Жаңалықтар


08.12.2020 Магистранттарға арналған бос білім беру гранттары

«Астана медицина университеті» КеАҚ магистратура және докторантура орталығы жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттары (мемлекеттік білім беру тапсырысы) бар екендігін хабарлайды: 7М10121 «Денсаулық сақтау саласындағы менеджмент» - 1 грант, 7М10102 «Медицина» - 2 грант. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген магистранттар Басқарма төрағасы – Университет Ректорының атына Магистратура және докторантура орталығына 2020 жылдың 25 желтоқсанына дейін өтініш беруі қажет. Толық ақпаратты 270-177 телефоны арқылы алуға болады.


07.12.2020 Физиологиялық жобалардың тұсаукесерімен бейнероликтер байқауы басталды
Желтоқсанның екісі күні қалыпты физиология кафедрасында жыл сайын өткізілетін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай "Физиология өнертапқыштары" атты конкурс аясында физиологиялық проекттердің презентациялық бейнероликтер байқауы басталды. Студенттердің қолөнерімен жасалған макеттердің презентациясы 12 желтоқсан күні онлайн режимде өтеді. Баршаңызды physiology_amu Instagram парақшасында дауыс беруге және белсенді түрде ат салысуға шақырамыз. Презентациялық бейнеролик

04.12.2020 «Медициналық білім беру саласындағы TBL инновациялық технологиясы» тақырыбында онлайн семинар
ЖАОК платформасында (жаппай ашық онлайн курстар) өткен «Медициналық білім беру саласындағы TBL инновациялық технологиясы» тақырыбында онлайн семинар аяқталды. Семинарды Қоғамдық денсаулық және эпидемиология кафедрасының аға оқытушысы Рахметова Бахытжан Тлепбековна өткізді. Аталған семинарда командаға бағдарланған оқытуды (TBL) қолдана отырып, сабақ өткізудің негізгі қағидаттары мен әдіснамасы қарастырылды. 

03.12.2020 Эпидемиологиялық бөлімінің мамандарына еріктілер көмегі

2020 жылдың 26 қарашасынан бастап қоғамдық денсаулық және менеджмент факультетінің студенттері, қоғамдық денсаулық және эпидемиология, қоғамдық денсаулық және гигиена кафедраларының оқытушылары "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Нұр-сұлтан қаласы, Есіл ауданының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы" РММ-не волонтерлік көмек шеңберінде инфекциялық аурулар бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, профилактикалық іс-шараларды қамтамасыз ету үшін жіберілді. 


02.12.2020 Қалыпты физиология кафедрасы "Іргелі ғылым мен клиникалық медицинаның жетістіктері және мәселелері" атты 68-ші Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты

Қалыпты физиология кафедрасы "Ауыл, туризм және халық қолөнерінің даму жылдарына" арналған "Іргелі ғылым мен клиникалық медицинаның жетістіктері және мәселелері" атты 68-ші Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты, Душанбе, 27 қараша 2020 ж. Ұйымдастырушылары: Абуали ибн Сино атындағы “Тәжік мемлекеттік медицина университеті”. (Душанбе, Тәжікстан).


01.12.2020 «Елін сүйген Президент» тақырыбындағы танымдық мерекелік іс-шара
2020 жылғы 30 қарашада «Астана медицина университеті» КеАҚ Жастар ісі жөніндегі орталықтың қолдауымен, «Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар» кафедрасының аға оқытушысы С.Б.Қолғанатова жетекшілігімен және «Стоматология» факультетінің 1 курс, 102-104 топ студенттерінің ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Елін сүйген Президент» атты танымдық мерекелік іс-шара өткізілді.

30.11.2020 «Абай мұрасы – тағдыр тағылымдамасы» атты онлайн форматта әдеби кеш өткізілді

2020 жылдың 21 қарашасында КеАҚ «Астана медицина университеті», Әлеуметтік – гуманитарлық ғылымдар кафедрасының ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы мерекесі аясында «Абай мұрасы – тағдыр тағылымдамасы» атты онлайн форматта әдеби кеш өткізілді.

Мақсаты: Абай мұраларын дәріптеуге, өнегелі өмірімен танысып, ақынның даналығын, рухани асыл – мұраларын насихаттау.


26.11.2020 «ЖИТС-ның алдын алу» онлайн брифингі

Кафедралардың бекітілген жұмыс жоспары аясында жұқпалы аурулар және клиникалық эпидемиология кафедрасының аға оқытушысы Р. К. Байгенжеева және оқытушы Ж.А. Карпикбаева «Даналық» медициналық фармацевтикалық колледжімен және «Жалпы медицина» мамандығының 343-топ студенттерімен және 2-ЛД-ВК-11-топ медициналық колледжінің студенттерімен бірлесіп «Zoom» платформасында онлайн брифинг ұйымдастырды. Брифингке екі топтан 20 студент қатысты.


26.11.2020 Қымбатты әріптестер!

Сіздерді 27 қарашада, сағат 13:00-де басталатын «Аутизм қазақстандықтардың түсінуінде» атты онлайн семинарға қатысуға шақырамыз. Мұнда «Интеллектуалды мүгедектер мен аутизм диагностикасы: Қазақстандағы түсінік пен практика» ғылыми-зерттеу жобасының нәтижелері ұсынылады. Назарбаев Университеті мен Астана Медицина Университетінің ғалымдары жүргізген зерттеулердің нәтижелері аутизм, тәсілдер, диагностика, диагностикада қолданылатын әдістер туралы әртүрлі идеяларды көрсетті.


26.11.2020 «Респираторлық медицинадағы инновациялық технологиялар»VII республикалық ғылыми-практикалық конференциясы

Бүгін «Респираторлық медицинадағы инновациялық технологиялар» VII республикалық ғылыми-практикалық конференциясы Респираторлық медицина мамандары қауымдастығының, Еуро-Азия респираторлық қоғамының және Астана медицина университетінің ұйымдастыруымен басталды.


26.11.2020 Халықаралық қатысумен «Респираторлық медицинадғы инновациялық технологиялар» VII Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы
Сіздерді 2020 жылғы 25, 26, 27, 27 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Респираторлық медицинасы мамандарының қауымдастығы, Еуро-Азиялық респираторлық қоғамы ұйымдастырған халықаралық қатысуымен «Респираторлық медицинадағы инновациялық технологиялар» онлайн форматтағы VII Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз.

26.11.2020 ШАХМАТТАН ОНЛАЙН ТУРНИРДІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ!

2020 жылғы 21 қарашада «АстМУ» КеАҚ Спорт клубы қазіргі жағдайға байланысты Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай университетіміздің оқытушылары мен қызметкерлері арасында шахматтан онлайн турнир ұйымдастырды. Турнир https://lichess.org платформасында өтті. Барлығы 9 шахматшы қатысты. Конкурс швейцар жүйесі бойынша 8 турда өтті. Әр партияға 10 минут уақыт бөлінді. Жеңімпаз ең жоғары ұпаймен анықталды.


26.11.2020 ДОЙБЫДАН онлайн турнир!

2020 жылғы 1 желтоқсанда «АстМУ» КеАҚ-тың спорт клубы Жастар ісі жөніндегі орталықпен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған онлайн режимінде дойбыдан турнир өткізеді! «АстМУ» КеАҚ оқытушылары мен қызметкерлері бәйгеге қатысуға шақырылады. Өтетін орны: Play OK дойбы онлайн-платформасы. Турнир жергілікті уақыт бойынша 11:00-де басталады. Қатысуға өтінімдер WhatsApp мессенджеріне 30 қараша күні сағат 18: 00-ге дейін жіберілуі керек.


25.11.2020 Ш. И. Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасындағы жаңалықтар

Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасында жақсы жаңалықтар көп. Осыған дейін 2 желтоқсан АИТВ-мен күрес күніне және коронавирустық инфекцияның мәселелеріне арналған «АИТВ-ассоциацияланған инфекциялар мен COVID-19 мәселелеріне студент жастардың көзқарасы» атты студенттік онлайн-конференция өтетіні жайлы хабарлаған болатынбыз. Осындай үлкен іс-шараның алдында кафедра ұжымы студенттік ғылыми үйірме жұмысын одан әрі жандандыруды қолға алу қажет деп шешті.


24.11.2020 «Педагогика саласында сана-сезім картасын қолдану» тақырыбында онлайн семинар өткізілді
2020 жылғы 19-23 қараша аралығында Университеттің оқытушы-профессорлар құрамы үшін «Педагогика саласында сана-сезім картасын қолдану» тақырыбында онлайн семинар өткізілді. Семинарды тренер-психолог, В.Г. Корпачев атындағы патологиялық физиология кафедрасының профессоры Жайна Байдуллақызы Айтбаева жүргізді.

24.11.2020 Мастер-класс «Медициналық дауларды сотcыз бітімгершілік рәсімдер арқылы шешу»
Егер сіз медициналық медиация туралы көбірек ақпарат алғыңыз келсе, медициналық медиатор болуды жоспарласаңыз, онда бұл іс-шара сізге арналады. Медициналық медиация-бұл пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғаудың неғұрлым қарапайым және қолжетімді тәсілі ретінде: Іс-шара тегін. Мастер-класс Астана медицина университетінің Халықаралық медиация институтының (ХМИ) кәсіби медиаторлары қатарынан қалыптасқан "Татуласу орталығы" медиаторлары өткізеді. Мастер-класстың ең белсенді қатысушылары кәсіби медициналық медиатор сертификатын алу үшін оқұ семинарына қатысуға шақырылады.

23.11.2020 Магистрантымыз «Ғылым және денсаулық» республикалық ғылыми-практикалық конференциясында 3 орынға ие болды

2020 жылғы 20 қарашада «Семей медицина университеті» КеАҚ-та халықаралық қатысумен «Ғылым және денсаулық» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Халықаралық конференция жұмысына Қазақстан, Жапония және Ресей аймақтарынан 180-нен астам жас ғалымдар қатысты.


23.11.2020 «Медициналық білім беру және ғылым ұйымының оқытушысы» онлайн семинар
«Астана медицина университеті» КеАҚ оқытушы-профессорлар құрамының 2020 жылғы біліктілігін арттыру мақсатында  жас педагог мектебі аясында 2020 жылғы 09-20 қараша аралығында ЖАОК (жаппай ашық онлайн курстар) платформасында  ұйымда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар жас оқытушыларға арналған «Медициналық білім беру және ғылым ұйымының оқытушысы»  тақырыбында онлайн семинар өткізілді.

20.11.2020 Сенаттың кезекті отырысында жаңа мүшелері мен төрағасы сайланды
2020 жылғы 19 қарашадағы Сенаттың кезекті отырысында жаңа мүшелері мен төрағасы сайланды. «АстМУ» КеАҚ алқалы органына профессорлар Б.А. Айнабекова, М.С. Мулдахметов, В.М. Лозовой мүше болып кірді. Сенатты №2 хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі Сәкен Қайруллинұлы Қожахметов төрағалық ететін болады.

20.11.2020 Құрметті әріптестер!

Сіздерді 2020 жылғы 8 желтоқсанда өтетін онлайн форумға қатысуға шақырамыз. Ұйымдастырушылар: «Астана медицина университеті» КеАҚ және «KARL STORZ ENDOSKOPY Kasachstan» ЖШС. Өткізілетін орын: Нұр-Сұлтан, Бейбітшілік көшесі 49А, 303-кабинет, «Астана медицина университеті» КеАҚ.


Жаңалықтар 181 - 200 / 2058
Бірінші бет | Алдыңғы | 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 | Келесі | Соңғы бет Барлығы