«Мен жауапты донормын» акциясына қатысыңыздар

06.10.2021

Қайырлы күн, құрметті студенттер!

Ертең, 2021 жылғы 7 қазанда, Қазақстан медицина жастары республикалық қоғамдық бірлестігі Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен бірлесе отырып, «Мен жауапты донормын» акциясы аясында «Донор күні» қайырымдылық іс-шарасын өткізгелі жатыр.

Қан тапсыру арқылы сіз:

- Ең алдымен, адам өміріне араша боласыз. Бір рет тапсырған 450 мл қан өлім аузында жатқан 3 адамның өмірін сақтап қалады.

- 1 күннен кейін дайын болатын қан анализінің нәтижесін ала аласыз.

- Сонымен қатар, қан тапсыруға келген әр донорға Қазмед жастары атынан сыйлық тапсырылады. Ең белсенді донорларға бөлек сыйлық берілетін болады.

IMG_5441.jpeg


Возврат к списку