Жаңалықтар


21.02.2020 ҚҰРМЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ЖӘНЕ КОЛЛЕДЖДЕРДІҢ СТУДЕНТТЕРІ МЕН ЖАС ҒАЛЫМДАРЫ!
2020 жылдың 23-24 сәуір аралығында «Астана медицина университеті» КеАҚ-тың «Сақтандыру медицинасы. Ғылым. Білім» атты жас ғалымдар мен студенттердің жыл сайынғы халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырады.

20.02.2020 Сарықарқа ауданының үкіметтік емес ұйымдарымен кездесу

2020 жылғы 18 ақпанда «Астана медицина университеті» КеАҚ-тың бастауыш партия ұйымы Жастар ісі жөніндегі орталықпен және Қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент департаментімен бірлесіп, «Құқықтық сауаттылық, білім беру ұйымдарындағы жанжалдарды азайту және отбасылық құндылықтарды сақтау» атты консультациялық-диалогтық алаңды ұйымдастырды.


20.02.2020 Вирусты канцерогенез сұрақтары және коронавирустар

Ш.И.Сарбасова атындағы микробиология, вирусология және иммунология кафедрасы жыл сайын 04 ақпан күні Бүкіләлемде аталып өтетін Дүниежүзілік онкологиялық ауруларға қарсы күрес күніне арналған айлық аясында «Вирусты канцерогенез сұрақтары және коронавирустар» тақырыбында жас ғалымдардың және студенттердің ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өткізді.



20.02.2020 Құрметті медициналық жоғары оқу орындарының білім алушылары!

«Астана медицина университеті» КеАҚ Медицина бойынша 2 Халықаралық студенттік олимпиаданың басталуы қарсаңында алғаш өткен Олимпиада оқиғаларын жылулықпен еске алады.


20.02.2020 Сот-сараптамасы мекемелеріне экскурсиялар
«Астана Медицина Университеті» КеАҚ сот медицинасы кафедрасы еріктілер жылының аясында ҚР Әділет министрлігінің Сот-сараптама орталығы Нұр-Сұлтан қаласының жалпы білім беретін оқу орындары мен университеттердің студенттері үшін сот-сараптамасы мекемелеріне экскурсиялар өткізуды қолға алғанын хабарлайды.

19.02.2020 Аға ұрпаққа қамқорлық
2020 жылы 18 қаңтарда филология пәндері кафедрасының аға оқытушысы С. А.Тулекееваның жетекшілігімен «Жалпы медицина» мамандығының 243-топ студенттері елордалық қарттар үйінде қазақтың ұлы ақыны және философы А.Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты шығармашылық кеш ұйымдастырды.

14.02.2020 С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне академиялық мобильділік
«Астана Медицина Универсиеті» КеАҚ «Қоғамдық денсаулық және менеджмент» факультетінің 3-курс студенттері 22 қаңтар-10 ақпан аралығында академиялық ұтқырлық аясында С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде білім алып келді.

13.02.2020 Қоғамдық денсаулық сақтаудағы көшбасшылар үшін Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының флагмандық курсы
10-14 ақпан аралығында "Бурабай" оңалту орталығы базасында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және Nazarbayev университетінің қолдауымен ДДҰ сарапшылары әзірлеген Қазақстан Республикасындағы қоғамдық денсаулық сақтау саясаты мен тәжірибесі бойынша флагмандық курс өтуде.

11.02.2020 №72 лицейдің ғылыми жетекшілерімен ПОҚ отырысы.

«Астана медицина университеті» КеАҚ, Профилактикалық медицина және нутрициология кафедрасы мен Нұр-сұлтан қаласындағы № 72 мектеп-лицей арасындағы меморандумға сәйкес, 2020 жылдың алғашқы айларында 2 әдістемелік отырыс өтті (31 қаңтар және 6 ақпан). 2020 жылдың 1-ші жартыжылдығына арналған іс-шаралар анықталды, өткізу форматтары анықталды , соның ішінде мектеп-гимназияның медициналық кластері оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысы.


11.02.2020 КОРОНАВИРУС ТУРАЛЫ НЕ БІЛУІҢІЗ КЕРЕК?
Коронавирус – бұл жалпы суықтан SARS және MERS-ге дейінгі әртүрлі ауруларды тудыратын вирустар отбасының мүшесі. Жаңа вирус уақытша «2019-нКоВ» деп аталды. Бұл вирус туралы не білуіңіз керек?

10.02.2020 4 курс студенттеріне «Медицинадағы төтенше жағдайлар» тақырыбында курсын өткізді
3-7 ақпан күндері симуляциялық орталықтың негізінде орталық қызметкерлері Қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент факультетінің деканымен бірге 4 курс студенттеріне (401–405 топтар) медицинада жедел жәрдем курсын өткізді. Тренингтің мақсаты: адам әл-ауқатының нашарлау белгілерін тануды үйрену. Білікті және жедел түрде ең қиын жағдайда адамды құтқаруға келу. Студенттер көктамыр ішіне енгізу, қанды іріктеу және инфузия техникасын үйрету үшін - трансфузионды терапия, жүрек-өкпелік реанимация, жоғарғы және төменгі жақтардың иммобилизациясы және т.б. әдістері бойынша тәжірибелік әдістерін машықтады. Студенттер бейнероликтерді қарап, «Медицинадағы төтенше жағдайлар» тақырыбында дәрістер тыңдады.

10.02.2020 Қауымдастырылған профессор ғылыми атағына ізденуші Иманғазинова Сауле Сағитқызы туралы.
14.00.00 Медицина мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор ғылыми атағына ізденуші Иманғазинова Сауле Сағитқызы туралы.

05.02.2020 «Әйелдердің репродукциялық денсаулығы» тақырыбындағы дәріс

2020 жылғы 03 ақпанда сағат 19-00-де «Астана медицина университеті» жатақханасының оқу залында Жастармен жұмыс жөніндегі орталық №1 акушерия және гинекология кафедрасымен бірлесіп, «Әйелдердің репродукциялық денсаулығы» тақырыбында дәріс өткізді. Бұл кездесулер «Акушерияның және гинекологияның өзекті мәселелері» тақырыбындағы дәрістер циклінің бір бөлігі болып табылады. Дәрісте қыздардың репродукциялық денсаулығы, жекебас гигиенасы, дұрыс тамақтану мәселелері көтерілді. Студенттер мамандардан өздерін қызықтыратын сұрақтарға толыққанды жауаптар алды. Іс-шараға 120-дан астам студент қатысты.

 

 



05.02.2020 Әскери дайындықтан өтуге ниет білдірген студенттерге хабарландыру.

Әскери дайындықтан өткісі келетін «Жалпы медицина» мамандығының 2-ші курс студенттері әскери кафедраға (Бейбітшілік көшесі, 51А), 2020 жылдың 3 ақпанынан бастап өтініш жазсын.

Әскери кафедрада оқу үшін студенттерді іріктеу тәртібі...



03.02.2020 11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдарлау жүргізілді.
Симуляциялық орталықтың базасында 2020 жылдың 31 қаңтарында жастармен жұмыс жөніндегі орталықпен бірге № 50, № 61 мектептердің 11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдарлау жүргізілді. Мақсаты: студенттерді медициналық білім негіздерімен таныстыру.

30.01.2020 «Қытай, Ухань қаласында жұқтырылған 2019-nCoV короновирус жұқпасының клиникалық ерекшеліктері» тақырыбында дәрістер
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Көпсалалы медициналық отралық базасында 27-29 қаңтар аралығында Жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д. докторы Кулжанова Ш.А. және кафедра резиденттерімен «Қытай, Ухань қаласында жұқтырылған 2019-nCoV короновирус жұқпасының клиникалық ерекшеліктері» тақырыбында «АстМУ» КеАҚ интерндері мен резиденттеріне дәрістер оқылды.

29.01.2020 «Профилактикалық медицина және нутрициология» кафедрасы оқытушыларының академиялық мобильділігі
20 қаңтардан 24 қаңтарға дейін академиялық ұтқырлықтың институтаралық бағдарламасы аясында профилактикалық медицина және нутрициология кафедрасының оқытушылары серіктес «Қарағанды ​​медицина университеті» КеАҚ-ғы «Қоғамдық денсаулық сақтау, биомедицина және фармация» мектебінде «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» және «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша 2-курс студенттеріне «Гигиенаға кіріспе» тақырыбында дәрістер мен практикалық сабақтар өткізді.

29.01.2020 Назар аударыңыздар!
2020 жылғы 29 қаңтарда сағат 15:00-де Университеттің акт залында Сенаттың ашық отырыс өткізіледі. Барлық қалаушыларды шақырамыз!

27.01.2020 «Нұр Отан» партиясының «Саяси коммуникациялар» тақырыбындағы екі күндік семинар-тренингі

2020 жылғы 25-26 қаңтарда Тәуелсіздік сарайында «Нұр Отан» партиясының басшылар мен партияның белсенді мүшелеріне арналған екі күндік семинар-тренингі өтті.


23.01.2020 Нұр-Сұлтан қаласы «Nur Otan» партиясы филиалының Партиялық бақылау комиссиясы мүшелері «Астана медицина университеті» КеАҚ әкімшілігімен кездесті
2020 жылғы 22 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласы «Nur Otan» партиясы филиалының Партиялық бақылау комиссиясының (ПБК) мүшелері жұмыс сапармен Астана медицина университетінің жатақханасына келді.

Жаңалықтар 141 - 160 / 1792
Бірінші бет | Алдыңғы | 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 | Келесі | Соңғы бет Барлығы