ҚҰРМЕТТІ РЕЗИДЕНТТЕР!

13.10.2021

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Әзірбайжан медицина университетінде (Баку қ.) келесі бағыттар бойынша оқуға резиденттер арасында конкурс жарияланады:

Оқу мерзімі: 2021 жыл қараша айы, ұзақытығы 2 апта.

1. Травматология – 1 орын;

2. Онкология (ересектердің) – 1 орын;

3. Неврология – 1 орын;

4. Педиатрия – 1 орын;

5. Неонатология – 1 орын;

6. Ревматология – 1 орын;

7. Гематология – 1 орын;

8. Анестезиология және реаниматология – 1 орын;

9. Сот-медицина сараптамасы – 1 орын;

10. Физиотерапия және медициналық оңалту - 1 орын.

Резиденттердің есебінен: жол жүру ақысы, тәуліктік шығындар, тұрғын үй –жайды жалдау шығындары, ПТР-тест

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ТАЛАПТАР:

1. Академиялық қарыздың болмауы;

2. Тәртіптік жазаның болмауы;

3. GPA деңгейі 2,67-ден төмен емес;

4. Паспорт;

5. COVID-19 вакцинация сертификаты.

Өтініштер 13.10 - 19.10.2021 ж. Интернатура мен резидентураның орталығында қабылданады.


Возврат к списку