Жаңалықтар


08.04.2019 «Human2Health» хакатонының шеңберіндегі сайыстың нәтижесі
«Human2Health» хакатонының шеңберінде, хакатон көрмесінің фонында немесе хакатон баннерінің алдында түскен ең үздік фотодан және медицинаны сандық жүйеге көшіру бойынша ең үздік ұсыныстардан Instagram желісінде сайыс жарияланған болатын. 

08.04.2019 «Сау болу – сәнді!» акциясы

Дүниежүзілік денсаулық күні - жаһандық науқан, ол адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын қорғау бойынша бірлескен іс-қимылдарды жүзеге асыру мақсатында, планетаның әрбір тұрғынының денсаулығы мен денсаулығына қатысты мәселелерге назар аударуға бағытталған. 


08.04.2019 Хабарландыру

Құрметті студенттер! Академиялық мобильділік бағдарламасы аясында конкурс жарияланады:


08.04.2019 Электронды үкімет порталын қолданыңыздар
«e-Gov.kz» Қазақстанның электронды үкіметі – еліміздің азаматтары, уақыттарын мемлекеттік органдарға баруға жоғалтпай, қажет қызметтерді электронды түрде алуларына мүмкіндік беретін портал.

08.04.2019 Нұр-сұлтан қаласының медициналық ұйымдары арасындағы «СПАРТАКИАДА - 2019»

2019 жылғы 5 сәуірде «Алау» Мұз айдынының ғимаратында "Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы" ҚБ-ның Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалы, Нұр-Сұлтан қаласы Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, Нұр-Сұлтан қаласының медициналық ұйымдары арасында «Спартакиада – 2019» іс-шарасының аясында үстел теннисінен жарыс ұйымдастырды. 


05.04.2019 2019 жылғы 2 ақпанда Астана медицина университеті және Назарбаев университеті командалары арасында жолдастық кездесу өтті.

2019 жылғы 2 ақпанда Астана медицина университеті және Назарбаев университеті командалары арасында жолдастық кездесу өтті. Кездесу  қарсылас команданың залында өтті. Бұл жай ғана жолдастық матч болғанымен , ойын кәсіби деңгейде өтті. Тараптардың әрқайсысы барын салып, команда намысын қорғады. Бұл кездесудің негізгі мақсаты —волейболды дамыту,саламатты өмір салтын насихаттау, жарыс алаңдарында бағын сынау.


05.04.2019 2019 жылғы 26-28 наурыз аралығында жоғары оқу орындары арасында волейболдан жыл сайынғы Универсиада өтті.

2019 жылғы 26-28 наурыз аралығында Астана қаласының жоғары оқу орындары арасында волейболдан жыл сайынғы Универсиада өтті. Жарысқа Назарбаев университеті, ҚазЭҚХСУ ҚазАТУ және де басқа командалар қатысты. Ойын өте қызықты өтті, барлық командалар бірдей деңгейде ойнады. Бұл жарыста біздің командамыз 3-орын алды. «Фармация» факультетінің 104-топ студенті Хамедова Мадина «Үздік байланыстырушы» атағын алды. Командамызды құттықтаймыз және алдағы уақытта тек жеңіс тілейміз!!!


05.04.2019 2019 жылғы 6-11 наурыз аралығында баскетболдан студенттер арасында Қазақстан Республикасы Чемпионатының екінші айналымы өтті.
2019 жылғы 6-11 наурыз аралығында Астана қаласында баскетболдан студенттер арасында Қазақстан Республикасы Чемпионатының екінші айналымы өтті. «АстМУ» АҚ командасы Қарағанды, ЕҰУ, ҚазҰАУ КарМУ және ҚҚЭУ командаларымен жарысқа түсті. Ойыншылар жақсы спорттық дайындықтарын көрсетті. Ойын өте қызықты болды, жанкүйерлер ерекше қолдау көрсетті, ал жарыс тартысты өтті. Командаға тек жеңіс тілейміз!!!

05.04.2019 Академиялық мобильділік
2019 жылғы 16-31 наурыз аралығында академиялық мобильділік аясында «Астана медицина университеті» КеАҚ стоматология және бет-жақсүйек кафедрасының ассистенті З.М. Шакимжанова Әбу Әли ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институтының стоматология факультетінің 5 курс студенттеріне «Бет-жақсүйек хирургиясы» пәні бойынша дәрістер, мастер-кластар, тәжірибиелік сабақтар жүргізді. 

04.04.2019 “H2H: Health2Human” республикалық хакатоны
Бүгін «Астана медицина университеті» КеАҚ-та Қазақстан Республикасының ІТ командаларына арналған “H2H: Health2Human” хакатоны басталды. Іс-шараны Астана медицина университеті UNICEF Қазақстан және ҚР ДСМ Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығымен бірлесе отырып, ұйымдастырды. 

03.04.2019 Медициналық білім беру саласындағы PBL инновациялық әдістемесі

2019 жылғы 27 наурыз - 02 сәуір аралығында оқытушы-профессорлар құрамын дамыту және университет дербестігін имплементациялау орталығының ұйымдастыруымен проблемаға бағыттап оқыту жөніндегі тьютер, қалыпты физиология кафедрасының меңгерушісі Хамчив Курейщ Мавлович «Медициналық білім беру саласындағы PBL инновациялық әдістемесі» тақырыбында семинар өткізді. Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар берілді.


02.04.2019 Сеул Ұлттық Университетінде тағылымдамадан өту нәтижелер
Ағымдағы жылдың 1-15 наурыз аралығында «Академиялық мобильділік» бағдарламасы аясында жалпы медицина факультетінің 5 курс студентері Әбілова Айгерім мен Арманова Данагүл Оңтүстік Кореяның, Сеул қаласындағы, Сеул Ұлттық Университетінің Ауруханасы базасында білім алды. 

02.04.2019 Халықаралық Медициналық Студенттер Федерациясының 68-ші Бас Ассамблеясы
2019 жылғы 1-7 наурыз аралығында Словения Республикасының Порторож қаласында Словения Республикасының Президенті Борут Пахордың басшылығымен Халықаралық Медициналық Студенттер Федерациясының 68-ші Бас Ассамблеясы өткізілді. 

02.04.2019 Назар аударыңыздар! “H2H: Health2Human” хакатоны!
«Астана медицина университеті» КеАҚ UNICEF Қазақстан және ҚР ДСМ РЭДСО-мен бірлесіп, Қазақстан Республикасының ІТ командаларына арналған екікүндік “H2H: Health2Human” хакатонын өткізеді.

02.04.2019 «Менің де өз үлесімді қосуға уақытым келді» ақпараттық-профилактикалық акция
2019 жылғы 18-20 наурыз аралығында Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында "Эталон" және "Орталық" сауда орталығында «Астана медицина Университеті» КеАҚ Студенттік кеңесі мен "Жария" ҚҚ еріктілері бірлесіп "Менің де өз үлесімді қосатын уақытым келді" - атты ақпараттық-профилактикалық акциясын өткізді. 

01.04.2019 Оқу-жаттығу

2019 жылғы 27 наурызда сағат 17.00-де мына мекенжайлар бойынша орналасқан оқу корпустарында: Бейбітшілік көшесі, 49, 49А, 51 және 53, «АстМУ» КеАҚ ректоры Д. Павалькистің 26.03.2019 ж. № 37-н/қ бұйрығына сәйкес «Шұғыл эвакуациялау барысында төтенше жағдайлардың қаупі мен туындауы жағдайында университеттің басшы құрамы мен қызметкерлерінің іс-әрекеттері» тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 11 сәуірдегі №188-V ҚРЗ «Азаматтық қорғау туралы» Заңына және Астана қаласының Әкімімен бекітілген «2019 жылға арналған астаналық аумақтық кіші жүйені азаматтық қорғауды жетілдіру жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарына» және азаматтық қорғаныс және өрт қауіпсіздігін бақылау бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес оқу-жаттығу өткізілді.


01.04.2019 Институционалды аккредиттеу процесі басталды
Бүгін «Астана медицина университеті» КеАҚ-та институционалды аккредиттеу процесі басталды. Осы мақсатпен университетке Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінің сарапшылары келді. 

29.03.2019 «Биология және медицинадағы озық оптикалық әдістер» дәрісі
2019 жылғы 19 наурызда Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология, вирусология және иммунология кафедрасында неміс ғылыми ревматология орталығынан келген микроскопия жөніндегі маман, дәрігер Асылхан Рақымжанның қатысуымен «Биология және медицинадағы озық оптикалық әдістер» атты дәріс өтті. 

29.03.2019 Туберкулезбен күресуге өз үлесіңді қосатын уақыт келді

2019 жылдың 27 наурыз күні Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология, вирусология және иммунология кафедрасында 24 наурыз - Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай «Туберкулезбен күресуге өз үлесіңді қосатын уақытың келді» атты студенттірдің ғылыми-практикалық конференциясы өтті. 


29.03.2019 «Заманауи медицина: Дәстүрлер мен инновациялар» атты II Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2019 жылдың 13-14 наурыз күндері Түркістан қаласында "Заманауи медицина: Дәстүрлер мен инновациялар" атты II Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға «Астана медицина университеті» КеАҚ студенттік ғылыми үйірмесі, балалар хирургиясы кафедрасының студенттері белсенді қатысты. 690-топ студенті Бегунгутова Жанель, 410-топ студенті Уатханова Аяужан, 674-топ студенті Касымханова Айдана баяндама дайындап, конференцияда қорғады. 


Жаңалықтар 341 - 360 / 1758
Бірінші бет | Алдыңғы | 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 | Келесі | Соңғы бет Барлығы