Жаңалықтар


31.07.2020 Құрбан Айт құтты болсын!
Баршаңызды киелі Құрбан Айт мерекесімен құттықтаймыз!

30.07.2020 Назар аударыңыздар!
Сіздердің назарларыңызға 2020 жылғы 3 тамыздан бастап бюджеттік және келісім-шарттық негізде қайта даярлау және біліктілікті арттыру циклдерін ұсынамыз.

29.07.2020 Талапкерге!
Грант конкурсына берілген өтініштің статусын қалай тексеруге болады? – joo.kz сайтына өтіп, ЖСН мен ТЖК енгізіңіз! Егер Сіздің өтінішіңіз қабылданбаса, ЖОО-ның виртуалды қабылдау комиссиясына хабарласып, 30 шілдеге (қоса алғанда) дейін өтініш беріп үлгеріңіз!


26.07.2020 «Астана медицина университеті» КеАҚ резидентурасына қабылдау үшін құжаттарды қабылдау
Резидентураға қабылдау үшін 2020-2021 оқу жылына 34 мамандық бойынша 800-ге жуық өтініш түсті. Мемлекеттік тапсырыс аясында ағымдағы жылы «АстМУ» КеАҚ үшін 206 орын, ақылы негізде – 136, мақсатты оқыту үшін Нұр-Сұлтан әкімдігінен – ​​293, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінен – ​​18 орын бөлінді.

25.07.2020 Аса құрметті ұстазымыз дүниеден өтті

Аса құрметті ұстазымыз, үлгі тұтар педагог Пилипенко Виктор Захарович дүниеден өтті. Астана медицина университетінде ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы, доценті, профессоры болды.


25.07.2020 Көңіл айтамыз
2020 жылдың 25 шілдесінде Нұр-Сұлтан әкімдігінің «№2 қалалық көпсалалы ауруханасы» ШЖҚ МКК директоры Ли Иван Иванович қайтыс болды. Оның әйелі Ли Марина Вячеславовнаға, «Профилактикалық медицина және тамақтану» кафедрасының аға оқытушысы, оның балаларына, достары мен әріптестеріне көңіл айтамыз

24.07.2020 Құрметті дәрігерлер!
Сіздердің назарларыңызға БЮДЖЕТ ЖӘНЕ ШАРТТЫ НЕГІЗДЕ 2020 ЖЫЛҒЫ 27 ШІЛДЕДЕН БАСТАЛАТЫН ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ЦИКЛДЕРІН ұсынамыз.

22.07.2020 Назар аударыңыздар!

20-30 шілде аралығында « Covid-19: барлық кезеңдерде медициналық көмек көрсету» шеберлік сабағы өтеді. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бағдарлама.


22.07.2020 Талапкерлерге!
Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштерді тапсыру мерзімі 30 шілдеге (қоса есептегенде) дейін ұзартылды.

21.07.2020 Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі резидентурада мақсатты оқытуға 293 грант бөлді

Резидентура бағдарламалары бойынша мақсатты оқыту үшін Нұр-Сұлтан медициналық ұйымдарын кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету үшін әкімдік 2 жылдан 3 жылға дейінгі 14 мамандық бойынша 293 грант бөлу туралы шешім қабылдады.


16.07.2020 Рухы иманды болсын!

Астана медицина университеті» КеАҚ Травматология және ортопедия кафедрасының профессоры Рахимов Серік Құлжанұлы үшін қайғырып, оның отбасына, достары мен әріптестеріне көңіл айтамыз.


16.07.2020 Хабарландыру!
2020 ж. шілдеде «Астана медицина университеті» КеАҚ Сенаты ұсынған бос білім гранттарына ауысуға ұсынған студенттері мен интерндерінің тізімімен таныс болыңыздар.

15.07.2020 Көңіл айтамыз...

М.ғ.д., Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының директоры, универсмитетіміздің түлегі және бұрынғы оқытушы-профессоры, проректоры Нұрлан Жұмағұлұлы Баптеновтың кенеттен қайтыс болуына байланысты жұбайы Дерматовенерология және дерматокосметология кафедрасының меңгерушісі Гүлнар Рыскелдіқызы Батпеноваға көңіл айтамыз. Рухы иманды болсын!


15.07.2020 Маңызды ақпарат талапкерлерге!

Құрметті талапкерлер, білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі 2020 жылдың 25 шілдесіне дейін ұзартылғанын хабарлаймыз. Біз сонымен қатар келесі қызметке өтінім беру жөніндегі нұсқаулықты назарға ұсынамыз: білім беру грантын беру, сонымен қатар жоғары оқу орындарындағы студенттерге әлеуметтік қолдау көрсету.


14.07.2020 Құрметті профессор Әшім Болатұлы Әубәкіров өмірден өтті

Терең өкінішпен, 2020 жылдың 14 шілдесінде, 68 жасында, құрметті профессор Әшім Болатұлы Әубәкіров қайтыс болғандығын хабарлаймыз. Профессордың отбасы мен туыстарына көңіл айтамыз.


14.07.2020 Магистратура білім беру бағдарламаларын меңгергісі келетін құрметті талапкерлер!
Қазақстан Республикасындағы қалыптасқан COVID-19 пандемиясы жағдайына байланысты магистратураға өтініш қабылдау ағымдағы жылдың 18 шілдесіне дейін ұзартылды. Қабылдау туралы толық ақпаратты «Докторантқа, магистрантқа, резидентке» бөлімінде талапкерлерге арналған бетте таба аласыз.

13.07.2020 Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні. Бүкіл ел коронавирустан қаза тапқандарды еске алуда.

Коронавирустың бүкіл елге таралып бастаған күннен бері елу мыңнан аса тұрғынымыз вирус жұқтырылып, 375 адам қайтыс болды, олардың 28-і – дәрігерлер. Бүгін бүкіл Қазақстан бойынша коронавирус пандемиясының құрбаны болған азаматтарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланды. 


13.07.2020 Коронавирустан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтамыз
Коронавирустан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтамыз және науқастарға тез сауығуларын тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

08.07.2020 АстМУ студенті Бахтияр Ажкен КВИ анықтаудың жаңа құрылғысын жасауға қатысты
Коронавирусты диагностикалау үшін анағұрлым тиімді құрылғыны сынақтан өткізу туралы жаңалықтар Қазақстанның көптеген ақпараттық ресурстарында пайда болды. Онда адамның тыныс алу жолымен коронавирусты анықтайтын тест жүйесін Қазақстанға жеткізу туралы айтылған болатын. Әзірлеушілер бұл диагностиканың ең жылдам және арзан әдісі болуы мүмкін деп мәлімдеді, өйткені құрылғы вирусты адамның төрт дем алуында анықтайды және ол 5-6 еуроға бағаланады.

08.07.2020 Құрметті талапкерлер!

Психометриялық тестті тапсырушылардың көптігіне байланысты өтінімдерді толықтай өңдеу мақсатында 8 шілдеден сағат 14.30-дан бастап Астана медицина университетінің порталы уақытша тоқтатылады. Осыған орай басқа медициналық университеттердің порталдарында психометриялық тестті тапсыруларыңызды өтінеміз! 


Жаңалықтар 41 - 60 / 1790
Бірінші бет | Алдыңғы | 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 | Келесі | Соңғы бет Барлығы