Жаңалықтар


12.12.2019 Студенттерді SCOPE жұмысын жақсарту мақсатында тарту
2019 жылдың 9 желтоқсанында кәсіби алмасу жөніндегі тұрақты комитеті 1-курс интерндері Болатов Айдос және Асқарова Алтынаймен кездесу өткізді. Айдос және Алтынай – "АстМУ" КеАҚ-та оқу кезінде университеттің ғылыми және клиникалық үйірмелерін басқарған көрнекті студенттердің бірі. 

12.12.2019 Академиялық мобильділік бағдарламасы шеңберінде Ташкент мемлекеттік стоматологиялық институтынан делегацияның келуі
2019 жылы 11-желтоқсанда Ташкент мемлекеттік стоматологиялық институтының делегациясы мен «Астана медицина университеті» КеАҚ ректоры Даюнюс Павалькиспен, «Стоматология» факультеті даканының орынбасары Б.Ж.Аджибаевамен, стоматология және бет-жақсүйек хирургиясы кафедрасының меңгерушісі А.М.Сумановамен, халықаралық ынтымақтастық және академиялық мобильділік орталығының қызметкерлері арасында ресми кездесу өтті. 

11.12.2019 «Мәліметтерді статистикалық өңдеу үшін MS Excel және SPSS Statistics компьютерлік бағдарламаларын қолдану» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары

«Астана медицина университеті» КеАҚ оқытушы-профессорлар құрамының біліктілігін арттырудың 2017-2019 оқу жылдарына арналған жоспарын жүзеге асыру мақсатында, 2019 жылғы 3-9 желтоқсан аралығында білім беру технологияларын трансферттеу орталығының ұйымдастыруымен 54 сағат көлемінде «Мәліметтерді статистикалық өңдеу үшін MS Excel және SPSS Statistics компьютерлік бағдарламаларын қолдану» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары өткізілді.


10.12.2019 SCOPE тұрақты комитетінің жұмысымен таныстыру іс-шарасы
2019 жылғы 6 желтоқсанда кәсіби алмасу бойынша SCOPE тұрақты комитетiмен Жалпы хирургия кафедрасында доцент м.ғ.к., PhD, Жалпы хирургия кафедрасының оқу жөніндегі меңгерушісі Куспаев Ержан Нұрғалиұлымен таныстыру іс-шарасы өткізілді. 

09.12.2019 «Өзекті жұқпалы аурулар. Өзекті жұқпалы аурулар кезіндегі шұғыл жағдайлар» тақырыбындағы семинарлар.

Семинарға «Астана медицина университеті» КеАҚ-ның жұқпалы аурулар кафедрасының қызметкерлері, Нұр-Сұлтан әкімдігінің көпсалалы медициналық орталығының дәрігерлері, резиденттер, жалпы тәжірибелік дәрігерлер, терапевттер, Нұр-Сұлтан емханалары мен медициналық мекемелерінің эпидемиологтары, қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының дәрігерлері қатысты.

Тұмау мен жедел респираторлы вирустық жұқпалар, менингококктық жұқпа, энтеровирустық жұқпа, қызылша және басқа да ауа-тамшы жолдармен берілетін жұқпалар, сепсис, септикалық шок және басқа да шұғыл жағдайларды ерте анықтау  семинардың күн тәртібіндегі негізгі мәселелер болды.

 


06.12.2019 Академиялық мобильділік бағдарламасы аясында Ташкент мемлекеттік стоматологиялық институтында оқуы
«Стоматология» факультетінің 4 курс студенттері Ташкент мемлекеттік стоматологиялық институтында «Ауыз қуысының хирургиясы» және «Бет-жақсүйек аймағындағы қабыну аурулары мен жарақаттар» атты екі модульді оқып келді. Ташкент мемлекеттік стоматологиялық институтында практикалық сабақтар кезінде тақырыптарды талқылап, кейін әр студент науқастарды қабылдау кезінде дәрігерлердің жұмысын бақылап қана қоймай, көмекші ретінде болды. 

06.12.2019 Академиялық ұтқырлық шеңберінде медицина факультетінің 4 курс студенттері Сеул ұлттық университетінің Оңтүстік Корея ауруханасында оқып шықты.
04.11.19-29.11.19 аралығында академиялық ұтқырлық шеңберінде медицина факультетінің 4 курс студенттері Нұржігітова Аяжан мен Сулейменова Дениза Сеул ұлттық университетінің Оңтүстік Корея ауруханасында оқып шықты. Олар зор тәжірибе алды,көптеген жаңалықтарды көрді және медицинаны тереңірек зерттеуге және оны Қазақстанда одан әрі дамытуға ынталандырды. 

05.12.2019 «Тұмар» шығармашылық ұйымының мүшелерімен кездесу
2019 жылғы желтоқсан айының 4 жұлдызында Астана медицина университетінде «Тұмар» шығармашылық ұйымы және «Қоғамдық денсаулық және менеджмент» факультетінің студенттік сенатының ұйымдастыруымен кездесу өтті. Кездесу барысында «Qazagstan Team» командасы өздерінің атқарған жұмыстары мен жобаларын таныстырды.

04.12.2019 Балаларға күлкі сыйла
2019 жылдың 30 қарашасында KazMSA ұйымы (Медиктер студенттер қауымдастығы) Астана Медицина Университеті студенттерінің ұйымдастыруымен LORP Бектұрсынова Балауса және LPO Адилбекова Арайлым жетекшілігімен "Нұрлы жүрек" әлеуметтік қамсыздандыру орталығында «Teddy Bear Hospital» және «Helping Hand» атты іс-шаралар өткізілді.

04.12.2019 SCORA тұрақты комитетінің белсенді қатысушылары «Жыныстық тәрбие» тақырыбына дәріс оқыды

2019 жылдың 29 қарашасында SCORA тұрақты комитетінің белсенді қатысушылары «Жыныстық тәрбие» тақырыбына дәріс оқыды. Iс-шара Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университет қабырғаларында өткізілген.


03.12.2019 Мәдени даму
Ағымдағы жылдың 27 қарашасында «Қоғамдық денсаулық және менеджмент» факультеті қызметкерлері «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 2-курс студенттерімен бірге Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрына барды. Ш. Айтматовтың екі туындысы негізінде танымал режиссер Т. Теменов жазған «Аққудың көз жасы» спектаклін тамашалады.

03.12.2019 «Медициналық білім беру және ғылым ұйымының оқытушысы» тақырыбында семинар
«Астана медицина университеті» КеАҚ оқытушы-профессорлар құрамының біліктілігін арттырудың 2017-2019 оқу жылдарына арналған жоспарын жүзеге асыру мақсатында, 2019 жылғы 18-29 қараша аралығында білім беру технологияларын трансферттеу орталығының ұйымдастыруымен жас педагог мектебі аясында «Медициналық білім беру және ғылым ұйымының оқытушысы» тақырыбында семинар өткізілді.

29.11.2019 Қазақстан республикасының тұңғыш президенті күніне орай танымдық кеш
Қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент факультетінің Әлеуметтік – гуманитарлық ғылымдар кафедрасында кафедра меңгерушісі Б.Қ. Омарова, кафедраның аға оқытушылары С.Б.Қолғанатова, Б.Т.Калменованың жетекшілігімен ЖМ-228 топ студенттерінің ұйымдастыруымен Қазақстан республикасының тұңғыш президенті күніне орай танымдық кеш өткізілді.

28.11.2019 "Жұқпалы аурулар" кафедрасының аға оқытушылары және Медицина факультетінің студенттері "Астана опера" опера және балет театрына барып келді.
26.11.2019 жылы Астана Медицина Университетінің «Жұқпалы аурулар» кафедрасының аға оқытушылары Байгенжеева Р.К, Байгулова Г.Б. «Жалпы медицина» факультетінің 215-ші және 223-ші топ студенттерімен бірге Астана опера және балет театрына тәрбиелік және рухани жаңғыртуға бағытталған іс-шара аясында, М.Ауезовтың «Қаракөз» пьесалық қойылымын тамашалады.

28.11.2019 Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай дана, Абай–дара қазақта» атты танымдық – шығармашылық кеш

Қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент факультетінің Әлеуметтік – гуманитарлық ғылымдар кафедрасында аға оқытушы С.Б. Қолғанатованың жетекшілігімен ЖМ-234 тобының студенттерінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай дана, Абай–дара қазақта» атты танымдық – шығармашылық кеш өткізілді. 


28.11.2019 «Дүниежүзілік ЖИТС- ке қарсы» іс шара

2019ж 26 қарашада Жұқпалы аурулар кафедрасында «Дүниежүзілік ЖИТС- ке қарсы» іс шара, «Нұр-Сұлтан қаласы, ЖИТС-ке қарсы орталығының» эпидемиологы Д.Т.Бексултанованың қатысуымен өткізілді. Іс-шарада Әлем және Қазақстандағы АИТВ ауруының эпидемиологиялық жағдайы туралы ақпарат ұсынылды. Белсенді пікірталас барысында студенттерге АИТВ- ның берілу жолдары мен механизмдері, алдын алу және осы инфекциямен күресу шаралары туралы толық ақпарат берілді.


27.11.2019 «Мәңгілік ел - Қазақстан қоғамының жаңғыруының негізі» тақырыбында ғылыми- тәжірибиелік дөңгелек үстел
«Астана медицина университеті» КеАҚ, Әлеуметтік - гуманитарлық ғылымдар кафедрасында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында: «Мәңгілік ел- Қазақстан қоғамының жаңғыруының негізі» тақырыбында ғылыми- тәжірибиелік дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өткізілді.

27.11.2019 Ақылы негізінде оқитын, құрметті студенттер мен интерндер!

Оқұ процесінде босатылған мемлекеттік білім гранттарын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау 2019 жылғы 25 қарашадан бастап 2020 жылғы 6 қаңтарға дейін жүргізіледі. Құжаттарды «e-university» – студенттерге қызмет көрсету орталығына тапсырасыздар, 1 этаж, бас ғимарат.


26.11.2019 Сингапур қаласындағы кардиологиялық форум
Кардиологтардың Еуропалық қоғамы (ESC - the European Society of Cardiology) дәстүрлі жыл сайынғы өзінің форумын өткізеді. Биылғы жылдан бастап қосымша оңтүстік-шығыс аймақта шығыс пен батыстың кардиологиялық мәселелерін шешуге арналған форум өткізу қолға алынды. ESC ASIA с АPSC & AFC (the Asian Pacific Society of Cardiology and the Asean Federation of Cardiology) – 2019 жылдың 8-10 қарашасы аралығында өткен кардиологтардың иннвациялық форумы (ESC).

26.11.2019 Университетіміздің делегациясы «Ұлт денсаулығы – табысты болашағымыздың негізі» атты ІV медициналық ғалами форумына қатысты.
2019 жылы 21-22 қараша күндері, біздің университеттің делегациясы С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде KazMSA бес жылдығына арналған «Ұлт денсаулығы – табысты болашағымыздың негізі» атты ІV медициналық ғалами форумына қатысты. 

Жаңалықтар 181 - 200 / 1789
Бірінші бет | Алдыңғы | 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 | Келесі | Соңғы бет Барлығы