Жаңалықтар


14.03.2019 Қазақстан Республикасы студенттер арасындағы баскетбол чемпионаты
2019 жылғы 15-21 ақпан аралығында Қарағанды қаласында баскетболдан студенттер арасындағы Қазақстан Республикасы Чемпионатының екінші айналымы өтті. «АстМУ» АҚ командасы Қарағанды, ЕҰУ, ҚазҰАУ КарМТУ және ҚҚЭУ командаларымен жарысты. Командамыз ойын барысында өздерін жақсы көрсете білді. Командамызға алда жеңіске жете беруге тілектеспіз!

14.03.2019 Хабарландыру
Құрметті студенттер! Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында «Стоматология» факультетінің 4-курс студенттеріне И.К.Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясында (Қырғыз Республикасы) «Кариесология және балаларда кездесетін тістің қатты тіндерінің тісжегілік емес бұзылыстары және клиникалық эндодонтия» пәнін оқуға конкурс жарияланады. Оқу орыс тілінде жүргізіледі.

13.03.2019 "АМУ" КеАҚ студенттерінің волейбол және баскетбол бойынша спорттық жетістіктері
2019 жылғы 12-15 ақпан аралығында Астана қаласының жоғары оқу орындары арасында волейболдан жыл сайынғы Универсиада өтті. 2019 жылғы 15-21 ақпан аралығында Қарағанды қаласында баскетболдан студенттер арасындағы Қазақстан Республикасы Чемпионатының екінші айналымы өтті. Командаларымызға алда жеңіске жете беруге тілектеспіз!

12.03.2019 «Балалардың сүйек және шеміршек тіндерінің өсуі бұзылған қаңқаның туа біткен жүйелі ауруларын диагностикалаудың және емдеудің қазіргі тәсілдері» атты ғылыми-практикалық мастер-класс

«Астана медицина университеті» КеАҚ балалар хирургиясы кафедрасының ұйымдастыруымен, 2019 жылғы 17-20 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «№2 қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК базасында «Балалардың сүйек және шеміршек тіндерінің өсуі бұзылған қаңқаның туа біткен жүйелі ауруларын диагностикалаудың және емдеудің қазіргі тәсілдері» тақырыбында ғылыми-практикалық мастер-класс өткізу жоспарланып отыр. Тәлімгер- профессор М.И.Ситенко атындағы омыртқа және буын патологиясы институтының (Харьков қ., Украина) балалар ортопедиясы бөлімінің жетекшісі, м.ғ.д., профессор Хмызов Сергей Александрович. Бағдарлама


11.03.2019 Туберкулезден қорғау шаралары бойынша ақпарат
Туберкулез (ТБ) әлемдегі өлім-жітімнің алдыңғы қатарлы 10 себептерінің бірі болып табылады. Туберкулез – бұл көбінесе өкпеге әсер ететін микобактерия туберкулезінен туындаған жұқпалы бактериялық ауру. Туберкулез аурудың белсенді респираторлық формасы бар адамдардың жұлдыруы мен өкпелерінен тамшылар арқылы адамнан адамға жұғады.

06.03.2019 Құрметті нәзік жандар!
Барлықтарыңызды келе жатқан 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Осы мереке қарсаңында «Астана медицина университеті» КеАҚ –тың Мұражай қызметкерлері кәсіподақ ұйымымен бірлесіп өткізетін ардагер әйелдермен мерекелік кездесуге шақырамыз.  

06.03.2019 «Жақсылық жасап жарысайық» эстафетасы
Біздің «Bonum» студенттік қайырымдылық ұйымы «Жақсылық жасап жарысайық» атты эстафетаның басталғаны туралы хабарлайды және барлық топтарды эстафетаға қатысуға шақырады.

04.03.2019 Бастапқы мамандырылған аккредиттеу процесі басталды
2019 жылғы 4 наурызда «Астана медицина университеті» КЕАҚ-та магистратура және докторантура бойынша «Биология» мамандығын, резидентура бойынша «Гематология», «Жалпы хирургия», «Спорттық медицина» мамандықтарын аккредитттеу процесі басталды.

04.03.2019 «Қазіргі таңдағы иммунологияның өзекті мәселелері» атты конференция
2019 жылғы 1 наурызда Астана медицина университетінің Ш.И.Сарбасова атындағы микробиология, вирусология және иммунология кафедрасында «Қазіргі таңдағы иммунологияданың өзекті мәселелері» атты Дүниежүзілік иммунитет күніне арналған конференция өткізілді.

04.03.2019 Хабарландыру

Құрметті студенттер! Академиялық мобильділік шеңберінде «Балалар хирургиясы» бағыты бойынша оқытудың 2-ші жылындағы резиденттерді «Балалар травмотологиясы және ортопедиясы» пәнін оқу үшін Тюмень мемлекеттік медициналық университетіне (Ресей) жіберуге КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ. Оқу мерзімі – 2 апта. Конкурсқа қатысу үшін қойылатын талаптар: GPA 3,67 балдан төмен болмауы тиіс. Конкурсқа қатысу туралы өтініштер 2019 жылғы 7 наурызға дейін деканатта қабылданады. Конкурсты өткізу уақыты және орны: 2019 жылғы 11 наурыз. Сағат: 15.00.


04.03.2019 «Ректор Кубогі» жыл сайынғы спартакиадасының ашылуы
2019 жылғы 26 қаңтарда «Ректор Кубогі» үшін қызметкерлер арасында жыл сайынғы спорттық іс-шараның ашылуы болды. «Ректор Кубогі» үшін бірінші болып дойбы ойыншылар жарысқа түсті. Дойбышылар әрдайым ерекше ақылмен және ойлау қабілетімен ерекшеленеді. Ерлер арасында 1-орынды жұқпалы аурулар кафедрасының қызметкері Байбосынов Дәулет, ал әйелдер арасында - онкология кафедрасының қызметкері Сағиева Салтанат Бауыржанқызы алды. 

04.03.2019 «Ректор Кубогі» спартакиадасы аясында тоғызқұмалақтан жарыс

2019 жылғы 2 ақпанда «Ректор Кубогі» спартакиадасы аясында тоғызқұмалақтан жарыс өтті. Ерлер арасында 1-орынды оториноларингология кафедрасының қызметкері Кускадамов Нұрсұлтан Жантореұлы, ал әйелдер арасында - онкология кафедрасының қызметкері Куканова Асия Маратқызы алды. Балалар хирургиясы кафедрасынан Жақсылық Арман Бауыржанұлы және онкология кафедрасының қызметкері Ермагамбетова Алия Туйебаевна күміс жүлдеге ие болды. Қола жүлдені «Онкология» кафедрасының қызметкері Ниязбай Құралай Абдирахманқызына алды. Барлық қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!!!


01.03.2019 Ең мықты чат-ботты анықтайтын сайыс
Бүгін «i-teka» компаниясы өткізіп жатқан пациенттерге онлайн-консультация беруге арналған ең мықты чат-ботты анықтайтын сайыс басталды. Сайысты бастау үшін компания директоры Марат Төлібаев келді. 

01.03.2019 «Балаға өмір сыйла» атты қайырымдылық жәрмеңкесі
2019 жылғы 25-27 ақпан аралығында университет холлында «Балаға өмір сыйла» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді. Іс-шара ұйымдастырушысы – «Bonum» студенттік ұйымы. Осы жолы қаражат Ходжкиндік емес Бёркитт лимфомасымен науқас 4-жасар Нұрхәділ Хибадатқа жиналды. 

01.03.2019 Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Досжан Сәуле Мағазбекқызымен кездесу
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында 2019 жылғы 28 ақпанда «Астана медицина университеті» КеАҚ-та Жастар ісі жөніндегі деканат пен Қазақстан тарихы және философия кафедрасымен бірлесіп, ақын және жазушы Досжан Сәуле Мағазбекқызымен университеттің студенттерімен кездесу ұйымдастырды.

28.02.2019 "Астана медицина университеті" КЕАҚ-тың жаңа ректоры
Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрінің қатысуымен Астана медицина университеті Ғылыми кеңесінің кезектен тыс отырысы өткізілді. Отырыста министр университет қызметкерлеріне жаңа ректор Дайнюс Павалькисті таныстырды. Дайнюс Павалькис 2018 жылғы қаңтар айынан бастап осы күнге дейін С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің провосты қызметін атқарып келді.



28.02.2019 Нұр Отан партиясының 18-съезді
2019 жылдың 27 ақпанында «Тәуелсіздік» сарайында Елбасы әрі партия көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен Нұр Отан партиясының 18-съезді өткізілді. 2030 жылға дейін жаңа даму бағдарламасы қабылданған съезд «Әл ауқатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» деген атау алды.

28.02.2019 Назар аударыңыздар!

2019 жылғы 28 ақпанда сағат 17:00-де «Өз ісіңізді қалай бастау керек?» атты семинар өткізіледі. Семинарды «АстМУ» АҚ бизнес-инкубатор орталығының басшысы Евгений Вадимович Фролов жүргізеді. Өткізілетін орын: «АстМУ» АҚ-тың коворкинг орталығы (53-ғимарат, 3-қабат). Тіркелу мен толық ақпаратқа сілтеме: ttps://biznes-inkubator-mua.timepad.ru/event/910403/


28.02.2019 Құрметті студенттер!
Бизнес-идеяларыңызды жүзеге асырудың мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар! Сіздерді «Технологиялық кәсіпкерлік және Стартаптар» атты оқу курсына шақырамыз. Бұл курс толық MCI-идеядан бастап MVP-прототипқа дейінгі жолды өтуді ұсынады. 

28.02.2019 Назар аударыңыздар!

«Астана медицина университеті» АҚ Бизнес-инкубаторының қолдауымен «i-teka» компаниясы пациенттерге онлайн кеңес беру мақсатында ең жақсы чат-ботты анықтау үшін сайыс жариялауда. Жүлде – 100 000 теңге.


Жаңалықтар 381 - 400 / 1758
Бірінші бет | Алдыңғы | 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 | Келесі | Соңғы бет Барлығы