Жаңалықтар


16.05.2020 2020 жылғы мамыр айындағы қайта даярлау және біліктілікті арттыру циклдері
Астана медицина университеті 2020 жылдың мамыр айында қайта даярлау және біліктілікті арттыру бойынша келесі қызметтерді ұсынады. Презентацияны қарап шығыңыз (орыс тілінде).

12.05.2020 Құрметті мейіргерлер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге атқарып жатқан еңбектеріңіз бен мейірімділіктеріңіз үшін алғысымыз шексіз! Жүректеріңіз үнемі шаттық пен қуанышқа толсын! Әрқашан бақытты және әдемі, сәтті және қайырымды бола беріңіз.


09.05.2020 Құрметті достар!

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр – тарихтың қасиетті күні, ұрпақтар мен халықтардың басын қосатын, жүздеген мың адамдардың өмірін қиған мереке.


09.05.2020 Хабарландыру
28-29 мамырда Федералды округтің (РФ) бірінші жұқпалы аурулар конгресі өтеді. Іс-шара жұқпалы аурулар дәрігерлері, эпидемиологтар, вирусологтар, пульмонологтар, ЛОР мамандары, отоларингологтар, кардиологтар, гастроэнтерологтар, жалпы практика дәрігерлері үшін арналған.

07.05.2020 Құрметті әріптестер!
Отан қорғаушы күні – бұл барлық ер-азаматттардың: әскери борышын атқарғандардың да, енді ғана әскер қатарын толықтыратындардың да мейрамы. Бұл мейрам Отанымыздың азаттығы үшін, сіз бен біздің азаттығымыз және тәуелсіздігіміз үшін өз өмірлерін қиған боздақтардың бүгінгі ұл-қыздарының мейрамы. Мейрамдарыңыз құтты болсын, асыл азаматтар! Отанымызды, отбасыңызды, жақындарыңызды әрдайым қорғап жүре беріңіздер. Аспанымыз ашық болғай!

05.05.2020 Ақылы негізінде оқитын құрметті студенттер мен интерндер!

Оқу процесінде босатылған мемлекеттік білім гранттарын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау 2020 жылғы 10 мамырдан бастап 2020 жылғы 10 шілдегі дейін жүргізіледі. Құжаттарды «е-University» орталығына тапсырасыздар.


04.05.2020 Астана медицина университетінде Медиа студия ашылды
Бүгін Астана медицина университетінде университеттің білім беру жүйесіне инновациялық технологияларды енгізу мақсатында Медиа студия ашылды. Мұндай студия қазіргі кезде бүкіл ел қашықтан оқыту жүйесіне көшкен кезде өзекті болып табылады. 

01.05.2020 Құрметті достар!

1 мамырда Қазақстан ең маңызды мерекелердің бірі – Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтеді. Бұл жарқын мамыр мерекесі біздің көпұлтты халқымыздың бейбітшілік пен келісімді білдіретін керемет дәстүрлерін жалғастыруда! Астана медицина университеті барша қазақстандықтарды мемлекеттің бірлігі мен тұтастығын білдіретін тамаша мерекемен құттықтайды! Сіздерге бейбітшілік, мейірімділік, бақыт және үміт тілейміз!


30.04.2020 Бакалавриат бағдарламаларына қабылдау бойынша онлайн-трансляция
Бүгін Астана медицина университетінің Қабылдау комиссиясы университеттің Инстаграмдағы amu_mua_official парақшасында тікелей эфирге шығып, талапкерлермен бакалавриатқа құжаттарды қабылдау ережелері, білім гранты конкурсына қатысу, оқуға түсу баллдары, мамандықтар, академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері және т.б. туралы ақпаратпен бөлісті.

30.04.2020 Карантин кезіндегі Профилактикалық медицина және нутрициология кафедрасының жұмысы

Карантин жұмыс жүйесіне қашықтықтан өтуге байланысты өзгерістер енгізсе де, профилактикалық медицина және нутрициология кафедрасының жұмыс жоспарында үлкен өзгерістер байқалмады. Студенттермен, соның ішінде инновациялық технологиялар бойынша, жұмыс белсенді түрде жалғасуда. 


27.04.2020 2019 жылғы ғылыми және инновациялық қызмет көрсеткіштері бойынша қорытындылар
Астана медицина университетін Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындарының 2019 жылғы ғылыми және инновациялық қызмет және динамикалық дамуды бағалау бойынша рейтингісінде үшінші орынға ие болуымен құттықтаймыз! Бұл нәтижелерді Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы қорытындылады.

27.04.2020 В.Г. Корпачёв атындағы патологиялық физиология кафедрасында қашықтықтан оқыту
Өмір мен денсаулықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ COVID-19 таралуын болдырмау мақсатында Астана медицина университетінің студенттері қашықтықтан оқытудың онлайн режиміне өтті. Қашықтықтан оқыту элементтерін кезең-кезеңімен енгізу жоспарланған, COVID 19 сәйкес жарияланған авариялық режим мен карантин жағдайында, В.Г. Корпачёв патологиялық физиология кафедрасы қызметкерлерінің барлық қызмет түрлерінде елеулі өзгерістер қажет болды.

27.04.2020 «Ішкі аурулар» дисциплинасы бойынша онлайн-сессия өтті

2020 жылғы 15-24 сәуір аралығында Жалпы медицина факультетінің 4-курс студенттерімен қашықтықтан оқыту аясында «Ішкі аурулар» пәні бойынша сабақ өткізілді. Көптеген қиыншылықтар болғанын жасырмаймыз, өйткені бұл пән бойынша емтихандар алғашқы рет осы форматта өтті және емтихан әрқашан өте күрделі және мұқият дайындықты талап етеді: пәннің өзін де, медицина негіздерін де жоғары деңгейде білу қажет.


24.04.2020 Астана медицина университетін құттықтаймыз!
Астана медицина университетін Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындарының 2019 жылғы ғылыми және инновациялық қызмет және динамикалық дамуды бағалау бойынша рейтингісінде үшінші орынға ие болуымен құттықтаймыз! Бұл нәтижелерді Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы қорытындылады.

23.04.2020 «Алты Алаштың айнасы – Хакім Абай» атты онлайн-байқауының нәтижесі

2020 жылғы 10-22 сәуір аралығында «Астана медицина университеті» КеАҚ Жастар ісі орталығының және «Тұмар» шығармашылық ұйымы төрайымы, «Қоғамдық денсаулық және менеджмент» факультетінің 3 курс-студенті, факультеттің студенттік бірлестік президенті Қараманова Інжудің демеушілігімен ұлы ақын, философ Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған Абай мұраларын насихаттау мақсатында «Алты Алаштың айнасы – Хакім Абай» атты онлайн-байқау өтті. Байқауға 20-дан аса студент белсенділік таныта қатысты.


22.04.2020 «Көп салалы ауруханада медициналық визуализация. Диагностиканың инвазивті емес әдістеріне назар аудару» атты V ғылыми-білім беру онлайн-конференциясы
2020 жылдың 16 және 17 сәуірінде алғаш рет онлайн форматында Ресей радиологтары мен рентгенологтары ұйымдастырған «Көп салалы ауруханада медициналық визуализация. Диагностиканың инвазивті емес әдістеріне назар аудару» атты V ғылыми-білім беру онлайн-конференциясы өткізілді.

22.04.2020 Фармация деканатының қашықтықтан практикалық сабақтарды, жазбаша емтихандарды ұйымдастыру және өткізу бойынша онлайн консультациялар өткізуде
Бірнеше күн бойы фармация деканаты барлық курстардың студенттерімен онлайн-консультациялар өткізуде, онда бітіруші фармацевтикалық пәндер кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы және 5В110300 фармацевтикалық білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға қатысатын басқа да кафедралар белсенді қатысады.

21.04.2020 Мерейтойыңызбен!
«Астана медицина университеті» КеАҚ Ішкі аудит қызметінің академиялық жұмыс бойынша аудиторы Ақмарал Қалмаханбетқызы Мұсаханованы шын жүректен мерейтойымен құттықтаймыз! Осы шаттық мереке күні қажырлы еңбегіңіз үшін алғыс айта отырып, Сізге мықты денсаулық, шексіз қуат, ұзақ ғұмыр және жұмыста сәттілік тілейміз!

20.04.2020 Құттықтаймыз!
Қазіргі әлемдегі, әсіресе дамыған елдердегі, заманауи ақпараттық қоғамдағы медицина ғылымы мен білімі медицинаның дамуына себеп болып, ұлттың, мемлекеттің дамуының негізін құрайды. Университеттегі басты потенциалды тұлға – ғылыми қызметі сапалы дамуға бағытталған студент.

17.04.2020 Назарбаев Университетінің Әлеуметтік даму қорына көрсетілген қаржылық көмек үшін алғыс айтамыз

Астана медицина университетінің басшылығы мен студенттері Назарбаев Университетінің Әлеуметтік даму қорының басшылығына Астана медицина университетінің коронавирустың алдын-алуға қатысып жатқан 52 ерікті білім алушыларына көрсеткен қаржылай көмегі үшін үлкен алғыс білдіреді.


Жаңалықтар 61 - 80 / 1758
Бірінші бет | Алдыңғы | 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 | Келесі | Соңғы бет Барлығы