Жаңалықтар


15.10.2019 Астана медицина университеті жатақханасындағы студенттер қатарына қабылдау іс-шарасы

Астана медицина университеті жатақханасының өзіндік дәстүрлері бар. Жыл сайын қазан айында Студенттер қатарына қабылдау салтанатты іс-шарасы өткізіледі . Жатақханада тұратын студенттер осындай кештерде өздерінің қабілеттерін, дарындарын ашып, түрлі рөлдерде өзін көрсете алады.


14.10.2019 Студенттердің назарына!
2019 жылғы 18 қазанда, сағат 17:00-де жыл сайынғы тоғызқұмалақтан және дойбыдан "Ректор кубогы" жарыстары өткізіледі. Жарыстарға барлық курстар мен факультеттердің студенттері қатыса алады. Ал 19 қазанда, сағат 10:00-де дзюдодан жарыстар өткізіледі. Тіркелу: сағат 9:00-да. Келіңіз! Мүмкін, Сіз Ректор кубогының иегерісіз!

togyz.jpg   Judo.jpg

11.10.2019 8 қазанда өткен академиялық мобильділік шеңберінде оқу бойынша конкурс нәтижесі
2019 жылғы 8-қазанда Н.И. Пирогов атындағы Ресей ұлттық зерттеу медициналық университетінде (Мәскеу қаласы, Ресей) оқуға оқытудың 2-ші жылындағы резиденттерге арналған академиялық мобильділік бойынша конкурс өтті.

11.10.2019 Академиялық мобильділік шеңберінде оқу бойынша конкурс нәтижесі

2019 жылғы 24 және 27 қыркүйекте Ташкент мемлекеттік стоматологиялық институтында (Өзбекстан) оқуға «Стоматология» мамандығының 4-курс студенттері арасында және Н.И. Пирогов атындағы Ресей ғылыми-зерттеу медициналық университетінде (Ресей) оқуға оқытудың 2-ші жылындағы резиденттер арасында академиялық ұтқырлық бойынша конкурс өтті.


11.10.2019 ҚҰРМЕТТІ РЕЗИДЕНТТЕР!

Академиялық мобильділік шеңберінде Республикалық Паневежис ауруханасында (Паневежис қаласы, Литва) резиденттердің клиникалық тағылымдамадан өтуіне КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ.


10.10.2019 61-ші Халықаралық ғылыми-практикалық «Медициналық ғылым мен білім: жастық шақ пен ұмтылыс - 2019» атты конференцияның қатысушылары назарына!
61-ші Халықаралық ғылыми-практикалық «Медициналық ғылым мен білім: жастық шақ пен ұмтылыс - 2019» атты конференцияның тезистер жинағы жарияланды. Жинақ...

10.10.2019 АстМУ басшылығының университет түлектерінің жұмысқа орналасуын бағалау мақсатында Көкшетауға баруы

Университет түлектерінің жұмысқа орналасуын бағалау және Көкшетау қаласының медициналық ұйымдарымен серіктестік орнату мақсатында 2019 жылғы 7 қазанда Астана медицина университетінің клиникалық жұмыс жөніндегі проректоры Р. Аипов және Дипломнан кейінгі білім беру орталығы басшысының орынбасары Г. Досхожина Көкшетау қаласының ауруханаларына барып қайтты.


09.10.2019 Клиникалық жұмыс жөніндегі проректор Көпбейінді облыстық балалар ауруханасының хирургтарына мастер-класс өткізді

Облыс хирургтарының біліктігін арттыру, дамуында тума кемістігі бар балаларға көрсетілетін хирургиялық көмектің сапасын жақсарту мақсатында Ақмола облысы Көпбейінді облыстық балалар ауруханасының бастауымен Астана медицина университетінің клиникалық жұмыс жөніндегі проректоры Р. Аипов «Асқазан-ішек жолдарының дамуындағы тума кемістіктер. Айналшық пен тік ішектің атрезиясы» мастер-классын өткізді.


08.10.2019 Халықаралық қатысумен VI республикалық ғылыми-практикалық «Респираторлық медицинадағы инновациялық технологиялары» конференциясы
Респираторлық медицина мамандарының қауымдастығы Еуро-Азиялық респираторлық қоғаммен және ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, 2019 жылғы 11-12 қазанда Халықаралық қатысумен VI республикалық ғылыми-практикалық «Респираторлық медицинадағы инновациялық технологиялары» конференциясын өткізуді жоспарлап отыр.

07.10.2019 «Денсаулық сақтаудың интеграцияланған академиялық жүйесі» ғылыми-практикалық конференциясының жабылуы

4 қазанда «Денсаулық сақтаудың интеграцияланған академиялық жүйесі» ғылыми-практикалық конференциясы өз жұмысын аяқтады. Конференцияның екінші күні дөңгелек үстел ретінде өткізілді. Конференцияның нәтижелері бойынша Конференцияның салтанатты жабылуында қозғалған проблемалар бойынша ұсыныстар ескеріле отырып, резолюция қабылданды.


03.10.2019 «Денсаулық сақтаудың интеграцияланған академиялық жүйесі» ғылыми-практикалық конференциясының салтанатты ашылуы
Биыл Астана медицина университеті 55 жылдығын тойлауда. Мерейтой аясында бүгін «Денсаулық сақтаудың интеграцияланған академиялық жүйесі» ғылыми-практикалық конференциясының салтанатты ашылуы орын алды.

30.09.2019 "Медициналық білім беру – мемлекеттік тіл аясында" республикалық терминологиялық конференция
2019 жылғы 1 қарашада «Астана медицина университеті» КеАҚ базасында өтетін «Медициналық білім беру – мемлекеттік тіл аясында» тақырыбындағы республикалық терминологиялық конференция жұмысына қатысуға шақырамыз. Конференция қорытындысы бойынша мақалалар жинағы баспадан шығарылады. Конференцияға қатысуға өтініштер, конференция материалдарының жинағына жарияланатын материалдар 2019 жылғы 10 қазанға дейін mem.til@amu.kz электрондық поштасына қабылданады. Бағдарлама...


30.09.2019 «Денсаулық сақтаудың интеграцияланған академиялық жүйесі» атты ғылыми-практикалық конференция

2019 жылғы 3-4 қазанда «Астана медицина университеті» КеАҚ 55 жылдық мерейтойына арналған «Денсаулық сақтаудың интеграцияланған академиялық жүйесі» атты ғылыми-практикалық конференция өткізеді.


30.09.2019 61-ші Жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы
2019 жылдың 01-02 қазан аралығында Астана медицина университеті 55 жылдығына арналған жас ғалымдар мен студенттердің жыл сайынғы халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырады. Толығырақ...


28.09.2019 160-тан астам адам Донор күні шеңберінде қан тапсырды
25-27 қыркүйек аралығында Астана медицина университетінде «Донор күні» акциясы өткізілді. Іс-шара ұйымдастырушысы – Ғылыми-өндірістік трансфузиология орталығы.

27.09.2019 Университет кәсіподақ мүшелерінің басшылықпен кездесуі
26 қыркүйекте «Астана медицина университеті» КеАҚ кәсіподақ комитетінің бастауымен ЖОО басшылығының одақ мүшелерімен кездесуі өткізілді.

24.09.2019 23 қыркүйегінде № 72 гимназия-мектептің 8-10 сыныптар оқушыларына бірқатар дәрістер оқыды
Жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында профилактикалық медицина және нутрициология кафедрасының оқытушылар құрамы Баспасөз орталығы мен «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының екінші курс студенттерімен бірлесіп, 2019 жылдың 23 қыркүйегінде мектептің 8-10 сынып оқушыларына бірқатар дәрістер оқыды - № 72 гимназия, Нұр-Сұлтан.

20.09.2019 Тәжірибе алмасу

2019 жылғы 19-20 қыркүйекте Симуляциялық орталықта Денсаулық сақтауды дамыту орталығы Медициналық білімді дамыту бастығы З. Байғожинаға, мейірбике ісі факультетінің деканы У.С. Салтабаеваға және Финляндиядан келген ғылыми сарапшы Эвелина Кивиненге арналған экскурсия өткізілді.



20.09.2019 Құрметті студенттер!!!

Нұр-Сұлтан қаласы білім алушыларының (күндізгі оқу) жекеленген санаттарына қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүру құқығын ұсынуға өтініштер қабылдау басталды!


20.09.2019 «Жаһандану жағдайындағы инфекциялық аурулар: қиындықтар мен шешулер» бірінші қазақстандық конгрессі
12-13 қыркүйекте Назарбаев университетінің Медицина мектебінде «Жаһандану жағдайындағы инфекциялық аурулар: қиындықтар мен шешулер» бірінші қазақстандық конгрессі өткізілді. Ұйымдастырушылар: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтаудың ұлттық орталығы және Астана медицина университеті. 

Жаңалықтар 221 - 240 / 1790
Бірінші бет | Алдыңғы | 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 | Келесі | Соңғы бет Барлығы