Жаңалықтар


20.05.2019 Студенттерімізді құттықтаймыз!!!
2019 жылғы 17 мамырда Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы Жоғары алқалы кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізілді. Онда Астана медицина университетінің студенттерін IFOM медицина негіздері бойынша халықаралық емтихан нәтижесінде жоғары ұпай жинағандары үшін сертификатпен марапаттау рәсімі өткізілді.

20.05.2019 «Жүректерден мейірім төгілгенде...» атты бірінші қайырымдылық балы
18 мамырда «ABSENT» мейрамханасында бал мәдениетінің ең үздік дәстүрінде «Жүректерден мейірім төгілгенде...» атты бірінші студенттік қайырымдылық балы өткізілді. Іс-шарада жиналған қаражат Хибадат Нұрқаділдің (диагнозы: Бёркит лимфомасы) және Баталов Ильданның (диагнозы: Анапластикалық эпендимома) еміне жіберіледі.

16.05.2019 Назар аударыңыздар!

«Астана медицина университеті» КеАҚ Сіздерді 2019 жылғы 20 мамырда, сағат 10.00-де өткізілетін шетелдік сарапшылардың қатысуымен мейіргер ісін дамыту бойынша іс-шараға шақырады. Толығырақ ақпарат...


14.05.2019 «Астана медицина университеті» КеАҚ институционалды аккредиттеуден сәтті өтті

«Астана медицина университеті» КеАҚ қызметтерінің, сонымен қатар білім беру ортасының, ғылыми зерттеулермен және инновациялармен тиісті байланыстарының халықаралық стандарттардың және жоғарғы білім берудің Еуропалық кеңістігінде сапаны қамтамасыз ету бойынша нұсқаулықтардың (ESG) талаптарына сәйкестігін дәлелдеді. Институционалды аккредиттеудің қорытындысы бойынша, университет 5 жылға аккредиттелді. «Медицина» мамандығы бойынша магистратура, «Фармация» және «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтары бойынша бакалавриат түлектерінің жоғары дайындығы растап шықты, жұмыс берушілердің жеткілікті қанағаттанушылығын дәлелдеп, 5 жылға аккредиттелді. Университет ұжымына ЖОО-ның дамуына қосып жатқан үлесі үшін алғыс айтамыз!


14.05.2019 Педагогикалық құзыреттілікті жетілдірудің заманауи технологиялары
«Астана медицина университеті» КеАҚ-тың 2017-2019 оқу жылдарына арналған даму жоспарын жүзеге асыру мақсатында 2019 жылғы 4-ақпан мен 6-мамыр аралығында оқытушылар мен қызметкерлер «Beginner (A1)» I-білім деңгейінде «Педагогикалық құзыреттілікті жетілдірудің заманауи технологиялары» атты оқу курсын тәмамдады. Beginner деңгейіндегі бағдарлама оқу процесіндегі грамматикалық және ауызекі сөйлесу бөліктерін қамтиды. 

13.05.2019 Профессор Алтай Жиенбайұлы Шарбақовтың құрметіне Гигиена бойынша олимпиада
Мамыр мейрамдарының қарсаңында м.ғ.д., гигиена кафедрасының бұрыңғы меңгерушісі профессор Алтай Жиенбайұлы Шарбақовтың құрметіне Гигиена бойынша олимпиада өткізілді. 

13.05.2019 Хабарландыру

Құрметті студенттер!

Студенттік жатақханадан орын алу туралы өтініштер 2019 жылғы 14 мамыр-12 шілде аралығында қабылданады. Құжаттарды 1- курстан 5 - курсқа дейінгі студенттер тапсырады. Құжаттарды – 51-корп. 206-кабинет, «Студенттер қалашығы» бөліміне тапсыру керек.


13.05.2019 Ақылы негізінде оқитын, құрметті студенттер мен интерндер!

Мемлекеттік білім гранттарын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау 2019 жылдың 13 мамырнан бастап 2019 жылдың 28 маусымға дейін жүргізіледі. Құжаттарды «Е-university» - студенттерге қызмет көрсету орталығына тапсырасыздар, 1 этаж, бас ғимарат.


08.05.2019 «Қос жауынгер» ескерткішіне гүл шоқтарын қою салтанаты
2019 жылғы 6 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында Жеңіс даңғылындағы «Қос жауынгер» ескерткішіне гүл шоқтарын қою салтанаты өтті. Салтанатты іс-шара Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығына арналды. Бұл іс-шараға Университет студенттері, қаланың оқушылары және қала тұрғындары қатысты. Ұлы Отан соғысының ардагерлері іс-шараның құрметті қонағы болды. Гүл қою салтанатында Сарыарқа ауданы әкімдігінің өкілдері сөз сөйлеп, қатысушыларды Жеңіс күнімен құттықтады және соғыс ардагерлеріне ерен ерліктері үшін, бейбіт өміріміз үшін алғыс білдірді. 

08.05.2019 «Health. Science. Technology» бірінші халықаралық ғылыми конференциясы
2019 жылдың 25-27 сәуір күндері Қарағанды медицина университетінде «Health. Science. Technology» атты бірінші халықаралық ғылыми конференция өткізілді. Конференцияға Ресей, Тәжікістан, Украина, Түркия, Алжир, Ирак, Өзбекстан және т.б. мемлекеттерден 400-ге жуық студенттер мен жас ғалымдар қатысты. 22 мемлекеттен 250-ге жуық ғылыми-зерттеу жұмыстары 5 секция бойынша көрсетілді. 

02.05.2019 Құрметті Университетіміздің студенттері мен қызметкерлері!

2019 жылғы 3 мамырда Астана медицина университетінің Сарыарқа даңғылындағы ғимаратында «Донор күні» науқаны өткізіледі. Донор болғысы келген адамдар сағат 9:00-ден 14:00 аралығында ғимараттың алдындағы автобусқа келу керек. Онда оларды Республикалық трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының қызметкерлері күтіп алады. Толығырақ...


30.04.2019 Студенттеріміздің кезекті жеңісі
2019 жылғы 25 сәуірде Қараганды медицина университетінде «Health. Science. Technology» атты xалықаралық конференция өткізілді. Осы конференцияға Астана медицина университетінің Пациентке бағдарлап оқыту кафедрасының атынан 112-топ студенттері Аралбай Әйгерім, Жеңісбек Әлжан Ильясова Бақыт Мукатаевнаның жетекшілігімен «Бірінші курс студенттерінің жаңа ортаға дағдылануы» атты тақырыпта қатысты.

30.04.2019 «Үштұғырлы тіл - ҚазАТУ-POLYMPIC» шет тілдері бойынша республикалық студенттік олимпиада

2018-2019 оқу жылына арналған шетел тілдер кафедрасының СҒЗЖ жоспары бойынша 1 курс, 101 ЖM топтарының студенттері Сейдаханова Аружан, Оразова Еркежан, Кабдуахит Әйгерім, Кенжебаева Малика «Үштұғырлы тіл - ҚазАТУ-POLYMPIC» атты шет тілдері бойынша республикалық студенттік олимпиадаға қатысты. Аталған олимпиада 2019 жылғы 5 сәуірде С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің халықаралық ынтымақтастықты және көптілді оқытуды дамыту орталығы жанындағы шет тілдер кафедрасының ұйымдастыруымен өтті.


30.04.2019 Республикалық студенттік олимпиада

2018-2019 оқу жылына арналған шетел тілдері кафедрасының СҒЗЖ жоспарына сәйкес «Жалпы медицина» және «Стоматология» мамандықтарының 1 курс студенттері Сахиева Инжу (103 стом), Садыков Адилет (144 ЖМ), Ермагамбет Балжан (144 ЖМ), Жандаулетова Карина (152 ЖМ), СейлханАлмас (155 ЖМ) 2019 жылғы 19-20 сәуір күндері Л.Гумилев атындағы Евразиялық ұлттық университетінің шетел тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен, Қазақстандағы 2019 жыл жастар жылына арналған гуманитарлық емес мамандықтардың 1 курс студенттері арасында шет тілдері бойынша (ағылшын тілі, неміс тілі) өткізілген республикалық студенттік олимпиадаға қатысты.


26.04.2019 Батыс Қазақстан облысының жұмыс берушілерімен кездесу

2019 жылғы 16 сәуірде интернатура және жұмысқа орналастыру жөніндегі деканат Университеттің болашақ түлектері мен Батыс Қазақстан облысының жұмыс берушілерімен кездесу ұйымдастырды. Кездесуге Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Беркінғали Нұрданат, Батыс Қазақстан облысы ШЖҚ «№6 қалалық емхананың» МКК бас дәрігері Ж.Ж. Шайхиев және «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 7-курс интерндері қатысты. 


25.04.2019 И.К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медициналық академиясындағы академиялық мобильділік

10-19 сәуір аралығында «Стоматология» мамандығының 4 курс студенттерімен кафедра меңгерушісі Еслямғалиева Ардақ Манапқызы академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша Қырғыз мемлекеттік медицина академиясына (ҚММА) барды. Академиялық мобильділікке қатысқан студенттер: 


25.04.2019 IDEA Congress 2019
2019 жылғы 24-28 сәуір аралығында Стамбул қаласында дерматология саласы бойынша «IDEA Congress 2019» халықаралық кең ауқымды іс-шара өтіп жатыр. Аталған іс-шараға дерматовенерология кафедрасының меңгерушісі, профессор Гульнар Батпенова және оқытудың 1-жылындағы резидент-дерматовенерологтер қатысып, баяндама жасайды. 

24.04.2019 VERITAS VOCATIO VICTORIA олимпиадасының бірінші күні

VERITAS VOCATIO VICTORIA олимпиадасының бірінші күні өтті. Жалпы, 351 студент тіркелді, оның 250 – Белоруссиядан, Қырғызстаннан, Монғолиядан, Ресей Федерациясынан, Өзбекстаннан және Шешен Республикасынан келген студенттер. 


23.04.2019 «Салалық терминдерді қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері» республикалық конференциясы
2019 жылғы 12 сәуір күні Алматы қаласында С.Ж. Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университетінде «Салалық терминдерді қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері» атты республикалық терминологиялық конференция өтті.

23.04.2019 PROpedOLYMP
2019 жылғы 18 сәуірде №3 көпбейінді қалалық балалар ауруxанасындағы Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының клиникалық базасында "Жалпы медицина" мамандығының 3-курс студенттері арасында "PROpedOLYMP" олимпиадасы өткізілді.

Жаңалықтар 301 - 320 / 1758
Бірінші бет | Алдыңғы | 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 | Келесі | Соңғы бет Барлығы