Жаңалықтар


21.10.2011 Ауламызды таза ұстаймыз!
2011 жылғы 15 қазанда «Жеңіс» даңғылында жолды жөндеу жұмыстарының аяқталуына, көшені абаттандыруға байланысты студенттер жатақханасының территориясында сенбілік ұйымдастырылды.

21.10.2011 Даңғылдың ашылу салтанаты
«Жеңіс» даңғылының ашылуына орай концерт ұйымдастырылды.

21.10.2011 «Forward Strides for Cancer Research–Grounds for Confident Future» Жапонияның обыр аурулары жөніндегі қауымдастығының жетпісінші мәжілісі
2011 жылғы 3-5 қазан аралығында Нагойяда «Forward Strides for Cancer Research–Grounds for Confident Future» Жапонияның обыр аурулары жөніндегі қауымдастығының жетпісінші мәжілісі өтті.

19.10.2011 ҚР «Білім туралы» Заңының шеңберінде жастарды жұмысқа орналастыру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер мәселесі бойынша дөңгелек үстел.

2011 жылғы 18 қазанда «Астана медицина университеті» АҚ-пен бірлесе отырып «Жас Отан» Жастар қанаты жастарды жұмысқа орналастыру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер мәселесі бойынша педагогикалық және медициналық жоғарғы оқу орындарының түлектеріне «алғашқы жұмыс орнын» ұсыну бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырды.

19.10.2011 Қазақстан аудандарының онкологтерінің семинар-кеңесі

2011 жылғы 14 қазанда «Астана медицина университеті» АҚ-тың конференц-залында Қазақстан аудандарының онкологтерінің семинар-кеңесі өтті.


17.10.2011 «Травматологияның және ортопедияның жетістіктері мен перспективалары» атты травматолог-ортопедтердің Халықаралық мерейтойлық ғылыми-практикалық конференцияcы
2011 жылғы 13-14 қазанда Астана қаласында «Қазақстан – 2020» стратегиясын және «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20- жылдығына және ҚР ДСМ «Травматология және ортопедия ғылыми- зерттеу институты» РМК-нің 10 жылдығына арналған «Травматологияның және ортопедияның жетістіктері мен перспективалары» атты травматолог-ортопедтердің Халықаралық мерейтойлық ғылыми-практикалық конференцияcы өтті.

07.10.2011 Биоэтика бойынша бірінші Орта-Азиялық Симпозиум
2011 жылғы 7 – 8 қазанда Астанада Орта Азияның тәуелсіз республикаларының халықаралық ынтымақтастығы және дамуы аясында Биоэтика бойынша бірінші Орта-Азиялық Симпозиум өтті.

05.10.2011 Гемопоэздік дің жасушалары донорларының регистрін дамыту жобасының жетекшісі Санжар Дулатұлы Раисовпен кездесу
2011жылғы 3 қазанда жастар ісі жөніндегі деканат «Астана медицина университеті» АҚ студенттері үшін гемопоэздік дің жасушалары донорларының регистрін дамыту жобасының жетекшісі Санжар Дулатұлы Раисовпен кездесу ұйымдастырды.

05.10.2011 Үшінші Ислам конференциясы
2011 жылғы 29 қыркүйектен 1 қазанға дейін Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына (ИЫҰ) Қазақстанның төрағалығы аясында Астанада Денсаулық сақтау министрлерінің үшінші Ислам конференциясы өтті.

27.09.2011 Жалпықалалық сенбілік
2011 жылдың 24-шы қыркүйегінде қаланы көркейту, көгалдандыру және санитариялық тазалау бойынша экологиялық айлық аясында «Біз – таза қаланы таңдаймыз!» атты жалпықалалық сенбілік өтті. 

27.09.2011 Польша Республикасы елшілігінің кеңесшісі Павел Есса мырзамен кездесу.
2011 жылғы 22 қыркүйекте Польшаның Лодзь қаласындағы медицина университеті ректорының өкілі Пжемыслав Анджеяк мырза, Польша Республикасы елшілігінің кеңесшісі - Павел Есса Астана қаласына келді.

23.09.2011 "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығы бойынша магистратураны бітіргендігі туралы дипломды табыстау салтанаты
 2011 жылғы 22 қыркүйекте «Астана медицина университеті» АҚ-та  6М110200 - Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша медицина ғылымдарының магистрі дипломдарын табыстау салтанаты өтті.

21.09.2011 «Қазіргі Қазақстандағы діни тұрақтылық және рухани даму мәселелері» атты кездесу ұйымдастырылып, кезекті дәріс өткізілді.
2011 жылғы 21 қыркүйекте «Астана медицина университеті» АҚ-та Астана қаласы әкімдігі мен «Ұлағат» мәдениет және даму қорының ұйымдастыруымен «Қазіргі Қазақстандағы діни тұрақтылық және рухани даму мәселелері» атты кездесу ұйымдастырылып, кезекті дәріс өткізілді.  

20.09.2011 «Мемлекеттік тіл – менің тілім» деген тақырыпта семинар
Қыркүйек айының жиырмасыншы жұлдызында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Қазақстан халқы тілдерінің ХІІІ қалалық фестивалі аясында университетімізде Мемлекеттік тілді дамыту және тіл саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл – менің тілім» деген тақырыпта семинар өткізілді.

20.09.2011 EFQM 2010 кемелдік моделі және оны білім беру ұйымының қызметін жақсарту үшін қолдану

          2011 жылғы 15-16 қыркүйекте университеттің бөлімше  жетекшілеріне арналған  «EFQM 2010 кемелдік моделі  және оны білім беру ұйымының қызметін жақсарту үшін қолдану» атты екі күндік семинар өтті.


16.09.2011 Жатақханада сенбілік өтті
Жаңа оқу жылының басталуына және «Астана медицина университеті» АҚ студенттерін жатақхана ғимаратына орналастыруға байланысты, 2011 жылғы 10 қыркүйекте «Біздің жатақханадағы тазалық пен тәртіп» атты сенбілік өтті.

12.09.2011 Қазақстан халқы тілдерінің ХІІІ қалалық фестивалі

2011 жылғы 20 қыркүйекте сағат 16.00-де Университеттің мәжіліс залында Қазақстан халқы тілдерінің ХІІІ қалалық фестивалі аясында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында семинар өткізіледі.


08.09.2011 Медицинадағы білім–Қазақстан үшін жетістік!
2011 жылғы 1 қыркүйекте «Астана медицина университеті» АҚ-тың мәжіліс залында АҚ ректоры м.ғ.д., профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері М.З.Шайдаров және білім беру қызметі жөніндегі, ғылыми және клиникалық қызметтер жөніндегі, тәрбие ісі және  қоғаммен байланыс қызметі жөніндегі, сонымен қатар әкімшілік және экономикалық қызметтер жөніндегі проректорлардың бірінші курс студенттерімен салтанатты кездесуі өтті.

08.09.2011 Еуропалық сапа менеджменті қорының Кемел Үлгісіне сәйкес (EFQM) менеджмент жүйесін енгізу

«Астана медицина университеті» АҚ-та сапа менеджменті бойынша Еуропалық қордың Кемел Үлгісіне сәйкес (EFQM) менеджмент жүйесін енгізудің бірінші сатысы.


07.09.2011 В. Корпачева атындағы шәкіртақы
2011 жылдың 26-шы тамызында «Астана  медицина университеті» АҚ Ғылыми кеңесінде 1-ші және 2-ші курстарда оқудың қорытындысы бойынша үлгерімнің орташа балы 4,75 төмен болмаған 3-ші курс студенттеріне, Атаулы степендия тағайындау жөнінде Басқарманың шешімі қабылданды (№1-ші хаттама).

Жаңалықтар 1741 - 1760 / 1792
Бірінші бет | Алдыңғы | 86 87 88 89 90 | Келесі | Соңғы бет Барлығы