Жаңалықтар


17.04.2019 Отбасылық медицина және дәлелдемелі медицина кафедрасының доценті мен «Жалпы медицина» 7 курс интерндеріне алғыс

Астана қаласы әкімдігінің «№10 қалалық емхана» әкімшілігі Отбасылық медицина және дәлелдемелі медицина кафедрасының доценті Нурпеисова Риза Гумаровнаға және «Жалпы медицина» мамандығы 751 тобының келесі интерндеріне халықтың денсаулығын жақсартуға өз үлестерін қосқандары үшін алғыс хат табыстады: 


17.04.2019 Бұхара мемлекеттік медициналық институтына академиялық мобильділік
8-14 сәуірде Ш. И. Сарбасова атындағы микробиология, вирусология, иммунология кафедрасының профессоры Табаева Әлия Әбілқызы академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша Бұхара мемлекеттік медициналық институтына (БММИ) барып қайтты.

15.04.2019 Қазіргі әлемде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Алиментариус Кодексінің стандарттары

«Астана медицина университеті» КеАҚ-тың 2017-2019 жылдарға арналған даму жоспарын іске асыру аясында Оқытушы-профессорлар құрамын дамыту және Университет дербестігін имплементациялау орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылғы 12 сәуірде «Кодекс Алиментариус» комиссиясының Еуропа бойынша ФАО/ДДСҰ-ның үйлестіру комитеті өкілдерінің қатысуымен «Қазіргі әлемде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Алиментариус Кодексінің стандарттары» атты семинар өтті. 


15.04.2019 «JASTAR JÁNE RÝHANIAT» атты бірінші Халықаралық жастар форумы
2019 жылғы 11 сәуірде ҚМДБ ұйымдастыруымен «JASTAR JÁNE RÝHANIAT» атты бірінші Халықаралық жастар форумы өтті. Форумның мақсаты «Жастар жылы» аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен еліміздің белсенді жастары арасанда өзара байланыс орнату және әртүрлі жастар ұйымдарымен бірлесе отырып, жастар арасындағы қазіргі кездегі түйіткілді мәселелердің шешімін табуға атсалысу.

11.04.2019 Назар аударыңыздар!

2019 жылғы 18 сәуірде «Астана медицина университеті» КеАҚ-та түлектерге арналған « Бос орындар жәрмеңкесі - 2019» өткізіледі.


11.04.2019 Құрметті достар!
«Bonum» студенттік ұйымы Сіздерді «Жүректерден мейірім төгілгенде...» атты қайырымдық балына шақырады. Осындай бал университетімізді алғашқы рет өткізілмек.

11.04.2019 Құрметті жоғарғы сынып оқушылары, ата-аналар және ұстаздар!
«Астана медицина университеті» КеАҚ 2019 жылғы 19 сәуірде Бейбітшілік көшесі, 49А мекен жайындағы бас ғимаратта өтетін АШЫҚ ЕСІК КҮНІНЕ шақырады.

11.04.2019 «Стоматология мамандығының» 6 курс интерндерінің Астана қаласының жұмыс берушілерімен кездесуі

2019 жылғы 10 сәуірде интернатура және жұмысқа орналастыру деканаты «Ортопедия және балалар стоматологиясы» мен «Стоматология және бет-жақсүйек хирургиясы» кафедраларының базаларында 6 курс интерндеріне Астана қаласының «М32 Dental clinic» мекемесінің бас директоры Іргебаев Абдрахман Тұрсынханұлы, стоматология жобасы кеңесшісі басшысының, м.ғ.д. Сманов Қайназар Досыбекұлымен кездесу ұйымдастырды. 


10.04.2019 Кәсіптік мейіргер ісінің орталығы және электрондық платформа қазақстандық және европалық сарапшылардың ынтымақтастығы негізінде жұмыс істейтін ProInCa жобасында әзірленеді

Астана медицина университетінде 8-12 сәуір аралығында «Мейіргер шеберлігінің орталығы үшін электрондық платформа әзірлеу» тақырыбында ProInCa жобасының мастер-класы өткізіліп жатыр. 


10.04.2019 Құрметті достар!

Барлықтарыңызды ұлы ақын Сергей Александрович Есениннің құрметіне арналған «Есенин деп жырлаймын» («Есенин – я буду воспевать») атты спектакль қойылымына шақырамыз! Спектакль – ақынның жасөспірім кезінен бастап шығармашылық шыңына жеткен уақытқа дейінгі өмірі туралы, арманға деген ұмтылыс және мақсатты орындауға бағытталған еңбек жолы туралы.


09.04.2019 Мейірбике ісін жетілдіру Орталығы үшін электрондық платформа әзірлеу
2019 жылы 8-12 сәуір аралығында «Астана медицина университеті» КеАҚ аясында Эрасмус+ бағдарламасының ProInCa жобасының шеңберінде өтетін «Мейірбике ісін жетілдіру Орталығы үшін электрондық платформа әзірлеу» тақырыбындағы мастер-клас басталып кетті. 

09.04.2019 Құттықтаймыз!
2019 жылғы 1-11 наурыз аралығында біздің студенттер «i-teka» компаниясы ұйымдастырған пациенттерге онлайн-консультация беруге арналған ең үздік чат-ботты анықтайтын сайысқа қатыс0ан болатын.

09.04.2019 Болашақ түлектердің ҚР Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ қызметкерлерімен кездесуі

2019 жылғы 5 сәуірде интернатура және жұмысқа орналастыру деканаты болашақ түлектермен ҚР Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды. 


08.04.2019 «Human2Health» хакатонының шеңберіндегі сайыстың нәтижесі
«Human2Health» хакатонының шеңберінде, хакатон көрмесінің фонында немесе хакатон баннерінің алдында түскен ең үздік фотодан және медицинаны сандық жүйеге көшіру бойынша ең үздік ұсыныстардан Instagram желісінде сайыс жарияланған болатын. 

08.04.2019 «Сау болу – сәнді!» акциясы

Дүниежүзілік денсаулық күні - жаһандық науқан, ол адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын қорғау бойынша бірлескен іс-қимылдарды жүзеге асыру мақсатында, планетаның әрбір тұрғынының денсаулығы мен денсаулығына қатысты мәселелерге назар аударуға бағытталған. 


08.04.2019 Хабарландыру

Құрметті студенттер! Академиялық мобильділік бағдарламасы аясында конкурс жарияланады:


08.04.2019 Электронды үкімет порталын қолданыңыздар
«e-Gov.kz» Қазақстанның электронды үкіметі – еліміздің азаматтары, уақыттарын мемлекеттік органдарға баруға жоғалтпай, қажет қызметтерді электронды түрде алуларына мүмкіндік беретін портал.

08.04.2019 Нұр-сұлтан қаласының медициналық ұйымдары арасындағы «СПАРТАКИАДА - 2019»

2019 жылғы 5 сәуірде «Алау» Мұз айдынының ғимаратында "Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы" ҚБ-ның Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалы, Нұр-Сұлтан қаласы Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, Нұр-Сұлтан қаласының медициналық ұйымдары арасында «Спартакиада – 2019» іс-шарасының аясында үстел теннисінен жарыс ұйымдастырды. 


05.04.2019 2019 жылғы 2 ақпанда Астана медицина университеті және Назарбаев университеті командалары арасында жолдастық кездесу өтті.

2019 жылғы 2 ақпанда Астана медицина университеті және Назарбаев университеті командалары арасында жолдастық кездесу өтті. Кездесу  қарсылас команданың залында өтті. Бұл жай ғана жолдастық матч болғанымен , ойын кәсіби деңгейде өтті. Тараптардың әрқайсысы барын салып, команда намысын қорғады. Бұл кездесудің негізгі мақсаты —волейболды дамыту,саламатты өмір салтын насихаттау, жарыс алаңдарында бағын сынау.


05.04.2019 2019 жылғы 26-28 наурыз аралығында жоғары оқу орындары арасында волейболдан жыл сайынғы Универсиада өтті.

2019 жылғы 26-28 наурыз аралығында Астана қаласының жоғары оқу орындары арасында волейболдан жыл сайынғы Универсиада өтті. Жарысқа Назарбаев университеті, ҚазЭҚХСУ ҚазАТУ және де басқа командалар қатысты. Ойын өте қызықты өтті, барлық командалар бірдей деңгейде ойнады. Бұл жарыста біздің командамыз 3-орын алды. «Фармация» факультетінің 104-топ студенті Хамедова Мадина «Үздік байланыстырушы» атағын алды. Командамызды құттықтаймыз және алдағы уақытта тек жеңіс тілейміз!!!


Жаңалықтар 361 - 380 / 1791
Бірінші бет | Алдыңғы | 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 | Келесі | Соңғы бет Барлығы