Жаңалықтар


20.09.2011 EFQM 2010 кемелдік моделі және оны білім беру ұйымының қызметін жақсарту үшін қолдану

          2011 жылғы 15-16 қыркүйекте университеттің бөлімше  жетекшілеріне арналған  «EFQM 2010 кемелдік моделі  және оны білім беру ұйымының қызметін жақсарту үшін қолдану» атты екі күндік семинар өтті.


16.09.2011 Жатақханада сенбілік өтті
Жаңа оқу жылының басталуына және «Астана медицина университеті» АҚ студенттерін жатақхана ғимаратына орналастыруға байланысты, 2011 жылғы 10 қыркүйекте «Біздің жатақханадағы тазалық пен тәртіп» атты сенбілік өтті.

12.09.2011 Қазақстан халқы тілдерінің ХІІІ қалалық фестивалі

2011 жылғы 20 қыркүйекте сағат 16.00-де Университеттің мәжіліс залында Қазақстан халқы тілдерінің ХІІІ қалалық фестивалі аясында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында семинар өткізіледі.


08.09.2011 Медицинадағы білім–Қазақстан үшін жетістік!
2011 жылғы 1 қыркүйекте «Астана медицина университеті» АҚ-тың мәжіліс залында АҚ ректоры м.ғ.д., профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері М.З.Шайдаров және білім беру қызметі жөніндегі, ғылыми және клиникалық қызметтер жөніндегі, тәрбие ісі және  қоғаммен байланыс қызметі жөніндегі, сонымен қатар әкімшілік және экономикалық қызметтер жөніндегі проректорлардың бірінші курс студенттерімен салтанатты кездесуі өтті.

08.09.2011 Еуропалық сапа менеджменті қорының Кемел Үлгісіне сәйкес (EFQM) менеджмент жүйесін енгізу

«Астана медицина университеті» АҚ-та сапа менеджменті бойынша Еуропалық қордың Кемел Үлгісіне сәйкес (EFQM) менеджмент жүйесін енгізудің бірінші сатысы.


07.09.2011 В. Корпачева атындағы шәкіртақы
2011 жылдың 26-шы тамызында «Астана  медицина университеті» АҚ Ғылыми кеңесінде 1-ші және 2-ші курстарда оқудың қорытындысы бойынша үлгерімнің орташа балы 4,75 төмен болмаған 3-ші курс студенттеріне, Атаулы степендия тағайындау жөнінде Басқарманың шешімі қабылданды (№1-ші хаттама).

19.08.2011 «Астана медицина университеті» АҚ-тың жазғы сессияны сәтті тапсырған үздік және белсенді 70 студенті Бурабай курортының «Приозерный» шипажайында тегін демалды.
«Астана медицина университеті» АҚ-тың жазғы сессияны сәтті тапсырған үздік және белсенді 70 студенті 2011 жылғы 6 және 15 шілде аралығында Бурабай курортының «Приозерный» шипажайында тегін демалды.

26.07.2011 "Астана медицина университеті" АҚ ҚР БҒМ Ұлттық аккредитациялық орталығы бакалавриат мамандықтар рейтингісі бойынша бірінші орынға ие болды
Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің Ұлттық аккредитациялық орталығы (ҰАО) баклавриат мамандығы бойынша білім беру бағдарламасын ең қолайлы жүзеге асыратын ЖОО-ын (жоғарғы оқу орындары) ранжирлеу бойынша жобаны алғаш ретте бастамашылық етті. ЖОО қызметтерін бағалауға, мекемелерді ранжирлеу әдісін игеруге аса көңіл бөлінді.

25.07.2011 «Астана медицина университеті» АҚ-тың мәжіліс залында 2011 жылдың түлектеріне дипломдар тапсыруға арналған іс-шара өткізілді.
«Астана медицина университеті» АҚ-тың мәжіліс залында 2011 жылдың 30-шы мамырынан 3-ші маусым аралығында «Фармация», «Стоматология», «Педиатрия», «Емдеу ісі», «Шығыс медицинасы» және «Мейірбике ісі» мамандықтары бойынша Университет түлектеріне дипломдар тапсыруға арналған іс-шара өткізілді.

25.07.2011 «Астана медицина университеті» АҚ Қазақстан Республикасы ЖОО Ұлттық Бас рейтингінде көшбасшы бірінші орынға ие болды

2011 жылдың 15 шілдесінде «Казахстанская правда» республикалық газетінің версиясы бойынша Қазақстан ЖОО-ның бас рейтингі – 2011 жарияланды. «Астана медицина университеті» АҚ-тың профессор–оқытушылар құрамын, сонымен қатар студенттерді Ұлттық Бас рейтингта көшбасшы бірінші орынға ие болумен құттықтаймыз.

15.07.2011 Денcаулық сақтау ісі бойынша америкалық сарапшы профессор Тэйлор Беркпен Университет қызметкерлерінің кездесуі
2011 жылдың 28 маусымында «Астана медицина университеті» АҚ-та Америка Құрама Штаттары елшілігінің қолдауымен, денcаулық сақтау ісі бойынша америкалық сарапшы профессор Тэйлор Беркпен Университет қызметкерлерінің кездесуі өткізілді. Кездесу дәріс түрінде өтті. Ресми сапар АҚШ Мемлекеттік департаментінің әртүрлі облысының спикерлері мен эксперттері бағдарламасының аясында ұйымдастырылды. Оның мақсаты - АҚШ және Қазақстан арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту.

30.06.2011 «Денсаулық сақтау жүйесінде ғылыми жобаларды тиімді жоспарлау және бағалау» атты тренинг
27-30 маусымда «Денсаулық сақтау жүйесінде ғылыми жобаларды тиімді жоспарлау және бағалау» атты тренинг өткізілді. Аталған тренинг «Астана медицина университеті» АҚ базасында денсаулық сақтаудағы ғылыми зерттеулерді көздейтін Аймақтық оқу орталығын (АОО) құру бойынша Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының халықаралық жобасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.

24.06.2011 «Тоқ ішектің қабыну аурулары мен олардың асқынуларының диагностикасы, емі және профилактикасына қазіргі көзқарастар» атты тақырыпқа мастер-класс
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, «Астана медицина университеті» АҚ, ҚР гастроэнтерологтер ассоциациясы және гастроэнтерологтердің Германия-Қазақстан қоғамдастығы, Германия мен Қазақстанның жетекші ғалымдарының халықаралық қатысумен 2011 жылдың 21-25 маусымында «Тоқ ішектің қабыну аурулары мен олардың асқынуларының диагностикасы, емі және профилактикасына қазіргі көзқарастар» атты тақырыпқа мастер-класс өткізді.

17.06.2011 «Медицина қызметкерлері күніне» арналған мерекелік іс-шара
Қазіргі таңда елбасының тапсырысы бойынша 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» атты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Осыған орай 2011 жылдың 16 маусымында «Астана медицина университеті» АҚ-тың мәжіліс залында Университет ректоры, м.ғ.д., профессор Мажит Зейнуллаұлы Шайдаровтың бастауымен «Медицина қызметкерлері күніне» арналған мерекелік іс-шара өткізілді.

16.06.2011 «Сәулелік диагностика, интервенциялық радиология және ядролық медицинасының жаңа көкжиектері» атты IV Еуразиялық Радиологиялық Форум
ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі, «Астана медицина университеті» АҚ және Қазақстанның рентгенолог-радиологтар Ассоциациясы «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 15-16 маусымда «Думан» қонақ үй кешенінде «Сәулелік диагностика, интервенциялық радиология және ядролық медицинасының жаңа көкжиектері» атты IV Еуразиялық Радиологиялық Форумды ұйымдастырды.

15.06.2011 «Ауылдың үздік дәрігері» номинациясын беру бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық конкурстық комиссиясының отырысы
2011 жылдың 15 маусымында «Астана медицина университеті» АҚ-та «Ауылдың үздік дәрігері» номинациясын беру бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық конкурстық комиссиясының отырысы өткізілді.

14.06.2011 «Жас дарын» корпоративті наградасының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі
2011 жылдың 14 маусымында «Астана медицина университеті» АҚ Ғылыми Кеңесінің отырысында «Медицина қызметкерлері күніне» орайластырылып, «Жас дарын» корпоративті наградасының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өткізілді.

10.06.2011 Оториноларингологтердің I-ші Халықаралық Құрылтайы аясында ҚР ДСМ медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директоры А.Г.Төлеғалиева, ҚР штаттан тыс бас оториноларингологы С.Ж.Джандаев және ҚР облыс штаттан тыс бас оториноларингологтерімен кездесу
2011 жылдың 9-10 маусымында «Астана медицина университеті» АҚ-та Оториноларингологтердің I-ші Халықаралық Құрылтайы аясында Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директоры А.Г.Төлеғалиева, Қазақстан Республикасының штаттан тыс бас оториноларингологы С.Ж.Джандаев және Қазақстан Республикасының барлық облыстарының штаттан тыс бас оториноларингологтері және Оңтүстік Корея, Ресей, Украина, Беларуссия, Өзбекстан сонымен қатар Қырғызстан Республикаларынан келген қонақтардың қатысуымен кездесу өткізілді.

10.06.2011 «Good clinical practice» (GCP) – сапалы клиникалық практикаға кіріспе» атты семинар
2011 жылдың 9 және 10 маусымында Астана медицина университетінде «Good clinical practice» (бұдан әрі - GCP) – сапалы клиникалық практикаға кіріспе» атты семинар өткізілді.

10.06.2011 Қазақстан Республикасы оториноларингологтерінің І съезі
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2011 жылғы 9-10 маусымда «Астана медицина университеті» АҚ базасында Қазақстан Республикасы оториноларингологтерінің І съезін ұйымдастырды.

Жаңалықтар 1721 - 1740 / 1758
Бірінші бет | Алдыңғы | 84 85 86 87 88 | Келесі | Соңғы бет Барлығы