Профессор Дайнюс Павалькисті және Жастармен жұмыс жөніндегі орталықтың басшысы Нұрбек Мүсіреповті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің ерен еңбегі және елорданың дамуы мен гүлденуіне қосқан үлесі үшін алғыс хатын алуымен құттықтаймыз. Сіздерге, әріптестер, зор денсаулық, сәттілік және жұмыстарыңызға табыс тілейміз!
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу құрметіне Кәсіподақ мүшелерінің еңбегін көтермелеу және бағалау мақсатында Астана медицина университетінің қызметкерлері Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлері салалық кәсіподағының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалының марапаттарына ие болды.
«Астана медицина университеті» КЕАҚ бастауыш партия ұйымының төрағасы Қайрат Иманберді әріптестерін басты мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады! Әр отбасыға, әр қызметкерге зор денсаулық, қаржылық тәуелсіздік және гүлдену тіледі. Сондай-ақ қызметкерлер мереке қарсаңында ұжымның партия өміріне қосқан үлесі мен белсенділігі үшін алғыс хаттармен марапатталды!
Абуали Ибни Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университеті және Астана медицина университеті арасындағы ынтымақтастық шеңберінде 2020 жылғы 8-11 желтоқсан аралығында Инновациялық және симуляциялық білім беру технологияларын трансферттеу орталығы Абуали Ибни Сино атындағы ТММУ оқытушыларына арналған зерттеу әдістері мен жобалау бағытында онлайн семинар ұйымдастырды.
Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларында жемісті жұмыс істейтін азаматтарды, сондай-ақ пандемиямен күресте ерекшеленген азаматтарды көтермелеу мақсатында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Волонтер жылы аясында біздің Университеттің 20 студенті Президент Қ.Қ. Тоқаевтың Жарлығымен белгіленген Қазақстан Республикасының «Халық алғысы» мемлекеттік медалімен марапатталды.
Осы уақытта Қазақстан Республикасында азаматтарды және әскери қызметшілерді медициналық тексеруден өткізумен айналысатын 4000-нан астам медициналық мамандарға әскери-дәрігерлік тексеруден (бұдан әрі – ӘДТ) жүйелі дипломнан кейінгі дайындық қажет. Бұл мамандардың көбі жергілікті денсаулық сақтау органдарының медициналық ұйымдарында жұмыс істейді. Жыл сайын бірнеше жүздеген шақырылушылар мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер әскери қызметке қатысы жоқ аурулармен, негізінен дәрігерлердің қателігінен, әскери-медициналық сараптаманы нашар білетіндіктен босатылады.
«Астана медицина университеті» КеАҚ магистратура және докторантура орталығы жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттары (мемлекеттік білім беру тапсырысы) бар екендігін хабарлайды: 7М10121 «Денсаулық сақтау саласындағы менеджмент» - 1 грант, 7М10102 «Медицина» - 2 грант. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген магистранттар Басқарма төрағасы – Университет Ректорының атына Магистратура және докторантура орталығына 2020 жылдың 25 желтоқсанына дейін өтініш беруі қажет. Толық ақпаратты 270-177 телефоны арқылы алуға болады.
2020 жылдың 26 қарашасынан бастап қоғамдық денсаулық және менеджмент факультетінің студенттері, қоғамдық денсаулық және эпидемиология, қоғамдық денсаулық және гигиена кафедраларының оқытушылары "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Нұр-сұлтан қаласы, Есіл ауданының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы" РММ-не волонтерлік көмек шеңберінде инфекциялық аурулар бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, профилактикалық іс-шараларды қамтамасыз ету үшін жіберілді.
Қалыпты физиология кафедрасы "Ауыл, туризм және халық қолөнерінің даму жылдарына" арналған "Іргелі ғылым мен клиникалық медицинаның жетістіктері және мәселелері" атты 68-ші Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты, Душанбе, 27 қараша 2020 ж. Ұйымдастырушылары: Абуали ибн Сино атындағы “Тәжік мемлекеттік медицина университеті”. (Душанбе, Тәжікстан).
2020 жылдың 21 қарашасында КеАҚ «Астана медицина университеті», Әлеуметтік – гуманитарлық ғылымдар кафедрасының ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы мерекесі аясында «Абай мұрасы – тағдыр тағылымдамасы» атты онлайн форматта әдеби кеш өткізілді.
Мақсаты: Абай мұраларын дәріптеуге, өнегелі өмірімен танысып, ақынның даналығын, рухани асыл – мұраларын насихаттау.