Жаңалықтар


20.09.2019 Хабарландыру

Барлық интерндердің назарына! 24 қыркүйек күні сағат 16: 00-де ҚР аймақтарындағы оқыту мәселелері бойынша университет басшылығының университет интерндерімен кездесуі өтеді. Мекен жайы: Бейбітшілік көшесі 49а, Мәжіліс залы.


19.09.2019 Құрметті интерндер мен резиденттер!
Резиденттермен кездесудің нәтижесі бойынша, 2019 жылғы 18 қыркүйекте университет ректоры Дайнюс Павалькис интерндер мен резиденттердің аумақтарда білім алуы бойынша жоба әзірледі. Осы жобамен танысып, 2019 жылғы 26 қыркүйекке дейін ұсыныстарыңызды ainurs@yandex.ru, syzdykova.as@amu.kz электронды пошталарына жіберулеріңізді сұраймыз. Кейін, осы құжат Сіздердің ұсыныстарыңызды ескере отырылып ректордың бұйрығымен бекітіледі.

18.09.2019 Хабарландыру
"БЖЗҚ" АҚ салымшыларды "Ерікті зейнетақы жарналары өзіңіз және жақындарыңызға қамқорлық етіңіз" тақырыбында ашық есік күніне шақырады. Өткізілетін күн: 20 қыркүйек 2019 жыл, сағат 10:00-17:00-де. Мекен-жай: Абай даңғылы 13, "Іскер" БО конференц залы.

18.09.2019 Еріктілер қатарына студенттерді қабылдау рәсімі
11 қыркүйек “Qazaqstan Medicina Jastary” Астана Медицина Университеті филиалының төрағасы Абдықадыр Дидардың ұйымдастыруымен еріктілер қатарына студенттерді қабылдау рәсімі өтті. Жарияланған іріктеу бойынша, 357 студент қосылды. Бірлестіктің жаңа мүшелеріне Қазақстан медицина жастарының құрылымы таныстырылып, алдағы уақытқа жоспарлар бекітілді.

16.09.2019 ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР!

Академиялық мобильділік шеңберінде оқытудың 2-ші жылындағы резиденттерді келесі пәндерді оқу үшін Н.И. Пирогов атындағы Ресей медициналық ғылыми-зерттеу университетіне (Мәскеу қаласы) жіберуге КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ: жұқпалы аурулар; травматология және ортопедия; офтальмология, микрохирургия; балалар гастроэнтерологиясы.


16.09.2019 ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР!

Академиялық мобильділік шеңберінде оқытудың 2-ші жылындағы резиденттерді келесі пәндерді оқу үшін Н.И. Пирогов атындағы Ресей медициналық ғылыми-зерттеу университетіне (Мәскеу қаласы) жіберуге КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ: гематология; кардиология; оториноларингология; анестезиология и реанимация.


16.09.2019 Хабарландыру

ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР! Академиялық мобильділік шеңберінде «Стоматология» мамандығы бойынша оқитын 4-КУРС студенттерін «Ауыз қуысының хирургиясы» және «Бет-жақсүйек аймағының жарақаттары және қабынбалы аурулары» пәндерін оқу үшін Ташкент мемлекеттік стоматология институтына (Өзбекстан) жіберуге конкурс жарияланады. Оқу мерзімі – 1 ай. 


16.09.2019 Хабарландыру
ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР! Академиялық мобильділік шеңберінде «Стоматология» бағыты бойынша оқитын 6-КУРС интерндерін «Ортопедиялық стоматология» пәнін оқу үшін Ташкент мемлекеттік стоматология институтына (Өзбекстан) жіберуге КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ. Оқу мерзімі ­– 1 ай. 

11.09.2019 «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламасы бойынша оқыту семинары

Университеттің оқытушы-профессорлар құрамы мен қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында 9-13 қыркүйек аралығында «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламасы бойынша оқыту семинары өтіп жатыр.


11.09.2019 Еңбек тәжірибесі жоқ жас мамандарды жұмысқа қабылдауға жұмыс берушілерді ынталандыру

2019 жылғы 9 қыркүйекте ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша ШЖҚ «Ұлттық сараптама орталығы» РМК филиалымен бірлесіп Қоғамдық денсаулық және менеджмент факультетінің студенттері арасында дөңгелек үстел өткізілді. 


10.09.2019 Литва денсаулық ғылымдары университетінің профессоры Юрате Мацияускене кене үшін экскурсия өткізілді.
2019 жылдың 9 қыркүйегінде «МУА» АҚ оқу-клиникалық орталығының базасында Литва денсаулық ғылымдары университетінің профессоры, «Мейірбике ісі» деканы Юрате Мацияускене кене үшін экскурсия өткізілді. Тәжірибе алмасу мақсатында.

09.09.2019 Университет әкімшілігінің 1-курс студенттерімен «Академиялық адалдық» тақырыбында кездесуі
Бүгін ректор Дайнюс Павалькис бастаған Астана медицина университеті әкімшілігінің 1-курс студенттерімен «Академиялық адалдық» тақырыбында бірінші кездесуі өтті.

09.09.2019 "Медицинадағы шұғыл жағдайлар" тақырыбында семинар-тренинг

2019 жылғы 4-6-шы қыркүйекте оқу – клиникалық  орталық базасында "Медицинадағы шұғыл жағдайлар" тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренинг Нұр-Сұлтан  қаласының емдеу мекемелерінің дәрігерлері мен мейірбикелерін біліктілік емтиханын тапсыруға дайындау мақсатында  өткізіледі.


09.09.2019 «Гигиена» кафедрасы қызметкерлерінің UI GreenMetric семинарына қатысуы
2019 жылдың 5-6 қыркүйек аралығында гигиена кафедрасының қызметкерлері м.ғ.к. Сүлейменова Р.Қ., проф. Мусина А.А. және аға оқытушы Бурумбаева М.Б. Назарбаев Университетінде UI GreenMetric семинарына қатысты (UI GreenMetric World University Rankings).

02.09.2019 Мемлекеттік білім беру гранттары бойынша оқуға ауыстырылған студенттер мен интерндердің тізімі
«Астана медицина университеті» КеАҚ мемлекеттік білім беру гранттары бойынша оқуға ауыстырылған студенттер мен интерндердің тізімі (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 17 тамыздағы №370 бұйрығы)!

01.09.2019 Жаңа оқу жылы құтты болсын! Ақ жол, құрметті білім алушылар!

Биыл Астана медицина университетінің қатарына 1200-ден астам адам қабылданды. Дәстүр бойынша, оқу жылы Білім күнін тойлау шеңберінде1-курс студенттеріне арналған таныстыру жиналысымен басталды.


01.09.2019 Құрметті достар!
«Астана медицина университеті» КеАҚ Директорлар кеңесі және Басқармасы атынан сіздерді баршаларына ерекше мейрам – Білім күнімен құттықтаймын! (ректор құттықтауының толық нұсқасы)


29.08.2019 Құттықтаймыз!

Университет басшылығы мен ұжымы атынан «Астана медицина университеті» КеАҚ жалпы және биологиялық химия кафедрасының доценті Нұрбибі Мұхитденқызы Исмагулованы мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!


27.08.2019 Назар аударыңыздар!
«Астана медицина университеті» КеАҚ мемлекеттік білім беру гранттары бойынша оқуға ауыстырылған студенттер мен интерндердің тізімі (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 17 тамыздағы №370 бұйрығы).

Жаңалықтар 241 - 260 / 1790
Бірінші бет | Алдыңғы | 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 | Келесі | Соңғы бет Барлығы