Жаңалықтар


29.03.2021 Қоғамдық денсаулық сақтау және эпидемиология кафедрасы оқытушыларының академиялық ұтқырлығы
2021 жылдың 22 ақпаны мен 5 наурыз аралығында «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ ректоры, ҚДС және Э кафедрасының аға оқытушысы Г.К. Ерденованың шақыруымен Қоғамдық денсаулық және биомедицина мектебінің базасында академиялық ұтқырлық қашықтықтан өтті.

26.03.2021 Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасы оқытушыларының академиялық ұтқырлығы

15–26 наурыз күндері арасында 2021 ж. С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің студенттеріне академиялық мобильділік аясында әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Ж.С. Мажитова, кафедра доценті, филос. ғылым. канд. Ж.И. Даулбаева және аға оқытушы С.Б. Колғанатова гуманитарлық пәндерден онлайн-платформада сабақтар жүргізді. 


09.03.2021 «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулықтың жаңа гуманитарлық білімі» жобасы

Жарияланымдарды қолдау және кітапханалық қызмет көрсету орталығы «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулықтың жаңа гуманитарлық білімі» жобасы туралы хабарлайды. Бұл жоба 2017 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді және оның аясында «Ұлттық аударма бюросы» ҰҚ 100 кітапты аударып, басып шығарды және Қазақстанның жоғары оқу орындарына таратты. Бейнеролик


08.03.2021 Универститет құрылымдық бөлімшелердің ақпаратын жаңарту

Барлық құрылымдық бөлімшелер (кафедра, деканат, бөлім, орталық, департамент, қызмет, т.б.) хатқа қоса жіберілген шаблондарға сәйкес өздері туралы ақпаратты 2021 жылғы 15 наурызға дейін жіберулері керек. 


Сайтқа құрылымдық бөлімшелер үшін орыс үлгісі


Сайтқа құрылымдық бөлімшелер үшін Қазақ үлгісі 


Сайтқа құрылымдық бөлімшелер үшін ағылшын үлгісі


07.03.2021 Сүйкімді аруларыды көктемнің ең әдемі және жарқын мерекесі – 8 наурыз күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Құрметті, Астана медицина университетінің сүйкімді арулары!
Сіздерді көктемнің ең әдемі және жарқын мерекесі – 8 наурыз күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
8 наурыз қарсаңында университеттің кәсіподақ белсенділерінің ерлер құрамы ханымдарымыздың ең әдемі, ерекше және шығармашылық фотосуреттеріне байқау өткізді. Байқаудың барлық қатысушыларына ең жақсы және креативті фотосуретке алғыс айтамыз! Байқаудың бейнеролигі...

04.03.2021 «Алғыс айту күні – мейірімділік, өзара құрмет және сенім күні» тақырыбында дәріс
2021 жылғы 4 наурызда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры Ж.С. Мәжитова Спорт және жастар ісі орталығымен бірлесіп «Фармация» мамандығының 1 курс студенттеріне «Алғыс айту күні – мейірімділік, өзара құрмет және сенім күні» тақырыбында дәріс өткізді.

03.03.2021 Қымбатты талапкер!

Астана медицина университетінің бакалавриат бағдарламасына оқуға түсу сұрақтары бойынша байланыс телефондары: 8 7172 539 512 Қабылдау комиссиясы; 8 705 518 46 64 Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Айгерм Асхаровна Баймағамбетова; 8 776 529 73 58 Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысының орынбасары Айжан Сайпиденқызы Зейнульдина. Шетелдік студенттер үшін: 8 702 955 13 13 Шетелдік студенттерді қабылдау комиссиясының жауапты хатшысының орынбасары Бақытжан Әбуалиұлы Сыздықов; 8 707 977 87 80 Ақжігітова Эльмира Нуковна.


24.02.2021 «Медициналық білім беруде Kahoot платформасын қолдану» тақырыбында онлайн-тренинг
22-24 ақпан аралығында университеттің профессор-оқытушылар құрамына «Kahoot платформасын медициналық білім беруде қолдану» тақырыбында онлайн-тренинг өткізілді. Тренингті «Дәлелді медицина курсы бар жалпы дәрігерлік практика» кафедрасының қызметкерлері өткізді: кафедра меңгерушісі Г.А. Дербисалина, кафедраның ассистенттері Н.С. Землянская және А.Т. Үмбетжанова.

24.02.2021 Құрметті оқытушылар мен студенттер!

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі атынан сіздерді біздің және басқа да бірқатар қазақстандық университеттер негізінде 2021 жылы жүргізілетін COVID-19 серо-эпидемиологиялық зерттеуіне қатысуға шақырамыз. Зерттеуге қатысу арқылы сіз ел тұрғындарының денсаулығын қорғауға үлес қосасыз.


23.02.2021 Құрметті білім алушылар!

Мүмкіндікті пайдаланып, өзіңізді көрсетіңіз және үздік компанияларда тағылымдама мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктерімен танысыңыз! #CASE4SUCCESS халықаралық кейс-чемпионатына қатысыңыз. Кейс чемпионаты 2021 жылғы 2 мен 16 наурыз аралығында онлайн режимде өткізіледі. Кейс чемпионатының серіктестері: JTI, Technodom, IT-GRAD, Atlas Copco, Oblako.kz, Paybox money, Turan су сауда маркасымен Globalbeverages, Premier Catering және басқа технологиялық компаниялар.


23.02.2021 Дойбыдан университет кубогы!!!

20 ақпан, 2021 жылы Астана Медицина Университетінің Жастар және спорт орталығы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай Университеттің кубогын, Нұр-Сұлтан қаласының университеттері студенттері арасында онлайн-турнирінен турнир өткізді. Турнир Play Ok платформасында өтті. Барлығы 7 команда (әр командада үш адам) осы саладағы мықтыларды анықтау үшін кездесті


22.02.2021 Назар аударыңыздар!

Жарияланымдарды қолдау және кітапханалық қызмет көрсету орталығы ағылшын тіліндегі электрондық медициналық оқулықтар сайтына 2021 жылдың желтоқсан айының соңына дейін қол жеткізу мүмкіндігі туралы хабарлайды. 


22.02.2021 Назар аударыңыз!
2021 жылғы 23 ақпанда сағат 15.00-де клиникалық жұмыс жөніндегі проректор Н. Малтабарованың қатысуымен бітіруші білім алушыларды медициналық ұйымдарға жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша онлайн-кездесу өткізіледі. Кездесуге қатысу туралы толық ақпаратпен таныс болыңыз.

22.02.2021 Құрметті білім алушылар!

Мүмкіндікті пайдаланып, өзіңізді көрсетіңіз және үздік компанияларда тағылымдама мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктерімен танысыңыз! #CASE4SUCCESS халықаралық кейс-чемпионатына қатысыңыз. Кейс чемпионаты 2021 жылғы 2 мен 16 наурыз аралығында онлайн режимде өткізіледі.


19.02.2021 Академиялық ұтқырлық аясында тәжірибе алмасу
2021 жылдың 15-19 ақпан аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында №2 Акушерия және гинекология кафедрасында (кафедра меңгерушісі С.Ысқақов) оқитын 1, 2, 3 жылдық акушер-гинекологтар резиденттері үшін онлайн-дәрістер сериясы өтті. 

18.02.2021 Профессор Хачатрянмен кездесу

17 ақпанда Астана медицина университетінде сутектік медицина клиникалары желісінің президенті профессор А.П.Хачатрянмен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, «Астана медицина университеті» КЕАҚ өкілдерінің кездесуі өтті.


16.02.2021 Оңалту және спорттық медицина кафедрасы онлайн-семинарды ұйымдастырып өткізуде
Оңалту және спорттық медицина кафедрасы 2021 жылдың 16 ақпанынан бастап «Физикалық медицина және оңалту» мамандығы бойынша резиденттер мен кафедра оқытушылары үшін «Мультидисциплинарлы бригада құрамындағы эрготерапевт» тақырыбында онлайн-семинарды ұйымдастырып, өткізуде. 

13.02.2021 Қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент кафедрасының профессоры Сарымсақованың Бахыт Ерекешевнаның жобалық ұсынысы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан гранттық қаржыландыруға ие болды
Бүгінгі күнде Астана медицина университетінің ұжымы медицина ғылымдарының докторы Сарымсақова Бахыт Ерекешевнаның жетекшілігімен «Пандемия және басқа да төтенше жағдайлар кезінде Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдеріндегі қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы этика комитеттеріне ұсынымдар әзірлеу» атты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жобасын іске асыруда.

12.02.2021 AccelEd жобасын іске қосу бойынша екінші кездесу өтті
Екі күндік кездесу Атқарушы кеңес пен Академиялық-консультативтік кеңестің қатысуымен өткізілді. Кездесуде кеңестер біріктірілген жұмыс жоспарын құру туралы ақпаратпен, жобаның құрылымымен және әрбір жұмыс пакетінің міндеттерімен танысты.

11.02.2021 Назар аударыңыз!
Қазақстан Республикасының "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңын (бұдан әрі – Заң) басшылыққа ала отырып, Заңда белгіленген тәртіппен берілген өтініштер келіп түскен әрбір өтінішке тіркеу нөмірі беріле отырып, міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және қаралуға тиіс.
Сондай ақ, өтініштер Университет қызметкерлерінің жеке электрондық пошталары, Whatsapp желісі арқылы түскен жағдайда, құрылымдық бөлімшелердің басшылары өтініштерді университеттің құжат айналымы және мемлекеттік тілді дамыту бөлімі арқылы уақтылы тіркеуді қамтамасыз етсін. Бұйрық №53-н/қ от 04.02.2021 ҚР "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" 



Жаңалықтар 161 - 180 / 2112
Бірінші бет | Алдыңғы | 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 | Келесі | Соңғы бет Барлығы