылары мен мен қызметкерлері Корея онкологиялық ассоциациясының 46-шы жыл сайынғы жиналысына және 6-шы халықаралық онкологиялық конференцияға белсенді қатысты

Университетіміздің білім алушылары мен мен қызметкерлері Корея онкологиялық ассоциациясының 46-шы жыл сайынғы жиналысына және 6-шы халықаралық онкологиялық конференцияға (46th Annual Meeting of Korean Cancer Association & 6th International Cancer Conference) белсенді қатысты. Конференция 12 және 13 қарашада онлайн режимінде өтті.


13.11.2020 «Қысқы емтихан сессиясына дайындық» тақырыбында «Фармация» мамандығының студенттерімен ақпараттық-түсіндірме онлайн кездесу

2020 жылғы 12 қарашада фармация факультеті деканатының «Қысқы емтихан сессиясына дайындық» тақырыбында «Фармация» мамандығының бірінші курс студенттерімен онлайн-кездесуі өткізілді.


12.11.2020 Жыл сайынғы «Дін. Қоғам. Жастар» дәрістер циклі

2020 жылғы 11 қарашада сағат 16.00-де WEBEX платформасында Жастармен жұмыс жөніндегі орталық діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шеңберінде «Астана медицина университеті» КеАҚ барлық мамандықтардың 1 курс студенттеріне арналған жыл сайынғы «ДІН. ҚОҒАМ. ЖАСТАР» атты тақырыпта дәрістер циклін өткізді.


12.11.2020 Омбы мемлекеттік медицина университеті оқытушыларының онлайн-академиялық ұтқырлығы
2020 жылғы 30 қазан мен 11 қараша аралығында «Астана медицина университеті» КеАҚ ректорының шақыруымен терапевтикалық және хирургиялық стоматология кафедрасында Омбы мемлекеттік медицина университетінің профессоры, м.ғ.д., стоматология факультетінің деканы, терапевтикалық стоматология кафедрасының меңгерушісі Ломиашвили Л.М. бастаған кафедра оқытушылары студенттерімізге қашықтықтан лекциялар оқыды.

12.11.2020 Бос жұмыс орындары!
«Астана медицина университеті» КеАҚ 2020 жылғы 12 қараша мен 11 желтоқсан аралығында бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімінің бас есепшісі лауазымына конкурс жариялайды. Толық ақпаратты Университет сайтында «Бос жұмыс орындары» бөлімінен алуға болады.

11.11.2020 Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізу мәселелері талқыланды
2020 жылғы 9 қарашада Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының және Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлері салалық кәсіподағының ұйымдастыруымен медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізу мәселелерін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

11.11.2020 Қазақстан студенттерінің альянсымен меморандумға қол қойылды
Біздің университет студенттерінің интеллектуалды, шығармашылық, рухани, инновациялық әлеуетін тиімді жүзеге асыруға жағдай жасаудың тағы бір басым бағыты – «Қазақстан студенттерінің альянсы» республикалық студенттер қозғалысы» ҚБ-мен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою.

10.11.2020 Бос жұмыс орындары!
«Астана медицина университеті» КtАҚ 2020 жылғы 9 қараша мен 8 желтоқсан аралығында келесі лауазымдарға конкурс жариялайды: қаржы-экономикалық бөлімнің бастығы, автоматтандыру және цифрландыру орталығының бастығы, киберқауіпсіздік бойынша бас маман. Толығырақ ақпаратты Университет сайтында «Бос жұмыс орындары» бөлімінен алуға болады.

10.11.2020 «Оқытушының цифрлік құзыреттілігі» атты семинар 2-ші апта өтіп жатыр
«Оқытушының цифрлік құзыреттілігі» атты семинар 2-ші апта өтіп жатыр. Семинар инновациялық және симуляциялық білім беру технологияларын трансферттеу орталығы қызметкерлерінің жетекшілігімен өткізіліп жатыр. Семинардың мақсаты – медициналық білім беру ұйымының қызметкерлеріне қашықтықтан білім беру технологияларымен жұмыс істеу тәжірибесін меңгеруге және қолдануға көмек көрсету. 

09.11.2020 Құрметті әріптестер!

2020 жылғы 19-20 қарашада онлайн режимде ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КАРДИОЛОГТАРЫНЫҢ ХІІ КОНГРЕСІ өтеді: «КАРДИОЛОГИЯДАҒЫ ЖАҢА КӨКЖИЕКТЕР: ИННОВАЦИЯҒА ШОҚЫР». Тіркеу сілтемесі: https://congress.kzcardio.org/АҚПАРАТТЫҚ ХАТ.


09.11.2020 «АстМУ» КеАҚ жатақханасында тұратын студенттердің назарына!

Жеңіс даңғылы 35 мекенжайы бойынша оқу залында сіздер үшін компьютерлік аудитория жұмыс жасайды. Жұмыс уақыты – 08.00-ден 22.00-ге дейін.

Компьютерлік аудиторияға барғанда маска киюлеріңізді сұраймыз. Кіре берісте термометрия және қолды залалсыздандыру жүргізіледі. БІРГЕ АЙНАЛАМЫЗДАҒЫЛАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАЙЫҚ!


06.11.2020 Тарихи-танымдық конференция «Ел басы. Тарих, Тұлға, тағылым»
Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен 03.11.2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласының ЖОО-ның студенттерінің қатысуымен «Ел басы. Тарих, Тұлға, тағылым» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы қашықтан қалалық тарихи-танымдық конференция өткізілді. Конференцияға «Астана Медицина Университеті» КеАҚ қоғамдық денсаулық сақтау факультеті, әлеуметтік-гуманитарлық кафедрасының аға оқытушысы Канжил Шакирт дайындаған студенттердің баяндамалары талқыға салынып, жүлделі орындарға ие болды.

Жаңалықтар 201 - 220 / 2058
Бірінші бет | Алдыңғы | 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 | Келесі | Соңғы бет Барлығы