Жаңалықтар


29.05.2019 Жастар арасында діни экстремизм мен деструктивтік ағымдардың алдын алу
Халық арасында діни экстремизм туралы ескерту бойынша жұмыстың мемлекеттік маңызы бар. Осыған байланысты, 13 мамыр күні Жалпы және клиникалық фармакология кафедрасының базасында «Жастар арасында діни экстремизм мен деструктивтік ағымдардың алдын алу» атты іс-шара өткізілді.

29.05.2019 Хабарландыру

Музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «1 маусым – балаларды қорғау күніне» орай университет қызметкерлерінің 5-10 жас аралығындағы балаларына арналған мерекелік іс-шара өткізілетінін хабарлаймыз. Аталған іс-шара 3 маусым күні, сағат 10:00-де бас корпустың холында басталады. Балалар тізімі 2019 жылғы 30 мамырға дейін 56-98-61 телефоны арқылы қабылданады.


29.05.2019 «Сәтті коммуникациядағы нейролингвистикалық бағдарламалау» семинар-тренингісі
28 мамырда Университет мұражайының залында әкімшілік-басқару персонал бөлімдерінің бастықтарына «Сәтті коммуникациядағы нейролингвистикалық бағдарламалау» семинар-тренингісі өткізілді. Семинарды жүргізген – «АстМУ» КеАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Төлебай Рахыпбеков.

29.05.2019 Құрметті достар!
Сіздерді Астана медицина университетінің «BONUM» қайырымдылық ұйымы және «Тұмар» шығармашылық ұйымы 1 маусым – Халықаралық Балаларды қорғау күніне арналған «Балалардың күлкісі – көркі, сәні әлемнің» атты іс-шараға шақырады.

29.05.2019 Радиологтардың VI «ESOR Astana Tutorial» еуропалық радиологтар мектебі
2019 жылғы 21-24 мамырда Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында Радиологтардың VI «ESOR Astana Tutorial» еуропалық радиологтар мектебі өткізілді. Бұл іс-шара жыл сайын Астана медицина университеті Академик Ж.Х. Хамзабаев атындағы радиология кафедрасының меңгерушісі Раушан Рахымжанованың бастамасымен өткізіледі.

29.05.2019 Хабарландыру

2015 жылғы 15 маусымдағы ҚР БҒД «Ғылыми атақтарды (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) тағайындаудың ережелерін бекіту туралы» бұйрығындағы 7-тармақтың талаптарына сәйкес Астана медицина университеті №1 балалар аурулары кафедрасының доценті м.а. Мадина Рафхатқызы Гатауоваға қауымдастырылған профессор ғылыми атағын беру үшін ол туралы ақпаратты жариялайды.


28.05.2019 Құрметті достар!
28 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 16:00-де ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің healthcare.gov.kz инстаграм парақшасында инфекциялық аурулар маманы Динагуль Баешеваның консультациясы онлайн режимде өткізіледі. Динагуль Баешева – Қазақстанның жетекші балалар жұқпалы ауруларының дәрігері, Астана медицина университеті балалар инфекциялық аурулары кафедрасының меңгерушісі, ҚР иммунитеттеу бойынша ұлттық консультациялық комиссияның және аумақтық «Инфекциялық аурулар дәрігерлерінің қоғамы» ҚБ-нің төрайымы. 

28.05.2019 АстМУ еріктілері «Жасыл қала үшін»
25 мамырда «Жасыл қала үшін» ұранымен Астана медицина университетінің «Bonum» қайырымдылық студенттік ұйымының еріктілері қаланы көгалдандыру бойынша науқан өткізді. Олар 20-дан астам ағаш отырғызып, қаланың көгалдануы мен гүлденуіне үлестерін қосты.

28.05.2019 «Уран және мұнай өндіретін аймақтардағы медициналық – биологиялық және экологиялық мәселелері» атты VII Республикалық ғылыми- тәжірибелік конференция
«Астана медицина университеті» КеАҚ-тың мәжіліс залында 2019 жылғы 23-24 мамырда Радиобиология және радиациялық қорғау институтының 15 жылдығына арналған, «Уран және мұнай өндіретін аймақтардағы медициналық – биологиялық және экологиялық мәселелері» атты VII республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. 

27.05.2019 «Физиология өнертапқыштары» атты шығармашылық сайыс
2019 жылғы 24 мамырда Университетте Қалыпты физиология кафедрасы кафедра меңгерушісі профессор Курейщ Хамчиевтің бастамасымен «Жалпы медицина» мамандығының 1-курс студенттері арасында «Физиология өнертапқыштары» атты шығармашылық сайыс өткізді.

27.05.2019 Құрметті университет қызметкерлері!
Сіздерді 29 мамыр сағат 21:00-де өткізілетін ауызашар кешіне шақырамыз! Өткізілетін орны: Университеттің бас ғимаратындағы асхана (Бейбітшілік көшесі 49, 1-қабат). Ұйымдастырушы – Университет теологы Марат Смагулов және Жастар ісі жөніндегі деканат.

27.05.2019 Ғылым және білім беру ұйымдарының оқытушысы

«Астана медицина университеті» КеАҚ оқытушы-профессорлар құрамының біліктілігін арттырудың 2017-2019 оқу жылдарына арналған жоспарын жүзеге асыру мақсатында, 2019 жылғы 13-24 мамыр аралығында ОПҚ дамыту және Университет дербестігін имплементациялау орталығының ұйымдастыруымен жас педагог мектебі аясында «Ғылым және білім беру ұйымдарының оқытушысы» тақырыбында семинар өткізілді.


24.05.2019 Стратегиялық серіктестік жобасы бойынша Вильнюс университеті тобының жетекшісі Миндаугас Павлюкастың АстМУ-ға келуі
2019 жылғы 21 мамырдан 23 мамырға дейін Астана медицина университетіне іс-сапармен стратегиялық серіктестік жобасы бойынша Вильнюс университеті тобының жетекшісі Миндаугас Павлюкас келді.

23.05.2019 «Северанс» балалар гематологиялық және онкологиялық клиникасының профессоры Chuhl-Joo Liu-мен кездесу
22 мамырда Астана медицина университетінде ғылыми және клиникалық жұмыс жөніндегі проректор Е. Ахметов, клиникалық қызмет меңгерушісі Р. Аипов, онкология кафедрасының қызметкерлері «Северанс» балалар гематологиялық және онкологиялық клиникасының профессоры Chuhl-Joo Liu-мен кездесті.

23.05.2019 Халық денсаулығын сақтау: АМСЖ-дағы саясат, ғылым, білім, тәжірибе
22 мамырда Ақтобе қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және медициналық қауымдастықтың қатысуымен «Халық денсаулығын сақтау: АМСЖ саласындағы саясат, ғылым, білім, тәжірибе» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. 

22.05.2019 Мейіргер ісі бойынша қазақстандық-фин бағдарламасы
21 мамырда «Астана медицина университеті» КеАҚ Ювяскюля қолданбалы ғылымдар университетімен (JAMK, Финляндия) бірлесіп Мейіргер ісі бойынша қазақстандық-фин бағдарламасын ұсынды. Осы бағдарламаның соңында білім алушыларға Мейіргер ісі саласында Денсаулық сақтау магистрі дәрежесі және 2 диплом беріледі...

21.05.2019 Хабарландыру

2019 жылғы 23-24 мамырда «Астана медицина университеті» КеАҚ-та Радиобиология және радиациялық қорғау институтының 15 жылдығына орай «Уран және мұнай өндіретін аймақтардағы медициналық-биологиялық және экологиялық мәселелері» атты VII Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді. Конференция жұмысына қатысуға ғалымдар, докторанттар, резиденттерді шақырамыз. Ұйымдастырушы: Радиобиология және радиациялық қорғау институты. Өтетін орны: Бейбітшілік көшесі, 49А. Байланыс телефоны: 53 94 48, 8 705 799 81 10


21.05.2019 C. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ студенттеріне ашық сабақ
17 мамырда Астана медицина университетінің Қалыпты физиология кафедрасында C. Сейфуллин атындағы Қазақ агро-техникалық университеті биотехнология және ветеринария факультеттерінің студенттеріне ашық сабақ өткізілді.

20.05.2019 Академиялық адалдық мәселесі бойынша кездесу
Бүгін Астана медицина университетінің акт залында ректор Дайнюс Павалькистің және оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Гүлнар Жақсылықованың студенттермен академиялық адалдық және алда келе жатқан емтихандар бойынша кездесуі өткізілді.

20.05.2019 MUA RUN – 2019
2019 жылғы 18 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының триатлон саябағында «MUA RUN» екінші спорттық-шынықтыру марафоны өткізілді. MUA RUN – бекітілген 5 және 10 км қашықтықтарында жүгіру. Іс-шара Университетіміздің 55-жылдығын тойлау шеңберінде өткізіліп, көпшілік спортты дәріптеуге, саламатты өмір салтын насихаттауға, жас ұрпақты спортпен айналысуға шақыруға бағытталған.

Жаңалықтар 281 - 300 / 1758
Бірінші бет | Алдыңғы | 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 | Келесі | Соңғы бет Барлығы