«Жаһандану жағдайындағы жұқпалы аурулар: сын-қатерлер мен шешімдер» атты ІІ Республикалық конгресс

07.10.2021

Ана құрсағында және адам өмірінің бастапқы кезеңінде қалыптасатын иммундық жүйенің қалыпты жұмыс істеуі, ағзаның жұқпалы және жұқпалы емес ауруларға төзімділігін дамытуға ықпал етеді. Жаңа инфекциялардың, оның ішінде COVID-19 таралуымен байланысты дәлелді медицинаға негізделген емдеу-профилактикалық терапия жүргізілді және бүгін де жүргізіліп келеді. Вакциналық профилактика – вирустармен күресудің тиімді шараларының бірі. Вакцинация қазіргі уақытта пандемия кезінде өте маңызды.

Жаңа коронавирусқа қатысты осы және басқа да мәселелер халықаралық қатысумен «Жаһандану жағдайындағы жұқпалы аурулар: сын-қатерлер мен шешімдер» атты ІІ Республикалық конгресте талқыланып жатыр.

DSC06192.JPG DSC06208.JPG

Екі күнгі шара ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Астана медицина университеті, Жұқпалы аурулар дәрігерлері қоғамымен бірлесе ұйымдастырылды.

IMG_20211007_091849.jpg IMG_20211007_115518.jpg

Конгреске жұқпалы аурулар жөніндегі мамандар, иммунологтар, аллергологтар, реаниматологтар және басқа да денсаулық сақтау мамандары жиналды. Іс -шараны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжанов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты А. Әлназарова және ҚР Денсаулық сақтау министрі А. Цой құттықтау сөздерімен ашты. Олар елдегі және жалпы әлемдегі қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты конгрестің өзектілігі атап өтті.

Балалар жұқпалы аурулар кафедрасына осындау ауқымды іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыс айтамыз. Қатысушылар мен ұйымдастырушыларға сәттілік пен жемісті талқылау тілейміз.

DSC06243.JPG

Возврат к списку