Жаңалықтар


12.04.2020 Құрметті достар!
Қазақстандық ғылым күнімен құттықтаймыз! Біз Астана медицина университетіне әрдайым ғылыми прогрестің, қызықты идеялардың, сәтті жобалардың, керемет жаңалықтардың және жоғары нәтижелердің көшбасшысы болуын тілейміз. Сондай-ақ, біз жас ұрпаққа жарқын ақыл, жаңа шабыт, керемет шыдамдылық, сенімді күш пен ғылымға деген өшпес махаббат тілейміз!

10.04.2020 Құрметті әріптестер!
Сіздерге университеттің әлеуметтік желілерінде және корпоративтік веб-сайтында университет қызметкерлеріне арналған үнемді өндіріс – кайзен – бойынша тегін мастер-класстың бары туралы хабарлаймыз.

10.04.2020 Құрметті талапкерлер! PhD докторантураға түсу бойынша ақпарат!
«АстМУ» КеАҚ-та докторантурада оқуға алдын-ала іріктеу үшін құжаттар 06.04.2020 ж. 15.05.2020 ж. аралығында қабылданады. 

10.04.2020 “Алты Алаштың айнасы – Хакім Абай” атты университет студенттері үшін өлең оқу байқауы өткізіледі
Астана Медицина Университеті КеАқ Жастар орталығының ұйымдастыруымен және “Тұмар” шығармашылық ұйымының төрайымы,”Қоғамдық денсаулық және менеджмент” факультеті студенттік бірлестік президенті, Университетіміздің 3 курс студенті Қараманова Інжудің демеушілігімен ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған “Алты Алаштың айнасы – Хакім Абай” атты университет студенттері үшін өлең оқу байқауы өтеді.

22.03.2020 Наурыз мерекесі құтты болсын!
Наурыз – жаңару мен тазару, махаббат пен сұлүлық мерекесі! Әрқашан жаныңыз ізгі, көңіліңіз көтеріңқі болсын! Ректордың құттықтау сөзі...

20.03.2020 Астана медицина университетінің волонтер студенттері мамандарға коронавирустың алдын-алуға көмектесуде
Қазіргі уақытта ел үшін қиын карантиндік жағдайда Астана медицина университетінің он студенті Қазақстан Республикасының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті департаментінің қызметкерлеріне көмек көрсетуге ниет білдірді. Бұл үлкен тәжірибе және еліміздің болашақ медицина қызметкерлері үшін ерекше үлес.

18.03.2020 «Қазақстан медициналық кеңесі» медициналық білім мен ғылым қауымдастығының медицина қызметкерлеріне үндеуі
Еліміздегі қиын эпидемиологиялық жағдайға байланысты «Қазақстан медициналық кеңесі» медициналық білім мен ғылым қауымдастығы медицина қызметкерлеріне жолдау жасады. Себебі қазір бүкіл қоғам беріктікті сынаудың өте маңызды және жауапты кезеңінен өтіп жатыр.


17.03.2020 Біріктірілген 3D дәріс
«Астана медицина университеті» КеАҚ студенттерінің танымдық қызметін арттыру, пәнаралық байланыстарды нығайту мақсатында, жалпы және биологиялық химия кафедрасы мен қалыпты физиология кафедраларында биохимия және физиология пәндері бойынша біріктірілген 3D дәріс енгізілді.

16.03.2020 Резидент-неонатологтарымызға алғыс сөздері
«Қарағанды ​​медицина университеті» КеАҚ «Астана медицина университеті» КеАҚ Б.Т. Карин басқарған Неонатология кафедрасына, әсіресе клиникалық тәлімгерлер Ш.С. Нұрашбековаға, Д.С.Касеновке үлкен алғысын білдіреді.

16.03.2020 Босатылған мемлекеттік білім гранттары
2019-2020 оқу жылының қысқы емтихандық сессиясының қорытындысы бойынша босаған бос білім беру гранттарын беру туралы "Астана медицина университеті" КЕАҚ білім алушыларын құттықтаймыз!

 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 11 наурыздағы №95 бұйрығына сәйкес, 2019-2020 оқу жылының аралық аттестаттау қорытындысы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған ақылы негізде білім алушы магистранттар және студенттер тізімі.

11.03.2020 Құрметті достар!

COVID-19-бен туындаған эпидемиологиялық жағдайға байланысты Университетте студенттер мен қызметкерлерге консультативтік және шұғыл медициналық көмек көрсететін медициналық пункт жұмыс жасайтыны туралы хабарлаймыз. Медициналық пунктінің жұмыс уақыты: 8:30-дан 17:30-ға дейін. Орналасқан жері: 49-ғимарат, 1-қабат.


10.03.2020 Шетелдік студенттердің назарына!
2020 жылғы 11 наурызда сағат 16:00-де Университеттің акт залында «Дін саласындағы мемлекеттік саясат және этносаралық және конфессияаралық тұрақтылықты сақтауды қамтамасыз ету» тақырыбында студенттер арасында деструктивті ағымның және діни экстремизмнің алдын алу бойынша жыл сайынғы ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізіледі.

10.03.2020 «Дін саласындағы мемлекеттік саясат және этносаралық және конфессияаралық тұрақтылықты сақтауды қамтамасыз ету» тақырыбында студенттермен кездесуі өткізілді
2020 жылғы 4 наурызда «Астана медицина университеті» КеАҚ акт залында Жастар ісі жөніндегі орталықтың қолдауымен «Дін саласындағы мемлекеттік саясат және этносаралық және конфессияаралық тұрақтылықты сақтауды қамтамасыз ету» тақырыбында студенттер арасында деструктивті ағымның және діни экстремизмнің алдын алу бойынша жыл сайынғы ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.

10.03.2020 Мектеп оқушыларына профориентациялық жұмыс
Қалыпты физиология кафедрасына Нұрсұлтан қ. №56 мектеп-лицейдің 9 сынып оқушыларымен бірге, келесі мектеп оқытушылары: Сядыбекова Райхан Конусбаевна, Туткышбаева Айгерім Бейсеновна мен Насрлаева Ботагоз Бахтжонқызы профориентациялық жұмыс бабымен келді. 

06.03.2020 Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасында Абайдың 175 жылдығына арналған ашық сабақ өткізілізді

13 наурыз 2020 жылы Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы Бектаева И.Б. жетекшілігімен, Жалпы медицина факультетінің 135 топ студенттері ұйымдастырған, «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» Абайдың 175 жылдығына арналған, ашық сабақ өткізілізді. Мәдени шарада ұлы ақынның өмір баяны жайлы, Абайдың өлеңдері мен қара сөздері айтылды. Іс-шара соңында кафедра меңгерушісі Омарова Б.К. сөз сөйлеп, алғысын білдірді.


06.03.2020 Құттықтаймыз!

Университет Басшылығы мен ұжымы туған күнімен Сенат хатшысы, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» атағының иегері Шолпан Қабыкенқызы Хусаинді шын жүректен құттықтайды!


06.03.2020 «Қоғамдық денсаулық және менеджмент» факультеті студенттерінің академиялық ұтқырлығы
2020 жылдың ақпанның 10-нан 3 наурыз аралығында «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ пен «Астана медицина университеті» КеАҚ-тың «Қоғамдық денсаулық және менеджмент» факультетінің 3-курс студенттері академиялық ұтқырлық аясында тәжірибе алмасты. 

05.03.2020 «Абай-дара,Абай-дана» тақырыбында танымдық-тәрбиелік ашық сабақ
6 наурыз 2020 жылы «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі профессоры Омарова Б.Қ және аға оқытушысы Кәнжіл Ш. жетекшілігімен, «Жалпы медицина» Факультетінің 136-137 топтар студенттері, Жастар ісі жөніндегі орталығының қолдауымен, Абайдың 175 жылдығына орай «Абай-дара, Абай-дана» тақырыбында танымдық-тәрбиелік ашық сабақ ұйымдастырып өткізді. Іс шараның барысында 6-лек студенттері қара сөз оқып, өлең шумақтарын айтты. Тақырып бойынша сұрақ жауаптар ұйымдастырылып, ән шырқалып, домбырадан күй шырқалды.

05.03.2020 Хабарландыру
"Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасын іске асыру шеңберінде "Астана медицина университеті" коммерциялык емес акционерлік қоғамы ғалымдар және ТКК/ТТК қызметкерлеріне ағылшын тілін оқыту қызметтеріне конкурс жариялайды.

05.03.2020 “Ұлы даланың ұлы ақыны-Абай!” атты танымдық ашык сабак

12 наурыз 2020 жылы Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы Калменова Б.Т жетекшілігімен, Жалпы медицина факультетінің 123 топ студенттері ұйымдастырған, Ұлы даланың ұлы ақыны-Абай!” атты Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған, танымдық ашык сабак өткізілді.



Жаңалықтар 81 - 100 / 1758
Бірінші бет | Алдыңғы | 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 | Келесі | Соңғы бет Барлығы