Жаңалықтар


22.11.2019 Н. И. Пирогов атындағы Ресей ұлттық зерттеу медициналық университетінде резиденттердің академиялық ұтқырлығы.

Резиденттер «Астана медицина университеті» КеАҚ ректоры Д.Павалькиске және екі елдің халықаралық ынтымақтастық бөліміне Н.И.Пирогов атындағы РҰМЗУ-де академиялық мобильділік бойынша білім алуға мүмкіндік бергендері үшін алғыстарын білдіреді. Мұндай бағдарламалар медицинаның болашағына кең мүмкіндіктер ашады және әр медицина маманының жалпы көкжиегін кеңейтеді.


18.11.2019 Назар аударыңыздар! Қайырымдылық жәрмеңке мен кинокеш!

2019 жылғы 19-21 қараша аралығында университеттің екі ғимаратында (Сарыарқа даңғылы және Бейбітшілік көшесі) орта ауырлықтың гиперкинетикалық формасындағы балалар милық салдануы диагнозы қойылған Қайрат Омарға көмек көрсету мақсатында қайырымдық іс-шаралар өткізіледі (қажет құжаттардың барлығы бар).


12.11.2019 Хабарландыру
2019 жылғы 14 қарашада «Нұрсәулет-2» бизнес орталығында Жоғарғы сот, Криминологтардың халықаралық бірлестігі және басқа да құқықтық органдары, медициналық қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен «Дәрігерлердің кәсіптік қызметін құқықтық тұрғыдан қорғау құралдарын енгізу» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізіледі.

12.11.2019 Астана медицина университетіне Финляндиядан делегация келді

2019 жылғы 11 қарашада Астана медицина университетіне іс-сапармен Савония қолданбалы ғылымдар университетінің, Тампере қолданбалы ғылымдар университетінің, Куопио университеттік ауруханасының өкілдерінен құралған делегация келді.


08.11.2019 Волонтерлық қызметті дамыту
5-8 қараша аралығында Омбы қаласында Қазастан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға арналған кезекті XVI аймақаралық форум өтті.

06.11.2019 Ташкент мемлекеттік стоматология институтындағы академиялық мобильділік
Академиялық мобильділік шеңберінде стоматология және бет-жақсүйек хирургия кафедрасының меңгерушісі А.М.Суманова 2019 жылғы 19 қазан-2 қараша аралығында Ташкент стоматология мемлекеттік институтында болды. Бет-жақсүйек аймағындағы аурулар мен травматология кафедрасының меңгерушісі, профессор, м.ғ.д., Ш.Ю.Абдуллаевпен бірге стоматология факультетінің 4 курс студенттеріне бет-жақсүйек аймағының одонтогенді қабыну аурулары туралы интегралды дәрістер оқыды, сонымен қатар терапиялық стоматология кафедрасында TBL әдісін қолдана отырып, «Клиникалық эндодонтия» бөлімі бойынша сабақ өткізді.

04.11.2019 Халықаралық инсульт күні
"Қазақстан медицина жастары" ұйымы "Халықтың медициналық сауаттылығын арттыру" бағытының жетекшісі Тойшыбек Айдананың бастауымен аталмыш ұйымның 32 волонтерының қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласы "Адал - ниет " қарттар үйінде 26-27 қазан күндері аралығында ашық есік күндері өткізілді.

04.11.2019 Астана медицина университетінің басшылығы мен ұжымы аса құрметті Жайна Байдоллақызын туған күнімен құттықтайды!
Жайна Байдоллақызы, ұзақ еңбек жолыңыз жастарға үлкен өнеге. Өз Альма-матеріңіздің дамуына қосып келе жатқан зор үлесіңіз жоғары бағаға ие. Әріптестеріңіз бен білім алушыларыңыздың ортасында бауырмал және сауатты, зерделі, абыройлы жансыз. Сізге және отбасыңызға мықты денсаулық, ұзақ бағытты ғұмыр, бақ-береке тілейміз. Атқарып отырған істеріңіз мол жетістіктерге жете берсін!

01.11.2019 «Медициналық білім беру – мемлекеттік тіл аясында» тақырыбындағы республикалық терминологиялық конференция
Бүгін Астана медицина университетінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «Астана медицина университеті» КеАҚ-тың бірлесіп ұйымдастыруымен «Медициналық білім беру – мемлекеттік тіл аясында» тақырыбындағы республикалық терминологиялық конференция өткізілді.
Конференцияға ҚР ДСМ жанындағы салалық терминологиялық комиссияның мүшелері, қоғам қайраткерлері, лингвист-ғалымдар, медициналық ЖОО-лардың оқытушы-профессорлар құрамы, өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының мамандары, аудармашылар, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының, «Руханият» КММ, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының өкілдері мен тіл мамандары, университетіміздің студенттері қатысты.

01.11.2019 Академиялық мобильділік бойынша оқуға қабылдау конкурсының қорытындысы. Оқытушылар.
2019 жылғы 9 қазанда Вильнюс университетінде (Литва) оқу үшін оқытушылардың академиялық мобильділігі бойынша өткізілген конкурстың нәтижесі.

01.11.2019 Академиялық мобильділік бойынша оқуға қабылдау конкурсының нәтижесі. Резиденттер.
2019 жылғы 18 қазанда Республикалық Паневежис ауруханасында (Литва) резиденттердің клиникалық тағылымдамадан өтуі үшін академиялық мобильділік бойынша өткізілген конкурстың нәтижесімен таныс болыңыздар.

31.10.2019 «Астана қаласы акушер гинекологтар қауымдастығы» қалалық ғылыми - практикалық конференциясы
2019 жылдың 25 қазанында «Астана қаласы акушер гинекологтар қауымдастығы» қалалық ғылыми - практикалық конференциясын жүзеге асырды. Конференция тақырыбы: «Алғашқы медициналық деңгейіндегі акушерлік және гинекологиялық көмектің заманауи аспектілері». Конференция м.ғ.д., профессор, ұстаз, жетекші акушер-гинеколог Дошанова Айкерм Мжаверовнаның 65 жасқа толуына арналады. Кездесудің мақсаты: Қазіргі уақытта, дәлелді медицина принциптеріне негізделген білімді дәрігерлерге жетілдіру, акушерлік және гинекология клиникалық хаттамаларды практикаға енгізу, сондай-ақ науқастарға берілетін көмектің сапасын жақсарту қажеттілігі бар.

31.10.2019 Медико-биологиялық бағдар және аралас пәндер бойынша алғашқы кафедрааралық мәжіліс
29.10.2019 ж. қалыпты физиология кафедрасында профессор Хамчиев.К.М төрағалығымен медико-биологиялық бағдар және аралас пәндер бойынша алғашқы кафедрааралық мәжіліс өтті. Кеңес құрамы университеттің медико-биологиялық бағдарындағы кафедралардың профессорлары мен доценттері: Мамбетпаева Б.С. (төраға орынбасары), Ибраева С.С. (хатшы), Сейтембетова А.Ж., Манекенова К.Б., Дусмагамбетов М.У., Ударцева Т.П., Барышев Б.Б., Алмабаева А.И., Муканов К.Н., Бегларова Г.Е кірді.

31.10.2019 1 курс студенттері №62 мектеп-лицейінде оқушыларымен профилактикалық әңгіме өткізді.

10.26.2019 жылы мейірбике ісі факультетінің 1 курс студенттері N62 мектеп- лицейінде 3 сынып оқушыларымен профилактикалық әңгіме өткізді. БҰҰ сарапшылары күн сайын қолды үнемі жуып отыру мыңдаған балалардың өмірін сақтап қалатынын ескертеді. Жұқпалы аурулардан мектеп оқушыларына қарапайым қолды сабынды қолдану жұқпалы аурулардың таралуын едәуір төмендететіні ескертілді. Әңгіме барысында «лас қолдар» және «микробтар» туралы мультфильм көрсетіліп, жуу ережелеріне сәйкес ескертулер таратылды.


24.10.2019 "Жалпы медицина" факультетінің 2-курс студенттері Univerzitetni Klinični Center Ljubljana клиникалық базасы болып табылатын Univerzitetni Klinični Center академиялық ұтқырлық бойынша білім алды.

«Жалпы медицина» факультетінің «Хирургия» мамандығының 2-курс студент-интерндері Жаненова Самал и Маммадинова Ирода хирургиялық пәндерді (травматология, кардио-васкулярная хирургия и урология) академиялық мобильділік бойынша 2019 жылдың 22 шілде мен 18 қазан аралығында University of Ljubljana медициналық факультетінің Univerzitetni Klinični Center Ljubljana клиникасында өтті.


24.10.2019 Стоматология факультетінің 5-курс студенттері Люблин қаласына, Польша Республикасына дағдыларды жетілдіру үшін келді.
Еуропаның Польша мемлекеті, Люблин қаласының медицина университетінде тәжірибемізді жетілдіріп келдік. Стоматология факультетінің 5-курс студенттері – Асығат Айзада, Жұмабек Назерке, Каримов Жандос, Мухаметкалиева Камила, Каржаубаева Айкерим  мемлекетіміздің абыройын асқақтатып, шетел азаматтарын елімізбен таныстырды. Люблин медицина университетінің стоматология факультетінің оқу және тәжірибелік базасы өте үлкен. 

22.10.2019 Коммуникативтік қабілеттерімізді дамытудамыз

«Астана медицина университеті» КеАҚ-тың 2017-2019 жылдарға арналған даму жоспарын іске асыру аясында, 2019 жылғы 14- 18 қазан аралығында «Медициналық этика және клиникалық пәндердегі коммуникациялық машықтар» атты семинар өтті.


21.10.2019 Астана медицина университеті «Білім көкжиегі» халықаралық көрмесіне қатысуда

Бүгін «Rixos» қонақ үйінде «Білім көкжиегі» атты көрме өткізіліп жатыр. Ұйымдастырушы – «Nova education» ЖШС. Мұнда Қазақстан, АҚШ, Қытай, Гонконг, Польша, Чехия және басқа да елдердің жеткізуші университеттері қатысуда.


18.10.2019 Студенттеріміз Семей қаласында өтіп жатқан “MedUSE KazMSA”Бірінші халықаралық олимпиадасына қатысуда
Астана медицина университетінің студенттері «Ерікті – елінің патриоты» форумы шеңберіндегі “MedUSE KazMSA” бірінші халықаралық олимпиадасына қатысып жатыр.

15.10.2019 Астана медицина университеті жатақханасындағы студенттер қатарына қабылдау іс-шарасы

Астана медицина университеті жатақханасының өзіндік дәстүрлері бар. Жыл сайын қазан айында Студенттер қатарына қабылдау салтанатты іс-шарасы өткізіледі . Жатақханада тұратын студенттер осындай кештерде өздерінің қабілеттерін, дарындарын ашып, түрлі рөлдерде өзін көрсете алады.


Жаңалықтар 201 - 220 / 1789
Бірінші бет | Алдыңғы | 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 | Келесі | Соңғы бет Барлығы