Жаңалықтар


03.02.2020 11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдарлау жүргізілді.
Симуляциялық орталықтың базасында 2020 жылдың 31 қаңтарында жастармен жұмыс жөніндегі орталықпен бірге № 50, № 61 мектептердің 11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдарлау жүргізілді. Мақсаты: студенттерді медициналық білім негіздерімен таныстыру.

30.01.2020 «Қытай, Ухань қаласында жұқтырылған 2019-nCoV короновирус жұқпасының клиникалық ерекшеліктері» тақырыбында дәрістер
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Көпсалалы медициналық отралық базасында 27-29 қаңтар аралығында Жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д. докторы Кулжанова Ш.А. және кафедра резиденттерімен «Қытай, Ухань қаласында жұқтырылған 2019-nCoV короновирус жұқпасының клиникалық ерекшеліктері» тақырыбында «АстМУ» КеАҚ интерндері мен резиденттеріне дәрістер оқылды.

29.01.2020 «Профилактикалық медицина және нутрициология» кафедрасы оқытушыларының академиялық мобильділігі
20 қаңтардан 24 қаңтарға дейін академиялық ұтқырлықтың институтаралық бағдарламасы аясында профилактикалық медицина және нутрициология кафедрасының оқытушылары серіктес «Қарағанды ​​медицина университеті» КеАҚ-ғы «Қоғамдық денсаулық сақтау, биомедицина және фармация» мектебінде «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» және «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша 2-курс студенттеріне «Гигиенаға кіріспе» тақырыбында дәрістер мен практикалық сабақтар өткізді.

29.01.2020 Назар аударыңыздар!
2020 жылғы 29 қаңтарда сағат 15:00-де Университеттің акт залында Сенаттың ашық отырыс өткізіледі. Барлық қалаушыларды шақырамыз!

27.01.2020 «Нұр Отан» партиясының «Саяси коммуникациялар» тақырыбындағы екі күндік семинар-тренингі

2020 жылғы 25-26 қаңтарда Тәуелсіздік сарайында «Нұр Отан» партиясының басшылар мен партияның белсенді мүшелеріне арналған екі күндік семинар-тренингі өтті.


23.01.2020 Нұр-Сұлтан қаласы «Nur Otan» партиясы филиалының Партиялық бақылау комиссиясы мүшелері «Астана медицина университеті» КеАҚ әкімшілігімен кездесті
2020 жылғы 22 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласы «Nur Otan» партиясы филиалының Партиялық бақылау комиссиясының (ПБК) мүшелері жұмыс сапармен Астана медицина университетінің жатақханасына келді.

23.01.2020 Назар аударыңыздар!
Сенат отырысы басқа күнге ауысатыны туралы хабарлаймыз. Отырыстың болатынын күнің қосымша хабар береміз.

22.01.2020 Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне нөлдік төзбеушілік ахуалын құру
2020 жылы 22 қаңтарда "Астана медицина университеті" КеАҚ студенттер арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу аясында Жастар ісі жөніндегі орталық әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасымен бірлесе отырып, "Медицина" факультетінің 1-курс студенттері үшін "Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік ахуалын құру" тақырыбында профилактикалық іс-шара өткізді.

22.01.2020 Құрметті достар!
2020 жылғы 23 қаңтарда сағат 15:00-де Университеттің акт залында Сенаттың ашық отырыс өткізіледі. Барлық қалаушыларды шақырамыз!

20.01.2020 Тәжік мемлекеттік медицина университеті өкілдерінің қатысуымен Симуляциялық орталық базасында ашық сабақтар

Симуляциялық орталық базасында 2020 жылы 17 қаңтарда №2 хирургиялық аурулар кафедрасының профессоры К. Рүстемованың жетекшілігімен пациенттердің стандартталған әдістемесі бойынша «Перфорацияланған асқазан ойық жарасы» клиникалық сценарийіне сәйкес сабақ өткізілді және интернатура бойынша акушерия - гинекология оқу процесінің ашық сабағын акушерия және гинекология кафедрасының ассистенті Есжанова А.А. және кафедраның доценті Сейдулаева Л.А. «Плацентаның бекітілу ауытқуларына жедел көмек көрсету» клиникалық сценарийі бойынша өткізді. Ашық сабаққа 7 курс студенттері қатысты.

Ашық сабақты Абуали ибни Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университетінің өкілі неонатолог Ф. Бакаевтан және Тәжікстан Республикасының, жалпы хирургия кафедрасының доценті, медицина ғылымдарының кандидаты З.М. Нуровтан тұратын сараптау комиссиясы бағалады.


15.01.2020 Тәжікстаннан келген қонақтарға Симуляциялық орталық базасында Экскурсия

2020 жылдың 15 қаңтарында симуляциялық орталықтың базасында Абуали-ибни-Сино атындағы Тәжікстан мемлекеттік медицина университетінің қонақтарына экскурсия өткізілді. Қонақтарға шынайы манекендер мен муляждар көрсетілді. Бұл кездесу симуляциялық жаттығуда тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

 


14.01.2020 Босатылған мемлекеттік білім гранттары
"Астана медицина университеті" КЕАҚ студенттер мен интерндердің тізімі», аудару үшін Сенат ұсынған бос білім гранттарына 2020 ж. қаңтар

10.01.2020 Симуляциялық орталықтың базасындағы сабақтар
2019-2020 оқу жылының басынан бастап Симуляциялық орталықтың базасында шетелдік студенттерге сабақтар өткізіліп келеді. Студенттер акушерия-гинекология, хирургия, ішкі аурулар, балалар аурулары пәндері бойынша машықтар үйренді. 2020 жылғы 8-9 қаңтарда «Жалпы медицина» факультетінің шетелдік студенттері арасында емтихандар өткізілді, онда студенттер жоғары нәтиже көрсетті.

10.01.2020 Босатылған мемлекеттік білім гранттары
2020 жылғы 10 қаңтардағы мамандықтар мен оқу курстары кесініндегі 2019-2020 оқу жылдың күздік семестрінде босатылған мемлекеттік білім гранттарының санымен таныс болыңыздар.

09.01.2020 Қызметкерлерімізге алғыс
Динагүл Аяпбекқызы Баешеваның, Нурила Аманғалиқызы Малтабарованың және Баян Рысбекқызы Турдалинаның еңбектерін атап өткеміз келеді! Жаңа жылдың бірінші жұмыс күндерінен бастап университетімізге бірнеше алғыс хат келіп түсті. 

27.12.2019 «Салауатты тамақтану – жақсы көңіл-күй!» тақырыбында КТК
2019 жылдың 20 желтоқсанында, Жаңа жыл қарсаңында, «Профилактикалық медицина және нутрициология» кафедрасының оқытушылары «Салауатты тамақтану – жақсы көңіл-күй!» тақырыбында № 72 мектеп-лицейінің 6-шы сыныптары арасында КТК өткізді. Іс-шара қатысушылар үшін де, жанкүйерлер үшін де көңілді де танымды өтті.

26.12.2019 «Светоч» балалар үйіндегі жаңа жылдық кеш.

2019 жылғы 25 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласы маңындағы Малотимофеевка елді мекенінде орналасқан «Светоч» балалар үйінде жаңа жылдық кеш өтті. Іс-шара қайырымдылық мақсатта «Қоғамдық денсаулық және менеджмент» факультетінің деканы Ерболат Дербісәліұлы Даленовтың бастамасы бойынша және факультет деканының орынбасары Валерий Валентинович Шварц пен деканат қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткізілді. Факультет студенттерінің күшімен кеште түрлі концерттік номерлер ұйымдастырылды, балаларға сыйлықтар табысталды.


21.12.2019 «МӘМС: Қазақстан медицинасының трансформациясы» форумы шеңберінде университеттер арасындағы дебаттық турнир
Бүгін Астана медицина университетінде Медициналық сақтандыру қорының және университетіміздің ұйымдастыруымен «МӘМС: Қазақстан медицинасының трансформациясы» форумы шеңберінде еліміздің университеттері арасында дебаттық турнир өткізілуде. Пікірталас қатысушыларын ректорымыз Дайнюс Павалькис құттықтады.

18.12.2019 Сенат мүшелерінің назарына!
2019 жылғы 19 желтоқсанда бас ғимараттағы акт залында Сенат отырысы өткізіледі. Күн тәртібімен танысыңыз.

18.12.2019 Университетіміздің делегациясы Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясында Медициналық жастар ұйымының "Winter-TOM 2019" іс-шарасына қатысты.

2019 жылғы 5-7 желтоқсанда университетіміздің делегациясы Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясында Медициналық жастар ұйымының "Winter-TOM 2019" іс-шарасымен танысты. Осы кездесу шеңберінде бірінші күні ұлттық команда, ҚМЖО атқарушы және бақылау комитетінің мүшелері ұлттық деңгейде соңғы жарты жыл ішіндегі жұмыс туралы қорытынды есеп ұсынды. 


Жаңалықтар 121 - 140 / 1758
Бірінші бет | Алдыңғы | 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 | Келесі | Соңғы бет Барлығы