Жаңалықтар


28.05.2019 Құрметті достар!
28 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 16:00-де ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің healthcare.gov.kz инстаграм парақшасында инфекциялық аурулар маманы Динагуль Баешеваның консультациясы онлайн режимде өткізіледі. Динагуль Баешева – Қазақстанның жетекші балалар жұқпалы ауруларының дәрігері, Астана медицина университеті балалар инфекциялық аурулары кафедрасының меңгерушісі, ҚР иммунитеттеу бойынша ұлттық консультациялық комиссияның және аумақтық «Инфекциялық аурулар дәрігерлерінің қоғамы» ҚБ-нің төрайымы. 

28.05.2019 АстМУ еріктілері «Жасыл қала үшін»
25 мамырда «Жасыл қала үшін» ұранымен Астана медицина университетінің «Bonum» қайырымдылық студенттік ұйымының еріктілері қаланы көгалдандыру бойынша науқан өткізді. Олар 20-дан астам ағаш отырғызып, қаланың көгалдануы мен гүлденуіне үлестерін қосты.

28.05.2019 «Уран және мұнай өндіретін аймақтардағы медициналық – биологиялық және экологиялық мәселелері» атты VII Республикалық ғылыми- тәжірибелік конференция
«Астана медицина университеті» КеАҚ-тың мәжіліс залында 2019 жылғы 23-24 мамырда Радиобиология және радиациялық қорғау институтының 15 жылдығына арналған, «Уран және мұнай өндіретін аймақтардағы медициналық – биологиялық және экологиялық мәселелері» атты VII республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. 

27.05.2019 «Физиология өнертапқыштары» атты шығармашылық сайыс
2019 жылғы 24 мамырда Университетте Қалыпты физиология кафедрасы кафедра меңгерушісі профессор Курейщ Хамчиевтің бастамасымен «Жалпы медицина» мамандығының 1-курс студенттері арасында «Физиология өнертапқыштары» атты шығармашылық сайыс өткізді.

27.05.2019 Құрметті университет қызметкерлері!
Сіздерді 29 мамыр сағат 21:00-де өткізілетін ауызашар кешіне шақырамыз! Өткізілетін орны: Университеттің бас ғимаратындағы асхана (Бейбітшілік көшесі 49, 1-қабат). Ұйымдастырушы – Университет теологы Марат Смагулов және Жастар ісі жөніндегі деканат.

27.05.2019 Ғылым және білім беру ұйымдарының оқытушысы

«Астана медицина университеті» КеАҚ оқытушы-профессорлар құрамының біліктілігін арттырудың 2017-2019 оқу жылдарына арналған жоспарын жүзеге асыру мақсатында, 2019 жылғы 13-24 мамыр аралығында ОПҚ дамыту және Университет дербестігін имплементациялау орталығының ұйымдастыруымен жас педагог мектебі аясында «Ғылым және білім беру ұйымдарының оқытушысы» тақырыбында семинар өткізілді.


24.05.2019 Стратегиялық серіктестік жобасы бойынша Вильнюс университеті тобының жетекшісі Миндаугас Павлюкастың АстМУ-ға келуі
2019 жылғы 21 мамырдан 23 мамырға дейін Астана медицина университетіне іс-сапармен стратегиялық серіктестік жобасы бойынша Вильнюс университеті тобының жетекшісі Миндаугас Павлюкас келді.

23.05.2019 «Северанс» балалар гематологиялық және онкологиялық клиникасының профессоры Chuhl-Joo Liu-мен кездесу
22 мамырда Астана медицина университетінде ғылыми және клиникалық жұмыс жөніндегі проректор Е. Ахметов, клиникалық қызмет меңгерушісі Р. Аипов, онкология кафедрасының қызметкерлері «Северанс» балалар гематологиялық және онкологиялық клиникасының профессоры Chuhl-Joo Liu-мен кездесті.

23.05.2019 Халық денсаулығын сақтау: АМСЖ-дағы саясат, ғылым, білім, тәжірибе
22 мамырда Ақтобе қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және медициналық қауымдастықтың қатысуымен «Халық денсаулығын сақтау: АМСЖ саласындағы саясат, ғылым, білім, тәжірибе» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. 

22.05.2019 Мейіргер ісі бойынша қазақстандық-фин бағдарламасы
21 мамырда «Астана медицина университеті» КеАҚ Ювяскюля қолданбалы ғылымдар университетімен (JAMK, Финляндия) бірлесіп Мейіргер ісі бойынша қазақстандық-фин бағдарламасын ұсынды. Осы бағдарламаның соңында білім алушыларға Мейіргер ісі саласында Денсаулық сақтау магистрі дәрежесі және 2 диплом беріледі...

21.05.2019 Хабарландыру

2019 жылғы 23-24 мамырда «Астана медицина университеті» КеАҚ-та Радиобиология және радиациялық қорғау институтының 15 жылдығына орай «Уран және мұнай өндіретін аймақтардағы медициналық-биологиялық және экологиялық мәселелері» атты VII Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді. Конференция жұмысына қатысуға ғалымдар, докторанттар, резиденттерді шақырамыз. Ұйымдастырушы: Радиобиология және радиациялық қорғау институты. Өтетін орны: Бейбітшілік көшесі, 49А. Байланыс телефоны: 53 94 48, 8 705 799 81 10


21.05.2019 C. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ студенттеріне ашық сабақ
17 мамырда Астана медицина университетінің Қалыпты физиология кафедрасында C. Сейфуллин атындағы Қазақ агро-техникалық университеті биотехнология және ветеринария факультеттерінің студенттеріне ашық сабақ өткізілді.

20.05.2019 Академиялық адалдық мәселесі бойынша кездесу
Бүгін Астана медицина университетінің акт залында ректор Дайнюс Павалькистің және оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Гүлнар Жақсылықованың студенттермен академиялық адалдық және алда келе жатқан емтихандар бойынша кездесуі өткізілді.

20.05.2019 MUA RUN – 2019
2019 жылғы 18 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының триатлон саябағында «MUA RUN» екінші спорттық-шынықтыру марафоны өткізілді. MUA RUN – бекітілген 5 және 10 км қашықтықтарында жүгіру. Іс-шара Университетіміздің 55-жылдығын тойлау шеңберінде өткізіліп, көпшілік спортты дәріптеуге, саламатты өмір салтын насихаттауға, жас ұрпақты спортпен айналысуға шақыруға бағытталған.

20.05.2019 Студенттерімізді құттықтаймыз!!!
2019 жылғы 17 мамырда Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы Жоғары алқалы кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізілді. Онда Астана медицина университетінің студенттерін IFOM медицина негіздері бойынша халықаралық емтихан нәтижесінде жоғары ұпай жинағандары үшін сертификатпен марапаттау рәсімі өткізілді.

20.05.2019 «Жүректерден мейірім төгілгенде...» атты бірінші қайырымдылық балы
18 мамырда «ABSENT» мейрамханасында бал мәдениетінің ең үздік дәстүрінде «Жүректерден мейірім төгілгенде...» атты бірінші студенттік қайырымдылық балы өткізілді. Іс-шарада жиналған қаражат Хибадат Нұрқаділдің (диагнозы: Бёркит лимфомасы) және Баталов Ильданның (диагнозы: Анапластикалық эпендимома) еміне жіберіледі.

16.05.2019 Назар аударыңыздар!

«Астана медицина университеті» КеАҚ Сіздерді 2019 жылғы 20 мамырда, сағат 10.00-де өткізілетін шетелдік сарапшылардың қатысуымен мейіргер ісін дамыту бойынша іс-шараға шақырады. Толығырақ ақпарат...


14.05.2019 «Астана медицина университеті» КеАҚ институционалды аккредиттеуден сәтті өтті

«Астана медицина университеті» КеАҚ қызметтерінің, сонымен қатар білім беру ортасының, ғылыми зерттеулермен және инновациялармен тиісті байланыстарының халықаралық стандарттардың және жоғарғы білім берудің Еуропалық кеңістігінде сапаны қамтамасыз ету бойынша нұсқаулықтардың (ESG) талаптарына сәйкестігін дәлелдеді. Институционалды аккредиттеудің қорытындысы бойынша, университет 5 жылға аккредиттелді. «Медицина» мамандығы бойынша магистратура, «Фармация» және «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтары бойынша бакалавриат түлектерінің жоғары дайындығы растап шықты, жұмыс берушілердің жеткілікті қанағаттанушылығын дәлелдеп, 5 жылға аккредиттелді. Университет ұжымына ЖОО-ның дамуына қосып жатқан үлесі үшін алғыс айтамыз!


14.05.2019 Педагогикалық құзыреттілікті жетілдірудің заманауи технологиялары
«Астана медицина университеті» КеАҚ-тың 2017-2019 оқу жылдарына арналған даму жоспарын жүзеге асыру мақсатында 2019 жылғы 4-ақпан мен 6-мамыр аралығында оқытушылар мен қызметкерлер «Beginner (A1)» I-білім деңгейінде «Педагогикалық құзыреттілікті жетілдірудің заманауи технологиялары» атты оқу курсын тәмамдады. Beginner деңгейіндегі бағдарлама оқу процесіндегі грамматикалық және ауызекі сөйлесу бөліктерін қамтиды. 

13.05.2019 Профессор Алтай Жиенбайұлы Шарбақовтың құрметіне Гигиена бойынша олимпиада
Мамыр мейрамдарының қарсаңында м.ғ.д., гигиена кафедрасының бұрыңғы меңгерушісі профессор Алтай Жиенбайұлы Шарбақовтың құрметіне Гигиена бойынша олимпиада өткізілді. 

Жаңалықтар 321 - 340 / 1792
Бірінші бет | Алдыңғы | 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 | Келесі | Соңғы бет Барлығы