Жаңалықтар


23.09.2020 Дәрігерге мың алғыс!
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық денсаулық сақтау орталығы балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Динагүл Аяпбекқызы Баешеваға осы орталықтың «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының мамандарымен бірлесіп ұйымдастырған тренингтерге қатысқаны үшін алғыс білдіреді.

22.09.2020 УНИВЕРСИТЕТ БАСШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕУРОПА ОДАҒЫ ДЕЛЕГАЦИЯСЫМЕН КЕЗДЕСУІ

2020 жылғы 21 қыркүйекте Астана медицина университетінде профессор Дайнюс Павалькис Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Свен-Олов Карлссон мырза бастаған Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақтың делегациясымен кездесті.


15.09.2020 Арнайы медициналық топтар үшін дене шынықтыруды дамыту туралы ынтымақтастық меморандумы

Бүгін университетіміздің ректоры профессор Дайнюс Павалькис арнайы медициналық топтар үшін салауатты өмір салтын және дене шынықтыруды дамыту бойынша ынтымақтастық меморандумына қол қою мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы Ұлттық дене шынықтыру орталығының бас директоры Тастанбек Құтжанұлы Есентаевпен кездесті.


14.09.2020 2021 жылға арналған даму жоспарын қалыптастыру аясында ғылыми жұмыс бойынша қызметтер туралы хабарландыру

«АстМУ» КеАҚ-тың 2021 жылға арналған даму жоспарын қалыптастыру үшін, сондай-ақ ғылыми іс-шараларға (конференциялар, конгресстер, халықаралық және республикалық олимпиадалар) қатысуды жоспарлап отырған оқытушылар мен студенттердің іссапар шығыстарын қамтамасыз ету және бақылау мақсатында, (Қосымша 1) 30.09.2020 ж. Дейін ғылыми орталыққа (53 корпус, 402 каб.) қағаз және электронды түрде өтініштер жіберу керек. Өтініш формасы


11.09.2020 Мәслихат пен Мәжіліс депутаттығына кандидаттармен университет қызметкерлері – «Нұр Отан» партиясының мүшелерімен кездесу өткізілді
 Бүгін, 2020 жылғы 11 қыркүйекте, Астана медицина университетінің қабырғасында Мәслихат пен Мәжіліс депутаттығына кандидаттармен университет қызметкерлері – «Нұр Отан» партиясының мүшелерімен кездесу өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – бәсекелестік негізде барлық деңгейдегі Мәслихат пен Мәжіліс сайлауына партиялық тізімдерді одан әрі құру бойынша жаңа көшбасшыларды анықтау.

11.09.2020 Фармацевтикалық пәндер кафедрасының профессоры Арыстанов Жалғасқали Мерғалиұлының 70 жылдығы атап өтілді

Бүгін фармацевтикалық пәндер кафедрасы профессор, фармацевтика ғылымдарының докторы Жалғасқали Мерғалиұлы Арыстановтың 70 жылдығын атап өтті. Салтанатты іс-шараға кафедра мен деканат қызметкерлері қатысты, Жалғасқали Мерғалиұлының достары – шетелдік әріптестері, республиканың басқа жоғары оқу орындарындағы әріптестері байланысқа шықты.


11.09.2020 «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ Фармация мектебі әріптестерін конференцияға қатысуға шақырады

С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ Фармация мектебі профессор Р.Д. Ділбархановты еске алуға арналған конференцияға мұғалімдер күнін тойлау аясындағы конференцияға қатысуға шақырады. Конференция тақырыбы – «ДӘРІМЕТТІК ҒЫЛЫМИ МЕКТЕБІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ: ҰРПАҚТАРДЫҢ ҰЗАСТЫҒЫ». Ақпараттық хат


10.09.2020 Құрметті Жалпы медицина факультетінің 3-курс студенттері!

Университеттердің қашықтықтан оқыту форматына көшуіне және студенттердің басқа аймақтарда орналасуларына байланысты әскери кафедраға студенттерді қашықтықтан қабылдау туралы шешім қабылданды.


09.09.2020 Елордамызда дәрігерлердің құрметіне көрме өтті

Нұр-Сұлтанда, Атырау көпірінде коронавируспен күресте майдан шебінде жұмыс істейтін дәрігерлердің құрметіне көркем галерея орнатылды. Осы қаһармандардың қатарында Астана медицина университетінің ЖДП 3 кафедрасының ассистенті Аманбаева Назым Алиханқызы да бар!


09.09.2020 Мерейтойыңызбен!

Сізді өз атымнан және Астана Медицина университеті ұжымының атынан асқаралы 70 жасқа толған туылған күніңізбен құттықтаймын!


07.09.2020 Қазақстанда 17 тамыз бен 3 қазан аралығында «Nur Otan» партиясының праймеризі өтеді
Праймериздің басты мақсаты – бәсекелестік негізінде барлық деңгейдегі Мәжіліс пен Мәслихаттарға алдағы сайлауда партиялық тізімдерді одан әрі құру үшін жаңа көшбасшыларды анықтау болып табылады.

04.09.2020 Оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша онлайн-кездесу өткізілді
2020 жылдың 3 қыркүйегінде білім беру қызметін ұйымдастыру және сапасын бақылау департаменті барлық мамандықтардың 1-курс студенттерімен оқу процесін ұйымдастыру бойынша онлайн-кездесу өткізді. Кездесуге 250-ден астам студент қатысты.

04.09.2020 Құрметті әріптестер!

«Қызметкерге» деген сайт бөліміндегі «Астана медицина университеті» КеАҚ-тың жаңартылған Кадрлық саясатымен танысуларыңызды сұраймыз.


04.09.2020 «Moodle жүйесінде студенттердің жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында вебинар өткізілді

2020 жылғы 3 қыркүйекте қашықтықтан білім беру бойынша мамандар Өмірбек Жандос Өмірбекұлы, Адайхан Сәуле Адайханқызы және Рахманбердиева Марал Рахатқызы «Moodle жүйесінде студенттердің жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында студенттермен вебинар өткізді.


03.09.2020 Қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент факультеті қызметкерлерінің бірінші курс студенттерімен онлайн-кездесуі
2020 жылдың 1 қыркүйегінде Қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент факультетінің қызметкерлері «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 1-курс студенттерімен кіріспе онлайн кездесу өткізді. Кездесуде студенттер қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, оқу процесін ұйымдастыруға қатысты ақпараттармен танысты.

02.09.2020 Мейіргер ісі факультеті өкілдерінің және факультеттің белсенді студенттерінің бірінші курс студенттерімен кездесуі

Білім күнін мерекелеу құрметіне мейіргер ісі факультеті өкілдері мен факультеттің студенттік белсенділері бірінші курс студенттерімен кездесті. Биылғы жылы «Кинезитерапия» жаңа мамандығының студенттері факультеттің тату отбасына қосылды.


02.09.2020 «Стоматология» факультетіне оқуға түскен 1-курс студенттерімен онлайн-кездесу
2020 жылғы 1 қыркүйек 14.00-15.00 және 15.00-16.00 сағат аралығында университет тарапынан ұйымдастырылған Webex платформасында «Стоматология» факультетіне оқуға түскен 1-курс студенттерімен мемлекеттік және орыс тілінде Білім күніне арналған онлайн кездесу өткізілді.

02.09.2020 ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан. 2020 жылғы 1 қыркүйек.
ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан. 2020 жылғы 1 қыркүйек. Денсаулық сақтау саласының дамуы туралы.

01.09.2020 «Фармация» факультеті деканатының бірінші курс студенттерімен кездесуі

2020 жылдың 1 қыркүйегінде факультет декандары 1-курс студенттерімен кіріспе онлайн кездесу өткізді. Кездесуде студенттерге қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, оқу процесін ұйымдастыру туралы ақпарат берілді. Кездесуге деканаттардың қызметкерлері, сонымен қатар кітапхана мен офис-регистратор қызметкерлері қатысты.


01.09.2020 Қымбатты әріптестер, білім алушылар!
Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз! Ал бірінші курс студенттеріне университетке қош келдіңіздер дейміз. Алдағы жаңа оқу жылында сіздерге сәттілік, табыс тілейміз. Жоғары бағаларға ие болып, жаңа оқу жылын мағыналы да, қызықты өткізесіздер деп сенеміз.

30.08.2020 Құрметті әріптестер, білім алушылар, барша қазақстандықтар!
30 тамыз – Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Конституция – келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының, әр азаматтың, әр отбасының амандығының, бақ-берекесінің кепілі! Барлықтарыңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға ырыс пен ынтымақ тілейміз! Тәуелсіздігіміз, келісім мен бірлігіміз нығая берсін.

28.08.2020 КВИ-ге қарсы күресте өлшеусіз үлес қосқаны үшін алғыс хат
26 тамызда Орталық саябақта елорда әкімі Алтай Көлгіновтің белсенді жастармен кездесуінде интернатура түлегі Нуриддин Зухриддинұлы Розмат белсенді азаматтық ұстанымы және КВИ-ге қарсы күресте өлшеусіз үлес қосқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Нуриддин 22 наурыздан 10 сәуірге дейін Ramada Plaza Astana Hotel қонақ үйіндегі провизорлық орталықта ерікті болып жұмыс істеді. Қазіргі уақытта ол Нұр-Сұлтандағы инфекциялық орталықта дәрігердің көмекшісі болып жұмыс істейді.

25.08.2020 Құрметті резиденттер мен студенттер!

Нұр-Сұлтан әкімдігінің №3 қалалық көпбейінді балалар ауруханасы Астана медицина университетінің резиденттері мен студенттеріне 2020 жылдың наурыз-тамыз айлары аралығында COVID-19 пандемиясында дәрігерлер, орта және кіші персонал ретінде атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіреді!

test


25.08.2020 Құрметті 1-курс студенттері!
Назарларыңызға Университет әкімшілігінің барлық мамандықтар бойынша 1-курс студенттерімен 2020 жылғы 1 қыркүйекте кездесуінің БАҒДАРЛАМАСЫН ұсынамыз:

24.08.2020 Құрметті талапкерлер!

Ақылы бөлімге түскендердің тізімімен таныс болыңыздар (соның ішінде, Нұр-Сұлтан қаласының жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеуге азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша ақылы бөлім)!


21.08.2020 Құрметті 2020 мектеп түлектері!
ЖОО-ға грантқа түсу үшін құжаттарды қабылдау жалғасуда. Құжаттардың ТҮПНҰСҚАСЫН қабылдау мерзімі 30 қыркүйекке дейін ұзартылды. Оларды курьерлік қызметтердің көмегімен немесе өзіңіз жеткізе аласыз! Бірақ бұл үшін Сізге құжаттардың электронды көшірмелерін 25 тамызға дейін ЖОО-ға жіберу керек (виртуалды қабылдау комиссиялары немесе egov арқылы)! Сонымен қатар, 25 тамызға дейін университетке тікелей барып өтініш білдіруге болады! Грант тағайындау туралы сертификаттар grant.testcenter.kz сайтында қол жетімді!

21.08.2020 Құрметті бірінші курс студенттері мен ата-аналары!

(http://pl.amu.kz/registration.html) сілтемесі арқылы бірінші курсқа қабылдану үшін онлайн режімде құжаттарыңызды тіркеуіңізге болады. Бұл жағдайда құжаттардың түпнұсқаларын пошта арқылы немесе қолма-қол, сенімді тұлға арқылы 25 тамызға дейін жіберу қажет.


20.08.2020 Құрметті білім алушылар!
«Астана медицина университеті» КеАҚ Ректорының 2020 жылғы 19 тамыздағы №№360-н/қ бұйрығына сәйкес, 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап оқу процесі келесі түрде ұйымдастырылатын хабарлаймыз...

18.08.2020 ХХІ ғасыр дәрігерлері: Астана медицина университетінде сәттілікке жетудің жолы туралы айтылды

Бүгінгі таңда түлектердің білімі мен дағдыларының сапасы оқу үрдісіне тікелей байланысты және сәйкесінше университет рейтингісіне де әсер етеді. Қарқынды дамып келе жатқан жоғары оқу орындарының бірі – Астана медицина университетінің мысалын қолдана отырып, біз жетістікке жетудің «рецептін» қарастырдық, сонымен қатар медициналық кадрлардың жаңа буынын оқытудың клиникалық тәжірибесімен таныстық.


17.08.2020 Докторантураға түсу емтихандары басталды
Бүгін «Астана медицина университеті» КеАҚ докторантурасына қабылдаудың екінші кезеңі басталды – ол онлайн-сұхбат. Сұхбат WebEx платформасында 3 күн бойы өткізілетін болады. Үміткерлердің жалпы саны – 45 адам. 

17.08.2020 Астана медицина университеті Эразмус+ бағдарламасы бойынша Еуропалық Одақтың білім беру, аудиовизуалды және мәдени атқарушы агенттігінің (EACEA) гранттарын жеңіп алды

VI Эразмус+ «Жоғары білім саласындағы әлеуетті арттыру» жобалық ұсыныстар конкурсының нәтижелері бойынша біздің университеттің қатысуымен екі халықаралық жоба конкурстық іріктеуден өткендігін хабарлауға қуаныштымыз.


14.08.2020 Құттықтаймыз!
Астана медицина университеті басшылығының бастамасымен «Құрмет» орденімен және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен Университет оқытушылары марапатталды.

12.08.2020 Қабылдау комиссиясы мүшелерінің резидентураға үміткерлермен сұхбаттасу туралы ой-пікірі
Қабылдау комиссиясы мүшелері резидентураға үміткерлермен сұхбаттасу туралы ой-пікірлерін білдірді.

10.08.2020 Докторантураға түсушілер үшін ақпарат

Астана медицина университетінде докторантураға құжаттарды қабылдау аяқталуға жақын. 2020 жылы PhD докторантурасына түсу емтихандары Астана медицина университетінде 17-20 тамыз аралығында өтеді.


10.08.2020 «Астана медицина университеті» КеАҚ симуляциялық орталығы аттестаттаудың II деңгейіне ие болды

«Астана медицина университеті» КеАҚ симуляциялық орталығы РОСОМЕД Бүкілресейлік Қоғамдық Ұйымының аккредитациясынан өтіп, аттестаттау деңгейіне ие болды: АТТЕСТАТТАУ-СИММУЛЯЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ, II ДӘРЕЖЕ. Бұл куәлік орталықтың оқу, әдістемелік және ғылыми қызметі РОСОМЕД стандарттарына сәйкес келетіндігін растайды.


10.08.2020 Биыл Абай Құнанбаевтың (1845-1904) 175 жылдығы
Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны, философ-гуманисті, композиторы, көркем сөз шебері. Абай шығармаларында тарих, педагогика, мораль және қазақ халқының құқығы мәселелерін көтерген. Ол 170-ке жуық өлең, 56 аударма және 20-ға жуық әуен, поэмалар және әрдайым өзекті болып келе жатқан қара сөздерді жазып шығарды.

08.08.2020 Резидентураға қабылдаудың екінші кезеңі – сұхбаттасу – басталды

Бүгін резидентураға қабылдау үшін 120 үміткермен сұхбаттасу жүргізілуде. Университет сайтында үміткерлерге сайтта үш сілтеме ұсынылған болатын, олардың біреуін үміткер таңдап, кестеге сәйкес WebEx платформасында сұхбаттасудан өтеді.


07.08.2020 Оқытушылардың жұмыс орнына үміткерлердің назарына!
Сіздерге 2020 жылдың 23 шілдесінде профессорлық-оқытушылық құрамның бос лауазымдарына құжаттар қабылдау аяқталғанын хабарлаймыз.

06.08.2020 АстМУ қазақстандық университеттер рейтингісінде өз орнын жақсартты

Қазақстандық студенттер альянсы қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткізген рейтинг нәтижелері бойынша Астана медицина университеті қатысқан 110 жоғары оқу орны арасында 21 орынды және медициналық жоғары оқу орындары арасында 3 орынды иеленді.


06.08.2020 «ISO 9001: 2015 халықаралық стандарты негізінде университетте сапаны арттыру» тақырыбында вебинар болады

«Қазақстандық медициналық кеңес» медициналық білім және ғылым ұйымдарының қауымдастығы «ISO 9001: 2015 халықаралық стандарты негізінде университеттегі сапаны жақсарту» тақырыбында вебинар ұсынады.


05.08.2020 Құрметті оқытушылар!

Біздің университетте жақында ашылған медиа студияда жазылатын мультимедиялық электрондық әзірлемелерді безендіруге қойылатын талаптарды жібереміз. Сізде әртүрлі мазмұнды жазуға мүмкіндігіңіз бар: тақырыптық бейне дәрістер (10-15 минут), практикалық дағдыларды үйрететін бейнелер (5-15 минут), электронды оқулықтар, виртуалды зертханалар, 3D анимациялар, жағдайлық есептер мен тесттер.


31.07.2020 Құрбан Айт құтты болсын!
Баршаңызды киелі Құрбан Айт мерекесімен құттықтаймыз!

30.07.2020 Назар аударыңыздар!
Сіздердің назарларыңызға 2020 жылғы 3 тамыздан бастап бюджеттік және келісім-шарттық негізде қайта даярлау және біліктілікті арттыру циклдерін ұсынамыз.

29.07.2020 Талапкерге!
Грант конкурсына берілген өтініштің статусын қалай тексеруге болады? – joo.kz сайтына өтіп, ЖСН мен ТЖК енгізіңіз! Егер Сіздің өтінішіңіз қабылданбаса, ЖОО-ның виртуалды қабылдау комиссиясына хабарласып, 30 шілдеге (қоса алғанда) дейін өтініш беріп үлгеріңіз!


26.07.2020 «Астана медицина университеті» КеАҚ резидентурасына қабылдау үшін құжаттарды қабылдау
Резидентураға қабылдау үшін 2020-2021 оқу жылына 34 мамандық бойынша 800-ге жуық өтініш түсті. Мемлекеттік тапсырыс аясында ағымдағы жылы «АстМУ» КеАҚ үшін 206 орын, ақылы негізде – 136, мақсатты оқыту үшін Нұр-Сұлтан әкімдігінен – ​​293, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінен – ​​18 орын бөлінді.

25.07.2020 Аса құрметті ұстазымыз дүниеден өтті

Аса құрметті ұстазымыз, үлгі тұтар педагог Пилипенко Виктор Захарович дүниеден өтті. Астана медицина университетінде ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы, доценті, профессоры болды.


25.07.2020 Көңіл айтамыз
2020 жылдың 25 шілдесінде Нұр-Сұлтан әкімдігінің «№2 қалалық көпсалалы ауруханасы» ШЖҚ МКК директоры Ли Иван Иванович қайтыс болды. Оның әйелі Ли Марина Вячеславовнаға, «Профилактикалық медицина және тамақтану» кафедрасының аға оқытушысы, оның балаларына, достары мен әріптестеріне көңіл айтамыз

24.07.2020 Құрметті дәрігерлер!
Сіздердің назарларыңызға БЮДЖЕТ ЖӘНЕ ШАРТТЫ НЕГІЗДЕ 2020 ЖЫЛҒЫ 27 ШІЛДЕДЕН БАСТАЛАТЫН ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ЦИКЛДЕРІН ұсынамыз.

22.07.2020 Назар аударыңыздар!

20-30 шілде аралығында « Covid-19: барлық кезеңдерде медициналық көмек көрсету» шеберлік сабағы өтеді. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бағдарлама.


22.07.2020 Талапкерлерге!
Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштерді тапсыру мерзімі 30 шілдеге (қоса есептегенде) дейін ұзартылды.

21.07.2020 Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі резидентурада мақсатты оқытуға 293 грант бөлді

Резидентура бағдарламалары бойынша мақсатты оқыту үшін Нұр-Сұлтан медициналық ұйымдарын кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету үшін әкімдік 2 жылдан 3 жылға дейінгі 14 мамандық бойынша 293 грант бөлу туралы шешім қабылдады.


16.07.2020 Рухы иманды болсын!

Астана медицина университеті» КеАҚ Травматология және ортопедия кафедрасының профессоры Рахимов Серік Құлжанұлы үшін қайғырып, оның отбасына, достары мен әріптестеріне көңіл айтамыз.


16.07.2020 Хабарландыру!
2020 ж. шілдеде «Астана медицина университеті» КеАҚ Сенаты ұсынған бос білім гранттарына ауысуға ұсынған студенттері мен интерндерінің тізімімен таныс болыңыздар.

15.07.2020 Көңіл айтамыз...

М.ғ.д., Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының директоры, универсмитетіміздің түлегі және бұрынғы оқытушы-профессоры, проректоры Нұрлан Жұмағұлұлы Баптеновтың кенеттен қайтыс болуына байланысты жұбайы Дерматовенерология және дерматокосметология кафедрасының меңгерушісі Гүлнар Рыскелдіқызы Батпеноваға көңіл айтамыз. Рухы иманды болсын!


15.07.2020 Маңызды ақпарат талапкерлерге!

Құрметті талапкерлер, білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі 2020 жылдың 25 шілдесіне дейін ұзартылғанын хабарлаймыз. Біз сонымен қатар келесі қызметке өтінім беру жөніндегі нұсқаулықты назарға ұсынамыз: білім беру грантын беру, сонымен қатар жоғары оқу орындарындағы студенттерге әлеуметтік қолдау көрсету.


14.07.2020 Құрметті профессор Әшім Болатұлы Әубәкіров өмірден өтті

Терең өкінішпен, 2020 жылдың 14 шілдесінде, 68 жасында, құрметті профессор Әшім Болатұлы Әубәкіров қайтыс болғандығын хабарлаймыз. Профессордың отбасы мен туыстарына көңіл айтамыз.


14.07.2020 Магистратура білім беру бағдарламаларын меңгергісі келетін құрметті талапкерлер!
Қазақстан Республикасындағы қалыптасқан COVID-19 пандемиясы жағдайына байланысты магистратураға өтініш қабылдау ағымдағы жылдың 18 шілдесіне дейін ұзартылды. Қабылдау туралы толық ақпаратты «Докторантқа, магистрантқа, резидентке» бөлімінде талапкерлерге арналған бетте таба аласыз.

13.07.2020 Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні. Бүкіл ел коронавирустан қаза тапқандарды еске алуда.

Коронавирустың бүкіл елге таралып бастаған күннен бері елу мыңнан аса тұрғынымыз вирус жұқтырылып, 375 адам қайтыс болды, олардың 28-і – дәрігерлер. Бүгін бүкіл Қазақстан бойынша коронавирус пандемиясының құрбаны болған азаматтарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланды. 


13.07.2020 Коронавирустан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтамыз
Коронавирустан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтамыз және науқастарға тез сауығуларын тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

08.07.2020 АстМУ студенті Бахтияр Ажкен КВИ анықтаудың жаңа құрылғысын жасауға қатысты
Коронавирусты диагностикалау үшін анағұрлым тиімді құрылғыны сынақтан өткізу туралы жаңалықтар Қазақстанның көптеген ақпараттық ресурстарында пайда болды. Онда адамның тыныс алу жолымен коронавирусты анықтайтын тест жүйесін Қазақстанға жеткізу туралы айтылған болатын. Әзірлеушілер бұл диагностиканың ең жылдам және арзан әдісі болуы мүмкін деп мәлімдеді, өйткені құрылғы вирусты адамның төрт дем алуында анықтайды және ол 5-6 еуроға бағаланады.

08.07.2020 Құрметті талапкерлер!

Психометриялық тестті тапсырушылардың көптігіне байланысты өтінімдерді толықтай өңдеу мақсатында 8 шілдеден сағат 14.30-дан бастап Астана медицина университетінің порталы уақытша тоқтатылады. Осыған орай басқа медициналық университеттердің порталдарында психометриялық тестті тапсыруларыңызды өтінеміз! 


08.07.2020 Қымбатты әріптестер!

Ертең, 9 шілдеде, Нұр-Сұлтанда уақытs бойынша сағат 17.00-де, «Хартманның операциясы. Әлі де қажет пе?» тақырыбында вебинар өтеді. Лектор – проф. Дайнюс Павалькис. Вебинарға қосылу үшін сілтемені басыңыз: https://kaznmu.webex.com/kaznmu-ru/j.php… Вебинар нөмірі: 166 120 7572. Пароль: 1157.


05.07.2020 Аса құрметті Қайыртай Хамитұлы!

Сізді 70 жылдық мерейтойыңызбенен құттықтауға рұқсат етіңіз! Сіз көптеген жылдар бойы жас мамандарды тәрбиелеуге арнадыңыз, керемет ғалымдарды өсірдіңіз, оларға жомарттық беріп, өз біліміңізді, ғалым ретіндегі бай тәжірибеңізді, талантыңызды, ұстаздың терең білімі мен шеберлігін жеткіздіңіз. Сол үшін Сізге деген алғысымыз шексіз!


02.07.2020 Студенттердің басқа ЖОО-дан ауысуы және «АстМУ» КеАҚ-та оқу үшін қайта қабылдануы

«Астана медицина университеті» КеАҚ-та (бұдан әрі – «АстМУ» КеАҚ) жазғы демалыс кезінде басқа университеттерден студенттерді ауыстыру және оқуға қайта қабылдау жүргізіледі: бакалавриат 2020 жылдың 1 шілдесі мен 25 шілдесі аралығында (2-5 курс, барлық факультеттер); интернатура 2020 жылдың 1 шілдесі мен 25 шілдесі аралығында (6-7 курс, «Жалпы медицина» және «Стоматология»);резидентура 2020 жылдың 1 тамызынан 10 тамызына дейін.


01.07.2020 Сенаттың кезекті отырысы өтті

Сенаттың 2020 жылғы 25 маусымдағы кезекті отырысының шешімі, № 12 хаттамамен таныс боыңыздар.


30.06.2020 Босатылған гранттар саны

2020 жылғы 1 шілдеде 2019-2020 оқу жылының көктемгі семестріне мамандықтар мен оқу курстары аясында босатылған бос мемлекеттік білім гранттарының саны туралы ақпарат.


26.06.2020 Қоғамдық денсаулық сақтау бойынша онлайн-семинарлар
Біздің стратегиялық серіктесіміз Вильнюс университетінің (Литва, Қоғамдық денсаулық сақтау институты) қатысуымен 2020 жылдың 25-26 маусымы аралығында Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының ұйымдастыруымен (кафедра меңгерушісі Әсия Қайырбайқызының жетекшілігімен) студенттерге арналған онлайн семинарлар өткізілді. 

22.06.2020 Талапкерлерге арналған ақпарат

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары» негізінде  жоғары білім берудің «Жалпы медицина», «Педиатрия», «Стоматология», «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламаларының топтары бойынша оқуға түсуге ниет білдірген тұлғалар психометриялық тестілеу формасында арнайы бір емтихан тапсыруы қажет.


22.06.2020 Сенаттың 2020 жылғы 9 маусымдағы кезекті отырысының шешімі

2020 жылғы 9 маусымда Сенаттың кезекті №11 отырысы өткізілді. Шешімдерімен таныс болыңыздар...


17.06.2020 Білім беру бағдарламаларымыз аккредиттеуден сәтті өтті!

Астана медицина университетінің ұжымын халықаралық мамандандырылған білім беру бағдарламаларын аккредиттеуден сәтті өтуімен құттықтаймыз! Медициналық университеттің сәтті аккредиттелінуі медициналық кадрларды даярлау сапасын арттыруға негіз болып табылады.


17.06.2020 «АстМУ» КеАҚ оқытушылары біліктіліктерін арттыруда
«АстМУ» КеАҚ оқытушы-профессорлық құрамының біліктілігін арттыру бойынша 2020-2021 жылдарға арналған жоспарға сәйкес оқытушылардың цифрлық дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру мақсатында университеттің оқытушылары үшін білім беру технологияларын тарату орталығы қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, оқу іс-шараларын ұйымдастырды.

10.06.2020 Профилактикалық медицина және нутрициология кафедрасында «Гигиенист» ғылыми үйірмесінің жұмысымен танысу
Сонымен, оқу жылы аяқталды және профилактикалық медицина және нутрициология кафедрасында «Гигиенист» ғылыми үйірмесінің жұмысымен танысуға уақыт келді. Үйірме құрамында студенттер, мектеп оқушылары және жас ғалымдар бар. Оқу жылы дипломдар мен жас ғалымдардың жарияланымдары үшін жемісті болды. Пандемияға қарамастан үйірменің көптеген мүшелері ғылыми шараларға белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

03.06.2020 Құрметті Сенат мүшелері!

Сенаттың келесі отырысы 2020 жылдың 9 маусымында өтеді. Өтетін орны – бас ғимараттың мәжіліс залы, уақыты – сағат 15.00-де.


03.06.2020 2019-2020 оқу жылының көктемгі семестрінде босатылған бос мемлекеттік білім беру гранттарының саны
2020 жылғы 1 маусымдағы 2019-2020 оқу жылының көктемгі семестріне мамандықтар мен оқу курстары аясында босатылған бос мемлекеттік білім гранттарының санымен таныс болыңыздар.

01.06.2020 Университетімізге білім беру бағдарламаларын бағалу мақсатында АРТА сарапшылары келді
28-30 мамыр аралығында Астана медицина университетіне он білім беру бағдарламасына сыртқы бағалау жүргізу үшін Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің (АРТА) мамандары келді.

01.06.2020 Шахматтан онлайн-турнирдің нәтижелері
2020 жылғы 30 мамырда Спорттық медицина орталығы мен Спорт клубы Ұлы Жеңіс мерекесінің 75 жылдығына арналған Университеттің қызметкерлері арасында шахматтан ашық онлайн турнир өткізді. Бұл алғаш рет https://lichess.org платформасында өткізілген онлайн турнир болды.

30.05.2020 Құрметті әріптестер!
«Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы» АҚ «Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің фтизиопульмонология және жұқпалы аурулардың ұлттық медициналық ғылыми-зерттеу орталығы» федералды мемлекеттік бюджеттік мекемесімен бірлесіп  бейнеконференцбайланыс арқылы COVID-19 коронавирустық инфекциясы туралы онлайн-семинар өткізеді. 

30.05.2020 Құрметті оқытушылар!
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 12 айдан 27 айға дейінгі мерзімге 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыруға конкурс жариялады. Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2020 ж.11 мамыр - 2020 ж. 26 ​​маусым.

28.05.2020 Шахматтан онлайн-турнир өткізіледі!

30 мамырда Спорттық медицина орталығы мен Спорт клубы Ұлы Жеңіс мерекесінің 75 жылдығына арналған ашық онлайн турнир өткізеді.

МУА оқытушылары мен қызметкерлері турнирге қатыса алады.

Өтетін орны: https://lichess.org онлайн платформасы.

Күні мен уақыты: 2020 жылғы 30 мамыр, сағат 12.00.


28.05.2020 «Тері нені «айтады»?» тақырыбында бейнеконференция өтті
Оқу процесіне инновациялық технологияларды енгізу мақсатында 2020 жылдың 20 мамырында м.ғ.д., профессор Г.Р. Батпенова бастаған университетіміздің дерматовенерология және дерматокосметология кафедрасы және кафедра доценті Н.О. Цойдың қатысуымен «Тері «нені айтады»?» тақырыбында бейнеконференция ұйымдастырды.


27.05.2020 Дүниежүзілік ас қорыту күніне арналған конференция өтеді
Қазақстан Республикасы Гастроэнтерологтарының Ұлттық Ассоциациясы және «Астана медицина университеті» КеАҚ сіздерді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен жыл сайын «Дүниежүзілік ас қорыту денсаулығы күніне (WDHD) арналған республикалық конференцияға қатысуға шақырады.

27.05.2020 Құттықтаймыз!
Әріптесіміз, өз ісінің шебері және жай ғана жақсы адам, В.Г. Корпачев атындағы патологиялық физиология кафедрасының профессоры Наталья Кабдуалиеваны туған күнімен құттықтаймыз.! Тілектеріміз видеода: https://www.facebook.com/watch/?v=2712511742313048.




21.05.2020 Назар аударыңыздар!
Мамандандырылған аккредиттеу процедурасы аясында 2020 жылдың 28 мамырынан 30 мамырына дейін тәуелсіз аккредиттеу агенттігінің Сыртқы сараптау комиссиясы білім беру бағдарламаларын бағалау мақсатында университетке келуді жоспарлады.

20.05.2020 2020 жылғы 25 мамырдан басталатын қайта даярлау және біліктілікті арттыру циклдері

Астана медицина университеті 2020 жылғы 25 мамырдан бастап келесі қайта даярлау және біліктілікті арттыру циклдерін ұсынады. Презентация (орыс тілінде).


20.05.2020 Қабылдау комиссиясының жұмысы
Елдегі төтенше жағдайға қарамастан, Университеттің Қабылдау комиссиясы бакалавриаттың білім беру бағдарламалары бойынша мансаптық бағдарлау жұмыстарын белсенді жүргізді. Жұмыста үгіт-насихат жүргізудің және кәсіби бағдар берудің әртүрлі әдістері қолданылды: талапкерлерге арналған ақпараттық стендтер құрылды, Медиа-баспасөз орталығының көмегімен БАҚ және университеттің ақпараттық ресурстарында материалдар жарияланды, техникалық бөлімдермен бірге университетке қабылдау туралы онлайн-конференциялар ұйымдастырылды.

19.05.2020 Жаңа провост (бірінші проректор) тағайындалды

Астана медицина университетінің Провосты (бірінші проректоры) және Басқарма мүшесі болып Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры қызметін атқарған Сәуле Ілиясқызы Сыдықова тағайындалды. Университеттің ұйымдық құрылымына сәйкес, Сәуле Ілиясқызы оқу, ғылыми және клиникалық қызмет мәселелеріне жетекшілік етеді.


19.05.2020 Директорлар кеңесінің жаңа төрағасы тағайындалды

«Астана медицина университеті» КеАҚ Директорлар Кеңесінің 2020 жылғы 15 мамырдағы №2 шешімімен тәуелсіз директор Бақытжан Жарылқасынұлы Әбдірайым Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Б.Ж.Әбдірайым – ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор, бірқатар шетелдік университеттердің құрметті профессоры, мемлекеттік марапаттар мен құрметті атақтардың иегері.


19.05.2020 Дерматовенерология және дерматокосметология кафедрасы сіздерді «Тері нені айтады?» вебинарына қатысуға шақырады

Астана медицина университетінің Дерматовенерология және Дерматокосметология кафедрасы сіздерді «Тері нені айтады?» вебинарына қатысуға шақырады. Вебинар 20 мамырда, сағат 12: 00-де өтеді. Желідегі кездесу барысында ең көп таралған жұқпалы аурулардың, соның ішінде COVID-19-дың терінің көріністерін дифференциалды диагностикалау мәселелері талқыланады.


16.05.2020 Биылғы оқу жылында ҚМА қалай өтетіндігі туралы
Елдегі қазіргі жағдайға байланысты, біздің университеттің бакалавриат бағдарламасының түлектері қорытынды мемлекеттік аттестациядан қашықтықтан оқыту режимінде өтуі керек. Әр факультетте ҚМА қалай өтетін туралы нұсқаулармен таныс болыңыздар...

16.05.2020 2020 жылғы мамыр айындағы қайта даярлау және біліктілікті арттыру циклдері
Астана медицина университеті 2020 жылдың мамыр айында қайта даярлау және біліктілікті арттыру бойынша келесі қызметтерді ұсынады. Презентацияны қарап шығыңыз (орыс тілінде).

12.05.2020 Құрметті мейіргерлер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге атқарып жатқан еңбектеріңіз бен мейірімділіктеріңіз үшін алғысымыз шексіз! Жүректеріңіз үнемі шаттық пен қуанышқа толсын! Әрқашан бақытты және әдемі, сәтті және қайырымды бола беріңіз.


09.05.2020 Құрметті достар!

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр – тарихтың қасиетті күні, ұрпақтар мен халықтардың басын қосатын, жүздеген мың адамдардың өмірін қиған мереке.


09.05.2020 Хабарландыру
28-29 мамырда Федералды округтің (РФ) бірінші жұқпалы аурулар конгресі өтеді. Іс-шара жұқпалы аурулар дәрігерлері, эпидемиологтар, вирусологтар, пульмонологтар, ЛОР мамандары, отоларингологтар, кардиологтар, гастроэнтерологтар, жалпы практика дәрігерлері үшін арналған.

07.05.2020 Құрметті әріптестер!
Отан қорғаушы күні – бұл барлық ер-азаматттардың: әскери борышын атқарғандардың да, енді ғана әскер қатарын толықтыратындардың да мейрамы. Бұл мейрам Отанымыздың азаттығы үшін, сіз бен біздің азаттығымыз және тәуелсіздігіміз үшін өз өмірлерін қиған боздақтардың бүгінгі ұл-қыздарының мейрамы. Мейрамдарыңыз құтты болсын, асыл азаматтар! Отанымызды, отбасыңызды, жақындарыңызды әрдайым қорғап жүре беріңіздер. Аспанымыз ашық болғай!

05.05.2020 Ақылы негізінде оқитын құрметті студенттер мен интерндер!

Оқу процесінде босатылған мемлекеттік білім гранттарын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау 2020 жылғы 10 мамырдан бастап 2020 жылғы 10 шілдегі дейін жүргізіледі. Құжаттарды «е-University» орталығына тапсырасыздар.


04.05.2020 Астана медицина университетінде Медиа студия ашылды
Бүгін Астана медицина университетінде университеттің білім беру жүйесіне инновациялық технологияларды енгізу мақсатында Медиа студия ашылды. Мұндай студия қазіргі кезде бүкіл ел қашықтан оқыту жүйесіне көшкен кезде өзекті болып табылады. 

01.05.2020 Құрметті достар!

1 мамырда Қазақстан ең маңызды мерекелердің бірі – Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтеді. Бұл жарқын мамыр мерекесі біздің көпұлтты халқымыздың бейбітшілік пен келісімді білдіретін керемет дәстүрлерін жалғастыруда! Астана медицина университеті барша қазақстандықтарды мемлекеттің бірлігі мен тұтастығын білдіретін тамаша мерекемен құттықтайды! Сіздерге бейбітшілік, мейірімділік, бақыт және үміт тілейміз!


30.04.2020 Бакалавриат бағдарламаларына қабылдау бойынша онлайн-трансляция
Бүгін Астана медицина университетінің Қабылдау комиссиясы университеттің Инстаграмдағы amu_mua_official парақшасында тікелей эфирге шығып, талапкерлермен бакалавриатқа құжаттарды қабылдау ережелері, білім гранты конкурсына қатысу, оқуға түсу баллдары, мамандықтар, академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері және т.б. туралы ақпаратпен бөлісті.

30.04.2020 Карантин кезіндегі Профилактикалық медицина және нутрициология кафедрасының жұмысы

Карантин жұмыс жүйесіне қашықтықтан өтуге байланысты өзгерістер енгізсе де, профилактикалық медицина және нутрициология кафедрасының жұмыс жоспарында үлкен өзгерістер байқалмады. Студенттермен, соның ішінде инновациялық технологиялар бойынша, жұмыс белсенді түрде жалғасуда. 


27.04.2020 2019 жылғы ғылыми және инновациялық қызмет көрсеткіштері бойынша қорытындылар
Астана медицина университетін Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындарының 2019 жылғы ғылыми және инновациялық қызмет және динамикалық дамуды бағалау бойынша рейтингісінде үшінші орынға ие болуымен құттықтаймыз! Бұл нәтижелерді Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы қорытындылады.

27.04.2020 В.Г. Корпачёв атындағы патологиялық физиология кафедрасында қашықтықтан оқыту
Өмір мен денсаулықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ COVID-19 таралуын болдырмау мақсатында Астана медицина университетінің студенттері қашықтықтан оқытудың онлайн режиміне өтті. Қашықтықтан оқыту элементтерін кезең-кезеңімен енгізу жоспарланған, COVID 19 сәйкес жарияланған авариялық режим мен карантин жағдайында, В.Г. Корпачёв патологиялық физиология кафедрасы қызметкерлерінің барлық қызмет түрлерінде елеулі өзгерістер қажет болды.

27.04.2020 «Ішкі аурулар» дисциплинасы бойынша онлайн-сессия өтті

2020 жылғы 15-24 сәуір аралығында Жалпы медицина факультетінің 4-курс студенттерімен қашықтықтан оқыту аясында «Ішкі аурулар» пәні бойынша сабақ өткізілді. Көптеген қиыншылықтар болғанын жасырмаймыз, өйткені бұл пән бойынша емтихандар алғашқы рет осы форматта өтті және емтихан әрқашан өте күрделі және мұқият дайындықты талап етеді: пәннің өзін де, медицина негіздерін де жоғары деңгейде білу қажет.


24.04.2020 Астана медицина университетін құттықтаймыз!
Астана медицина университетін Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындарының 2019 жылғы ғылыми және инновациялық қызмет және динамикалық дамуды бағалау бойынша рейтингісінде үшінші орынға ие болуымен құттықтаймыз! Бұл нәтижелерді Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы қорытындылады.

23.04.2020 «Алты Алаштың айнасы – Хакім Абай» атты онлайн-байқауының нәтижесі

2020 жылғы 10-22 сәуір аралығында «Астана медицина университеті» КеАҚ Жастар ісі орталығының және «Тұмар» шығармашылық ұйымы төрайымы, «Қоғамдық денсаулық және менеджмент» факультетінің 3 курс-студенті, факультеттің студенттік бірлестік президенті Қараманова Інжудің демеушілігімен ұлы ақын, философ Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған Абай мұраларын насихаттау мақсатында «Алты Алаштың айнасы – Хакім Абай» атты онлайн-байқау өтті. Байқауға 20-дан аса студент белсенділік таныта қатысты.


22.04.2020 «Көп салалы ауруханада медициналық визуализация. Диагностиканың инвазивті емес әдістеріне назар аудару» атты V ғылыми-білім беру онлайн-конференциясы
2020 жылдың 16 және 17 сәуірінде алғаш рет онлайн форматында Ресей радиологтары мен рентгенологтары ұйымдастырған «Көп салалы ауруханада медициналық визуализация. Диагностиканың инвазивті емес әдістеріне назар аудару» атты V ғылыми-білім беру онлайн-конференциясы өткізілді.

22.04.2020 Фармация деканатының қашықтықтан практикалық сабақтарды, жазбаша емтихандарды ұйымдастыру және өткізу бойынша онлайн консультациялар өткізуде
Бірнеше күн бойы фармация деканаты барлық курстардың студенттерімен онлайн-консультациялар өткізуде, онда бітіруші фармацевтикалық пәндер кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы және 5В110300 фармацевтикалық білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға қатысатын басқа да кафедралар белсенді қатысады.

21.04.2020 Мерейтойыңызбен!
«Астана медицина университеті» КеАҚ Ішкі аудит қызметінің академиялық жұмыс бойынша аудиторы Ақмарал Қалмаханбетқызы Мұсаханованы шын жүректен мерейтойымен құттықтаймыз! Осы шаттық мереке күні қажырлы еңбегіңіз үшін алғыс айта отырып, Сізге мықты денсаулық, шексіз қуат, ұзақ ғұмыр және жұмыста сәттілік тілейміз!

20.04.2020 Құттықтаймыз!
Қазіргі әлемдегі, әсіресе дамыған елдердегі, заманауи ақпараттық қоғамдағы медицина ғылымы мен білімі медицинаның дамуына себеп болып, ұлттың, мемлекеттің дамуының негізін құрайды. Университеттегі басты потенциалды тұлға – ғылыми қызметі сапалы дамуға бағытталған студент.

17.04.2020 Назарбаев Университетінің Әлеуметтік даму қорына көрсетілген қаржылық көмек үшін алғыс айтамыз

Астана медицина университетінің басшылығы мен студенттері Назарбаев Университетінің Әлеуметтік даму қорының басшылығына Астана медицина университетінің коронавирустың алдын-алуға қатысып жатқан 52 ерікті білім алушыларына көрсеткен қаржылай көмегі үшін үлкен алғыс білдіреді.


12.04.2020 Құрметті достар!
Қазақстандық ғылым күнімен құттықтаймыз! Біз Астана медицина университетіне әрдайым ғылыми прогрестің, қызықты идеялардың, сәтті жобалардың, керемет жаңалықтардың және жоғары нәтижелердің көшбасшысы болуын тілейміз. Сондай-ақ, біз жас ұрпаққа жарқын ақыл, жаңа шабыт, керемет шыдамдылық, сенімді күш пен ғылымға деген өшпес махаббат тілейміз!

10.04.2020 Құрметті әріптестер!
Сіздерге университеттің әлеуметтік желілерінде және корпоративтік веб-сайтында университет қызметкерлеріне арналған үнемді өндіріс – кайзен – бойынша тегін мастер-класстың бары туралы хабарлаймыз.

10.04.2020 Құрметті талапкерлер! PhD докторантураға түсу бойынша ақпарат!
«АстМУ» КеАҚ-та докторантурада оқуға алдын-ала іріктеу үшін құжаттар 06.04.2020 ж. 15.05.2020 ж. аралығында қабылданады. 

10.04.2020 “Алты Алаштың айнасы – Хакім Абай” атты университет студенттері үшін өлең оқу байқауы өткізіледі
Астана Медицина Университеті КеАқ Жастар орталығының ұйымдастыруымен және “Тұмар” шығармашылық ұйымының төрайымы,”Қоғамдық денсаулық және менеджмент” факультеті студенттік бірлестік президенті, Университетіміздің 3 курс студенті Қараманова Інжудің демеушілігімен ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған “Алты Алаштың айнасы – Хакім Абай” атты университет студенттері үшін өлең оқу байқауы өтеді.

22.03.2020 Наурыз мерекесі құтты болсын!
Наурыз – жаңару мен тазару, махаббат пен сұлүлық мерекесі! Әрқашан жаныңыз ізгі, көңіліңіз көтеріңқі болсын! Ректордың құттықтау сөзі...

20.03.2020 Астана медицина университетінің волонтер студенттері мамандарға коронавирустың алдын-алуға көмектесуде
Қазіргі уақытта ел үшін қиын карантиндік жағдайда Астана медицина университетінің он студенті Қазақстан Республикасының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті департаментінің қызметкерлеріне көмек көрсетуге ниет білдірді. Бұл үлкен тәжірибе және еліміздің болашақ медицина қызметкерлері үшін ерекше үлес.

18.03.2020 «Қазақстан медициналық кеңесі» медициналық білім мен ғылым қауымдастығының медицина қызметкерлеріне үндеуі
Еліміздегі қиын эпидемиологиялық жағдайға байланысты «Қазақстан медициналық кеңесі» медициналық білім мен ғылым қауымдастығы медицина қызметкерлеріне жолдау жасады. Себебі қазір бүкіл қоғам беріктікті сынаудың өте маңызды және жауапты кезеңінен өтіп жатыр.


17.03.2020 Біріктірілген 3D дәріс
«Астана медицина университеті» КеАҚ студенттерінің танымдық қызметін арттыру, пәнаралық байланыстарды нығайту мақсатында, жалпы және биологиялық химия кафедрасы мен қалыпты физиология кафедраларында биохимия және физиология пәндері бойынша біріктірілген 3D дәріс енгізілді.

16.03.2020 Резидент-неонатологтарымызға алғыс сөздері
«Қарағанды ​​медицина университеті» КеАҚ «Астана медицина университеті» КеАҚ Б.Т. Карин басқарған Неонатология кафедрасына, әсіресе клиникалық тәлімгерлер Ш.С. Нұрашбековаға, Д.С.Касеновке үлкен алғысын білдіреді.

16.03.2020 Босатылған мемлекеттік білім гранттары
2019-2020 оқу жылының қысқы емтихандық сессиясының қорытындысы бойынша босаған бос білім беру гранттарын беру туралы "Астана медицина университеті" КЕАҚ білім алушыларын құттықтаймыз!

 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 11 наурыздағы №95 бұйрығына сәйкес, 2019-2020 оқу жылының аралық аттестаттау қорытындысы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған ақылы негізде білім алушы магистранттар және студенттер тізімі.

11.03.2020 Құрметті достар!

COVID-19-бен туындаған эпидемиологиялық жағдайға байланысты Университетте студенттер мен қызметкерлерге консультативтік және шұғыл медициналық көмек көрсететін медициналық пункт жұмыс жасайтыны туралы хабарлаймыз. Медициналық пунктінің жұмыс уақыты: 8:30-дан 17:30-ға дейін. Орналасқан жері: 49-ғимарат, 1-қабат.


10.03.2020 Шетелдік студенттердің назарына!
2020 жылғы 11 наурызда сағат 16:00-де Университеттің акт залында «Дін саласындағы мемлекеттік саясат және этносаралық және конфессияаралық тұрақтылықты сақтауды қамтамасыз ету» тақырыбында студенттер арасында деструктивті ағымның және діни экстремизмнің алдын алу бойынша жыл сайынғы ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізіледі.

10.03.2020 «Дін саласындағы мемлекеттік саясат және этносаралық және конфессияаралық тұрақтылықты сақтауды қамтамасыз ету» тақырыбында студенттермен кездесуі өткізілді
2020 жылғы 4 наурызда «Астана медицина университеті» КеАҚ акт залында Жастар ісі жөніндегі орталықтың қолдауымен «Дін саласындағы мемлекеттік саясат және этносаралық және конфессияаралық тұрақтылықты сақтауды қамтамасыз ету» тақырыбында студенттер арасында деструктивті ағымның және діни экстремизмнің алдын алу бойынша жыл сайынғы ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.

10.03.2020 Мектеп оқушыларына профориентациялық жұмыс
Қалыпты физиология кафедрасына Нұрсұлтан қ. №56 мектеп-лицейдің 9 сынып оқушыларымен бірге, келесі мектеп оқытушылары: Сядыбекова Райхан Конусбаевна, Туткышбаева Айгерім Бейсеновна мен Насрлаева Ботагоз Бахтжонқызы профориентациялық жұмыс бабымен келді. 

06.03.2020 Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасында Абайдың 175 жылдығына арналған ашық сабақ өткізілізді

13 наурыз 2020 жылы Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы Бектаева И.Б. жетекшілігімен, Жалпы медицина факультетінің 135 топ студенттері ұйымдастырған, «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» Абайдың 175 жылдығына арналған, ашық сабақ өткізілізді. Мәдени шарада ұлы ақынның өмір баяны жайлы, Абайдың өлеңдері мен қара сөздері айтылды. Іс-шара соңында кафедра меңгерушісі Омарова Б.К. сөз сөйлеп, алғысын білдірді.


06.03.2020 Құттықтаймыз!

Университет Басшылығы мен ұжымы туған күнімен Сенат хатшысы, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» атағының иегері Шолпан Қабыкенқызы Хусаинді шын жүректен құттықтайды!


06.03.2020 «Қоғамдық денсаулық және менеджмент» факультеті студенттерінің академиялық ұтқырлығы
2020 жылдың ақпанның 10-нан 3 наурыз аралығында «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ пен «Астана медицина университеті» КеАҚ-тың «Қоғамдық денсаулық және менеджмент» факультетінің 3-курс студенттері академиялық ұтқырлық аясында тәжірибе алмасты. 

05.03.2020 «Абай-дара,Абай-дана» тақырыбында танымдық-тәрбиелік ашық сабақ
6 наурыз 2020 жылы «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі профессоры Омарова Б.Қ және аға оқытушысы Кәнжіл Ш. жетекшілігімен, «Жалпы медицина» Факультетінің 136-137 топтар студенттері, Жастар ісі жөніндегі орталығының қолдауымен, Абайдың 175 жылдығына орай «Абай-дара, Абай-дана» тақырыбында танымдық-тәрбиелік ашық сабақ ұйымдастырып өткізді. Іс шараның барысында 6-лек студенттері қара сөз оқып, өлең шумақтарын айтты. Тақырып бойынша сұрақ жауаптар ұйымдастырылып, ән шырқалып, домбырадан күй шырқалды.

05.03.2020 Хабарландыру
"Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасын іске асыру шеңберінде "Астана медицина университеті" коммерциялык емес акционерлік қоғамы ғалымдар және ТКК/ТТК қызметкерлеріне ағылшын тілін оқыту қызметтеріне конкурс жариялайды.

05.03.2020 “Ұлы даланың ұлы ақыны-Абай!” атты танымдық ашык сабак

12 наурыз 2020 жылы Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы Калменова Б.Т жетекшілігімен, Жалпы медицина факультетінің 123 топ студенттері ұйымдастырған, Ұлы даланың ұлы ақыны-Абай!” атты Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған, танымдық ашык сабак өткізілді.



03.03.2020 «Ұлы ғалым және ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған даналық негіздері» тақырыбында ашық сабақ
27 ақпан 2020 жылы «Әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының аға оқытушысы Калменова Б.Т жетекшілігімен «Қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент» факультетінің 101-топ студенттері және «Фармация» факультетінің 101-102-топ студенттері ұйымдастырған «Ұлы ғалым және ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған даналық негіздері» тақырыбында танымдық ашық сабақ өткізілді.

28.02.2020 Ұлы Абайдың 175-жылдығына орай кино-кеш
Ұлы Абайдың 175-жылдығына орай 26 ақпанда Астана медицина университетінде «Құнанбай» фильмі көрсетілді. Фильмде Абайдың әкесі – Құнанбай Өскенбаевтың өмірі баяндалады. Фильмнен көрермендер кейіпкердің шынайы мінезін және атақты ақынның тұлғасының қалыптасуына әсер еткен жағдайларды, волост губернаторының қиын ауыртпалығын көре алды. 

27.02.2020 «Әлеуметтік студенттік кредит» бағдарламасын түсіндіру жұмыстары
2020 жылғы 26 ақпанда «Астана медицина университеті» КеАҚ-та «Әлеуметтік студенттік кредит» бағдарламасын түсіндіру бойынша университет студенттерінің «Қаржы орталығы» АҚ өкілімен кездесуі өтті.

27.02.2020 BRITISH COUNCIL ҰСЫНҒАН BIG IDEA CHALLENGE 2020 БАЙҚАУЫ
Big Idea Challenge бейне-презентациялар байқауы жастарға инновациялық стартап құрып, ол туралы бүкіл əлемге айтып беруге мүмкіндік ұсынады. 
Егер сіз жасы 18-35 аралығындағы студент, түлек немесе жас кəсіпкер болсаңыз, онда идеяңызды іске асыруға £3,000 мөлшеріндегі қаржы мен Лондонға баруға мүмкіндік ала аласыз! 

Байқау келесі бағыттарда жүргізіледі:
  • Сандық технологиялар
  • Əлеуметтік ықпал
  • Шығармашылық

25.02.2020 Тұрсынбек Қабатовпен студенттердің кездесуі
Бүгін университетімізде Қазақстанның өнер майталмандарының бірі Тұрсынбек Қабатов студенттерімізбен кездесіп, керемет көңіл күй сыйлады. Кездесуді ұсынған әзілкештің өзі болатын.

24.02.2020 Абайдың 175 жылдығына арналған «Жас жүректе жанған шақ» елорданың ашық дельфий ойындары
Дельфий ойындары – бұл өнердің барлық түрлерін (бейнелеу, орындаушылық, қолданбалы, сөздік, əлеуметтік, экологиялық) біріктіретін, қазіргі жағдайда сұранысқа ие өнер саласындағы жас мамандардың кешенді жарыстары. 
Елорда Дельфий ойындары 2020 (бұдан əрі – Ойындар) жоғары өнер форумы ретінде Дельфий ойындарды практикалық дамыту мақсатында өткізіледі. Дарынды шығармашыл жəне талантты жастарды анықтау жəне қолдау, орындаушылардың кəсіби өсуіне ықпал ету. 
Адамгершілік құндылықтарды, тұлғаның үйлесімді дамуын қалыптастыру, жоғары эстетикалық жəне зияткерлік талғамды дарыту.

21.02.2020 ҚҰРМЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ЖӘНЕ КОЛЛЕДЖДЕРДІҢ СТУДЕНТТЕРІ МЕН ЖАС ҒАЛЫМДАРЫ!
2020 жылдың 23-24 сәуір аралығында «Астана медицина университеті» КеАҚ-тың «Сақтандыру медицинасы. Ғылым. Білім» атты жас ғалымдар мен студенттердің жыл сайынғы халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырады.

20.02.2020 Сарықарқа ауданының үкіметтік емес ұйымдарымен кездесу

2020 жылғы 18 ақпанда «Астана медицина университеті» КеАҚ-тың бастауыш партия ұйымы Жастар ісі жөніндегі орталықпен және Қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент департаментімен бірлесіп, «Құқықтық сауаттылық, білім беру ұйымдарындағы жанжалдарды азайту және отбасылық құндылықтарды сақтау» атты консультациялық-диалогтық алаңды ұйымдастырды.


20.02.2020 Вирусты канцерогенез сұрақтары және коронавирустар

Ш.И.Сарбасова атындағы микробиология, вирусология және иммунология кафедрасы жыл сайын 04 ақпан күні Бүкіләлемде аталып өтетін Дүниежүзілік онкологиялық ауруларға қарсы күрес күніне арналған айлық аясында «Вирусты канцерогенез сұрақтары және коронавирустар» тақырыбында жас ғалымдардың және студенттердің ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өткізді.



20.02.2020 Құрметті медициналық жоғары оқу орындарының білім алушылары!

«Астана медицина университеті» КеАҚ Медицина бойынша 2 Халықаралық студенттік олимпиаданың басталуы қарсаңында алғаш өткен Олимпиада оқиғаларын жылулықпен еске алады.


20.02.2020 Сот-сараптамасы мекемелеріне экскурсиялар
«Астана Медицина Университеті» КеАҚ сот медицинасы кафедрасы еріктілер жылының аясында ҚР Әділет министрлігінің Сот-сараптама орталығы Нұр-Сұлтан қаласының жалпы білім беретін оқу орындары мен университеттердің студенттері үшін сот-сараптамасы мекемелеріне экскурсиялар өткізуды қолға алғанын хабарлайды.

19.02.2020 Аға ұрпаққа қамқорлық
2020 жылы 18 қаңтарда филология пәндері кафедрасының аға оқытушысы С. А.Тулекееваның жетекшілігімен «Жалпы медицина» мамандығының 243-топ студенттері елордалық қарттар үйінде қазақтың ұлы ақыны және философы А.Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты шығармашылық кеш ұйымдастырды.

14.02.2020 С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне академиялық мобильділік
«Астана Медицина Универсиеті» КеАҚ «Қоғамдық денсаулық және менеджмент» факультетінің 3-курс студенттері 22 қаңтар-10 ақпан аралығында академиялық ұтқырлық аясында С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде білім алып келді.

13.02.2020 Қоғамдық денсаулық сақтаудағы көшбасшылар үшін Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының флагмандық курсы
10-14 ақпан аралығында "Бурабай" оңалту орталығы базасында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және Nazarbayev университетінің қолдауымен ДДҰ сарапшылары әзірлеген Қазақстан Республикасындағы қоғамдық денсаулық сақтау саясаты мен тәжірибесі бойынша флагмандық курс өтуде.

11.02.2020 №72 лицейдің ғылыми жетекшілерімен ПОҚ отырысы.

«Астана медицина университеті» КеАҚ, Профилактикалық медицина және нутрициология кафедрасы мен Нұр-сұлтан қаласындағы № 72 мектеп-лицей арасындағы меморандумға сәйкес, 2020 жылдың алғашқы айларында 2 әдістемелік отырыс өтті (31 қаңтар және 6 ақпан). 2020 жылдың 1-ші жартыжылдығына арналған іс-шаралар анықталды, өткізу форматтары анықталды , соның ішінде мектеп-гимназияның медициналық кластері оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысы.


11.02.2020 КОРОНАВИРУС ТУРАЛЫ НЕ БІЛУІҢІЗ КЕРЕК?
Коронавирус – бұл жалпы суықтан SARS және MERS-ге дейінгі әртүрлі ауруларды тудыратын вирустар отбасының мүшесі. Жаңа вирус уақытша «2019-нКоВ» деп аталды. Бұл вирус туралы не білуіңіз керек?

10.02.2020 4 курс студенттеріне «Медицинадағы төтенше жағдайлар» тақырыбында курсын өткізді
3-7 ақпан күндері симуляциялық орталықтың негізінде орталық қызметкерлері Қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент факультетінің деканымен бірге 4 курс студенттеріне (401–405 топтар) медицинада жедел жәрдем курсын өткізді. Тренингтің мақсаты: адам әл-ауқатының нашарлау белгілерін тануды үйрену. Білікті және жедел түрде ең қиын жағдайда адамды құтқаруға келу. Студенттер көктамыр ішіне енгізу, қанды іріктеу және инфузия техникасын үйрету үшін - трансфузионды терапия, жүрек-өкпелік реанимация, жоғарғы және төменгі жақтардың иммобилизациясы және т.б. әдістері бойынша тәжірибелік әдістерін машықтады. Студенттер бейнероликтерді қарап, «Медицинадағы төтенше жағдайлар» тақырыбында дәрістер тыңдады.

10.02.2020 Қауымдастырылған профессор ғылыми атағына ізденуші Иманғазинова Сауле Сағитқызы туралы.
14.00.00 Медицина мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор ғылыми атағына ізденуші Иманғазинова Сауле Сағитқызы туралы.

05.02.2020 «Әйелдердің репродукциялық денсаулығы» тақырыбындағы дәріс

2020 жылғы 03 ақпанда сағат 19-00-де «Астана медицина университеті» жатақханасының оқу залында Жастармен жұмыс жөніндегі орталық №1 акушерия және гинекология кафедрасымен бірлесіп, «Әйелдердің репродукциялық денсаулығы» тақырыбында дәріс өткізді. Бұл кездесулер «Акушерияның және гинекологияның өзекті мәселелері» тақырыбындағы дәрістер циклінің бір бөлігі болып табылады. Дәрісте қыздардың репродукциялық денсаулығы, жекебас гигиенасы, дұрыс тамақтану мәселелері көтерілді. Студенттер мамандардан өздерін қызықтыратын сұрақтарға толыққанды жауаптар алды. Іс-шараға 120-дан астам студент қатысты.

 

 



05.02.2020 Әскери дайындықтан өтуге ниет білдірген студенттерге хабарландыру.

Әскери дайындықтан өткісі келетін «Жалпы медицина» мамандығының 2-ші курс студенттері әскери кафедраға (Бейбітшілік көшесі, 51А), 2020 жылдың 3 ақпанынан бастап өтініш жазсын.

Әскери кафедрада оқу үшін студенттерді іріктеу тәртібі...



03.02.2020 11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдарлау жүргізілді.
Симуляциялық орталықтың базасында 2020 жылдың 31 қаңтарында жастармен жұмыс жөніндегі орталықпен бірге № 50, № 61 мектептердің 11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдарлау жүргізілді. Мақсаты: студенттерді медициналық білім негіздерімен таныстыру.

30.01.2020 «Қытай, Ухань қаласында жұқтырылған 2019-nCoV короновирус жұқпасының клиникалық ерекшеліктері» тақырыбында дәрістер
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Көпсалалы медициналық отралық базасында 27-29 қаңтар аралығында Жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д. докторы Кулжанова Ш.А. және кафедра резиденттерімен «Қытай, Ухань қаласында жұқтырылған 2019-nCoV короновирус жұқпасының клиникалық ерекшеліктері» тақырыбында «АстМУ» КеАҚ интерндері мен резиденттеріне дәрістер оқылды.

29.01.2020 «Профилактикалық медицина және нутрициология» кафедрасы оқытушыларының академиялық мобильділігі
20 қаңтардан 24 қаңтарға дейін академиялық ұтқырлықтың институтаралық бағдарламасы аясында профилактикалық медицина және нутрициология кафедрасының оқытушылары серіктес «Қарағанды ​​медицина университеті» КеАҚ-ғы «Қоғамдық денсаулық сақтау, биомедицина және фармация» мектебінде «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» және «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша 2-курс студенттеріне «Гигиенаға кіріспе» тақырыбында дәрістер мен практикалық сабақтар өткізді.

29.01.2020 Назар аударыңыздар!
2020 жылғы 29 қаңтарда сағат 15:00-де Университеттің акт залында Сенаттың ашық отырыс өткізіледі. Барлық қалаушыларды шақырамыз!

27.01.2020 «Нұр Отан» партиясының «Саяси коммуникациялар» тақырыбындағы екі күндік семинар-тренингі

2020 жылғы 25-26 қаңтарда Тәуелсіздік сарайында «Нұр Отан» партиясының басшылар мен партияның белсенді мүшелеріне арналған екі күндік семинар-тренингі өтті.


23.01.2020 Нұр-Сұлтан қаласы «Nur Otan» партиясы филиалының Партиялық бақылау комиссиясы мүшелері «Астана медицина университеті» КеАҚ әкімшілігімен кездесті
2020 жылғы 22 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласы «Nur Otan» партиясы филиалының Партиялық бақылау комиссиясының (ПБК) мүшелері жұмыс сапармен Астана медицина университетінің жатақханасына келді.

23.01.2020 Назар аударыңыздар!
Сенат отырысы басқа күнге ауысатыны туралы хабарлаймыз. Отырыстың болатынын күнің қосымша хабар береміз.

22.01.2020 Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне нөлдік төзбеушілік ахуалын құру
2020 жылы 22 қаңтарда "Астана медицина университеті" КеАҚ студенттер арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу аясында Жастар ісі жөніндегі орталық әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасымен бірлесе отырып, "Медицина" факультетінің 1-курс студенттері үшін "Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік ахуалын құру" тақырыбында профилактикалық іс-шара өткізді.

22.01.2020 Құрметті достар!
2020 жылғы 23 қаңтарда сағат 15:00-де Университеттің акт залында Сенаттың ашық отырыс өткізіледі. Барлық қалаушыларды шақырамыз!

20.01.2020 Тәжік мемлекеттік медицина университеті өкілдерінің қатысуымен Симуляциялық орталық базасында ашық сабақтар

Симуляциялық орталық базасында 2020 жылы 17 қаңтарда №2 хирургиялық аурулар кафедрасының профессоры К. Рүстемованың жетекшілігімен пациенттердің стандартталған әдістемесі бойынша «Перфорацияланған асқазан ойық жарасы» клиникалық сценарийіне сәйкес сабақ өткізілді және интернатура бойынша акушерия - гинекология оқу процесінің ашық сабағын акушерия және гинекология кафедрасының ассистенті Есжанова А.А. және кафедраның доценті Сейдулаева Л.А. «Плацентаның бекітілу ауытқуларына жедел көмек көрсету» клиникалық сценарийі бойынша өткізді. Ашық сабаққа 7 курс студенттері қатысты.

Ашық сабақты Абуали ибни Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университетінің өкілі неонатолог Ф. Бакаевтан және Тәжікстан Республикасының, жалпы хирургия кафедрасының доценті, медицина ғылымдарының кандидаты З.М. Нуровтан тұратын сараптау комиссиясы бағалады.


15.01.2020 Тәжікстаннан келген қонақтарға Симуляциялық орталық базасында Экскурсия

2020 жылдың 15 қаңтарында симуляциялық орталықтың базасында Абуали-ибни-Сино атындағы Тәжікстан мемлекеттік медицина университетінің қонақтарына экскурсия өткізілді. Қонақтарға шынайы манекендер мен муляждар көрсетілді. Бұл кездесу симуляциялық жаттығуда тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

 


14.01.2020 Босатылған мемлекеттік білім гранттары
"Астана медицина университеті" КЕАҚ студенттер мен интерндердің тізімі», аудару үшін Сенат ұсынған бос білім гранттарына 2020 ж. қаңтар

10.01.2020 Симуляциялық орталықтың базасындағы сабақтар
2019-2020 оқу жылының басынан бастап Симуляциялық орталықтың базасында шетелдік студенттерге сабақтар өткізіліп келеді. Студенттер акушерия-гинекология, хирургия, ішкі аурулар, балалар аурулары пәндері бойынша машықтар үйренді. 2020 жылғы 8-9 қаңтарда «Жалпы медицина» факультетінің шетелдік студенттері арасында емтихандар өткізілді, онда студенттер жоғары нәтиже көрсетті.

10.01.2020 Босатылған мемлекеттік білім гранттары
2020 жылғы 10 қаңтардағы мамандықтар мен оқу курстары кесініндегі 2019-2020 оқу жылдың күздік семестрінде босатылған мемлекеттік білім гранттарының санымен таныс болыңыздар.

09.01.2020 Қызметкерлерімізге алғыс
Динагүл Аяпбекқызы Баешеваның, Нурила Аманғалиқызы Малтабарованың және Баян Рысбекқызы Турдалинаның еңбектерін атап өткеміз келеді! Жаңа жылдың бірінші жұмыс күндерінен бастап университетімізге бірнеше алғыс хат келіп түсті. 

27.12.2019 «Салауатты тамақтану – жақсы көңіл-күй!» тақырыбында КТК
2019 жылдың 20 желтоқсанында, Жаңа жыл қарсаңында, «Профилактикалық медицина және нутрициология» кафедрасының оқытушылары «Салауатты тамақтану – жақсы көңіл-күй!» тақырыбында № 72 мектеп-лицейінің 6-шы сыныптары арасында КТК өткізді. Іс-шара қатысушылар үшін де, жанкүйерлер үшін де көңілді де танымды өтті.

26.12.2019 «Светоч» балалар үйіндегі жаңа жылдық кеш.

2019 жылғы 25 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласы маңындағы Малотимофеевка елді мекенінде орналасқан «Светоч» балалар үйінде жаңа жылдық кеш өтті. Іс-шара қайырымдылық мақсатта «Қоғамдық денсаулық және менеджмент» факультетінің деканы Ерболат Дербісәліұлы Даленовтың бастамасы бойынша және факультет деканының орынбасары Валерий Валентинович Шварц пен деканат қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткізілді. Факультет студенттерінің күшімен кеште түрлі концерттік номерлер ұйымдастырылды, балаларға сыйлықтар табысталды.


21.12.2019 «МӘМС: Қазақстан медицинасының трансформациясы» форумы шеңберінде университеттер арасындағы дебаттық турнир
Бүгін Астана медицина университетінде Медициналық сақтандыру қорының және университетіміздің ұйымдастыруымен «МӘМС: Қазақстан медицинасының трансформациясы» форумы шеңберінде еліміздің университеттері арасында дебаттық турнир өткізілуде. Пікірталас қатысушыларын ректорымыз Дайнюс Павалькис құттықтады.

18.12.2019 Сенат мүшелерінің назарына!
2019 жылғы 19 желтоқсанда бас ғимараттағы акт залында Сенат отырысы өткізіледі. Күн тәртібімен танысыңыз.

18.12.2019 Университетіміздің делегациясы Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясында Медициналық жастар ұйымының "Winter-TOM 2019" іс-шарасына қатысты.

2019 жылғы 5-7 желтоқсанда университетіміздің делегациясы Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясында Медициналық жастар ұйымының "Winter-TOM 2019" іс-шарасымен танысты. Осы кездесу шеңберінде бірінші күні ұлттық команда, ҚМЖО атқарушы және бақылау комитетінің мүшелері ұлттық деңгейде соңғы жарты жыл ішіндегі жұмыс туралы қорытынды есеп ұсынды. 


18.12.2019 ҚҰРМЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ, ИНТЕРНДЕРІ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДЕРДІҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫ!
«Астана медицина университеті» КеАҚ Студенттік Басқармасы Сізді 2020 жылғы 20-22 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Медицина бойынша II Халықаралық студенттік олимпиадаға қатысуға шақырады.

13.12.2019 Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні!

2019 жылғы 13 желтоқсанда «Астана медицина университеті» КеАҚ – та еліміздің ең басты ұлттық мейрамының бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні жылсайын 16 желтоқсанда аталып өтеді. Атаулы күннін белгіленуі тегін емес, себебі 1991 жылы осы күні Жоғарғы Кеңес Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады.



13.12.2019 «Қоғам өзгерістерді талап етеді!» тақырыбында XII-ші студенттердің ғылыми-практикалық дөңгелек үстел

2019 жылдың 3 желтоқсан күні Ш.И.Сарбасова атындағы микробиология, вирусология және иммунология кафедрасында 1 желтоқсан Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған «Қоғам өзгерістерді талап етеді!» тақырыбында XII-ші студенттік ғылыми-практикалық дөңгелек үстел болып өтті. Ғылыми практикалық дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты: білім алушыларды ғылымға баулу, талантты ғылыми зерттеушілерді іздеу және ЖИТС-ке қарсы күрес шараларының медицинадағы өзекті мәселелері жөнінде талқылау болды.


13.12.2019 «Шала туылған нәрестелер» атты көрмелік дәріс өткізілді
Желтоқсан айының 21-і күні SCORA белсенді қатысушыларының ұйымдастыруымен университет қабырғасында «Шала туылған нәрестелер» атты тақырыпқа көрмелік дәріс өткізілді.

13.12.2019 Студенттеріміз «Kit» инклюзивтік мектебіне барды

2019 жылғы 8 желтоқсанда SCORP адам құқықтары және әлем тұрақты комитетінің қатысушылары «Kit» инклюзивтік мектебіне барды. 


12.12.2019 №3 КҚБА базасында мерекелік іс-шара

12 желтоқсан күні Көпбейімді Қалалық Балалар Ауруханасы базасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне күні мемлекеттік мерекесіне орай Астана медициналық университеті студент жастары мен медицина ұжымымен ұйымдастыруымен мерекелік жиын өткіізілді. Мерекелік жиын барысында студент жастар отаншылдық рухтағы патриоттық әндер айтып, көпшілікке ерекше көңіл күй сыйлап алғысқа бөленді. Сонымен қатар, «Инфекциялық аурулар, соның ішіндегі балалар жұқпалы аурулар» мамандығы бойынша  оқу жылының 1 жыл резиденттері Жумалин С.К, Кубесинов Б.С, Жумабек П.К, Султанова Г.Ж, Жумакулова Г.Н, Куттыбек Г.Д  алғыс хаттарымен марапатталды.



12.12.2019 Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара!
КеАҚ «Астана медициналық университетінде» жақсы дәстүр қалыптасты: ол жыл сайын желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін» атап өту. 12.12.19 ж. «Жұқпалы аурулар кафедрасында» да бұл дәстүр атап өтілді. Осы күні жалпы медицина факультетінің 2 курс студенттері, кафедра оқытушыларымен бірге мерекелік концерт ұйымдастырды. Концертте студенттер өлең оқып, әндер шырқады, қазақтың күйлерін орындады.

12.12.2019 Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шара
Құрметті оқытушылар, студенттер және "АМУ" КЕАҚ қызметкерлері! Сіздерді Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шараға шақырамыз!
2019 жылғы 13 желтоқсанда сағат 11:00-де бас корпустың акт залында өтеді.

12.12.2019 Университет қызметкерлерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау үшін, ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу өткізілді.
Университет қызметкерлерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау үшін Мемлекеттік тілді дамыту тобының ұйымдастыруымен, 2019 жылғы 10 желтоқсанда Астана медицина университетінің бас ғимаратында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу өткізілді. ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеуге университеттің 91 қызметкері және ОПҚ қатысты.

12.12.2019 Студенттерді SCOPE жұмысын жақсарту мақсатында тарту
2019 жылдың 9 желтоқсанында кәсіби алмасу жөніндегі тұрақты комитеті 1-курс интерндері Болатов Айдос және Асқарова Алтынаймен кездесу өткізді. Айдос және Алтынай – "АстМУ" КеАҚ-та оқу кезінде университеттің ғылыми және клиникалық үйірмелерін басқарған көрнекті студенттердің бірі. 

12.12.2019 Академиялық мобильділік бағдарламасы шеңберінде Ташкент мемлекеттік стоматологиялық институтынан делегацияның келуі
2019 жылы 11-желтоқсанда Ташкент мемлекеттік стоматологиялық институтының делегациясы мен «Астана медицина университеті» КеАҚ ректоры Даюнюс Павалькиспен, «Стоматология» факультеті даканының орынбасары Б.Ж.Аджибаевамен, стоматология және бет-жақсүйек хирургиясы кафедрасының меңгерушісі А.М.Сумановамен, халықаралық ынтымақтастық және академиялық мобильділік орталығының қызметкерлері арасында ресми кездесу өтті. 

11.12.2019 «Мәліметтерді статистикалық өңдеу үшін MS Excel және SPSS Statistics компьютерлік бағдарламаларын қолдану» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары

«Астана медицина университеті» КеАҚ оқытушы-профессорлар құрамының біліктілігін арттырудың 2017-2019 оқу жылдарына арналған жоспарын жүзеге асыру мақсатында, 2019 жылғы 3-9 желтоқсан аралығында білім беру технологияларын трансферттеу орталығының ұйымдастыруымен 54 сағат көлемінде «Мәліметтерді статистикалық өңдеу үшін MS Excel және SPSS Statistics компьютерлік бағдарламаларын қолдану» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары өткізілді.


10.12.2019 SCOPE тұрақты комитетінің жұмысымен таныстыру іс-шарасы
2019 жылғы 6 желтоқсанда кәсіби алмасу бойынша SCOPE тұрақты комитетiмен Жалпы хирургия кафедрасында доцент м.ғ.к., PhD, Жалпы хирургия кафедрасының оқу жөніндегі меңгерушісі Куспаев Ержан Нұрғалиұлымен таныстыру іс-шарасы өткізілді. 

09.12.2019 «Өзекті жұқпалы аурулар. Өзекті жұқпалы аурулар кезіндегі шұғыл жағдайлар» тақырыбындағы семинарлар.

Семинарға «Астана медицина университеті» КеАҚ-ның жұқпалы аурулар кафедрасының қызметкерлері, Нұр-Сұлтан әкімдігінің көпсалалы медициналық орталығының дәрігерлері, резиденттер, жалпы тәжірибелік дәрігерлер, терапевттер, Нұр-Сұлтан емханалары мен медициналық мекемелерінің эпидемиологтары, қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының дәрігерлері қатысты.

Тұмау мен жедел респираторлы вирустық жұқпалар, менингококктық жұқпа, энтеровирустық жұқпа, қызылша және басқа да ауа-тамшы жолдармен берілетін жұқпалар, сепсис, септикалық шок және басқа да шұғыл жағдайларды ерте анықтау  семинардың күн тәртібіндегі негізгі мәселелер болды.

 


06.12.2019 Академиялық мобильділік бағдарламасы аясында Ташкент мемлекеттік стоматологиялық институтында оқуы
«Стоматология» факультетінің 4 курс студенттері Ташкент мемлекеттік стоматологиялық институтында «Ауыз қуысының хирургиясы» және «Бет-жақсүйек аймағындағы қабыну аурулары мен жарақаттар» атты екі модульді оқып келді. Ташкент мемлекеттік стоматологиялық институтында практикалық сабақтар кезінде тақырыптарды талқылап, кейін әр студент науқастарды қабылдау кезінде дәрігерлердің жұмысын бақылап қана қоймай, көмекші ретінде болды. 

06.12.2019 Академиялық ұтқырлық шеңберінде медицина факультетінің 4 курс студенттері Сеул ұлттық университетінің Оңтүстік Корея ауруханасында оқып шықты.
04.11.19-29.11.19 аралығында академиялық ұтқырлық шеңберінде медицина факультетінің 4 курс студенттері Нұржігітова Аяжан мен Сулейменова Дениза Сеул ұлттық университетінің Оңтүстік Корея ауруханасында оқып шықты. Олар зор тәжірибе алды,көптеген жаңалықтарды көрді және медицинаны тереңірек зерттеуге және оны Қазақстанда одан әрі дамытуға ынталандырды. 

05.12.2019 «Тұмар» шығармашылық ұйымының мүшелерімен кездесу
2019 жылғы желтоқсан айының 4 жұлдызында Астана медицина университетінде «Тұмар» шығармашылық ұйымы және «Қоғамдық денсаулық және менеджмент» факультетінің студенттік сенатының ұйымдастыруымен кездесу өтті. Кездесу барысында «Qazagstan Team» командасы өздерінің атқарған жұмыстары мен жобаларын таныстырды.

04.12.2019 Балаларға күлкі сыйла
2019 жылдың 30 қарашасында KazMSA ұйымы (Медиктер студенттер қауымдастығы) Астана Медицина Университеті студенттерінің ұйымдастыруымен LORP Бектұрсынова Балауса және LPO Адилбекова Арайлым жетекшілігімен "Нұрлы жүрек" әлеуметтік қамсыздандыру орталығында «Teddy Bear Hospital» және «Helping Hand» атты іс-шаралар өткізілді.

04.12.2019 SCORA тұрақты комитетінің белсенді қатысушылары «Жыныстық тәрбие» тақырыбына дәріс оқыды

2019 жылдың 29 қарашасында SCORA тұрақты комитетінің белсенді қатысушылары «Жыныстық тәрбие» тақырыбына дәріс оқыды. Iс-шара Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университет қабырғаларында өткізілген.


03.12.2019 Мәдени даму
Ағымдағы жылдың 27 қарашасында «Қоғамдық денсаулық және менеджмент» факультеті қызметкерлері «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 2-курс студенттерімен бірге Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрына барды. Ш. Айтматовтың екі туындысы негізінде танымал режиссер Т. Теменов жазған «Аққудың көз жасы» спектаклін тамашалады.

03.12.2019 «Медициналық білім беру және ғылым ұйымының оқытушысы» тақырыбында семинар
«Астана медицина университеті» КеАҚ оқытушы-профессорлар құрамының біліктілігін арттырудың 2017-2019 оқу жылдарына арналған жоспарын жүзеге асыру мақсатында, 2019 жылғы 18-29 қараша аралығында білім беру технологияларын трансферттеу орталығының ұйымдастыруымен жас педагог мектебі аясында «Медициналық білім беру және ғылым ұйымының оқытушысы» тақырыбында семинар өткізілді.

29.11.2019 Қазақстан республикасының тұңғыш президенті күніне орай танымдық кеш
Қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент факультетінің Әлеуметтік – гуманитарлық ғылымдар кафедрасында кафедра меңгерушісі Б.Қ. Омарова, кафедраның аға оқытушылары С.Б.Қолғанатова, Б.Т.Калменованың жетекшілігімен ЖМ-228 топ студенттерінің ұйымдастыруымен Қазақстан республикасының тұңғыш президенті күніне орай танымдық кеш өткізілді.

28.11.2019 "Жұқпалы аурулар" кафедрасының аға оқытушылары және Медицина факультетінің студенттері "Астана опера" опера және балет театрына барып келді.
26.11.2019 жылы Астана Медицина Университетінің «Жұқпалы аурулар» кафедрасының аға оқытушылары Байгенжеева Р.К, Байгулова Г.Б. «Жалпы медицина» факультетінің 215-ші және 223-ші топ студенттерімен бірге Астана опера және балет театрына тәрбиелік және рухани жаңғыртуға бағытталған іс-шара аясында, М.Ауезовтың «Қаракөз» пьесалық қойылымын тамашалады.

28.11.2019 Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай дана, Абай–дара қазақта» атты танымдық – шығармашылық кеш

Қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент факультетінің Әлеуметтік – гуманитарлық ғылымдар кафедрасында аға оқытушы С.Б. Қолғанатованың жетекшілігімен ЖМ-234 тобының студенттерінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай дана, Абай–дара қазақта» атты танымдық – шығармашылық кеш өткізілді. 


28.11.2019 «Дүниежүзілік ЖИТС- ке қарсы» іс шара

2019ж 26 қарашада Жұқпалы аурулар кафедрасында «Дүниежүзілік ЖИТС- ке қарсы» іс шара, «Нұр-Сұлтан қаласы, ЖИТС-ке қарсы орталығының» эпидемиологы Д.Т.Бексултанованың қатысуымен өткізілді. Іс-шарада Әлем және Қазақстандағы АИТВ ауруының эпидемиологиялық жағдайы туралы ақпарат ұсынылды. Белсенді пікірталас барысында студенттерге АИТВ- ның берілу жолдары мен механизмдері, алдын алу және осы инфекциямен күресу шаралары туралы толық ақпарат берілді.


27.11.2019 «Мәңгілік ел - Қазақстан қоғамының жаңғыруының негізі» тақырыбында ғылыми- тәжірибиелік дөңгелек үстел
«Астана медицина университеті» КеАҚ, Әлеуметтік - гуманитарлық ғылымдар кафедрасында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында: «Мәңгілік ел- Қазақстан қоғамының жаңғыруының негізі» тақырыбында ғылыми- тәжірибиелік дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өткізілді.

27.11.2019 Ақылы негізінде оқитын, құрметті студенттер мен интерндер!

Оқұ процесінде босатылған мемлекеттік білім гранттарын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау 2019 жылғы 25 қарашадан бастап 2020 жылғы 6 қаңтарға дейін жүргізіледі. Құжаттарды «e-university» – студенттерге қызмет көрсету орталығына тапсырасыздар, 1 этаж, бас ғимарат.


26.11.2019 Сингапур қаласындағы кардиологиялық форум
Кардиологтардың Еуропалық қоғамы (ESC - the European Society of Cardiology) дәстүрлі жыл сайынғы өзінің форумын өткізеді. Биылғы жылдан бастап қосымша оңтүстік-шығыс аймақта шығыс пен батыстың кардиологиялық мәселелерін шешуге арналған форум өткізу қолға алынды. ESC ASIA с АPSC & AFC (the Asian Pacific Society of Cardiology and the Asean Federation of Cardiology) – 2019 жылдың 8-10 қарашасы аралығында өткен кардиологтардың иннвациялық форумы (ESC).

26.11.2019 Университетіміздің делегациясы «Ұлт денсаулығы – табысты болашағымыздың негізі» атты ІV медициналық ғалами форумына қатысты.
2019 жылы 21-22 қараша күндері, біздің университеттің делегациясы С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде KazMSA бес жылдығына арналған «Ұлт денсаулығы – табысты болашағымыздың негізі» атты ІV медициналық ғалами форумына қатысты. 

22.11.2019 Н. И. Пирогов атындағы Ресей ұлттық зерттеу медициналық университетінде резиденттердің академиялық ұтқырлығы.

Резиденттер «Астана медицина университеті» КеАҚ ректоры Д.Павалькиске және екі елдің халықаралық ынтымақтастық бөліміне Н.И.Пирогов атындағы РҰМЗУ-де академиялық мобильділік бойынша білім алуға мүмкіндік бергендері үшін алғыстарын білдіреді. Мұндай бағдарламалар медицинаның болашағына кең мүмкіндіктер ашады және әр медицина маманының жалпы көкжиегін кеңейтеді.


18.11.2019 Назар аударыңыздар! Қайырымдылық жәрмеңке мен кинокеш!

2019 жылғы 19-21 қараша аралығында университеттің екі ғимаратында (Сарыарқа даңғылы және Бейбітшілік көшесі) орта ауырлықтың гиперкинетикалық формасындағы балалар милық салдануы диагнозы қойылған Қайрат Омарға көмек көрсету мақсатында қайырымдық іс-шаралар өткізіледі (қажет құжаттардың барлығы бар).


12.11.2019 Хабарландыру
2019 жылғы 14 қарашада «Нұрсәулет-2» бизнес орталығында Жоғарғы сот, Криминологтардың халықаралық бірлестігі және басқа да құқықтық органдары, медициналық қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен «Дәрігерлердің кәсіптік қызметін құқықтық тұрғыдан қорғау құралдарын енгізу» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізіледі.

12.11.2019 Астана медицина университетіне Финляндиядан делегация келді

2019 жылғы 11 қарашада Астана медицина университетіне іс-сапармен Савония қолданбалы ғылымдар университетінің, Тампере қолданбалы ғылымдар университетінің, Куопио университеттік ауруханасының өкілдерінен құралған делегация келді.


08.11.2019 Волонтерлық қызметті дамыту
5-8 қараша аралығында Омбы қаласында Қазастан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға арналған кезекті XVI аймақаралық форум өтті.

06.11.2019 Ташкент мемлекеттік стоматология институтындағы академиялық мобильділік
Академиялық мобильділік шеңберінде стоматология және бет-жақсүйек хирургия кафедрасының меңгерушісі А.М.Суманова 2019 жылғы 19 қазан-2 қараша аралығында Ташкент стоматология мемлекеттік институтында болды. Бет-жақсүйек аймағындағы аурулар мен травматология кафедрасының меңгерушісі, профессор, м.ғ.д., Ш.Ю.Абдуллаевпен бірге стоматология факультетінің 4 курс студенттеріне бет-жақсүйек аймағының одонтогенді қабыну аурулары туралы интегралды дәрістер оқыды, сонымен қатар терапиялық стоматология кафедрасында TBL әдісін қолдана отырып, «Клиникалық эндодонтия» бөлімі бойынша сабақ өткізді.

04.11.2019 Халықаралық инсульт күні
"Қазақстан медицина жастары" ұйымы "Халықтың медициналық сауаттылығын арттыру" бағытының жетекшісі Тойшыбек Айдананың бастауымен аталмыш ұйымның 32 волонтерының қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласы "Адал - ниет " қарттар үйінде 26-27 қазан күндері аралығында ашық есік күндері өткізілді.

04.11.2019 Астана медицина университетінің басшылығы мен ұжымы аса құрметті Жайна Байдоллақызын туған күнімен құттықтайды!
Жайна Байдоллақызы, ұзақ еңбек жолыңыз жастарға үлкен өнеге. Өз Альма-матеріңіздің дамуына қосып келе жатқан зор үлесіңіз жоғары бағаға ие. Әріптестеріңіз бен білім алушыларыңыздың ортасында бауырмал және сауатты, зерделі, абыройлы жансыз. Сізге және отбасыңызға мықты денсаулық, ұзақ бағытты ғұмыр, бақ-береке тілейміз. Атқарып отырған істеріңіз мол жетістіктерге жете берсін!

01.11.2019 «Медициналық білім беру – мемлекеттік тіл аясында» тақырыбындағы республикалық терминологиялық конференция
Бүгін Астана медицина университетінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «Астана медицина университеті» КеАҚ-тың бірлесіп ұйымдастыруымен «Медициналық білім беру – мемлекеттік тіл аясында» тақырыбындағы республикалық терминологиялық конференция өткізілді.
Конференцияға ҚР ДСМ жанындағы салалық терминологиялық комиссияның мүшелері, қоғам қайраткерлері, лингвист-ғалымдар, медициналық ЖОО-лардың оқытушы-профессорлар құрамы, өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының мамандары, аудармашылар, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының, «Руханият» КММ, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының өкілдері мен тіл мамандары, университетіміздің студенттері қатысты.

01.11.2019 Академиялық мобильділік бойынша оқуға қабылдау конкурсының қорытындысы. Оқытушылар.
2019 жылғы 9 қазанда Вильнюс университетінде (Литва) оқу үшін оқытушылардың академиялық мобильділігі бойынша өткізілген конкурстың нәтижесі.

01.11.2019 Академиялық мобильділік бойынша оқуға қабылдау конкурсының нәтижесі. Резиденттер.
2019 жылғы 18 қазанда Республикалық Паневежис ауруханасында (Литва) резиденттердің клиникалық тағылымдамадан өтуі үшін академиялық мобильділік бойынша өткізілген конкурстың нәтижесімен таныс болыңыздар.

31.10.2019 «Астана қаласы акушер гинекологтар қауымдастығы» қалалық ғылыми - практикалық конференциясы
2019 жылдың 25 қазанында «Астана қаласы акушер гинекологтар қауымдастығы» қалалық ғылыми - практикалық конференциясын жүзеге асырды. Конференция тақырыбы: «Алғашқы медициналық деңгейіндегі акушерлік және гинекологиялық көмектің заманауи аспектілері». Конференция м.ғ.д., профессор, ұстаз, жетекші акушер-гинеколог Дошанова Айкерм Мжаверовнаның 65 жасқа толуына арналады. Кездесудің мақсаты: Қазіргі уақытта, дәлелді медицина принциптеріне негізделген білімді дәрігерлерге жетілдіру, акушерлік және гинекология клиникалық хаттамаларды практикаға енгізу, сондай-ақ науқастарға берілетін көмектің сапасын жақсарту қажеттілігі бар.

31.10.2019 Медико-биологиялық бағдар және аралас пәндер бойынша алғашқы кафедрааралық мәжіліс
29.10.2019 ж. қалыпты физиология кафедрасында профессор Хамчиев.К.М төрағалығымен медико-биологиялық бағдар және аралас пәндер бойынша алғашқы кафедрааралық мәжіліс өтті. Кеңес құрамы университеттің медико-биологиялық бағдарындағы кафедралардың профессорлары мен доценттері: Мамбетпаева Б.С. (төраға орынбасары), Ибраева С.С. (хатшы), Сейтембетова А.Ж., Манекенова К.Б., Дусмагамбетов М.У., Ударцева Т.П., Барышев Б.Б., Алмабаева А.И., Муканов К.Н., Бегларова Г.Е кірді.

31.10.2019 1 курс студенттері №62 мектеп-лицейінде оқушыларымен профилактикалық әңгіме өткізді.

10.26.2019 жылы мейірбике ісі факультетінің 1 курс студенттері N62 мектеп- лицейінде 3 сынып оқушыларымен профилактикалық әңгіме өткізді. БҰҰ сарапшылары күн сайын қолды үнемі жуып отыру мыңдаған балалардың өмірін сақтап қалатынын ескертеді. Жұқпалы аурулардан мектеп оқушыларына қарапайым қолды сабынды қолдану жұқпалы аурулардың таралуын едәуір төмендететіні ескертілді. Әңгіме барысында «лас қолдар» және «микробтар» туралы мультфильм көрсетіліп, жуу ережелеріне сәйкес ескертулер таратылды.


24.10.2019 "Жалпы медицина" факультетінің 2-курс студенттері Univerzitetni Klinični Center Ljubljana клиникалық базасы болып табылатын Univerzitetni Klinični Center академиялық ұтқырлық бойынша білім алды.

«Жалпы медицина» факультетінің «Хирургия» мамандығының 2-курс студент-интерндері Жаненова Самал и Маммадинова Ирода хирургиялық пәндерді (травматология, кардио-васкулярная хирургия и урология) академиялық мобильділік бойынша 2019 жылдың 22 шілде мен 18 қазан аралығында University of Ljubljana медициналық факультетінің Univerzitetni Klinični Center Ljubljana клиникасында өтті.


24.10.2019 Стоматология факультетінің 5-курс студенттері Люблин қаласына, Польша Республикасына дағдыларды жетілдіру үшін келді.
Еуропаның Польша мемлекеті, Люблин қаласының медицина университетінде тәжірибемізді жетілдіріп келдік. Стоматология факультетінің 5-курс студенттері – Асығат Айзада, Жұмабек Назерке, Каримов Жандос, Мухаметкалиева Камила, Каржаубаева Айкерим  мемлекетіміздің абыройын асқақтатып, шетел азаматтарын елімізбен таныстырды. Люблин медицина университетінің стоматология факультетінің оқу және тәжірибелік базасы өте үлкен. 

22.10.2019 Коммуникативтік қабілеттерімізді дамытудамыз

«Астана медицина университеті» КеАҚ-тың 2017-2019 жылдарға арналған даму жоспарын іске асыру аясында, 2019 жылғы 14- 18 қазан аралығында «Медициналық этика және клиникалық пәндердегі коммуникациялық машықтар» атты семинар өтті.


21.10.2019 Астана медицина университеті «Білім көкжиегі» халықаралық көрмесіне қатысуда

Бүгін «Rixos» қонақ үйінде «Білім көкжиегі» атты көрме өткізіліп жатыр. Ұйымдастырушы – «Nova education» ЖШС. Мұнда Қазақстан, АҚШ, Қытай, Гонконг, Польша, Чехия және басқа да елдердің жеткізуші университеттері қатысуда.


18.10.2019 Студенттеріміз Семей қаласында өтіп жатқан “MedUSE KazMSA”Бірінші халықаралық олимпиадасына қатысуда
Астана медицина университетінің студенттері «Ерікті – елінің патриоты» форумы шеңберіндегі “MedUSE KazMSA” бірінші халықаралық олимпиадасына қатысып жатыр.

15.10.2019 Астана медицина университеті жатақханасындағы студенттер қатарына қабылдау іс-шарасы

Астана медицина университеті жатақханасының өзіндік дәстүрлері бар. Жыл сайын қазан айында Студенттер қатарына қабылдау салтанатты іс-шарасы өткізіледі . Жатақханада тұратын студенттер осындай кештерде өздерінің қабілеттерін, дарындарын ашып, түрлі рөлдерде өзін көрсете алады.


14.10.2019 Студенттердің назарына!
2019 жылғы 18 қазанда, сағат 17:00-де жыл сайынғы тоғызқұмалақтан және дойбыдан "Ректор кубогы" жарыстары өткізіледі. Жарыстарға барлық курстар мен факультеттердің студенттері қатыса алады. Ал 19 қазанда, сағат 10:00-де дзюдодан жарыстар өткізіледі. Тіркелу: сағат 9:00-да. Келіңіз! Мүмкін, Сіз Ректор кубогының иегерісіз!

togyz.jpg   Judo.jpg

11.10.2019 8 қазанда өткен академиялық мобильділік шеңберінде оқу бойынша конкурс нәтижесі
2019 жылғы 8-қазанда Н.И. Пирогов атындағы Ресей ұлттық зерттеу медициналық университетінде (Мәскеу қаласы, Ресей) оқуға оқытудың 2-ші жылындағы резиденттерге арналған академиялық мобильділік бойынша конкурс өтті.

11.10.2019 Академиялық мобильділік шеңберінде оқу бойынша конкурс нәтижесі

2019 жылғы 24 және 27 қыркүйекте Ташкент мемлекеттік стоматологиялық институтында (Өзбекстан) оқуға «Стоматология» мамандығының 4-курс студенттері арасында және Н.И. Пирогов атындағы Ресей ғылыми-зерттеу медициналық университетінде (Ресей) оқуға оқытудың 2-ші жылындағы резиденттер арасында академиялық ұтқырлық бойынша конкурс өтті.


11.10.2019 ҚҰРМЕТТІ РЕЗИДЕНТТЕР!

Академиялық мобильділік шеңберінде Республикалық Паневежис ауруханасында (Паневежис қаласы, Литва) резиденттердің клиникалық тағылымдамадан өтуіне КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ.


10.10.2019 61-ші Халықаралық ғылыми-практикалық «Медициналық ғылым мен білім: жастық шақ пен ұмтылыс - 2019» атты конференцияның қатысушылары назарына!
61-ші Халықаралық ғылыми-практикалық «Медициналық ғылым мен білім: жастық шақ пен ұмтылыс - 2019» атты конференцияның тезистер жинағы жарияланды. Жинақ...

10.10.2019 АстМУ басшылығының университет түлектерінің жұмысқа орналасуын бағалау мақсатында Көкшетауға баруы

Университет түлектерінің жұмысқа орналасуын бағалау және Көкшетау қаласының медициналық ұйымдарымен серіктестік орнату мақсатында 2019 жылғы 7 қазанда Астана медицина университетінің клиникалық жұмыс жөніндегі проректоры Р. Аипов және Дипломнан кейінгі білім беру орталығы басшысының орынбасары Г. Досхожина Көкшетау қаласының ауруханаларына барып қайтты.


09.10.2019 Клиникалық жұмыс жөніндегі проректор Көпбейінді облыстық балалар ауруханасының хирургтарына мастер-класс өткізді

Облыс хирургтарының біліктігін арттыру, дамуында тума кемістігі бар балаларға көрсетілетін хирургиялық көмектің сапасын жақсарту мақсатында Ақмола облысы Көпбейінді облыстық балалар ауруханасының бастауымен Астана медицина университетінің клиникалық жұмыс жөніндегі проректоры Р. Аипов «Асқазан-ішек жолдарының дамуындағы тума кемістіктер. Айналшық пен тік ішектің атрезиясы» мастер-классын өткізді.


08.10.2019 Халықаралық қатысумен VI республикалық ғылыми-практикалық «Респираторлық медицинадағы инновациялық технологиялары» конференциясы
Респираторлық медицина мамандарының қауымдастығы Еуро-Азиялық респираторлық қоғаммен және ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, 2019 жылғы 11-12 қазанда Халықаралық қатысумен VI республикалық ғылыми-практикалық «Респираторлық медицинадағы инновациялық технологиялары» конференциясын өткізуді жоспарлап отыр.

07.10.2019 «Денсаулық сақтаудың интеграцияланған академиялық жүйесі» ғылыми-практикалық конференциясының жабылуы

4 қазанда «Денсаулық сақтаудың интеграцияланған академиялық жүйесі» ғылыми-практикалық конференциясы өз жұмысын аяқтады. Конференцияның екінші күні дөңгелек үстел ретінде өткізілді. Конференцияның нәтижелері бойынша Конференцияның салтанатты жабылуында қозғалған проблемалар бойынша ұсыныстар ескеріле отырып, резолюция қабылданды.


03.10.2019 «Денсаулық сақтаудың интеграцияланған академиялық жүйесі» ғылыми-практикалық конференциясының салтанатты ашылуы
Биыл Астана медицина университеті 55 жылдығын тойлауда. Мерейтой аясында бүгін «Денсаулық сақтаудың интеграцияланған академиялық жүйесі» ғылыми-практикалық конференциясының салтанатты ашылуы орын алды.

30.09.2019 "Медициналық білім беру – мемлекеттік тіл аясында" республикалық терминологиялық конференция
2019 жылғы 1 қарашада «Астана медицина университеті» КеАҚ базасында өтетін «Медициналық білім беру – мемлекеттік тіл аясында» тақырыбындағы республикалық терминологиялық конференция жұмысына қатысуға шақырамыз. Конференция қорытындысы бойынша мақалалар жинағы баспадан шығарылады. Конференцияға қатысуға өтініштер, конференция материалдарының жинағына жарияланатын материалдар 2019 жылғы 10 қазанға дейін mem.til@amu.kz электрондық поштасына қабылданады. Бағдарлама...


30.09.2019 «Денсаулық сақтаудың интеграцияланған академиялық жүйесі» атты ғылыми-практикалық конференция

2019 жылғы 3-4 қазанда «Астана медицина университеті» КеАҚ 55 жылдық мерейтойына арналған «Денсаулық сақтаудың интеграцияланған академиялық жүйесі» атты ғылыми-практикалық конференция өткізеді.


30.09.2019 61-ші Жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы
2019 жылдың 01-02 қазан аралығында Астана медицина университеті 55 жылдығына арналған жас ғалымдар мен студенттердің жыл сайынғы халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырады. Толығырақ...


28.09.2019 160-тан астам адам Донор күні шеңберінде қан тапсырды
25-27 қыркүйек аралығында Астана медицина университетінде «Донор күні» акциясы өткізілді. Іс-шара ұйымдастырушысы – Ғылыми-өндірістік трансфузиология орталығы.

27.09.2019 Университет кәсіподақ мүшелерінің басшылықпен кездесуі
26 қыркүйекте «Астана медицина университеті» КеАҚ кәсіподақ комитетінің бастауымен ЖОО басшылығының одақ мүшелерімен кездесуі өткізілді.

24.09.2019 23 қыркүйегінде № 72 гимназия-мектептің 8-10 сыныптар оқушыларына бірқатар дәрістер оқыды
Жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында профилактикалық медицина және нутрициология кафедрасының оқытушылар құрамы Баспасөз орталығы мен «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының екінші курс студенттерімен бірлесіп, 2019 жылдың 23 қыркүйегінде мектептің 8-10 сынып оқушыларына бірқатар дәрістер оқыды - № 72 гимназия, Нұр-Сұлтан.

20.09.2019 Тәжірибе алмасу

2019 жылғы 19-20 қыркүйекте Симуляциялық орталықта Денсаулық сақтауды дамыту орталығы Медициналық білімді дамыту бастығы З. Байғожинаға, мейірбике ісі факультетінің деканы У.С. Салтабаеваға және Финляндиядан келген ғылыми сарапшы Эвелина Кивиненге арналған экскурсия өткізілді.



20.09.2019 Құрметті студенттер!!!

Нұр-Сұлтан қаласы білім алушыларының (күндізгі оқу) жекеленген санаттарына қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүру құқығын ұсынуға өтініштер қабылдау басталды!


20.09.2019 «Жаһандану жағдайындағы инфекциялық аурулар: қиындықтар мен шешулер» бірінші қазақстандық конгрессі
12-13 қыркүйекте Назарбаев университетінің Медицина мектебінде «Жаһандану жағдайындағы инфекциялық аурулар: қиындықтар мен шешулер» бірінші қазақстандық конгрессі өткізілді. Ұйымдастырушылар: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтаудың ұлттық орталығы және Астана медицина университеті. 

20.09.2019 Хабарландыру

Барлық интерндердің назарына! 24 қыркүйек күні сағат 16: 00-де ҚР аймақтарындағы оқыту мәселелері бойынша университет басшылығының университет интерндерімен кездесуі өтеді. Мекен жайы: Бейбітшілік көшесі 49а, Мәжіліс залы.


19.09.2019 Құрметті интерндер мен резиденттер!
Резиденттермен кездесудің нәтижесі бойынша, 2019 жылғы 18 қыркүйекте университет ректоры Дайнюс Павалькис интерндер мен резиденттердің аумақтарда білім алуы бойынша жоба әзірледі. Осы жобамен танысып, 2019 жылғы 26 қыркүйекке дейін ұсыныстарыңызды ainurs@yandex.ru, syzdykova.as@amu.kz электронды пошталарына жіберулеріңізді сұраймыз. Кейін, осы құжат Сіздердің ұсыныстарыңызды ескере отырылып ректордың бұйрығымен бекітіледі.

18.09.2019 Хабарландыру
"БЖЗҚ" АҚ салымшыларды "Ерікті зейнетақы жарналары өзіңіз және жақындарыңызға қамқорлық етіңіз" тақырыбында ашық есік күніне шақырады. Өткізілетін күн: 20 қыркүйек 2019 жыл, сағат 10:00-17:00-де. Мекен-жай: Абай даңғылы 13, "Іскер" БО конференц залы.

18.09.2019 Еріктілер қатарына студенттерді қабылдау рәсімі
11 қыркүйек “Qazaqstan Medicina Jastary” Астана Медицина Университеті филиалының төрағасы Абдықадыр Дидардың ұйымдастыруымен еріктілер қатарына студенттерді қабылдау рәсімі өтті. Жарияланған іріктеу бойынша, 357 студент қосылды. Бірлестіктің жаңа мүшелеріне Қазақстан медицина жастарының құрылымы таныстырылып, алдағы уақытқа жоспарлар бекітілді.

16.09.2019 ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР!

Академиялық мобильділік шеңберінде оқытудың 2-ші жылындағы резиденттерді келесі пәндерді оқу үшін Н.И. Пирогов атындағы Ресей медициналық ғылыми-зерттеу университетіне (Мәскеу қаласы) жіберуге КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ: жұқпалы аурулар; травматология және ортопедия; офтальмология, микрохирургия; балалар гастроэнтерологиясы.


16.09.2019 ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР!

Академиялық мобильділік шеңберінде оқытудың 2-ші жылындағы резиденттерді келесі пәндерді оқу үшін Н.И. Пирогов атындағы Ресей медициналық ғылыми-зерттеу университетіне (Мәскеу қаласы) жіберуге КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ: гематология; кардиология; оториноларингология; анестезиология и реанимация.


16.09.2019 Хабарландыру

ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР! Академиялық мобильділік шеңберінде «Стоматология» мамандығы бойынша оқитын 4-КУРС студенттерін «Ауыз қуысының хирургиясы» және «Бет-жақсүйек аймағының жарақаттары және қабынбалы аурулары» пәндерін оқу үшін Ташкент мемлекеттік стоматология институтына (Өзбекстан) жіберуге конкурс жарияланады. Оқу мерзімі – 1 ай. 


16.09.2019 Хабарландыру
ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР! Академиялық мобильділік шеңберінде «Стоматология» бағыты бойынша оқитын 6-КУРС интерндерін «Ортопедиялық стоматология» пәнін оқу үшін Ташкент мемлекеттік стоматология институтына (Өзбекстан) жіберуге КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ. Оқу мерзімі ­– 1 ай. 

11.09.2019 «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламасы бойынша оқыту семинары

Университеттің оқытушы-профессорлар құрамы мен қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында 9-13 қыркүйек аралығында «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламасы бойынша оқыту семинары өтіп жатыр.


11.09.2019 Еңбек тәжірибесі жоқ жас мамандарды жұмысқа қабылдауға жұмыс берушілерді ынталандыру

2019 жылғы 9 қыркүйекте ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша ШЖҚ «Ұлттық сараптама орталығы» РМК филиалымен бірлесіп Қоғамдық денсаулық және менеджмент факультетінің студенттері арасында дөңгелек үстел өткізілді. 


10.09.2019 Литва денсаулық ғылымдары университетінің профессоры Юрате Мацияускене кене үшін экскурсия өткізілді.
2019 жылдың 9 қыркүйегінде «МУА» АҚ оқу-клиникалық орталығының базасында Литва денсаулық ғылымдары университетінің профессоры, «Мейірбике ісі» деканы Юрате Мацияускене кене үшін экскурсия өткізілді. Тәжірибе алмасу мақсатында.

09.09.2019 Университет әкімшілігінің 1-курс студенттерімен «Академиялық адалдық» тақырыбында кездесуі
Бүгін ректор Дайнюс Павалькис бастаған Астана медицина университеті әкімшілігінің 1-курс студенттерімен «Академиялық адалдық» тақырыбында бірінші кездесуі өтті.

09.09.2019 "Медицинадағы шұғыл жағдайлар" тақырыбында семинар-тренинг

2019 жылғы 4-6-шы қыркүйекте оқу – клиникалық  орталық базасында "Медицинадағы шұғыл жағдайлар" тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренинг Нұр-Сұлтан  қаласының емдеу мекемелерінің дәрігерлері мен мейірбикелерін біліктілік емтиханын тапсыруға дайындау мақсатында  өткізіледі.


09.09.2019 «Гигиена» кафедрасы қызметкерлерінің UI GreenMetric семинарына қатысуы
2019 жылдың 5-6 қыркүйек аралығында гигиена кафедрасының қызметкерлері м.ғ.к. Сүлейменова Р.Қ., проф. Мусина А.А. және аға оқытушы Бурумбаева М.Б. Назарбаев Университетінде UI GreenMetric семинарына қатысты (UI GreenMetric World University Rankings).

02.09.2019 Мемлекеттік білім беру гранттары бойынша оқуға ауыстырылған студенттер мен интерндердің тізімі
«Астана медицина университеті» КеАҚ мемлекеттік білім беру гранттары бойынша оқуға ауыстырылған студенттер мен интерндердің тізімі (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 17 тамыздағы №370 бұйрығы)!

01.09.2019 Жаңа оқу жылы құтты болсын! Ақ жол, құрметті білім алушылар!

Биыл Астана медицина университетінің қатарына 1200-ден астам адам қабылданды. Дәстүр бойынша, оқу жылы Білім күнін тойлау шеңберінде1-курс студенттеріне арналған таныстыру жиналысымен басталды.


01.09.2019 Құрметті достар!
«Астана медицина университеті» КеАҚ Директорлар кеңесі және Басқармасы атынан сіздерді баршаларына ерекше мейрам – Білім күнімен құттықтаймын! (ректор құттықтауының толық нұсқасы)


29.08.2019 Құттықтаймыз!

Университет басшылығы мен ұжымы атынан «Астана медицина университеті» КеАҚ жалпы және биологиялық химия кафедрасының доценті Нұрбибі Мұхитденқызы Исмагулованы мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!


27.08.2019 Назар аударыңыздар!
«Астана медицина университеті» КеАҚ мемлекеттік білім беру гранттары бойынша оқуға ауыстырылған студенттер мен интерндердің тізімі (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 17 тамыздағы №370 бұйрығы).

27.08.2019 «Астана медицина университеті» КеАҚ тұрғын емес жайларды жалға беру бойынша комиссиясы отырысының қорытынысы

Назар аударыңыздар! «Астана медицина университеті» КеАҚ тұрғын емес жайларды (алаңдарды) жалға беру бойынша комиссиясы отырысының қорытындысы! Хаттамамен танысу.


26.08.2019 Оқытушылар қажет
Астана медицина университетінің Адам анатомиясы кафедрасына оқытушылар қажет. Толық ақпарат сілтеме бойынша.

22.08.2019 141 студенттің қатысуымен оқу-жаттығу жиындары
«2019 жылы Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарының әскери кафедра студентгерінің оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру және өткізу» туралы Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министірлігінің 2017 жылғы 24 шілде №375 және Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министірлігінің 2017 жылғы 26 сәуір №78 бұйрықтарына сай және оқу-жаттығу жиындарының сапалы өткізу максатында «Астана медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасының 141 студенті оқу-жаттығу жиындарына шақырылды.

13.08.2019 Медицинадағы шұғыл жағдайлар

2019 жылғы 12 тамызда оқу – клиникалық  орталық базасында "Медицинадағы шұғыл жағдайлар" тақырыбында сабақтар өткізілді. Сабақтар Нұр-Сұлтан  қаласының емдеу мекемелерінің дәрігерлері мен мейірбикелерін біліктілік емтиханын тапсыруға дайындау мақсатында  өткізілді.


07.08.2019 Оқуға қабылдау туралы
Университеттің қабылдау комиссиясы СТУДЕНТТЕР ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАУДЫ 10-25 тамыз аралығында жүргізеді. Толығырақ ақпарат...

05.08.2019 Дипломмен ауылға. Ата-ана пікірі.

«Еліміздің еңсесі биік өмір сүруі үшін халық денсаулығының мығым болуына үлес қосуға баламның білімі де білігі де жетеді деп сенім білдіремін», – дейді ата-ана ЖУСАНБАЕВА ГҮЛШАТ БЕЙСЕНҚЫЗЫ.


01.08.2019 Хабарландыру

Босаған білім беру гранттарына Ғылыми кеңес ұсынған студенттер мен интерндердің тізімі. ТІЗІМІ


18.07.2019 Құрметті талапкерлер!!!

Студенттік жатақханадан орын алу туралы

1-курс студенттерінің өтініштері

05.08.19 – 25.08.19 жж. аралығында қабылданады.

Құжаттарды – 51-корп. 206-кабинетке тапсыру керек

Тапсырылатын барлық құжаттарды нотариус куәландыруы керек!

Құжаттарды қабылдау уақыты: 10.00-ден 13.00-ге дейін; 15.00-ден 18.00-ге дейін.

Толық ақпарат...



05.07.2019 РРҚИ радиохимия және радиоспектрометрия сынақ зертханасы аккредитациядан сәтті өтті

Радиобиология және радиациялық қорғау институтының радиохимия және радиоспектрометрия сынақ зертханасы қайта аккредиттеуден сәтті өтті және ГОСТ ИСО/ХЭК 17025-2009 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» стандартының талаптарына, аккредиттеу бойынша органның заңнамалық белгіленген өлшемдеріне және саясатына сәйкес қызметті жүзеге асыруға зертхананың құзыреттілігін Ұлттық аккредиттеу орталығынан ресми түрде растау куәлігін алды.


05.07.2019 Осы жылы Астана медицина университеті 45 магистрді дайындап шығарды
«Медицина» мамандығы бойынша 35 магистрант, «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша 5 магистрант, «Медициналық және профилактикалық іс» мамандығы бойынша 3 магистрант, «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша 2 магистрант оқуларын сәтті аяқтап, «Магистр» дәрежесі туралы диплом алды.

05.07.2019 Денсаулық сақтау саласында ғылыми жобаларды бағалау және тиімді жоспарлау
1-4 шілде аралығында №1 Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасында «Денсаулық сақтау саласында ғылыми жобаларды бағалау және тиімді жоспарлау» атты тренинг жүргізілді. Тренинг «Астана медицина университеті» КеАҚ базасында Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының Аудандық Оқу Орталығын құру халықаралық жобасын іске асыру аясында ұйымдастырылды. 

05.07.2019 Оқу-клиникалық орталық базасындағы акушерия және гинекология бойынша мастер-класс

2019 жылғы 4 шілдеде оқу-клиникалық орталықта Хирургия бойынша жазғы мектеп аясында Акушерия және гинекология күні өтті. Қатысушыларға «Бимануалды тексеру және айнаның көмегімен тексеру» тақырыбы бойынша мастер-класс өткізілді.


04.07.2019 Оқу-клиникалық орталықта Белоруссиядан келген студенттерге экскурсия жүргізілді

2019 жылғы 2 шілдеде оқу-клиникалық орталықта тәжірибе алмасуға келген Витебск мемлекеттік медицина университеті студенттері және олардың жетекшісі Р.И. Гайфуллина үшін экскурсия өткізілді. Экскурсия мақсаты – оқу клиникалық орталықта практикалық машықтармен таныстыру.



04.07.2019 Жаздық мектеп аясындағы Травматология күні

3 шілдеде Хирургия бойынша жаздық мектептің аясында травматологиядан дәрістер мен мастер-класстар өткізілді. Тыңдаушылар оперативтік травматологияға, десмургияға шолудан және Ахил сіңірін есуден дәрістер тыңдады. Содан соң студенттер бірінші гипстарын салды және Ахил сіңірін тігумен айналысты.


04.07.2019 АстМУ студенттері Витебск қаласының (Беларусь Республикасы) облыстық клиникалық ауруханасында өндірістік практикадан өтті
2019 жылғы 17-28 маусым аралығында «Астана медицина университеті» КеАҚ-тың «Жалпы медицина» мамандығының 3 курсынан 10 студент Витебск облыстық клиникалық ауруханасы базасында өндірістік практикадан өтті.

03.07.2019 Құрметті Университетіміздің білім алушылары!

2019 жылғы 1 шілдедегі мамандықтар мен оқу курстарының кесінінде 2018-2019 оқу жылының көктемгі семестрінде босаған мемлекеттік білім гранттарының санымен таныс болыңыздар.


03.07.2019 «Жалпы медицина» факультеті бойынша 711 түлек

Осы жылы 711 студент көптен кұткен дипломдарын алды. Әркез бұл салтанатты, қуанышты және бір шетінен мұңды сәт. Сонымен бірге, бұл оқытушыларға да, студенттер мен олардың ата-аналарына да бірдей маңызды оқиға.


03.07.2019 Жаздық мектептің Урология күні
2 шілдеде Хирургия бойынша жаздық мектепте урология күні өтті. Қатысушыларға «Қуық ісігі» тақырыбында дәріс оқытылды, содан кейін Штудер операциясы бойынша мастер-класс өткізілді. Онда студенттер ішекаралық анастомозды құрастыру арқылы өткізу қабілетін қалпына келтірумен ішек бөлігінен резервуар жасады.

03.07.2019 Жаздық мектептің аясында эндовидеохирургиямен танысу

Хирургия бойынша жаздық мектептің екінші аптасы басталды. 1 шілдеде қатысушылар хирургияның перспективті бағыты Эндовидеохирургиямен танысты. Сабақ басында студенттерге эндовидеоаппаратурамен жұмыс жасаудың негіздері көрсетілді. Содан соң әр студент интракорпоралды түйінді салуды үйренді. 


02.07.2019 Жаңа идеялармен алға

Университет студенттері мен қызметкерлерінен құрылған команда: Шейхислам Сахи, Динара Орынбасарқызы және Гаухар Құсаинова British Council Creative Spark Big Idea Challenge халықаралық сайсының финалына өтті.


02.07.2019 Акушерия және гинекология бойынша жаздық мектеп
2019 жылғы 1-6 шілде аралығында Астана медицина университеті акушерия және гинекология кафедрасының оқытушылары демалыс кезінде білім алып, мол тәжірибе жинауға ниет білдірген 1-ші және 2-ші курс студенттерімен халықаралық бағдарламалар мысалында өз білімдерімен және машықтарымен бөліседі.

01.07.2019 Жаздық мектеп аясында Кардиохирургия күні
2019 жылғы 28 маусымда жаздық мектеп аясында Кардиохирургия күні өткізілді. Бұл күн «Қолқа қақпақшаларын протездеу» дәрісінен басталды. Дәрістен соң студенттер тамыр тігісі бойынша мастер-класс алып, онда шошқаның кадаврында (жүрек) қалқа қақпақшасын өз қолдарымен протездеді.

28.06.2019 Жас ғалымдар мен студенттердің 61-ші ғылыми-практикалық конференциясы

2019 жылғы 18-19 қыркүйек күндері «Астана медицина университеті» КеАҚ-тың 55 жылдық мерейтойына орай, жас ғалымдар мен студенттердің жыл сайынғы халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырады. Өтінімдер мен тезистер 2019 жылғы 15 тамызға дейін Зерттеулерді басқару және ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінде қабылданады (Бейбітшілік көшесі 49А, 711 бөлме, тел. 53-95-28, 8-775-224-62-49 Ақерке Чаякова, 8-707-270-33-52 Кумисшаш Узбекова). Конференция қорытындысы бойынша ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы шығарылады. Қосымша: тезистерге қойылатын талаптар, өтінім формасы


28.06.2019 Жұмысқа орналастыру туралы

Бүгін ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медициналық ЖОО-лардың резидентура және интернатура бітірушілерімен кездесті. Кездесуге денсаулық сақтау басқармасының басшылары да қатысты. Күн тәртібінде қарастырылған мәселе – жіберілген жұмыс орындарына университет бітірушілерін орналастыру.


28.06.2019 Хабарландыру

Құрметті Астана медицина университетінің студенттері! "Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы" ҚО жыл сайынғы "үздік оқығаны үшін және кәсіподақтағы адал жұмысы үшін"атаулы стипендиясына конкурс жариялайды. Осыған байланысты университет әкімшілігі 2019 жылдың 5 қыркүйегіне дейін іріктеу жүргізеді.


27.06.2019 «Медициналық білім беру саласындағы ТBL инновациялық әдістемесі» семинары аяқталды
2019 жылғы 24-26 маусым аралығында ОПҚ-ны дамыту және университет дербестігін имплементациялау орталығының ұйымдастыруымен университеттің оқытушы-профессорларына «Медициналық білім беру саласындағы ТBL инновациялық әдістемесі» тақырыбында семинар өткізілді.

20.06.2019 Университетіміздің студенттері жоғары білім туралы дипломдар алды
«Мейіргер ісі» мамандығының 22 студенті және «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 48 студенті сәтті оқуларын аяқтап, жоғары білім туралы диплом алды, ал оның 13 студенті қызыл дипломдардың иегерлері атанды.

19.06.2019 «Тыныс алу және жүрек-тамыр жүйесі патологиялары бар балаларды сұрастыру және тексеру» атты ашық сабақ

2019 жылғы 18 маусымда №3 Көпбейінді балалар жұқпалы ауруханасында балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасында «Жалпы медицина» мамандығының 3-курс студенттері арасында «Тыныс алу және жүрек-тамыр жүйесі патологиялары бар балаларды сұрастыру және тексеру» атты ашық сабақ өткізілді. Іс-шара ұйымдастырушылары – 305 және 306-топ студенттері.


19.06.2019 Медициналық радиобиологияның дамуына және халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін
Медицина қызметкерлері күнін тойлау қарсаңында, сондай-ақ Радиобиология және радиациялық қорғау институтының 15 жылдығына орай радиобиологтар тобы естелік медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

19.06.2019 «Эмоция және денсаулық» атты семинар
«Астана медицина университеті» КеАҚ-тың 2017-2019 оқу жылдарына арналған Даму жоспарын жүзеге асыру мақсатында 2019 жылғы 13-17 маусым аралығында 20 қызметкер «Эмоция және денсаулық» циклі бойынша, көлемі 12 сағатты құрайтын семинарды аяқтады.

19.06.2019 Санкт-Петербург химиялық-фармацевтикалық университетінің базасындағы өндірістік практика
31 мамыр мен 11 маусым аралығында Астана медицина университеті «Фармация» мамандығының 4-курс студенттері Санкт-Петербург химиялық-фармацевтикалық университетінің базасында «Дәрілік препараттардың өнеркәсіптік технологиясы» кафедрасында GMP тренинг-орталығымен бірге «Дәрілердің өнеркәсіптік технологиясы» өндірістік практикасынан өтті.

17.06.2019 Құттықтаймыз!
Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы әкімдігі Астана медицина университетінің өкілдерін Медицина қызметкері күніне орай құттықтап, алғыс хатпен марапаттады. 

14.06.2019 «Педагогикалық құзыреттілікті жетілдірудің заманауи технологиялары» атты семинарды аяқтады
«Астана медицина университеті» КеАҚ-тың 2017-2019 оқу жылдарына арналған Даму жоспарын жүзеге асыру мақсатында 2018 жылғы 15 қазаннан 2019 жылғы 11 маусымға дейінгі аралықта 60 оқытушы мен қызметкерлер 2018 жылғы 12 қарашадағы №385-ң/қ бұйрыққа сәйкес «Elementary», «Pre-Intermediate» және «Intermediate» II-IV деңгейлері бойынша «Педагогикалық құзыреттілікті жетілдірудің заманауи технологиялары» атты семинарды аяқтады. 

13.06.2019 55 жылдық мерейтойдың аясында Университет басшылығы ағаш отырғызды
Ағаш отырғызу әрқашан жаңа бастаудың белгісі және бұл мәні ерекше салттардың бірі. Жас көшет – бұл жаңа өмір! Осындай жақсы ниетпен Астана медицина университетінің басшылығы университеттің 55-жылдығына орай шыршалар отырғызды. «Осы іс-шара университеттің 55 жылдық мерейтойын атап өтудің бастамасы», – деді ректор Дайнюс Павалькис.

10.06.2019 «Медиполь» Стамбулдық университетіне академиялық мобильділік
15-25 мамыр аралығында академиялық мобильділік шеңберінде Неврология кафедрасының ассистенті Ләйла Хыдырпатша «Медиполь» Стамбулдық университетіне барып, университет ректоры Сабахаттин Айдынмен кездесті.

07.06.2019 «Сәтті коммуникациядағы нейролигвистикалық бағдарламау» атты семинар-тренингі
7 маусымда кафедра меңгерушілеріне «Сәтті коммуникациядағы нейролигвистикалық бағдарламау» атты семинар-тренингі өткізілді. Лектор – «АстМУ» КеАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Төлебай Рахыпбеков. 

07.06.2019 «Жалынды жастар – еңселі ел болашағы» атты республикалық интеллектуалдық пікірсайыс турнирі
2019 жылғы 11-12 мамыр күндері Астана медицина университетінде «Жалынды жастар – еңселі ел болашағы» атты Республикалық интеллектуалдық пікірсайыс турнирі өтті. Аталмыш турнир «Астана медицина университеті» КеАҚ-тың 55-жылдық мерейтойына орай және «2019 жыл – Жастар жылы» аясында өтті.

07.06.2019 Ректордың Еуропалық урологтар қауымдастығының өкілімен кездесуі
Бірінші астаналық урологиялық форумның шеңберінде Астана медицина университетінің ректоры Дайнюс Павалькис Ali-Serdar Goezen Heilbronn, Еуропалық урологтар қауымдастығының өкілімен кездесті. Екі жақ университеттің қауымдастықпен бірге жұмыс жасауы туралы сұрақтарды талқылады.

06.06.2019 Бірінші астаналық урологиялық форум
Бірінші астаналық урологиялық форумда 100-ден астам урология саласының мамандары Қазақстанның, Германияның, Грузияның, Ресейдің түрлі аумақтарынан жиналды.

06.06.2019 Медициналық этика және клиникалық пәндердегі коммуникациялық машықтар

«Астана медицина университеті» КеАҚ-тың 2017-2019 оқу жылдарына арналған даму жоспарын жүзеге асыру мақсатында 2019 жылғы 27-31 мамыр аралығында 16 оқытушы «Медициналық этика және клиникалық пәндердегі коммуникациялық машықтар» атты 54 сағатты құрайтын семинарды тәмамдады.


05.06.2019 Оңтүстік Кореядағы тағылымдама
Ағымдағы жылдың 25-наурыз және 25-мамыр аралығында «Жалпы медицина» факультеті 5 курс студенті Оразмахан Дастан «Академиялық мобильділік» бағдарламасы шеңберінде Оңтүстік Корея, Сеул қаласының келесі ауруханаларында: H+ Yangji Hospital, Yoncei University College of Medicine (Severance) және Asan Medical Center тәжірибе алмасып қайтты.

03.06.2019 Халықаралық балаларды қорғау күні
Бүгін Мұражай қызметкерлері Кәсіподақ ұйымының қолдауымен Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өткізді. Мерекеге 70-тен астам қызметкерлердің балалары қатысты.

03.06.2019 Балалардың Күлкісі – көркі, сәні әлемнің
Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы әкімдігінің қолдауымен "Тұмар" шығармашылық ұйымы мен "Bonum" қайырымдылық ұйымы 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Балалардың Күлкісі  көркі, сәні әлемнің" атты мерекелік шара өткізді. 

03.06.2019 Дене тәрбиесі және спорт сабақтарында педагогтің практикаға бағдарланған педагогикалық қызметін және дәрігерлік бақылауды ұйымдастыру

ОПҚ құрамын дамыту және университет дербестігін имплементациялау орталығымен профилактикалық медицина, спорттық медицина курсы және тағамтану кафедрасында «Дене тәрбиесі және спорт сабақтарында педагогтің практикаға бағдарланған педагогикалық қызметін және дәрігерлік бақылауды ұйымдастыру» тақырыбында практикалық семинар өткізілуде. Семинардың мақсаты – емдік дене шынықтыру саласында оқытушылардың практикаға бағдарланған кәсіби білімі мен құзыреттіліктерін дамыту.


01.06.2019 Халықаралық балаларды қорғау күнінің қарсаңында
Халықаралық балаларды қорғау күнінің қарсаңында, 2019 жылғы 31 мамырда Астана медицина университеті «Bonum» қайырымдылық ұйымының ерікті студенттері 9-қалалық емхананың кішкентай пациенттеріне тамаша мереке, көтеріңкі көңіл-күй, мейірім мен қамқорлық сыйлады.

31.05.2019 Спартакиада – 2019 нәтижелері
2019 жылғы ақпан мен шілде аралығында «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ және Нұр-Сұлтан қаласының Денсаулық сақтау басқармасы астананың медициналық ұйымдары арасында спорттың 11 түрінен «Спартакиада – 2019» іс-шарасын өткізді. 

31.05.2019 Құттықтаймыз!!!
Астана медицина университеті шет тілдер кафедрасының меңгерушісі, доцент, ҚР білім беру саласының құрметті қызметкері Айжан Қайырбекқызы Қалиеваны мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!

30.05.2019 VI Еуразиялық дерматология, косметология және эстетикалық медицина конгрессі

Бүгін Нұр-Сұлтанда дерматовенерология мен дерматокосметология салаларының жетекші мамандарын жинаған VI Еуразиялық дерматология, косметология және эстетикалық медицина конгрессі өз жұмысын бастады.


30.05.2019 Университет қызметкерлеріне ауызашар
29 мамыр Университет теологы Марат Смағұлов пен жастар ісі жөніндегі деканат ЖОО қызметкерлеріне ауызашар өькізді. Ауызашарға 60-тан астам адам келді. Қонақтар ішінде кафедра және бөлім қызметкерлері келді.

30.05.2019 Мектеп оқушыларын профилактикалық қарау

Жыл сайын отбасы және дәлелді медицина кафедрасының интерндері мектеп оқушыларын профилактикалық тексеруден өткізуге қатысады. Осы жылы 1 ақпаннан 30 сәуірге дейін интерндердің қатысуымен қаланың №13 мектеп оқушылары қаралды. № 9 қалалық емхананың бас дәрігері Сәуле Смагулова өз атынан және емхана әкімшілігі атынан оқушыларды тексеруде белсенді қатысқаны үшін отбасы және дәлелді медицина кафедрасының интерндеріне алғыс білдірді.


29.05.2019 Ақпарат үшін
2019 жылғы 29 мамырда сағат 15:30-да Астана медицина университетінің Сарыарқа даңғылы 33 мекенжайы бойынша орналасқан оқу ғимаратында электр желісінің қысқа тұйықталуы орын алды. Барлық білім алушылар мен қызметкерлер уақытында эвакуацияланды, өрт сөндіру қызметінің келуіне дейін түтіндеуді университет қызметкерлері өз күшімен тоқтатты. Зардап шеккендер жоқ.

29.05.2019 Хабарландыру

2019 жылғы 31 мамырда «Дүниежүзілік салауатты ас қорыту күні», «Асқазан-ішек жолы қатерлі ісігін уақытылы диагностикалау және емдеу». Ұйымдастырушылар: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР ұлттық гастроэнтерологтар ассоциациясы, Дүниежүзілік гастроэнтерология ұйымы, «Астана медицина университеті» КеАҚ. Өткізілетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 16/1, №9 қалалық емхана. Конференция бағдарламасы


29.05.2019 Жастар арасында діни экстремизм мен деструктивтік ағымдардың алдын алу
Халық арасында діни экстремизм туралы ескерту бойынша жұмыстың мемлекеттік маңызы бар. Осыған байланысты, 13 мамыр күні Жалпы және клиникалық фармакология кафедрасының базасында «Жастар арасында діни экстремизм мен деструктивтік ағымдардың алдын алу» атты іс-шара өткізілді.

29.05.2019 Хабарландыру

Музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «1 маусым – балаларды қорғау күніне» орай университет қызметкерлерінің 5-10 жас аралығындағы балаларына арналған мерекелік іс-шара өткізілетінін хабарлаймыз. Аталған іс-шара 3 маусым күні, сағат 10:00-де бас корпустың холында басталады. Балалар тізімі 2019 жылғы 30 мамырға дейін 56-98-61 телефоны арқылы қабылданады.


29.05.2019 «Сәтті коммуникациядағы нейролингвистикалық бағдарламалау» семинар-тренингісі
28 мамырда Университет мұражайының залында әкімшілік-басқару персонал бөлімдерінің бастықтарына «Сәтті коммуникациядағы нейролингвистикалық бағдарламалау» семинар-тренингісі өткізілді. Семинарды жүргізген – «АстМУ» КеАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Төлебай Рахыпбеков.

29.05.2019 Құрметті достар!
Сіздерді Астана медицина университетінің «BONUM» қайырымдылық ұйымы және «Тұмар» шығармашылық ұйымы 1 маусым – Халықаралық Балаларды қорғау күніне арналған «Балалардың күлкісі – көркі, сәні әлемнің» атты іс-шараға шақырады.

29.05.2019 Радиологтардың VI «ESOR Astana Tutorial» еуропалық радиологтар мектебі
2019 жылғы 21-24 мамырда Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында Радиологтардың VI «ESOR Astana Tutorial» еуропалық радиологтар мектебі өткізілді. Бұл іс-шара жыл сайын Астана медицина университеті Академик Ж.Х. Хамзабаев атындағы радиология кафедрасының меңгерушісі Раушан Рахымжанованың бастамасымен өткізіледі.

29.05.2019 Хабарландыру

2015 жылғы 15 маусымдағы ҚР БҒД «Ғылыми атақтарды (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) тағайындаудың ережелерін бекіту туралы» бұйрығындағы 7-тармақтың талаптарына сәйкес Астана медицина университеті №1 балалар аурулары кафедрасының доценті м.а. Мадина Рафхатқызы Гатауоваға қауымдастырылған профессор ғылыми атағын беру үшін ол туралы ақпаратты жариялайды.


28.05.2019 Құрметті достар!
28 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 16:00-де ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің healthcare.gov.kz инстаграм парақшасында инфекциялық аурулар маманы Динагуль Баешеваның консультациясы онлайн режимде өткізіледі. Динагуль Баешева – Қазақстанның жетекші балалар жұқпалы ауруларының дәрігері, Астана медицина университеті балалар инфекциялық аурулары кафедрасының меңгерушісі, ҚР иммунитеттеу бойынша ұлттық консультациялық комиссияның және аумақтық «Инфекциялық аурулар дәрігерлерінің қоғамы» ҚБ-нің төрайымы. 

28.05.2019 АстМУ еріктілері «Жасыл қала үшін»
25 мамырда «Жасыл қала үшін» ұранымен Астана медицина университетінің «Bonum» қайырымдылық студенттік ұйымының еріктілері қаланы көгалдандыру бойынша науқан өткізді. Олар 20-дан астам ағаш отырғызып, қаланың көгалдануы мен гүлденуіне үлестерін қосты.

28.05.2019 «Уран және мұнай өндіретін аймақтардағы медициналық – биологиялық және экологиялық мәселелері» атты VII Республикалық ғылыми- тәжірибелік конференция
«Астана медицина университеті» КеАҚ-тың мәжіліс залында 2019 жылғы 23-24 мамырда Радиобиология және радиациялық қорғау институтының 15 жылдығына арналған, «Уран және мұнай өндіретін аймақтардағы медициналық – биологиялық және экологиялық мәселелері» атты VII республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. 

27.05.2019 «Физиология өнертапқыштары» атты шығармашылық сайыс
2019 жылғы 24 мамырда Университетте Қалыпты физиология кафедрасы кафедра меңгерушісі профессор Курейщ Хамчиевтің бастамасымен «Жалпы медицина» мамандығының 1-курс студенттері арасында «Физиология өнертапқыштары» атты шығармашылық сайыс өткізді.

27.05.2019 Құрметті университет қызметкерлері!
Сіздерді 29 мамыр сағат 21:00-де өткізілетін ауызашар кешіне шақырамыз! Өткізілетін орны: Университеттің бас ғимаратындағы асхана (Бейбітшілік көшесі 49, 1-қабат). Ұйымдастырушы – Университет теологы Марат Смагулов және Жастар ісі жөніндегі деканат.

27.05.2019 Ғылым және білім беру ұйымдарының оқытушысы

«Астана медицина университеті» КеАҚ оқытушы-профессорлар құрамының біліктілігін арттырудың 2017-2019 оқу жылдарына арналған жоспарын жүзеге асыру мақсатында, 2019 жылғы 13-24 мамыр аралығында ОПҚ дамыту және Университет дербестігін имплементациялау орталығының ұйымдастыруымен жас педагог мектебі аясында «Ғылым және білім беру ұйымдарының оқытушысы» тақырыбында семинар өткізілді.


24.05.2019 Стратегиялық серіктестік жобасы бойынша Вильнюс университеті тобының жетекшісі Миндаугас Павлюкастың АстМУ-ға келуі
2019 жылғы 21 мамырдан 23 мамырға дейін Астана медицина университетіне іс-сапармен стратегиялық серіктестік жобасы бойынша Вильнюс университеті тобының жетекшісі Миндаугас Павлюкас келді.

23.05.2019 «Северанс» балалар гематологиялық және онкологиялық клиникасының профессоры Chuhl-Joo Liu-мен кездесу
22 мамырда Астана медицина университетінде ғылыми және клиникалық жұмыс жөніндегі проректор Е. Ахметов, клиникалық қызмет меңгерушісі Р. Аипов, онкология кафедрасының қызметкерлері «Северанс» балалар гематологиялық және онкологиялық клиникасының профессоры Chuhl-Joo Liu-мен кездесті.

23.05.2019 Халық денсаулығын сақтау: АМСЖ-дағы саясат, ғылым, білім, тәжірибе
22 мамырда Ақтобе қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және медициналық қауымдастықтың қатысуымен «Халық денсаулығын сақтау: АМСЖ саласындағы саясат, ғылым, білім, тәжірибе» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. 

22.05.2019 Мейіргер ісі бойынша қазақстандық-фин бағдарламасы
21 мамырда «Астана медицина университеті» КеАҚ Ювяскюля қолданбалы ғылымдар университетімен (JAMK, Финляндия) бірлесіп Мейіргер ісі бойынша қазақстандық-фин бағдарламасын ұсынды. Осы бағдарламаның соңында білім алушыларға Мейіргер ісі саласында Денсаулық сақтау магистрі дәрежесі және 2 диплом беріледі...

21.05.2019 Хабарландыру

2019 жылғы 23-24 мамырда «Астана медицина университеті» КеАҚ-та Радиобиология және радиациялық қорғау институтының 15 жылдығына орай «Уран және мұнай өндіретін аймақтардағы медициналық-биологиялық және экологиялық мәселелері» атты VII Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді. Конференция жұмысына қатысуға ғалымдар, докторанттар, резиденттерді шақырамыз. Ұйымдастырушы: Радиобиология және радиациялық қорғау институты. Өтетін орны: Бейбітшілік көшесі, 49А. Байланыс телефоны: 53 94 48, 8 705 799 81 10


21.05.2019 C. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ студенттеріне ашық сабақ
17 мамырда Астана медицина университетінің Қалыпты физиология кафедрасында C. Сейфуллин атындағы Қазақ агро-техникалық университеті биотехнология және ветеринария факультеттерінің студенттеріне ашық сабақ өткізілді.

20.05.2019 Академиялық адалдық мәселесі бойынша кездесу
Бүгін Астана медицина университетінің акт залында ректор Дайнюс Павалькистің және оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Гүлнар Жақсылықованың студенттермен академиялық адалдық және алда келе жатқан емтихандар бойынша кездесуі өткізілді.

20.05.2019 MUA RUN – 2019
2019 жылғы 18 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының триатлон саябағында «MUA RUN» екінші спорттық-шынықтыру марафоны өткізілді. MUA RUN – бекітілген 5 және 10 км қашықтықтарында жүгіру. Іс-шара Университетіміздің 55-жылдығын тойлау шеңберінде өткізіліп, көпшілік спортты дәріптеуге, саламатты өмір салтын насихаттауға, жас ұрпақты спортпен айналысуға шақыруға бағытталған.

20.05.2019 Студенттерімізді құттықтаймыз!!!
2019 жылғы 17 мамырда Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы Жоғары алқалы кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізілді. Онда Астана медицина университетінің студенттерін IFOM медицина негіздері бойынша халықаралық емтихан нәтижесінде жоғары ұпай жинағандары үшін сертификатпен марапаттау рәсімі өткізілді.

20.05.2019 «Жүректерден мейірім төгілгенде...» атты бірінші қайырымдылық балы
18 мамырда «ABSENT» мейрамханасында бал мәдениетінің ең үздік дәстүрінде «Жүректерден мейірім төгілгенде...» атты бірінші студенттік қайырымдылық балы өткізілді. Іс-шарада жиналған қаражат Хибадат Нұрқаділдің (диагнозы: Бёркит лимфомасы) және Баталов Ильданның (диагнозы: Анапластикалық эпендимома) еміне жіберіледі.

16.05.2019 Назар аударыңыздар!

«Астана медицина университеті» КеАҚ Сіздерді 2019 жылғы 20 мамырда, сағат 10.00-де өткізілетін шетелдік сарапшылардың қатысуымен мейіргер ісін дамыту бойынша іс-шараға шақырады. Толығырақ ақпарат...


14.05.2019 «Астана медицина университеті» КеАҚ институционалды аккредиттеуден сәтті өтті

«Астана медицина университеті» КеАҚ қызметтерінің, сонымен қатар білім беру ортасының, ғылыми зерттеулермен және инновациялармен тиісті байланыстарының халықаралық стандарттардың және жоғарғы білім берудің Еуропалық кеңістігінде сапаны қамтамасыз ету бойынша нұсқаулықтардың (ESG) талаптарына сәйкестігін дәлелдеді. Институционалды аккредиттеудің қорытындысы бойынша, университет 5 жылға аккредиттелді. «Медицина» мамандығы бойынша магистратура, «Фармация» және «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтары бойынша бакалавриат түлектерінің жоғары дайындығы растап шықты, жұмыс берушілердің жеткілікті қанағаттанушылығын дәлелдеп, 5 жылға аккредиттелді. Университет ұжымына ЖОО-ның дамуына қосып жатқан үлесі үшін алғыс айтамыз!


14.05.2019 Педагогикалық құзыреттілікті жетілдірудің заманауи технологиялары
«Астана медицина университеті» КеАҚ-тың 2017-2019 оқу жылдарына арналған даму жоспарын жүзеге асыру мақсатында 2019 жылғы 4-ақпан мен 6-мамыр аралығында оқытушылар мен қызметкерлер «Beginner (A1)» I-білім деңгейінде «Педагогикалық құзыреттілікті жетілдірудің заманауи технологиялары» атты оқу курсын тәмамдады. Beginner деңгейіндегі бағдарлама оқу процесіндегі грамматикалық және ауызекі сөйлесу бөліктерін қамтиды. 

13.05.2019 Профессор Алтай Жиенбайұлы Шарбақовтың құрметіне Гигиена бойынша олимпиада
Мамыр мейрамдарының қарсаңында м.ғ.д., гигиена кафедрасының бұрыңғы меңгерушісі профессор Алтай Жиенбайұлы Шарбақовтың құрметіне Гигиена бойынша олимпиада өткізілді. 

13.05.2019 Хабарландыру

Құрметті студенттер!

Студенттік жатақханадан орын алу туралы өтініштер 2019 жылғы 14 мамыр-12 шілде аралығында қабылданады. Құжаттарды 1- курстан 5 - курсқа дейінгі студенттер тапсырады. Құжаттарды – 51-корп. 206-кабинет, «Студенттер қалашығы» бөліміне тапсыру керек.


13.05.2019 Ақылы негізінде оқитын, құрметті студенттер мен интерндер!

Мемлекеттік білім гранттарын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау 2019 жылдың 13 мамырнан бастап 2019 жылдың 28 маусымға дейін жүргізіледі. Құжаттарды «Е-university» - студенттерге қызмет көрсету орталығына тапсырасыздар, 1 этаж, бас ғимарат.


08.05.2019 «Қос жауынгер» ескерткішіне гүл шоқтарын қою салтанаты
2019 жылғы 6 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында Жеңіс даңғылындағы «Қос жауынгер» ескерткішіне гүл шоқтарын қою салтанаты өтті. Салтанатты іс-шара Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығына арналды. Бұл іс-шараға Университет студенттері, қаланың оқушылары және қала тұрғындары қатысты. Ұлы Отан соғысының ардагерлері іс-шараның құрметті қонағы болды. Гүл қою салтанатында Сарыарқа ауданы әкімдігінің өкілдері сөз сөйлеп, қатысушыларды Жеңіс күнімен құттықтады және соғыс ардагерлеріне ерен ерліктері үшін, бейбіт өміріміз үшін алғыс білдірді. 

08.05.2019 «Health. Science. Technology» бірінші халықаралық ғылыми конференциясы
2019 жылдың 25-27 сәуір күндері Қарағанды медицина университетінде «Health. Science. Technology» атты бірінші халықаралық ғылыми конференция өткізілді. Конференцияға Ресей, Тәжікістан, Украина, Түркия, Алжир, Ирак, Өзбекстан және т.б. мемлекеттерден 400-ге жуық студенттер мен жас ғалымдар қатысты. 22 мемлекеттен 250-ге жуық ғылыми-зерттеу жұмыстары 5 секция бойынша көрсетілді. 

02.05.2019 Құрметті Университетіміздің студенттері мен қызметкерлері!

2019 жылғы 3 мамырда Астана медицина университетінің Сарыарқа даңғылындағы ғимаратында «Донор күні» науқаны өткізіледі. Донор болғысы келген адамдар сағат 9:00-ден 14:00 аралығында ғимараттың алдындағы автобусқа келу керек. Онда оларды Республикалық трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының қызметкерлері күтіп алады. Толығырақ...


30.04.2019 Студенттеріміздің кезекті жеңісі
2019 жылғы 25 сәуірде Қараганды медицина университетінде «Health. Science. Technology» атты xалықаралық конференция өткізілді. Осы конференцияға Астана медицина университетінің Пациентке бағдарлап оқыту кафедрасының атынан 112-топ студенттері Аралбай Әйгерім, Жеңісбек Әлжан Ильясова Бақыт Мукатаевнаның жетекшілігімен «Бірінші курс студенттерінің жаңа ортаға дағдылануы» атты тақырыпта қатысты.

30.04.2019 «Үштұғырлы тіл - ҚазАТУ-POLYMPIC» шет тілдері бойынша республикалық студенттік олимпиада

2018-2019 оқу жылына арналған шетел тілдер кафедрасының СҒЗЖ жоспары бойынша 1 курс, 101 ЖM топтарының студенттері Сейдаханова Аружан, Оразова Еркежан, Кабдуахит Әйгерім, Кенжебаева Малика «Үштұғырлы тіл - ҚазАТУ-POLYMPIC» атты шет тілдері бойынша республикалық студенттік олимпиадаға қатысты. Аталған олимпиада 2019 жылғы 5 сәуірде С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің халықаралық ынтымақтастықты және көптілді оқытуды дамыту орталығы жанындағы шет тілдер кафедрасының ұйымдастыруымен өтті.


30.04.2019 Республикалық студенттік олимпиада

2018-2019 оқу жылына арналған шетел тілдері кафедрасының СҒЗЖ жоспарына сәйкес «Жалпы медицина» және «Стоматология» мамандықтарының 1 курс студенттері Сахиева Инжу (103 стом), Садыков Адилет (144 ЖМ), Ермагамбет Балжан (144 ЖМ), Жандаулетова Карина (152 ЖМ), СейлханАлмас (155 ЖМ) 2019 жылғы 19-20 сәуір күндері Л.Гумилев атындағы Евразиялық ұлттық университетінің шетел тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен, Қазақстандағы 2019 жыл жастар жылына арналған гуманитарлық емес мамандықтардың 1 курс студенттері арасында шет тілдері бойынша (ағылшын тілі, неміс тілі) өткізілген республикалық студенттік олимпиадаға қатысты.


26.04.2019 Батыс Қазақстан облысының жұмыс берушілерімен кездесу

2019 жылғы 16 сәуірде интернатура және жұмысқа орналастыру жөніндегі деканат Университеттің болашақ түлектері мен Батыс Қазақстан облысының жұмыс берушілерімен кездесу ұйымдастырды. Кездесуге Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Беркінғали Нұрданат, Батыс Қазақстан облысы ШЖҚ «№6 қалалық емхананың» МКК бас дәрігері Ж.Ж. Шайхиев және «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 7-курс интерндері қатысты. 


25.04.2019 И.К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медициналық академиясындағы академиялық мобильділік

10-19 сәуір аралығында «Стоматология» мамандығының 4 курс студенттерімен кафедра меңгерушісі Еслямғалиева Ардақ Манапқызы академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша Қырғыз мемлекеттік медицина академиясына (ҚММА) барды. Академиялық мобильділікке қатысқан студенттер: 


25.04.2019 IDEA Congress 2019
2019 жылғы 24-28 сәуір аралығында Стамбул қаласында дерматология саласы бойынша «IDEA Congress 2019» халықаралық кең ауқымды іс-шара өтіп жатыр. Аталған іс-шараға дерматовенерология кафедрасының меңгерушісі, профессор Гульнар Батпенова және оқытудың 1-жылындағы резидент-дерматовенерологтер қатысып, баяндама жасайды. 

24.04.2019 VERITAS VOCATIO VICTORIA олимпиадасының бірінші күні

VERITAS VOCATIO VICTORIA олимпиадасының бірінші күні өтті. Жалпы, 351 студент тіркелді, оның 250 – Белоруссиядан, Қырғызстаннан, Монғолиядан, Ресей Федерациясынан, Өзбекстаннан және Шешен Республикасынан келген студенттер. 


23.04.2019 «Салалық терминдерді қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері» республикалық конференциясы
2019 жылғы 12 сәуір күні Алматы қаласында С.Ж. Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университетінде «Салалық терминдерді қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері» атты республикалық терминологиялық конференция өтті.

23.04.2019 PROpedOLYMP
2019 жылғы 18 сәуірде №3 көпбейінді қалалық балалар ауруxанасындағы Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының клиникалық базасында "Жалпы медицина" мамандығының 3-курс студенттері арасында "PROpedOLYMP" олимпиадасы өткізілді.

23.04.2019 Студенттердің VERITAS VOCATIO VICTORIA медицина жөніндегі I Халықаралық олимпиадасы
Астана медицина университетінің 55-жылдық мерейтойы аясында 2019 жылғы 24 – 26 сәуір аралығында олимпиада өткізіледі . Қазақстан, таяу және алыс шетелдің жоғары оқу орындарының 1-5 курс студенттері олимпиадаға қатысуға шақырылады. Тіркелу үшін сілтемеге өтіңіз. Тіркеудің соңғы мерзімі - 2019 жылғы 31 наурыз. Байланыс: телефон: +77776000096, (Айдос Болатов); e-mail: csg.amu@gmail.com.

19.04.2019 Тюмень мемлекеттік медициналық университетіндегі академиялық мобильділік
«Астана медицина университеті» КеАҚ-тың «Балалар хирургиясы» кафедрасының оқытудың 2 жылындағы резиденттер А.Б.Жаксылык, А.М.Ибраева, С.Н. Мендигалиева сәуір айының 1-13 аралығында Тюмень мемлекеттік медициналық университетінің №2 облыстық клиникалық ауруханасында балалар хирругиясы, травматология және анестезиология кафедрасының меңгерушісі М.А.Аксельровтың жетекшілігімен хируругия бөлімшесінің балалар стационарында білім алып келді. 

18.04.2019 «Алжир» мемориалды мұражай кешенінде өткен экскурсия

2019 жылғы 11 сәуірде «Қазақстан тарихы және философия» кафедрасының аға оқытушысы, академиялық  топ кураторы Бектаева Меурерт Баймахановнаның  жетекшілігімен «Жалпы медицина» мамандығының 201 топ студенттері «Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне экскурсия ұйымдастырды.


18.04.2019 Жұмыс орындары жәрмеңкесі – 2019
Бүгін «Астана медицина университеті» КеАҚ-та түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілуде. Жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысу үшін, Астана медицина университетіне Нұр-Сұлтан қаласының, Ақмола, Солтүстік-Қазақстан, Қостанай және басқа да еліміздің облыстарының медициналық ұйымдарынан 100-ден астам өкілдер шақырылды. 

18.04.2019 7 курс интерндерінің баланың дамуын бағалау кабинетінде өткен практикасы
2019 жылғы 9 сәуірде № 8 қалалық емханада «Амбулаториялық-емханалық педиатрия» сабағын өтіп жүрген «Жалпы медицина» факультетінің 779 топ интерн-педиатрлары өздерінің білімі мен дәрігерлік практикаларын жақсы көрсете білді. Дені сау балалар күніне орай, ерте жастағы балаларға жоспар бойынша осы кабинеттің маманы, жоғары санатты педиатр – Ванда Васильевамен бірлесіп скрининг өткізді. 

18.04.2019 7 курстың интерн-педиатрларының емханада өткізген семинары
2019 жылғы 3 сәуірде № 8 қалалық емханада «Жалпы медицина» факультетінің 779 топ интерн-педиатрлары, интернатура бойынша балалар аурулары кафедрасының доценті, м.ғ.к. Гүлназ Нурановамен бірлесіп, «Сәбилердегі микробиоценоз түзілісінің ерекшеліктері және ішек дибактериозы» атты ғылыми-клиникалық семинар өткізді. Семинарға осы емхананың аймақтық дәрігерлері, мейіргерлер және практикадан өтіп жүрген 5,6,7 курстың студенттері қатысты. 

17.04.2019 «Менің арманым» ұлттық бәйгесінің 4-маусымы өткізіледі

2019 жылғы 3-5 мамырда Астана медицина университетінде үздік бизнес-жобаларды анықтайтын «Менің арманым» ұлттық бәйгесі өткізіледі. Бәйгеге Қазақстанның әр аумағынан 16 мен 29 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Қатысушылар ұсынатын жобалардың саны шектелмеген.


17.04.2019 Отбасылық медицина және дәлелдемелі медицина кафедрасының доценті мен «Жалпы медицина» 7 курс интерндеріне алғыс

Астана қаласы әкімдігінің «№10 қалалық емхана» әкімшілігі Отбасылық медицина және дәлелдемелі медицина кафедрасының доценті Нурпеисова Риза Гумаровнаға және «Жалпы медицина» мамандығы 751 тобының келесі интерндеріне халықтың денсаулығын жақсартуға өз үлестерін қосқандары үшін алғыс хат табыстады: 


17.04.2019 Бұхара мемлекеттік медициналық институтына академиялық мобильділік
8-14 сәуірде Ш. И. Сарбасова атындағы микробиология, вирусология, иммунология кафедрасының профессоры Табаева Әлия Әбілқызы академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша Бұхара мемлекеттік медициналық институтына (БММИ) барып қайтты.

15.04.2019 Қазіргі әлемде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Алиментариус Кодексінің стандарттары

«Астана медицина университеті» КеАҚ-тың 2017-2019 жылдарға арналған даму жоспарын іске асыру аясында Оқытушы-профессорлар құрамын дамыту және Университет дербестігін имплементациялау орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылғы 12 сәуірде «Кодекс Алиментариус» комиссиясының Еуропа бойынша ФАО/ДДСҰ-ның үйлестіру комитеті өкілдерінің қатысуымен «Қазіргі әлемде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Алиментариус Кодексінің стандарттары» атты семинар өтті. 


15.04.2019 «JASTAR JÁNE RÝHANIAT» атты бірінші Халықаралық жастар форумы
2019 жылғы 11 сәуірде ҚМДБ ұйымдастыруымен «JASTAR JÁNE RÝHANIAT» атты бірінші Халықаралық жастар форумы өтті. Форумның мақсаты «Жастар жылы» аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен еліміздің белсенді жастары арасанда өзара байланыс орнату және әртүрлі жастар ұйымдарымен бірлесе отырып, жастар арасындағы қазіргі кездегі түйіткілді мәселелердің шешімін табуға атсалысу.

11.04.2019 Назар аударыңыздар!

2019 жылғы 18 сәуірде «Астана медицина университеті» КеАҚ-та түлектерге арналған « Бос орындар жәрмеңкесі - 2019» өткізіледі.


11.04.2019 Құрметті достар!
«Bonum» студенттік ұйымы Сіздерді «Жүректерден мейірім төгілгенде...» атты қайырымдық балына шақырады. Осындай бал университетімізді алғашқы рет өткізілмек.

11.04.2019 Құрметті жоғарғы сынып оқушылары, ата-аналар және ұстаздар!
«Астана медицина университеті» КеАҚ 2019 жылғы 19 сәуірде Бейбітшілік көшесі, 49А мекен жайындағы бас ғимаратта өтетін АШЫҚ ЕСІК КҮНІНЕ шақырады.

11.04.2019 «Стоматология мамандығының» 6 курс интерндерінің Астана қаласының жұмыс берушілерімен кездесуі

2019 жылғы 10 сәуірде интернатура және жұмысқа орналастыру деканаты «Ортопедия және балалар стоматологиясы» мен «Стоматология және бет-жақсүйек хирургиясы» кафедраларының базаларында 6 курс интерндеріне Астана қаласының «М32 Dental clinic» мекемесінің бас директоры Іргебаев Абдрахман Тұрсынханұлы, стоматология жобасы кеңесшісі басшысының, м.ғ.д. Сманов Қайназар Досыбекұлымен кездесу ұйымдастырды. 


10.04.2019 Кәсіптік мейіргер ісінің орталығы және электрондық платформа қазақстандық және европалық сарапшылардың ынтымақтастығы негізінде жұмыс істейтін ProInCa жобасында әзірленеді

Астана медицина университетінде 8-12 сәуір аралығында «Мейіргер шеберлігінің орталығы үшін электрондық платформа әзірлеу» тақырыбында ProInCa жобасының мастер-класы өткізіліп жатыр. 


10.04.2019 Құрметті достар!

Барлықтарыңызды ұлы ақын Сергей Александрович Есениннің құрметіне арналған «Есенин деп жырлаймын» («Есенин – я буду воспевать») атты спектакль қойылымына шақырамыз! Спектакль – ақынның жасөспірім кезінен бастап шығармашылық шыңына жеткен уақытқа дейінгі өмірі туралы, арманға деген ұмтылыс және мақсатты орындауға бағытталған еңбек жолы туралы.


09.04.2019 Мейірбике ісін жетілдіру Орталығы үшін электрондық платформа әзірлеу
2019 жылы 8-12 сәуір аралығында «Астана медицина университеті» КеАҚ аясында Эрасмус+ бағдарламасының ProInCa жобасының шеңберінде өтетін «Мейірбике ісін жетілдіру Орталығы үшін электрондық платформа әзірлеу» тақырыбындағы мастер-клас басталып кетті. 

09.04.2019 Құттықтаймыз!
2019 жылғы 1-11 наурыз аралығында біздің студенттер «i-teka» компаниясы ұйымдастырған пациенттерге онлайн-консультация беруге арналған ең үздік чат-ботты анықтайтын сайысқа қатыс0ан болатын.

09.04.2019 Болашақ түлектердің ҚР Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ қызметкерлерімен кездесуі

2019 жылғы 5 сәуірде интернатура және жұмысқа орналастыру деканаты болашақ түлектермен ҚР Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды. 


08.04.2019 «Human2Health» хакатонының шеңберіндегі сайыстың нәтижесі
«Human2Health» хакатонының шеңберінде, хакатон көрмесінің фонында немесе хакатон баннерінің алдында түскен ең үздік фотодан және медицинаны сандық жүйеге көшіру бойынша ең үздік ұсыныстардан Instagram желісінде сайыс жарияланған болатын. 

08.04.2019 «Сау болу – сәнді!» акциясы

Дүниежүзілік денсаулық күні - жаһандық науқан, ол адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын қорғау бойынша бірлескен іс-қимылдарды жүзеге асыру мақсатында, планетаның әрбір тұрғынының денсаулығы мен денсаулығына қатысты мәселелерге назар аударуға бағытталған. 


08.04.2019 Хабарландыру

Құрметті студенттер! Академиялық мобильділік бағдарламасы аясында конкурс жарияланады:


08.04.2019 Электронды үкімет порталын қолданыңыздар
«e-Gov.kz» Қазақстанның электронды үкіметі – еліміздің азаматтары, уақыттарын мемлекеттік органдарға баруға жоғалтпай, қажет қызметтерді электронды түрде алуларына мүмкіндік беретін портал.

08.04.2019 Нұр-сұлтан қаласының медициналық ұйымдары арасындағы «СПАРТАКИАДА - 2019»

2019 жылғы 5 сәуірде «Алау» Мұз айдынының ғимаратында "Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы" ҚБ-ның Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалы, Нұр-Сұлтан қаласы Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, Нұр-Сұлтан қаласының медициналық ұйымдары арасында «Спартакиада – 2019» іс-шарасының аясында үстел теннисінен жарыс ұйымдастырды. 


05.04.2019 2019 жылғы 2 ақпанда Астана медицина университеті және Назарбаев университеті командалары арасында жолдастық кездесу өтті.

2019 жылғы 2 ақпанда Астана медицина университеті және Назарбаев университеті командалары арасында жолдастық кездесу өтті. Кездесу  қарсылас команданың залында өтті. Бұл жай ғана жолдастық матч болғанымен , ойын кәсіби деңгейде өтті. Тараптардың әрқайсысы барын салып, команда намысын қорғады. Бұл кездесудің негізгі мақсаты —волейболды дамыту,саламатты өмір салтын насихаттау, жарыс алаңдарында бағын сынау.


05.04.2019 2019 жылғы 26-28 наурыз аралығында жоғары оқу орындары арасында волейболдан жыл сайынғы Универсиада өтті.

2019 жылғы 26-28 наурыз аралығында Астана қаласының жоғары оқу орындары арасында волейболдан жыл сайынғы Универсиада өтті. Жарысқа Назарбаев университеті, ҚазЭҚХСУ ҚазАТУ және де басқа командалар қатысты. Ойын өте қызықты өтті, барлық командалар бірдей деңгейде ойнады. Бұл жарыста біздің командамыз 3-орын алды. «Фармация» факультетінің 104-топ студенті Хамедова Мадина «Үздік байланыстырушы» атағын алды. Командамызды құттықтаймыз және алдағы уақытта тек жеңіс тілейміз!!!


05.04.2019 2019 жылғы 6-11 наурыз аралығында баскетболдан студенттер арасында Қазақстан Республикасы Чемпионатының екінші айналымы өтті.
2019 жылғы 6-11 наурыз аралығында Астана қаласында баскетболдан студенттер арасында Қазақстан Республикасы Чемпионатының екінші айналымы өтті. «АстМУ» АҚ командасы Қарағанды, ЕҰУ, ҚазҰАУ КарМУ және ҚҚЭУ командаларымен жарысқа түсті. Ойыншылар жақсы спорттық дайындықтарын көрсетті. Ойын өте қызықты болды, жанкүйерлер ерекше қолдау көрсетті, ал жарыс тартысты өтті. Командаға тек жеңіс тілейміз!!!

05.04.2019 Академиялық мобильділік
2019 жылғы 16-31 наурыз аралығында академиялық мобильділік аясында «Астана медицина университеті» КеАҚ стоматология және бет-жақсүйек кафедрасының ассистенті З.М. Шакимжанова Әбу Әли ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институтының стоматология факультетінің 5 курс студенттеріне «Бет-жақсүйек хирургиясы» пәні бойынша дәрістер, мастер-кластар, тәжірибиелік сабақтар жүргізді. 

04.04.2019 “H2H: Health2Human” республикалық хакатоны
Бүгін «Астана медицина университеті» КеАҚ-та Қазақстан Республикасының ІТ командаларына арналған “H2H: Health2Human” хакатоны басталды. Іс-шараны Астана медицина университеті UNICEF Қазақстан және ҚР ДСМ Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығымен бірлесе отырып, ұйымдастырды. 

03.04.2019 Медициналық білім беру саласындағы PBL инновациялық әдістемесі

2019 жылғы 27 наурыз - 02 сәуір аралығында оқытушы-профессорлар құрамын дамыту және университет дербестігін имплементациялау орталығының ұйымдастыруымен проблемаға бағыттап оқыту жөніндегі тьютер, қалыпты физиология кафедрасының меңгерушісі Хамчив Курейщ Мавлович «Медициналық білім беру саласындағы PBL инновациялық әдістемесі» тақырыбында семинар өткізді. Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар берілді.


02.04.2019 Сеул Ұлттық Университетінде тағылымдамадан өту нәтижелер
Ағымдағы жылдың 1-15 наурыз аралығында «Академиялық мобильділік» бағдарламасы аясында жалпы медицина факультетінің 5 курс студентері Әбілова Айгерім мен Арманова Данагүл Оңтүстік Кореяның, Сеул қаласындағы, Сеул Ұлттық Университетінің Ауруханасы базасында білім алды. 

02.04.2019 Халықаралық Медициналық Студенттер Федерациясының 68-ші Бас Ассамблеясы
2019 жылғы 1-7 наурыз аралығында Словения Республикасының Порторож қаласында Словения Республикасының Президенті Борут Пахордың басшылығымен Халықаралық Медициналық Студенттер Федерациясының 68-ші Бас Ассамблеясы өткізілді. 

02.04.2019 Назар аударыңыздар! “H2H: Health2Human” хакатоны!
«Астана медицина университеті» КеАҚ UNICEF Қазақстан және ҚР ДСМ РЭДСО-мен бірлесіп, Қазақстан Республикасының ІТ командаларына арналған екікүндік “H2H: Health2Human” хакатонын өткізеді.

02.04.2019 «Менің де өз үлесімді қосуға уақытым келді» ақпараттық-профилактикалық акция
2019 жылғы 18-20 наурыз аралығында Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында "Эталон" және "Орталық" сауда орталығында «Астана медицина Университеті» КеАҚ Студенттік кеңесі мен "Жария" ҚҚ еріктілері бірлесіп "Менің де өз үлесімді қосатын уақытым келді" - атты ақпараттық-профилактикалық акциясын өткізді. 

01.04.2019 Оқу-жаттығу

2019 жылғы 27 наурызда сағат 17.00-де мына мекенжайлар бойынша орналасқан оқу корпустарында: Бейбітшілік көшесі, 49, 49А, 51 және 53, «АстМУ» КеАҚ ректоры Д. Павалькистің 26.03.2019 ж. № 37-н/қ бұйрығына сәйкес «Шұғыл эвакуациялау барысында төтенше жағдайлардың қаупі мен туындауы жағдайында университеттің басшы құрамы мен қызметкерлерінің іс-әрекеттері» тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 11 сәуірдегі №188-V ҚРЗ «Азаматтық қорғау туралы» Заңына және Астана қаласының Әкімімен бекітілген «2019 жылға арналған астаналық аумақтық кіші жүйені азаматтық қорғауды жетілдіру жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарына» және азаматтық қорғаныс және өрт қауіпсіздігін бақылау бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес оқу-жаттығу өткізілді.


01.04.2019 Институционалды аккредиттеу процесі басталды
Бүгін «Астана медицина университеті» КеАҚ-та институционалды аккредиттеу процесі басталды. Осы мақсатпен университетке Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінің сарапшылары келді. 

29.03.2019 «Биология және медицинадағы озық оптикалық әдістер» дәрісі
2019 жылғы 19 наурызда Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология, вирусология және иммунология кафедрасында неміс ғылыми ревматология орталығынан келген микроскопия жөніндегі маман, дәрігер Асылхан Рақымжанның қатысуымен «Биология және медицинадағы озық оптикалық әдістер» атты дәріс өтті. 

29.03.2019 Туберкулезбен күресуге өз үлесіңді қосатын уақыт келді

2019 жылдың 27 наурыз күні Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология, вирусология және иммунология кафедрасында 24 наурыз - Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай «Туберкулезбен күресуге өз үлесіңді қосатын уақытың келді» атты студенттірдің ғылыми-практикалық конференциясы өтті. 


29.03.2019 «Заманауи медицина: Дәстүрлер мен инновациялар» атты II Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2019 жылдың 13-14 наурыз күндері Түркістан қаласында "Заманауи медицина: Дәстүрлер мен инновациялар" атты II Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға «Астана медицина университеті» КеАҚ студенттік ғылыми үйірмесі, балалар хирургиясы кафедрасының студенттері белсенді қатысты. 690-топ студенті Бегунгутова Жанель, 410-топ студенті Уатханова Аяужан, 674-топ студенті Касымханова Айдана баяндама дайындап, конференцияда қорғады. 


29.03.2019 Болашақ түлектердің Павлодар облысының жұмыс берушілерімен кездесуі
Интернатура және жұмысқа орналастыру деканаты 2019 жылғы 28 наурызда Университеттің болашақ түлектерінің Павлодар облысының жұмыс берушілерімен кездесуін ұйымдастырды.

29.03.2019 Құрметті достар!
Сіздерді Қазақстанның жетекші кардиохирургі, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ Басқарамасының төрағасы Юрий Владимирович Пяның қатысуымен өткізілетін MedTalks by KazMSA МУА «Ер адамның ғылымға қосқан үлесі» атты іс-шараға шақырамыз.

28.03.2019 «Helping Hand» іс-шарасы
2019 жылғы 19 наурызда Жастар жылы аясында университеттің KazMSA-AMU SCORP студенттік қауымдастығы Адам құқықтары және бейбітшілік тұрақты комитетімен бірлесіп «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет орталығында «Даун синдромымен» ауыратын халықаралық адам күніне арналған «Helping Hand» іс-шарасын ұйымдастырды. 

28.03.2019 Ислам – толерантты дін

Медицина университетінің екінші курс студенттері университетіміздің теологы Смағұлов Марат Аманжолұлының "Ислам – толерантты дін" тақырыбыңдағы дәрісін тыңдады. Лектор ислам дінінің толеранттылығы туралы сөз қозғады. 


28.03.2019 «Студенттер темекіге қарсы» акциясы

«Астана медицина университеті» КеАҚ аумағында жастар арасында темекі шегудің алдын алу және темекінің адам денсаулығына зиян әсері жайлы ақпарат беру мақсатында 1-курс студенттері «Студенттер темекіге қарсы» акциясын өткізді. Іс-шара барысында қатысушыларға «Темекіні пайдалы тағамға алмастыру» ұсынысы жасалды - шылым шегуден бас тарту және студенттерді саламатты өмір салтын ұстануға ынталандыру. Акция барысында қатысушылар темекінің адам денсаулығына зиянды әсері туралы, темекіге тәуелділіктен арылудың мүмкін жолдары туралы және жастар арасында темекі шегудің алдын алу туралы толық ақпарат алды.


28.03.2019 Кәсіпкерлік қорқынышымен күрес
2019 жылдың 15 наурызында Астана медицина университетінде «Кәсіпкерлік қорқынышымен күрес» тақырыбында дәріс өтті. Дәріс спикері ORDA INVEST құрылыс корпорациясының басшысы Шалкарбек Тәліпов болды. Бұрын Шалқар Нұрылдаұлы балалар хирургы болып, көптеген жылдар бойы өз мамандығы бойынша қызмет атқарып келген. Бүгінде ол табысты бизнесмен, өз қолымен Қазақстанда танымал құрылыс компаниясын құрған.

27.03.2019 «Биология және медицинадағы озық оптикалық әдістер» тақырыбында мастер-класс

«Астана медицина университеті» КеАҚ-тың 2017-2019 жылдарға арналған Даму жоспарын жүзеге асыру аясында ОПҚ дамыту және университет дербестігін имплементациялау орталығы 2019 жылғы 18-20 наурыз аралығында «Биология және медицинадағы озық оптикалық әдістер» тақырыбында мастер-класс өткізді. Мастер класқа студенттер мен Университетің қызметкерлері қатысты.


27.03.2019 Балалардың сүйек және шеміршек тіндерінің өсуі бұзылған қаңқаның туа біткен жүйелі ауруларын диагностикалаудың және емдеудің қазіргі тәсілдері
2019 жылғы 17 -20 наурыз аралығында №2 балалар ауруханасында «Балалардың сүйек және шеміршек тіндерінің өсуі бұзылған қаңқаның туа біткен жүйелі ауруларын диагностикалаудың және емдеудің қазіргі тәсілдері» атты ғылыми-практикалық мастер-класы профессор М.И.Ситенко атындағы омыртқа және буын патологиясы институтының (Харьков қ., Украина) балалар ортопедиясы бөлімінің жетекшісі, м.ғ.д., профессор Хмызов Сергей Александрович пен профессор М.И.Ситенко атындағы омыртқа және буын патологиясы институтының балалар ортопедиясы бөлімінің дәрігер ортопед-травматологы Пашенко А.В. қатысуымен өтті. Видеоматериалға сілтеме.


27.03.2019 Хабарландыру

ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР! 2019-2020 оқу жылына академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқуға конкурс жарияланады: 


26.03.2019 Талапкерлерді бағдарлау жұмысы
2019 жылдың 26 наурыз күні Шымкент қаласындағы Түркістан облысы Өзбек этномәдени қоғамдық бірлестігінің қолдауымен Түркістан облысының жалпы білім беретін орта мектептерінен 103 (жүз үш) оқушы «Астана медицина университеті» КеАҚ-қа экскурсияға келді

22.03.2019 Наурыз мейрамы - 2019
2019 жылғы 21-22 наурызда көктемгі жаңару мерекесі Наурыз құрметіне ескі алаңда «Астана медицина университеті» КеАҚ өз киіз үй есіктерін ашты. Университет киіз үйде қазақ халқының дәстүрлі үй жабдықтарын көрсетті. 

20.03.2019 Наурыз мерекесі

Филологиялық пәндер кафедрасының оқытушылары студенттер арасында Ұлыстың ұлы күн - Наурыз мерекесін атап өтті. Аталмыш іс-шараға шетелден келген студенттер де белсене араласты. Олар қазақ халқының салт-дәстүрі, ұлттық тағамдары туралы мәлімет алды, ән салып, би биледі, қазақ тілінде және орыс тілінде өлеңдер оқыды. Наурыз мерекесі жалпы түркі халықтар мерекесі, ұрпақтар жалғасы, рухани қазына. Аталмыш мереке ұлттар достығына, ел бірлігіне, тыныштығына ықпал етеді. 


20.03.2019 Болашақ түлектердің Көкшетау қаласының жұмыс берушілермен кездесуі

2019 жылғы 18 наурызда Астана қаласы ШЖҚ «№4 қалалық емхана» МКК базасында «Интернатура бойынша ЖДП кафедрасында» «ЖДП» мамандығының 7 курс интерндері және Көкшетау қаласының ШЖҚ «№1 қалалық емханасының» МКК кадр бөлімінің бастығы Кубышева Райхан Мағауяқызы, жалпы практика дәрігері Кочубаева Айгерим Қанатқызы арасында жұмысқа орналастыру жөніндегі шарт жасасу бойынша үгіт-насихат жұмысы өткізілді. 


19.03.2019 Наурыз мейрамы – 2019
Бүгін университетімізде қасиетті және берекелі Наурыз мейрамы тойланды. Мерекелік іс-шараны «Астана медицина университеті» КеАҚ Бірінші кәсіподақ ұйымы ұйымдастырып, қолдады.

19.03.2019 Наурыз мейрамы
«Астана медицина университеті» КеАҚ жатақханасының №1 блогында 2019 жылғы 18 наурызда Наурыз мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өтті. Жатақхананың белсенді студенттері өз өнерлерін ортаға салып, шағын концерттік бағдарлама қойды. Ұлыстың ұлы күніне арналған әсем әуендер шырқап, мыңбұрала би биледі, күмбірлете күй төкті. Небір тамаша қойылымдар қойды. 

18.03.2019 Армысың, Әз-Наурыз!!!
2019 жылғы 15 наурызда ежелден жаңарту мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Әз-Наурыз мерекесі атап өтілді. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамының қарсаңында «Фармацевтикалық пәндер» кафедрасының кураторлары, доцент Атимтайқызы Айнаш пен доцент Ш. А. Ахелова және «№ 1 Қоғамдық денсаулық сақтау» кафедрасының аға оқытушысы Г. Б. Байгулованың ұйымдастыруымен Наурыз мейрамы өтті. Іс-шарада Фармация факультетінің 1-5 курс студенттері өнерлерін көрсетіп, белсене қатысты. 

18.03.2019 «Амал келді, жыл келді»
2019 жылғы 15 наурызда “Астана медицина университеті” КеАҚ – тың тарихында алғаш рет “Жастар жылы” аясында Жастар ісі жөніндегі деканаттың қолдауымен “Қоғамдық денсаулық сақтау” мамандығының 2-курс студенті “Тұмар” әдеби клубының төрайымы Қараманова Інжудің ұйымдастыруымен көрісу күніне орай «Амал келді, жыл келді» атты дәстүрлі мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. 

15.03.2019 «Тест тапсырмаларын құру әдістемесі (базалық деңгей)» тақырыбында қашықтықтан оқыту семинары
«Астана медицина университеті» КеАҚ-тың 2017-2019 жылдарға арналған даму жоспары аясында ОПҚ біліктілігін арттыру және университет дербестігін имплементациялау орталығы, ақпараттық қызмет басшысы Исабаев Эльдар Сагидоллаевичтің жетешілігімен 28 ақпан - 14 наурыз аралығында 27 сағат көлемінде «Тест тапсырмаларын құру әдістемесі (базалық деңгей)» тақырыбында қашықтықтан оқыту семинарын ұйымдастырды.

15.03.2019 Бітірушілердің Солтүстік Қазақстан облысының жұмыс берушілерімен кездесуі
2019 жылғы 11 наурызда интернатура және жұмысқа орналастыру жөніндегі деканат Университеттің болашақ түлектері мен Солтүстік Қазақстан облысының жұмыс берушілерінің кездесуін ұйымдастырды. 

14.03.2019 Астана қаласының жоғары оқу орындары арасында волейболдан жыл сайынғы Универсиада
2019 жылғы 12-15 ақпан аралығында Астана қаласының жоғары оқу орындары арасында волейболдан жыл сайынғы Универсиада өтті. Назарбаев университеті, ҚазЭҚХСУ және ҚазАТУ командалары қатысты. Ойын өте қызықты өтті, барлық командалар бірдей деңгейде ойнады. Командамызға алдағы уақытта тек жеңіске жете беруге тілектеспіз!!!

14.03.2019 Қазақстан Республикасы студенттер арасындағы баскетбол чемпионаты
2019 жылғы 15-21 ақпан аралығында Қарағанды қаласында баскетболдан студенттер арасындағы Қазақстан Республикасы Чемпионатының екінші айналымы өтті. «АстМУ» АҚ командасы Қарағанды, ЕҰУ, ҚазҰАУ КарМТУ және ҚҚЭУ командаларымен жарысты. Командамыз ойын барысында өздерін жақсы көрсете білді. Командамызға алда жеңіске жете беруге тілектеспіз!

14.03.2019 Хабарландыру
Құрметті студенттер! Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында «Стоматология» факультетінің 4-курс студенттеріне И.К.Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясында (Қырғыз Республикасы) «Кариесология және балаларда кездесетін тістің қатты тіндерінің тісжегілік емес бұзылыстары және клиникалық эндодонтия» пәнін оқуға конкурс жарияланады. Оқу орыс тілінде жүргізіледі.

13.03.2019 "АМУ" КеАҚ студенттерінің волейбол және баскетбол бойынша спорттық жетістіктері
2019 жылғы 12-15 ақпан аралығында Астана қаласының жоғары оқу орындары арасында волейболдан жыл сайынғы Универсиада өтті. 2019 жылғы 15-21 ақпан аралығында Қарағанды қаласында баскетболдан студенттер арасындағы Қазақстан Республикасы Чемпионатының екінші айналымы өтті. Командаларымызға алда жеңіске жете беруге тілектеспіз!

12.03.2019 «Балалардың сүйек және шеміршек тіндерінің өсуі бұзылған қаңқаның туа біткен жүйелі ауруларын диагностикалаудың және емдеудің қазіргі тәсілдері» атты ғылыми-практикалық мастер-класс

«Астана медицина университеті» КеАҚ балалар хирургиясы кафедрасының ұйымдастыруымен, 2019 жылғы 17-20 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «№2 қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК базасында «Балалардың сүйек және шеміршек тіндерінің өсуі бұзылған қаңқаның туа біткен жүйелі ауруларын диагностикалаудың және емдеудің қазіргі тәсілдері» тақырыбында ғылыми-практикалық мастер-класс өткізу жоспарланып отыр. Тәлімгер- профессор М.И.Ситенко атындағы омыртқа және буын патологиясы институтының (Харьков қ., Украина) балалар ортопедиясы бөлімінің жетекшісі, м.ғ.д., профессор Хмызов Сергей Александрович. Бағдарлама


11.03.2019 Туберкулезден қорғау шаралары бойынша ақпарат
Туберкулез (ТБ) әлемдегі өлім-жітімнің алдыңғы қатарлы 10 себептерінің бірі болып табылады. Туберкулез – бұл көбінесе өкпеге әсер ететін микобактерия туберкулезінен туындаған жұқпалы бактериялық ауру. Туберкулез аурудың белсенді респираторлық формасы бар адамдардың жұлдыруы мен өкпелерінен тамшылар арқылы адамнан адамға жұғады.

06.03.2019 Құрметті нәзік жандар!
Барлықтарыңызды келе жатқан 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Осы мереке қарсаңында «Астана медицина университеті» КеАҚ –тың Мұражай қызметкерлері кәсіподақ ұйымымен бірлесіп өткізетін ардагер әйелдермен мерекелік кездесуге шақырамыз.  

06.03.2019 «Жақсылық жасап жарысайық» эстафетасы
Біздің «Bonum» студенттік қайырымдылық ұйымы «Жақсылық жасап жарысайық» атты эстафетаның басталғаны туралы хабарлайды және барлық топтарды эстафетаға қатысуға шақырады.

04.03.2019 Бастапқы мамандырылған аккредиттеу процесі басталды
2019 жылғы 4 наурызда «Астана медицина университеті» КЕАҚ-та магистратура және докторантура бойынша «Биология» мамандығын, резидентура бойынша «Гематология», «Жалпы хирургия», «Спорттық медицина» мамандықтарын аккредитттеу процесі басталды.

04.03.2019 «Қазіргі таңдағы иммунологияның өзекті мәселелері» атты конференция
2019 жылғы 1 наурызда Астана медицина университетінің Ш.И.Сарбасова атындағы микробиология, вирусология және иммунология кафедрасында «Қазіргі таңдағы иммунологияданың өзекті мәселелері» атты Дүниежүзілік иммунитет күніне арналған конференция өткізілді.

04.03.2019 Хабарландыру

Құрметті студенттер! Академиялық мобильділік шеңберінде «Балалар хирургиясы» бағыты бойынша оқытудың 2-ші жылындағы резиденттерді «Балалар травмотологиясы және ортопедиясы» пәнін оқу үшін Тюмень мемлекеттік медициналық университетіне (Ресей) жіберуге КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ. Оқу мерзімі – 2 апта. Конкурсқа қатысу үшін қойылатын талаптар: GPA 3,67 балдан төмен болмауы тиіс. Конкурсқа қатысу туралы өтініштер 2019 жылғы 7 наурызға дейін деканатта қабылданады. Конкурсты өткізу уақыты және орны: 2019 жылғы 11 наурыз. Сағат: 15.00.


04.03.2019 «Ректор Кубогі» жыл сайынғы спартакиадасының ашылуы
2019 жылғы 26 қаңтарда «Ректор Кубогі» үшін қызметкерлер арасында жыл сайынғы спорттық іс-шараның ашылуы болды. «Ректор Кубогі» үшін бірінші болып дойбы ойыншылар жарысқа түсті. Дойбышылар әрдайым ерекше ақылмен және ойлау қабілетімен ерекшеленеді. Ерлер арасында 1-орынды жұқпалы аурулар кафедрасының қызметкері Байбосынов Дәулет, ал әйелдер арасында - онкология кафедрасының қызметкері Сағиева Салтанат Бауыржанқызы алды. 

04.03.2019 «Ректор Кубогі» спартакиадасы аясында тоғызқұмалақтан жарыс

2019 жылғы 2 ақпанда «Ректор Кубогі» спартакиадасы аясында тоғызқұмалақтан жарыс өтті. Ерлер арасында 1-орынды оториноларингология кафедрасының қызметкері Кускадамов Нұрсұлтан Жантореұлы, ал әйелдер арасында - онкология кафедрасының қызметкері Куканова Асия Маратқызы алды. Балалар хирургиясы кафедрасынан Жақсылық Арман Бауыржанұлы және онкология кафедрасының қызметкері Ермагамбетова Алия Туйебаевна күміс жүлдеге ие болды. Қола жүлдені «Онкология» кафедрасының қызметкері Ниязбай Құралай Абдирахманқызына алды. Барлық қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!!!


01.03.2019 Ең мықты чат-ботты анықтайтын сайыс
Бүгін «i-teka» компаниясы өткізіп жатқан пациенттерге онлайн-консультация беруге арналған ең мықты чат-ботты анықтайтын сайыс басталды. Сайысты бастау үшін компания директоры Марат Төлібаев келді. 

01.03.2019 «Балаға өмір сыйла» атты қайырымдылық жәрмеңкесі
2019 жылғы 25-27 ақпан аралығында университет холлында «Балаға өмір сыйла» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді. Іс-шара ұйымдастырушысы – «Bonum» студенттік ұйымы. Осы жолы қаражат Ходжкиндік емес Бёркитт лимфомасымен науқас 4-жасар Нұрхәділ Хибадатқа жиналды. 

01.03.2019 Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Досжан Сәуле Мағазбекқызымен кездесу
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында 2019 жылғы 28 ақпанда «Астана медицина университеті» КеАҚ-та Жастар ісі жөніндегі деканат пен Қазақстан тарихы және философия кафедрасымен бірлесіп, ақын және жазушы Досжан Сәуле Мағазбекқызымен университеттің студенттерімен кездесу ұйымдастырды.

28.02.2019 "Астана медицина университеті" КЕАҚ-тың жаңа ректоры
Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрінің қатысуымен Астана медицина университеті Ғылыми кеңесінің кезектен тыс отырысы өткізілді. Отырыста министр университет қызметкерлеріне жаңа ректор Дайнюс Павалькисті таныстырды. Дайнюс Павалькис 2018 жылғы қаңтар айынан бастап осы күнге дейін С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің провосты қызметін атқарып келді.



28.02.2019 Нұр Отан партиясының 18-съезді
2019 жылдың 27 ақпанында «Тәуелсіздік» сарайында Елбасы әрі партия көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен Нұр Отан партиясының 18-съезді өткізілді. 2030 жылға дейін жаңа даму бағдарламасы қабылданған съезд «Әл ауқатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» деген атау алды.

28.02.2019 Назар аударыңыздар!

2019 жылғы 28 ақпанда сағат 17:00-де «Өз ісіңізді қалай бастау керек?» атты семинар өткізіледі. Семинарды «АстМУ» АҚ бизнес-инкубатор орталығының басшысы Евгений Вадимович Фролов жүргізеді. Өткізілетін орын: «АстМУ» АҚ-тың коворкинг орталығы (53-ғимарат, 3-қабат). Тіркелу мен толық ақпаратқа сілтеме: ttps://biznes-inkubator-mua.timepad.ru/event/910403/


28.02.2019 Құрметті студенттер!
Бизнес-идеяларыңызды жүзеге асырудың мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар! Сіздерді «Технологиялық кәсіпкерлік және Стартаптар» атты оқу курсына шақырамыз. Бұл курс толық MCI-идеядан бастап MVP-прототипқа дейінгі жолды өтуді ұсынады. 

28.02.2019 Назар аударыңыздар!

«Астана медицина университеті» АҚ Бизнес-инкубаторының қолдауымен «i-teka» компаниясы пациенттерге онлайн кеңес беру мақсатында ең жақсы чат-ботты анықтау үшін сайыс жариялауда. Жүлде – 100 000 теңге.


27.02.2019 «Жалпы медицина» 7 курс интерндерінің СҚО ШЖҚ «Облыстық балалар ауруханасының», «Солтүстік-Қазақстан облыстық аурухана» МКК өкілдерімен кездесу

2019 жылғы 25 ақпанда интернатура және жұмысқа орналастыру деканаты СҚО ШЖҚ «Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының» МКК бас дәрігері Завьялов Олег Владимирович және СҚО «Облыстық ауруханасы» бас дәрігерінің ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Ашимова Дина Теміртасқызы мен 7 курс интерндерімен кездесу өткізді. Жиналыста медициналық кадрлар қажеттілігі және жас мамандарға көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы, жұмыс жағдайы туралы мағлұмат берілді. 


27.02.2019 ҚР ҚМ өкілі және университеттің әскери кафедра басшысының «Жалпы медицина» мамандығының 7 курс интерндері арасында үгіт-насихат кездесуі
2019 жылғы 20 ақпанда университеттің әскери кафедрасының бастығы, медицина қызметінің подполковнигі Б.К. Байқадамовтың қатысуымен интернатура және жұмысқа орналастыру деканаты 7 курс «Жалпы медицина» интерндерінің ҚР ҚМ өкілі, медицина қызметінің полковнигі А.Н.Манабаевпен үгіт-насихат кездесуін өткізді. Интерндерге ҚР қарулы күштері, ҚР әскері медицина қызметіндегі бос лауазымдарды жинақтау туралы, әскери қызметтің артықшылығы, ҚР ҚК қатарына шақыру мен медициналық әскери қызметіне жұмысқа орналасу жайлы ақпарат берілді.

27.02.2019 ТRUNAK жобасы жүзеге асырылуда
Халықаралық Erasmus+ бағдарламасының ТRUNAK жобасы аясында 2019 жылғы 25 ақпан мен 1 наурыз аралығында Любляна университетінің (Словения) медицина факультетінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан және Еуропа елдері ЖОО-лары өкілдерінің қатысуымен жұмыс топтарының отырысы өткізілуде. 

26.02.2019 Назар аударыңыздар!

«Астана медицина университеті» акционерлік қоғамының «Астана медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына қайта құрылғаны туралы хабарлаймыз. 


25.02.2019 Медициналық этика және клиникалық пәндердегі коммуникациялық машықтар

Оқытушы-профессорлар құрамын дамыту және Университет дербестігін имплементациялау орталығы «Астана медицина университеті» АҚ-тың 2017-2019 оқу жылдарына арналған даму жоспарын жүзеге асыру мақсатында 2019 жылдың 04-24 ақпан аралығында «Медициналық этика және клиникалық пәндердегі коммуникациялық машықтар» атты 54 сағатты құрайтын семинар ұйымдастырды. Семинарды ОПҚ-ның 22 оқытушысы сәтті аяқтады.


22.02.2019 «ENACTUS QAZAQSTAN NEXT GENERATION LEADERS FORUM 2019» республикалық форумы
2019 жылғы 21 және 22 ақпан аралығында, Қазақстанның Жастар жылын тойлау аясында, Астана қаласындағы Astana International Campus-та «ENACTUS QAZAQSTAN NEXT GENERATION LEADERS FORUM 2019» республикалық форумы өткізілуде. 

20.02.2019 «Сәдуақас Ғылмани және Ұлы дала ғалымдары» атты халықаралық конференция
2019 жылы 15 ақпанда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ЕҰУ және Ислам әріптестiк ұйымы жанындағы тарих, мәдениет және өнерді зерттеу ғылыми орталығының (IRCICA, OIC) ұйымдастыруымен «Сәдуақас Ғылмани және Ұлы дала ғалымдары» атты халықаралық конференция өткізілді.

19.02.2019 «Жалпы медицина» 7 курс интерндерінің Көкшетау қаласы ШЖҚ «Қалалық емханасы» МКК өкілдерімен кездесу
2019 жылғы 15 ақпанда интернатура және жұмысқа орналастыру деканаты ШЖҚ «№4 қалалық емхана» МКК және ШЖҚ №10 «Қалалық емхана» МКК базаларында 7 курс интерндеріне Көкшетау қаласының «Қалалық емханасының» бөлім меңгерушісі Адилова Алия Амангелдіқызы, кадр бөлімінің бастығы Ильясов Сулен Жеңісұлы, кадр бөлімінің бастығы Тюлешева Айнагуль Қалабайқызы, эксперт дәрігер Аймақова Венера Кенжетайқызымен кездесу ұйымдастырды.

18.02.2019 «Стоматология» 6 курс және «Жалпы медицина» 7 курс интерндерінің Көкшетау қаласы ШЖҚ «№1 қалалық емханасы» МКК бас дәрігерімен кездесу

2019 жылғы 13 ақпанда интернатура және жұмысқа орналастыру деканаты Көкшетау қаласының ШЖҚ «№1 қалалық емханасының» МКК бас дәрігері Ильясов Сулен Жеңісұлы, кадр бөлімінің бастығы Кубышева Райхан Мағауяқызы, жалпы практика дәрігері Кочубаева Айгерим Қанатқызы және 6, 7 курс интерндерімен кездесу өткізді.


18.02.2019 Құттықтаймыз!

«Астана медицина университеті» АҚ-тың интернатура бойынша ішкі аурулар кафедрасы «Астана қаласы әкімшілігінің №2 қалалық көп бейінді ауруханасы» ШЖҚ МКМ атынан «Жыныстан тыс патологиясы бар екі қабат әйелдерді көп бейінді стационар жағдайында бақылау» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастыруда белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.


14.02.2019 2018 жылы академиялық мобильділік бойынша оқыған студенттердің есебі
2019 жылы 21 ақпанда №3 дәріс залында 2018 жылы академиялық мобильділік бойынша оқыған студенттердің есебін тыңдауға 1-3,6 курс старосталарын, сонымен қатар басқа да студенттерді шақырамыз.

13.02.2019 Литва Республикасы тәуелсіздігінің 101-жылдығы

2019 жылғы 12 ақпанда Литва Республикасы (Lietuvos Respublika) тәуелсіздігінің 101-жылдығына орай Қазақстандағы Литва елінің елшілігі «Radisson» мейманханасында салтанатты қабылдау өткізді.


12.02.2019 Кеңес әскерінің Ауғаныстаннан шығарылуының 30-жылдығы
2019 жылғы 12 ақпанда «Астана медицина университеті» АҚ акт залында Кеңес әскерінің Ауғаныстаннан шығарылуының 30-жылдығына орай іс-шара өткізілді. 

11.02.2019 Өз ісіңнің үздігі болып, біліміңмен қалай табыс табуға болады
Коммерциализацияны, Инкубатор, Технопарк және кәсіпкерлік дамыту орталығы оқытушы-профессорлар құрамын дамыту және Университет дербестігін имплементациялау орталығымен бірігіп, 2019 жылғы 8 ақпанда «Астана медицина университеті» АҚ-тың 2017-2019 оқу жылдарына даму жоспарын жүзеге асыру мақсатында «Өз ісіңнің үздігі болып, біліміңмен қалай табыс табуға болады» мастер-класс өткізді. Мастер-класқа университеттің 10 қызметкері қатысты.

09.02.2019 Бос лауазымға үміткерлердің құжаттарын іріктеуді жүргізу туралы хабарландыру
Лауазымның атауы: «Астана медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «АМУ» КеАҚ) Басқарма төрағасы - ректоры. Жұмыс орны: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 49а, телефон (7172) 57-78-99.  Есеп береді: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі. Вакансиялар.

08.02.2019 Ғылыми-тәжірибиелік конференция «Көпбейінді стационар жағдайында сыртқы жыныс ағзалық жедел ауытқулары бар жүктілерді жүргізу»
Ғылыми-тәжірибиелік конференция «Көпбейінді стационар жағдайында сыртқы жыныс ағзалық жедел ауытқулары бар жүктілерді жүргізу». Өткізілу күні: 2019 жылғы 15-16 ақпан. Мекен-жайы: Астана қаласы, Т. Рыскулов көшесі, 6 үй Конференцияға қатысу туралы ниеттеріңізді 2019 жылғы 14 ақпанға дейін aika.87@mail.ru электронды поштасына хабарлауыңызды сұраймыз. Конференцияның бағдарламасы.

06.02.2019 Хабарландыру

Құрметті студенттер! Академиялық ұтқырлық шеңберінде «Стоматология» факультетінің 3-курс студенттеріне Әбуәли ибни Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медициналық университетінде (Өзбекстан) «Кариесология және тістің қатты тіндерінің кариозды емес бұзылыстары» пәндерін оқуға (4 апта) конкурс жарияланады. Оқу орыс тілінде жүргізіледі.


04.02.2019 Құрметті оқытушылар мен қызметкерлер!
2019 жылғы 8 ақпанда, сағат 15:00-де «Астана медицина университеті» АҚ бірінші кәсіподақ ұйымының есептік кездесуі өткізіледі. Толығырақ...

01.02.2019 Медицинаны сандық жүйеге көшіру. Интерндерімізге алғыс.
№9 қалалық емхана әкімшілігі «Дамумед» бағдарламасының жұмысын түсіндіріп, халықты сандық бейнелеу үшін отбасылык және дәлелді медицина кафедрасынын 6-шы курс ЖДТ-нің интерндеріне алғысын білдіреді (кафедра менгерушісі – Латыпова Н.А.).

31.01.2019 Пациенттердің алғысы – ең жақсы тарту

Стоматолог мамандығы – медицинадағы ең танымал және абыройлы мамандықтардың бірі. Стоматолог дәрігерлерге біз бала кезден барамыз. Бұл мамандық адамдардың жылы сезімін оятпаса да, көбісі оны таңдайды. МУА медициналық орталықтың тіс дәрігері Данияр Әділбеков selfee.kz ақпараттық порталының тілшілеріне стоматологияны неге таңдағаны және осы салада қандай жетістіктерге жеткені туралы айтып берді.


30.01.2019 «СП бойынша клиникалық сценарийлерді ұсыну ерекшеліктері» тақырыбындағы семинар- тренингі

2019 жылғы 28 қантарда «Астана медицина университеті» АҚ-тың оқу-клиникалық орталық базасында «СП бойынша клиникалық сценарийлерді ұсыну ерекшеліктері» тақырыбында семинар- тренинг өтті.


28.01.2019 «Өз ісіңнің үздігі болып, біліміңмен қалай табыс табуға болады» атты мастер-класс
Оқытушы-профессорлар құрамын дамыту және Университет дербестігін имплементациялау орталығы «Астана медицина университеті» АҚ-тың 2017-2019 оқу жылдарына арналған даму жоспарын жүзеге асыру мақсатында «Өз ісіңнің үздігі болып, біліміңмен қалай табыс табуға болады» мастер-класын өткізді. 

25.01.2019 Зайырлы қоғамдағы жастардың діни сенім бостандығы туралы түсінігі
2019 жылғы 23 қаңтарда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетте «Зайырлы қоғамдағы жастардың діни сенім бостандығы туралы түсінігі» тақырыбында семинар өткізілді. 

23.01.2019 Жастар жылының ашылу салтанаты

Бүгін Университетіміздің студенттері үшін Жастар жылының ашылу салтанатының тікелей трансляциясы ұйымдастырылды. Мемлекет басшысының Жарлығымен 2019 жыл Жастар жылы деп аталды. 


18.01.2019 «Депутат» энциклопедиясының тұсаукесер рәсімі
2019 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «Депутат» энциклопедиясының тұсаукесер рәсімі өткізілді. Энциклопедияға барлық деңгейдің 3370 депутаты туралы ақпарат енгізілді. Кітаптың презентациясына ҚР Парламентінің Сенат, Мәжіліс және облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттары, мәслихат хатшылары қатысты. 

10.01.2019 Теологпен бірге тәрбие сағаты
152 ОМ тобының бірінші курс студенттері университетіміздің теологі М.А Смағұловтың Ислам туралы лекциясын тыңдады. Бұл кездесудің ұйымдастырушысы – куратор Ерденова Гүлшат Капаровна. Лектордың қозғаған маңызды тақырыбы – Ислам дінінің медицинаға көзқарасы қандай? Ислам тұжырымдамасының адам ағзасына және оны емдеуге ықпалы. 

08.01.2019 «Деректер базасына қадам басу алгоритмі» тақырыбында студенттік брифинг
27 желтоқсанда Жалпы және клиникалық фармакология кафедрасында оқытушылар мен Жалпы медицина факультетінің 358, 360, 368 топтар студенттері қатысқан «Деректер базасына қадам басу алгоритмі» тақырыбында студенттік брифинг өтті.  

04.01.2019 Құттықтаймыз!

Бүгін «Қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, стоматология және мейіргер ісі» факультеті кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізілді. Отырыс Жалпы және биологиялық химия кафедрасының меңгерушісі, химиялық ғылымдар докторы, профессор Талғат Сұлтанұлы Сейтембетовтың жетпіс жас мерейтойына арналды.


03.01.2019 Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

2018 жылғы 28 желтоқсанда университетте «Қытай ұлттық медицина және фармацевтика» компаниясының өкілі вице-президент Хуан Линмен кездесу өтті.


03.01.2019 И.М. Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университетінің №2 клиникалық ауруханасындағы тағылымдама нәтижесі
2018 жылғы 6-30 қараша аралығында «Акушерия және гинекология» және «Хирургия» бағыты бойынша білім алушы интерндер И.М. Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университетінің №2 клиникалық ауруханасындағы Урология, акушерия және гинекология орталығының базасында тағылымдамадан өтті.

03.01.2019 6-курс интерндерінің Абу Али Ибн Сино атындағы Тәжікстан мемлекеттік медицина университетіндегі академиялық мобильділігі
2018 жылғы 3-28 желтоқсан аралығында ЖПД және педиатрия мамандығында оқитын 6-курс интерндері Тәжікстан Республикасы, Абу Али Ибн Сино атындағы Тәжікстан мемлекеттік медицина университетінде балалар аурулары/хирургиялық аурулар циклі бойынша оқудан өтті.

29.12.2018 Әбу Әли ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институтындағы студенттердің академиялық мобильділігі
Академиялық мобильділік шеңберінде «Астана медицина университеті» АҚ-тың «Жалпы медицина» факультетінің 4 курсының 12 студенті 2018 жылдың 23 қараша-23 жетоқсан аралығында Әбу Әли ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институтында (Өзбекстан) «Балалар аурулары негіздері» пәні бойынша білім алды. Студенттер Бұхара қаласының Облыстық балалар ауруханасының базасында оқыды. 

29.12.2018 Оңтүстік Кореяның Сеул ұлттық университетінде академиялық ұтқырлық бойынша тренинг
2018 жылғы 4 қараша-1 желтоқсан аралығында «Академиялық мобильділік» бағдарламасы бойынша Жалпы медицина факультетінің екі студенті Оңтүстік Кореяның Сеул ұлттық университетіне барды. Бұл сапардың мақсаты – білім беру бағдарламасымен және білім алмасуымен танысу болды.

28.12.2018 Ташкент педиатрия медицина институтындағы 6 курс интерндерінің академиялық мобильділігі

2018 жылғы 3-15 желтоқсан аралығында академиялық мобильділік бойынша 6 курс  интерндері Өзбекстан Республикасы, Ташкент педиатрия медицина институтында пульмонология/неврология циклі бойынша оқудан өтті.


26.12.2018 Жаңа жыл – ғажап!

2018 жылдың 25 желтоқсанында Қазақстан тарихы және философия кафедрасында Жаңа жылдық мерекеге арналған іс-шара өтті! Іс-шара мерекелік сезімге бағытталған және кереметтер бар екенін есте сақтаңыз.


24.12.2018 «Темекіге тәуелділіктен босату үшін жергілікті бастамалар» тақырыбындағы ми шабуыл

«Жалпы және клиникалық фармакология» кафедрасының оқытушылары Бекова Анар Нұркеновна мен Атабиева Лейла Мухамедовнаның күштерімен «Жалпы медицина» факультетінің 3 курс студенттерін қатыстыра отырып, «Темекіге тәуелділіктен босату үшін жергілікті бастамалар» тақырыбында ми шабуыл ұйымдастырылды.


21.12.2018 «Медициналық этика және клиникалық пәндердегі комуникациялық машықтар» атты қашықта оқыту семинарын өткізді.

«Астана медицина университеті» АҚ оқытушы-профессорлар құрамының біліктілігін арттырудың 2017-2019 оқу жылына арналған жоспарын жүзеге асыру мақсатында ОПҚ дамыту және университет дербетігін имплементациялау орталығы «Медициналық этика және клиникалық пәндердегі комуникациялық машықтар» атты қашықта оқыту семинарын өткізді.


21.12.2018 Клиникалық кафедралардың жас оқытушылары үшін 2018 жылы 26.11-07.12 «Ғылым және білім беру ұйымдарының оқытушысы» атты семинар өткізілді.

«Астана медицина университеті» АҚ клиникалық кафедраларының жас оқытушыларына 2018 жылдың 3 желтоқсанынан 14 желтоқсанына дейін ОПҚ дамыту және университет дербестігін имплементациялау орталығы жас падагог мектебі аясында «Ғылым және білім беру ұйымдарының оқытушысы» атты семинар өткізді.




21.12.2018 Теориялық кафедралардың жас оқытушылары үшін 2018 жылы 26.11-07.12 «Ғылым және білім беру ұйымдарының оқытушысы» атты семинар өткізілді.
«Астана медицина университеті» АҚ оқытушы-профессорлар құрамының біліктілігін арттырудың 2017-2019 оқу жылына арналған жоспарын жүзеге асыру мақсатында ОПҚ дамыту және университет дербетігін имплементациялау орталығы жас падагог мектебі аясында «Ғылым және білім беру ұйымдарының оқытушысы» атты семинар өткізді.

20.12.2018 «Тиімді оқытатын оқытушы» атты семинар
2018 жылдың 10-14 желтоқсан аралығында университеттің 50 оқытушы-профессорлар құрамына көлемі 54 сағатты құрайтын «Тиімді оқытатын оқытушы» атты біліктілікті арттыру семинары өткізілді

20.12.2018 Катамнез кабинеттері

Астана қаласының емханаларында осы уақытта катамнез кабинеттері ашылып жатыр. Катамнездік бақылау – қауіп-қатер тобына жататын жаңа туған нәрестелерге көмек ұйымдастырудың неғұрлым тиімді түрі. Қалалық ауруханалардың бірінде осындай кабинетті ашуға отбасылық және дәлелді медицина кафедрасының қызметкерлеріне ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек көрсетті. Толығырақ...


20.12.2018 Ақылы негізінде оқитын студенттер мен интерндер!

Мемлекеттік білім гранттарын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау 2018 жылғы 19 желтоқсаннан бастап 2019 жылғы 11 қаңтарға дейін жүргізіледі. Толығырақ...


14.12.2018 Грэпплинг бойынша Азия Чемпионаты

2018 жылғы 9 желтоқсанда Алматыда Arlan Grip Selection халықаралық турнирі аясында әуесқойлар мен тәжірибелі спортшылар арасында грэпплингтен Азия чемпионаты өтті. Жарысқа Қазақстаннан, Австралиядан, Малайзиядан, Ираннан, Жапониядан және Қырғызстаннан келген спортшылар қатысты.


14.12.2018 Желтоқсан – тәуелсіздігіміздің ұлы рухы

2018 жылы 12 желтоқсанда «Астана медицина университеті» АҚ-та «Жалпы медицина» мамандығының 215-топ студенттері академиялық топ кураторы С.Б. Қолғанатованың жетекшілігімен Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған «Желтоқсан – тәуелсіздігіміздің ұлы рухы» атты мерекелік шара өткізді. 


14.12.2018 Құрметті «Астана медицина университеті» акционерлік қоғамының оқытушылары мен қызметкерлері!
2018 жылғы желтоқсан айының 24-29 аралығында сағат 9.30-да бас ғимараттың 401-ші аудиториясында шетелдік маман, профессор Лука Брузатидің (Удине университеті, Италия) басшылығымен «Жобаларды басқару» және «Бизнес-жоспарлау» тақырыбында тренингтер өткізіледі.

14.12.2018 «Нұр Отан» партиясы қатарына қабылдау салтанатты іс-шарасы
Тәуелсіздік күні қарсаңында «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалында, Қазақстан Республикасының маңызды мерекесіне орай «Нұр Отан» партиясы қатарына қабылдау салтанатты іс-шарасы өтті. 

13.12.2018 Құрметті «Астана медицина университеті» АҚ-тың бірінші кәсіподақ мүшелері!

Сіздерді және балаларыңызды келе жатқан Жаңа жылыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! 2018 жылғы 24 желтоқсанда «Қазақстан» ОКЗ-да балаларыңызға арналған жаңа жыл ертеңгілігі өткізіледі: 13:00-де – сеан орыс тілінде, 16:00-де – сеанс қазақ тілінде.


13.12.2018 Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым желтоқсан

2018 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан тарихы және философия кафедрасында «Жалпы медицина» факультетінің 115, 116, 117, 118, 119 топтарымен Тәуелсіздік күніне арналған «Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым желтоқсан» атты іс-шара өткізілді.


13.12.2018 Құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде өткен ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиналыста министр Е.А. Біртанов МСАК бойынша ДДСҰ/ЮНИСЕФ Алматы декларациясының қабылданғанынан бері 40-жыл толуына орай БҰҰ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының естелік медалімен және Жаһандық конференцияның дайындық және өткіз