Құрметті әріптестер, «Мейіргер ісі», «Мейіргерлік ғылым» мамандықтарының білім алушылары және осы саламен байланысты барша тұлғалар!

12.10.2021

2021 жылғы 14-16 қазан аралығында бүкіл әлемде Erasmus+ күндері өтеді. Іс-шараның шеңберінде қазірдің өзінде 4000-нан астам шара тіркелген. Бұл іс-шараға университетіміз де қатысады. Осыған байланысты Астана медицина университеті «Erasmus + бағдарламасы аясында мейіргер ісін жетілдіру жолдары» атты дөңгелек үстел өткізуді жоспарлап отыр.

Барлық «Мейіргер ісі» мамандығының студенттері мен магистранттары, «Мейіргерлік ғылым» мамандығының докторанттары мен мейіргер ісі кафедраларының оқытушы-профессорлары шақырылады.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – елдегі мейіргер ісінің дамуының заманауи мүмкіндіктерін талқылау және Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінде мейіргерлік білім беруді магистратура мен докторантурада жетілдіруге бағытталған AccelEd жобасын таныстыру.

Өткізілетін күні: 2021 ж. 14 қазан, сағат 14:00.

Өткізілетін орны: Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік көшесі 49А, «Астана медицина университеті» КЕАҚ, 415 ауд.

КЗ 2.PNG

Возврат к списку