Фармацевтикалық пәндер кафедрасында академиялық мобильділік

08.10.2021

2021 жылғы 25 қыркүйек пен 10 қазан аралығында Астана медицина университетінің фармацевтикалық пәндер кафедрасында PhD доктор, С.Д. Асфендиярова атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Фармация мектебі фармацевтикалық технология кафедрасының қауымдастық профессоры Ғалия Саруарқызы Ибадуллаева академиялық ұтқырлықтан өтіп жатыр. «Фармация» мамандығының күндізгі және қысқартылған бакалавриат бағдарламаларының студенттері «Дәрілік формалар технологиясы» және «Биофармация негіздері» пәндері бойынша практикалық сабақтар алып жатыр.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқытушылар басқа ЖОО оқытушыларымен және студенттерімен тәжірибе алмасуға және біліммен бөлісуге мүмкіндік алады. Осы бағдарламаға қатысатын оқытушыларға үлкен рахмет.

WhatsApp Image 2021-10-07 at 16.58.29.jpeg WhatsApp Image 2021-10-07 at 16.58.27.jpeg


Возврат к списку